Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Қасқыр мен жеті лақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Қасқыр мен жеті лақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Айгүл бөбекжай бақшасы "Қарлығаш" ортаңғы тобы. Тақырыбы: Қасқыр мен жеті лақ. (Ертегіні сахналау)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Тамыз 2021
347
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»
Мақсаты: Балалардың көркем шығармалар арқалы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Ертегілермен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Ертегіні мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіре отырып сөйлеу, рольге бөліп ойнау, баланың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Әдіс - тәсілі: ертегіні сахналау, өлең, диалогты сөйлеу.

Қажетті құрал: атрибуттар, үй, ағаш

Шаттық шеңбері:
Армысың, шапағатты Күн-Ана,
Армысың, мейірімді Аспан-Ана,
Армысың, қасиетті Жер-Ана,
Армысың, балабақша, достарым!

Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз? суретін қарау
Енеше мен сіздерге жұмбақ жасырамын


Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған. (Ешкі)

Тастан-тасқа секiредi,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкiрегi,
Аула оның тұрағы. (Лақ)

Сұрғылт тартқан түсi бар.
Ақсиған көп тiсi бар
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылдыұң өш бар итi. (Қасқыр)
(Жауабын дұрыс тапқанда слайдтан суреттері көрсетіледі)

Жаарайсыңдар балалар сіздер жауабын дұрыс тапыңыздар. Ендеше орнымыздан тұрып бір серіп алайық.
Сергіту сәті:
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз
Бүгін біз, сіздер «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісінің кейіпкерлеріне айналатын боласыздар. Ертегіні сахналаймыз. (Кейіпкерлердің атрибуттарын киеді)

Жүргізуші: Ерте ерте заманда бір ешкі және жеті лағы болыпты. Олар орманда

өмір сүріпті. Ешкі орманнан азығын тауып, жинап әкеледі екен. Ешкі орманға

кетерінде былай дейді:

Ешкі: Лақтарым шырақтарым шұнақтарым есікті ешкімге ашпаңдар, мен сендерге шөп, сүт әкелемін

Лақтар: жарайды есікті ешкімге ашпаймыз

Жүргізуші: лақтар үйде ойнап, секіріп қала береді. Ешкінің үйде жоғын білген қасқыр, ешкінің үйіне келіп есігін қағып былай дейді.

Қасқыр: лақтарым шырақтарым, шұнақтарым анаң орманнан келді, есікті ашыңдар.

Лақтар: мә - мә есікті ашпаймыз сен біздің анамыз емессің! сенің даусың жуан, ал анамыздың дауысы жіңішке.

Жүргізуші: сөйтіп қасқырға есікті ашпайды орманнан анасы оралады.

Ешкі: лақтарым, шырақтарым қутыңдаған шұнақтарым Есікті ашыңдар, аналарың шөп, сүт әкелді.

Жүргізуші: Лақтар есікті ашады аналары үйге кіреді. Лақтар қасқыр келіп есікті ашылғанына айтады.

Ешкі: Жарайсыңдар лақтарым! мен орманға тағы кетемін, ал сендер есікті ешкімге ашпаңдар деп орманға кетеді. Ал қасқыр үйдің жанында ешкінің кеткенін көріп, тағы да келеді, даусын жіңішкелендіріп әндетеді.

Қасқыр: лақтарым шырақтарым, мен сендерге сүт, шөп әкелдім есікті ашыңдар.

Жүргізуші: Лақтар қуанып есікті ашып жіберсе ол қасқыр болады.Қасқыр: а – а сен сендерді ұстап үйіме алып кетемін.

Жүргізуші: 6 лақты қасқыр алып кетеді ал бір лақ тығылып қалады. Орманнан ешкі оралады, үйіне келсе есік ашық лақтарын іздейді.

Ешкі: лақтарым шырақтарым қайдасыңдар

Жүргізуші: Тығылып қалған лақты тауып алады. Ол болған жайды баяндап береді.

Ешкі: жүр ендеше орман ішін аралап қасқырдан сұрайық.

Жүргізуші: Ешкі мен лақ орман ішін аралап келе жатса алдыңнан қасқыр шығады.

Ешкі: Қасқыр сен, менің лақтарымды көрдің бе?

Қасқыр: Жоқ, олар орманда ойнап жүрген болар.

Жүргізуші: сөйтіп қасқырмен ешкі келе жатса алдарынан үлкен шұңқыр кездеседі.

Қасқыр: ешкі секір,

Ешкі: жоқ, бірінші сен секір.

Жүргізуші: сөйтіп қасқыр шұңқырдан секемдеп түсіп кетеді. Ал ешкі лағымен

шұңқырды айналып өтіп, қасқырдың тығып қойған лақтарын тауып алып өз

үйлеріне оралады.

Қорытынды
Сұрақ жауап
-Ешкі мен лақтар қайда тұрады?
-Ешкі тоғайға не үшін барады?
-Ешкі тоғайға кеткенде кім келеді?
-Лақтар қасқырға есікті неге ашпады?

Өлең айтады.

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!