Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: "Қолғап ертегісі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: "Қолғап ертегісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі:" Қолғап" ертегісін сахналау. Атырау қаласы №54 "Айгүл" бөбекжай бақшасы. Ортаңғы "Қарлығаш" тобы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Тамыз 2021
336
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.

Мақсаты: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

 Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету. Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонаққа көп деген апайлар келіп отыр. Қане бәріміз амандасып алайық.
Сәлематсыз ба?!

Ұйымдастыру кезеңі: 
Күннің көзі ашылып.
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті.
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қане кей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі,
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар.
-Қыста ауа-рай қандай болады?
-Салқын, қар жауады, боран болады, аяз болады.
Қыс туралы кім тақпақ біледі?
1- бала:Келіп қалды қыс
Аяз боран бар
Болсада жүр бала
Далада жүгіріп қана
2- бала: Міне аппақ қар
Аяз боран бар
Төрлет қысым еліме
Ойнаймыз біз далада.
ЖҰМБАҚТАР:

1.Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/

2. Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.  (Қоян)

3.Өзі бір қу,

Жүрген жері айкай шу./Түлкі/

4.Төрт аяқты шалғы

Орып кетер малды (Қасқыр)

5.Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/

6.Жер қопарған тісімен,

Сескенесің түсінен. /Қабан/

7.Үй-ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жыртады

Мысықтан қорқады (Тышқан)
8. Есігі біреу,
Бөлмесі екеу.

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Сонымен қай ертегі кейіпкерлері екен.
Балалар: Қолғап

Билингвалды компанент:
Аю-медведь, Қоян-заяц, Түлкі-лиса, Қасқыр-волк, Бақа-лягушка Қабан-кабан,Тышқан-мышь, Қолғап-варежки.

Д/о: «Кейіпкерлерді ретімен орналастыр»

Сергіту сәті

Бір дегенде секіреді.
Екі десе отырады.
Барлық қоян жаттығып.
Жалқаулықты кетірді.
Қайта-қайта секірді.
Түлкі тұрды керілді,
Жаттығуға бекінді.
Бұлғаңдатып құйрығын
Былай былай секірді.
Қасқыр түзеп арқасын
Жан-жағына қарасын.
Күжірейген желкесі
Қисық болып қалмасын.
Қонжық деген маймағым
Алшақ қойып аяғын.
Жаттығуды біледі,
Қорбаң-қорбаң жүреді.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Ян-ян-ян
Секіріп жүр қоян
Ю-ю-ю
Қорбаңдааған аю.
Кі-кі-кі
Қылмыңдаған қу түлкі.
Ыр-ыр-ыр
Көкжал қасқыр

Тәрбиеші:Ал, балалар бүгін біз «Қолғап»ертегісінің кейіпкерлеріне айналатын боламыз.Келген қонақтарға өзіміздің өнерімізді көрсетіп «Қолғап»ертегісін сахналап берейік.Ал ендеше дайынбыз ба?

Автор: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.Бір күні атай итімен орманда келе жатып,қолына киетін қолғабының біреуін жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.

Тышқан:Әлинұр

Өзім егін екпеймін,

Егістен ұзап кетпеймін.

Мысық қуса жетпеймін,

Мен қап тесер тышқанмын.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.

Шыршалардың арасынан бақа секіріп шығады.

Бақа:Нұрсұлтан

Мен бақамын, бақ-бақ,

Басым менің жалпақ.

Су түбінде көп жүріп,

Басым содан жалпақ.

Бақа:Мына  қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.

Ал сен кімсің?

Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.

Тышқан:Кел мұнда орын жетеді.

Сөйтіп, олар қолғаптың ішінде тышқан бақа екеуі өмір сүріпті.

Шыршалардың арасынан қоян шығады.

Қоян:Айзия

Қайшы құлақ қоянмын

Ақшыл түске боялдым

Сытыр еткен бұтақтан

Елең етіп ояндым.

Қоян: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Бақылдауық бақа тұрады. Ал сен кімсің?

Қоян: «Мен желаяқ қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші?» Мен суықта тоңдым.

Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.

Сөйтіп, олар қолғаптың ішінде үшеу болыпты.

Қолғапқа түлкі бикеш келеді.

Түлкі:Алина

Ананы да алдаған,

Мынаны да алдаған.

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу.

Түлкі: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа:  Бақылдауық бақа тұрады.

Қоян:  Желаяқ қоян тұрады. Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен түлкі әпкелеріңмін. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.

Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.


Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.

Қасқыр:Нұрлан

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлайтын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

Қасқыр:Мына қолғапта қайсысың тұрасың?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа:  Бақылдауық бақа тұрады.

Қоян:  Желаяқ қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Ал сен өзің кімсің?

     Қасқыр: Мен қасқырмын ағаларыңмын,мені де кіргізіңдерші.

Түлкі: Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.

Сөйтіп, қолғапқа тышқан,бақа,қоян,түлкі,қасқыр бесеуі де сыйып кетеді.

Қабан:Санжар «Хро-хро-хро»,-деп Қолғапқа қабан келеді.

Шалшық суда,

Балшық суда жүретін.

Мен сояу тісті қабанмын.  

Қабан: мына қолғапта қайсысың тұрасың?-депті

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа:  Бақылдауық бақа тұрады.

Қоян: Желаяқ қоян тұрады.

Түлкі:  Мен Түлкі бикешпін.

 Қасқыр: Ал мен Қасқырмын.

Ал сен кімсің?

Қабан: « Мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші.

Барлығы:Сен мұнда қалай кіресің?-дейді

Қабан: «Мен кіре аламын,жіберсеңдер»,-депті

Барлығы: «Жарайды, кіре ғой»-депті

Қабан қолғапқа кіреді.

Автор: Сөйтіп,олар тышқан,бақа,қоян,түлкі,қасқыр,қабан алтау болыпты. Оларға қолғаптың іші көбейген сайын тар болыпты.

Шыршалардың арасынан аю шығады.
Аю:Ербатыр

Кезген ішін орманның,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап.

Аю: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Бақылдауық  бақа тұрады.

Қоян: Желаяқ  қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Қабан:  Сояу тісті қабан тұрады.

Ал сен өзің қай жануарсың?
Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.
Тышқан: Жоқ!
 Бақа: мұнда орын жоқ!
 Қоян: сен дәусің қалай кіресің?
Аю: «Қалай болса да сыйысамыз?»-депті.
Барлығы : «Жарайды ,кел жанымызға»Қолғапқа кіреді.
Автор:Сөйтіп аюда қолғапқа сыйып жетеу болыпты. Қолғаптың іші тар. Міне жарылайын деп тұрғандай. Жоғалған қолғабын ата есіне алып: итіне артқа қайт, жоғалған қолғапты тап деп бұйырады.Атайда Ақтөстің артынан жүрген жолдарымен кері қайтты. Ал, иті болса алға қарай жүгіріп кетеді.Жүгіріп келе жатып қолғапты көреді. Қолғап қозғалып жатыр.
Ит: әуп-әуп-әуп.
Ей сендер құстарсыңдар ма, әлде аңдар?
Қолғаптан тез шығыңдар.
Ата мылтықпен келеді.
Қолғапты алып кетеді.
Автор:
Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып, барлығы жан-жаққа қашып кетеді.
Қорытынды:
-Балалар қандай ертегіні тамашаладық?
-Балалар ,сендерге ертегі ұнадыма?
-Ертегі не жайында?
-Қолғап ертегісінде қандай ертегі кейіпкерлері ойнады?
-Кім қолғабын жоғалтып алған?
-Қолғапты табуға не көмектесті?









№54 «Айгүл»балабақшасы





Білім беру саласы: «
Коммуникация»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: « Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.


Рисунок 4





Өткізген: «Гүлдер» Мектеп алды даярлық

Тәрбиешісі: Раушанова.А











Атырау 2021 ж





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!