жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.Білім беру саласы:Әлеумет.Бөлімі:Қоршаған орта.Тақырыбы:Мамандықтар
ІІ-ші кіші «Ертөстік» тобының технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: Қоршаған орта.
Тақырыбы: Мамандықтар. Мақсаты:Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін жетілдіру, мамандықтар түрлерімен танысу, оның ішінде «Дәрігер», «Аспаз», «Мұғалім», «Шаштараз» мамандықтарына керек заттарды ажырата білуге үйрету. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу қабілеттерін арттыру, қызығушылыққа тәрбиелеу, үлкендер еңбегін құрметтеу.
Билингвальды компонент: Дәрігер- врач, Аспазшы- повор, Шаштараз-парикмахер, Мұғалім-воспитатель.
Сөздік жұмысы: Мамандық, дәрігер, аспазшы, шаштараз, мұғалім.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты слайд, мамандық иелерінің суреттері және құралдары.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекетттері |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
-Балалар, бізге көптеген қонақтар келіпті, осы қонақтармен үш тілде сәлемдесіп алайық.
-Балалар, сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер? -Дұрыс айтасыңдар, міне тағы да таң атып, күн шықты. -Осы жарқырап тұрған күнмен бірге барлығымыз шаттық шеңберін жасайық. Қайырлы таң, көздерім, Қайырлы таң, құлақтарым. Қайырлы таң, қолдарым, Қайырлы таң, аяқтарым. -Жарайсыңдар, балалар, сендер ояндыңдар ма? -Балалар, жылдың қай мезгілі? -Көктемде неше ай бар?
-Атап айтайықшы? |
-Сәлеметсіздер ме! –Здраствуйте! -Good monіng! -Таңертең. -Балалар, тәрбиешімен бірге қимылмен орындайды. -Ия, біз ояндық. -Көктем мезгілі. -Көктем мезгілінде үш ай бар. -Наурыз, сәуір, мамыр. |
|
Іздену ұйымдастыру |
Тәуелсіз жаңа заманда, Сұраныс көп маманға. Нағыз маман пайдалы, Мемлекет, қоғам,адамға,- деп бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз. Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Мамандықтар». Мамандықтар- адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. (Слайд. Құралдарымен қоса таныстыру). -Балалар, суретте не көріп тұрсыңдар? -Балалар, дәрігер баланың тісін емдеп жатыр, ол бала тәттіні көп жегендіктен тісі ауырған. -Мынау кім? -Ия, шаштараз шаш алып жатыр. -Мынау кім? -Аспазшы, ас әзірлейді, балаларға тамақ пісіреді. -Мынау кім? -Ия, мұғалім, бізге білім, тәрбие, өнер үйретеді. -Жарайсыңдар, балалар, енді осы Мамандықтар туралы кім тақпақтар біледі?
-Жарайсыңдар, балалар, міне бұлардың барлығын «Мамандық иелері» деп атаймыз. Сергіту сәті: «Көңілді күн» әні. -Енді балалар, біз ойын ойнайық. Ойынның тақырыбы: «Мамандықтар» желілі рольді ойыны. Шарты: Ортаға 4 мамандыққа байланысты орындық қойылады. Сол мамандықтармен балалар, жұмыс жасап, ойнайды. |
-Дәрігер. Дәрігер апай кіреді. -Шаштараз. Шаштараз апай кіреді. -Аспазшы. Аспазшы апа йкіреді. -Мұғалім. Мұғалім апай кіреді.
Айдидар: Емес оның жәй ісі, Қолда тарақ қайшысы. Апамның бес саусағы, Шашты қырқып тауысады. Мадияр: Тіс ауырса, іш ауырса, Анам дәрі береді. Барлық бала, барлық адам, Оны жақсы көреді. Аида: Білімнің кәусар бұлағын, Жүресің құйып санама. Біз үшін сенсің, мұғалім, Ұстаз да, ғалым дана да.
Дидар: Дәмді тамақ пісіріп, Өнерлі бала боламын. Халқым сүйген ардақты, Мен аспазшы боламын.
-Балалар, қимылмен орындайды.
-Балалар, қызыға ойнайды. |
|
Рефлексивті-коррекциялау шы
|
Қорыту: -Балалар, біз қандай тақырыпта әңгімелестік? -Қандай мамандық иелерін білдіңдер балалар? -Жарайсыңдар, балалар, қазақта мынадай мақал бар. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Балалар, еріндей еңбектеніп оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін рахмет! Сыйлықтар таратылады, қолдан жасалған дискіден медаль тағады. |
|
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Балалар, мамандық түрлерін. Қандай түсініктерді игереді: Әр мамандықтың қызметтерін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үлкендер еңбегін құрметтеуді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген