Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Табиғаттың таңғажайып әлемі" ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Табиғаттың таңғажайып әлемі" ортаңғы топқа арналған. Жас мамандарға өте қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеумет

ҰОҚ: Экология негіздері

Тақырыбы: «Табиғаттың таңғажайып әлемі» Мақсаты: 1.Білімділігі:Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету. Табиғатты сүюге, аялауға, оған қамқор бола білуге тәрбиелеу. Балаларды өлі және тірі табиғат туралы, жан - жақты түсініктерін тиянақтау. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу. Оларды табиғат ғажайыптарымен және табиғат құпиялары туралы мағлұматтармен таныстыру Халық қазынасы мақал - мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.
3. Тәрбиелік: отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң - құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. . Өз елінің, жалпы адамзат табиғатын қорғай білуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, слайд, гүл, сиқырлы қобдиша, карточкалар.

Әдіс-тәсідер: сұрақ-жауап, жұмбақ, мақал-мәтелдер.

  • Балалар келген қонақтармен амандасып алайық.

  • Сәлеметсіздерме?!

- Табиғат дегеніміз не? - Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар, өсімдіктер, жер мен ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар.
Т: Дұрыс айтасың Еркеназ! Балалар біздер күнде табиғат аясына яғни далаға серуенге шығамыз. Онда біздер ауа райын бақылаймыз, ойнаймыз. Балалар кеше біздер табиғат аясына серуенге шыққанда не тауып алдық? «Сиқырлы қорапша» қараңдаршы.
Балалар қандай әдемі қорапша! Кеше біздер бұл сиқырлы қорапшаны бүгін ашып қараймыз деген болатынбыз, олай болса кәзір ашып қараймыз.
Бізге бұл қорапшаны табиғат патшалығынан жіберіпті. Ішінде бізге ойын тапсырмалар бар екен. Осы ойын тапсырманы орындасақ жақсы сыйлық күтіп тұр екен.
1) ойын: «Сиқырлы қорапаша түстерін атап айт, және бұл түстер нені білдіреді? Нені ажыратады?
(Көк, жасыл, сары, қызыл)
(Қыс, Көктем, Күз, Жаз)
2) ойын: Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шеше білеміз бе?
Аяна: Аузы жоқ үреді,
Аяғы жоқ желеді. (Жел)
Еркеназ: Жардай дәулер соғысты,
Жарқ - жұрқ етіп оқ ұшты (Бұлт найзағай)
Мадина: Көк жүзінде көк доға
Жер жүзінде жоқ доға
Қолмен ұстауға болмайды,
Көзбен көріп тоймайды (Кемпірқосақ)
Дима: Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.(Күн)
Аяла: Көк жастығым сөгілді
Ішінен мамық төгілді (Қар)
3) Ойын: «Сергіту» олай болса табиғат құбылыстарын қимылмен көрсетіп демалып алайық.
Жел тұрды гуілдеп,
Ағаш біткен уілдеп.
Аспанды бұлт торлады,
Найзағайлар ойнады.
Жаңбыр жауды себелеп,
Кемпір қосақ көрінді.
Жарқыраған күн шықты.
(Балалар қимылмен көрсетеді)

4) ойын: :"Табиғат деген не?"
Шарты: Мен сендерге доп лақтырып сұрақтар қоямын сендер жауап бересіңдер?
1) Табиғат деген не?
- Қоршаған орта.
2) Қоршаған орта деген не?
- Жер, су, ауа, өсімдік, т. б.
3) Табиғат нешеге бөлінеді?
- Екіге. Өлі және тірі.
4) Өлі табиғат деген не?
- тау, тас, су, өзен, көл, құм т. б.
5) Тірі табиғат деген не?
- Жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар т. б.


5) тапсырма: «Табиғат туралы мақал - мәтелдер айту»
Еркеназ: «Жер қазына, Су гауһар.
Інжу: «Табиғатты аяласаң, табиғатта аянып қалмас!»
Аяна: «Судың да сұрауы бар!»

6) Ойын: "Шатаспақ"
Шарты:
Өлі табиғат, тірі табиғаттың суреттер шатасып қалған соны дұрыстауымыз керек.
- Осы сәтте қоян келеді орманнан Қоян: Мен орманнан келдім сіздерге "Табиғат ананың"хатын алып келдім.
Хат
Сәлеметсіңдер ма"Ақтиін"тобының балалары сендер табиғатты аялауды білесіңдер ме? Мен бүгін жолда келе жатқанда мына сынық ағаштың бұтағын көріп қатты ренжідім. Осы бұтаны сіздерге жібердім оған сіздердің аялы алақандарыңыз жетпей тұр.
Т:- Балалар табиғат ана бізден табиғатты аялауды білесіңдер ма?- деп сұрайды. Олай болса мынадай ойын ойнайық"Дұрыс, дұрыс емес?"

Ойын:"Дұрыс, дұрыс емес."
Шарты: сендердің алдарында карточкалар берілген , суретте қайсы дұрыс, қайыссы дұрыс емес екіге бөлеміз.

Т:- Жарайсыңдар балалар олай болса табиғат ананың беріп жіберген бұтасын суға салып қояйық содан кейін оны далаға отырғызамыз, ал оған дейін мен сендерге мынадай гүл әкелдім оны құмыраға отырғызайық.

Гүлді отырғызбас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік.

  • Топырақты ауызға салмаймыз.

  • Топырақпен жұмыс жасағанда мұқият болу керек. Т.б

(гүлді топыраққа отырғызу)

Қорытынды: Біз бүгін не туралы әңгімеледік? Ненің тапсырмаларын орындадық?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
1213
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12