Ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
Мерзімі: 30.10.2018ж
Білім беру
саласы: Коммуникация,
Шығармашылық
Білім
бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Сурет
салу.
Тақырыбы: «Отбасы
мүшелері» , «Үй».
Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін
тереңдету, отбасы мүшелерінің орны жайлы түсіндіру. Отбасылық
суреттерді қарастыруға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін
қазақ және басқа халықтардың тұрмыстық заттарын атауға үйрету.
Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып,
құрметтеуге, сыйласымдылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Отбасының суреттері, үйдің
бөліктерін құрастырғыш заттар.
Қолданылатын
заттар: түрлі – түсті қаламдар, ақ
қағаз, құрастырғыш заттар.
Әдіс –
тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету,
Тәй – Тәй технологиясы, Кейьз
технологиясы.
Кіріспе
бөлім: Балаларды шаттық шеңберіне
жинап бір – біріне деген жылы лебіздерін
білдірту.
Армысың,
әлем!
Армысың, жарқын
күн!
Армысыздар абзал
достар!
Армысың, Жер –
Ана!
Балалар бүгінгі ашық
ұйымдастырылған оқу қызметіміздің
тақырыбы:
«Отбасы
мүшелері».
Балаларға отбасы мүшелері
бейнеленген суретті көрсету.
Мынау кім деген сұраққа
жауап алу.
Отбасы біздің үй ішіміз,
әке – шешеміз, ата – әжелеріміз, аға – әпкелеріміз отбасын
құрайды.
-
Суреттен не көріп
тұрсыңдар?
-
Отбасындағы жандарды
атаңдар?
-
Енді олардың әрекетіне
қарап сөйлем құрастырайық.
Балалар мен сендерге жұмбақ
жасырғым келіп тұр.
-
Әлемнің
жарығын
Сыйлады ол бізге
(Ана)
-
Асқар таудай
(Әке)
-
Ақ сақалды, ақ
шашты
Әкемнің ол
әкесі
Кім болады ол маған
(Ата)
Кәне балалар осы отбасы
мүшелерінің аттарын үш тілде атап
шығайық.
Отбасы – семья –
Family
Ата – мама –
mather
Әке – папа –
Father
Ата – дедушка
– Grandfather
Әже – бабушка
– Grandmoter
Әпке – сестра –
Sister
Аға – брат –
Brother.
Жарайсыңдар балалар.
Балалардан тақпақ сұрау. Кәне балалар отбасы туралы кім тақпақ
біледі.
Асылай: Кел санайық
екеуміз
Бас бармағым –
атам
Балан үйрек –
апам
Ортан терек –
ағам
Шылдыр шүмек –
мен
Кішкене бөбек –
сен
Бір үйде біз
нешеуміз
Бір үйде біз
бесеуміз.
Әділет: Әкем менің -
қауыншы,
Апам менің –
сауыншы,
Ағам менің –
егінші,
Жеңгем менің -
тігінші,
Атам болса
ұсташы
Бәрі – бәрі
жұмысшы.
Жарайсыңдар
балалар.
Кәне балалар олай болса біз
шығармашылық орталығына келіп, балаларымызды екі топқа бөліп, жұмыс
жасайық.
I
– топ балаларын сурет
салып, оны бояуға шақырамыз.
II – топ балаларын
алдарындағы қима бөлшектерден үйді құрастырып
шығамыз.
Осылайша балаларымыз бір
тобымыз үйдің суретін салып, оны бояп шықты, ал екінші тобымыздың
балалары қима бөлшектерден үйді құрастырып
шықты.
Жарайсыңдар
балалар.
Жарайсыңдар
балалар.
Балабақша туған үйің
секілді
Балаларға толы іші
қашанда
Бәріміз – сен де, мен де,
басқа да
Қалаймыз біз бір отбасы
болуды.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: Отбасы жайлы түсінікті
біледі.
Игереді: Шығармашылық жұмыстарын
дұрыс орындауды игереді.
Меңгереді: Өзге тілдерді толық, дұрыс
айтуды меңгеред