жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.Білім беру саласы:Қатынас.Бөлімі:Қоршаған орта.Тақырыбы:Жаңбырға қонаққа бару
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Шығармашылық.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Жаңбырға қонаққа бару.
Мақсаты: 1. Табиғат құбылысы- жаңбыр және оның маңызын түсіндіру.
2. Балаларды тыңдаған мәтіндері бойынша әрекет етуге баулу және осы арқылы олардың комуникативтік дағдылары мен қиялдарын дамыту.
3. Балаларды бірлескен шығармашылық табыстарға жетелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қолшатыр, тамшы суреттері, бұлттың бетпердесі, әңгіменің мазмұны бойынша салынған сурет(гүлдер, бақалар), жаңбырдың дауысы жазылған үнтаспа.
Сөздік жұмыс: күннің күркіреуі, найзағай.
Билингвальды компонент: бұлт- туча, жаңбыр-дождь, күннің күркіреуі- гром.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі |
1.Балаларды шеңбер бойына тұрғызу.Балалар, бүгінгі оқу іс - әректіміз қызықты болмақ.Өйткені ғажайып сәттер көп болмақ.Кәне, қол ұстасып дөңгелене тұра қалайық.Бір - бірімізге жылы шыраймен қарайық. -1,2,3,4-топ - топ,топ-топ басайық! 1,2,3,4-алақанды ашайық! Жаңбыр жауды тамшылап, тырс- тырс. Жаңбыр жауды сіркіреп, Тырс - тырс -тырс -тырс, -Балалар қараңдаршы келе жатқан мынау не екен? 2.Жұмбақ шешеді Көк көрпенің мақтасы, Әр жерде жүр бытырап. Біріктіруге қол жетпес, Болды ау шіркін ысырап. 3.Билингвальды компонент: Бұлт-туча, жаңбыр-дождь, күннің күркіреуі-гром Осы кезде бұлт болып киінген ата-ана кіріп : -Мен көңілді бұлтпын.Аспанда қалқып жүргенді ұнатамын, жерге жаңбыр болып түсемін,-дейді. 4.Балаларға тапсырма: -Аспанда қалқып жүрген бұлттар неге ұқсайды? Бұлт ата-ана: Егер жаңбыр жауып кетсе, бізге не керек болады? Қолшатырында үлкен және кішкентай тамшылардың суреттері жапсырылған ата-ана кіреді. -Балалар, далада жаңбыр қатты жауып тұр. Үсті басым су болды және тоңып қалдым. Мен сендердің топтарыңда отыра тұрайыншы. -Балалар, мына қол шатырдағы тамшыларға қараңдаршы. Пішіндері қандай? -Бұл тамшылар қайдан пайда болды? 5. «Тамшыларды жина» ойыны. Шарты: Ойынға балалармен бірге ата-аналарда қатысады. бір топ кішкентай «тамшыларды» , екінші топ үлкен «тамшыларды» жинайды. 6. «Кішкентай бұлт» әңгімесін оқу. -Аспанда кішкентай бұлт қалқып жүріп, жерде солып бара жатқан гүлді байқады. Бұлт гүлді аяп кетті.Ол гүл өсіп тұрған шалғынға жаңбырды төгіп-төгіп жіберді. Суға қанған гүл жайнап шыға келді.Бұлт қуаныштан қалқи жөнелді.Ол енді шалшық суда жүрген бақаларды көрді.Шалшықтың суы аздау екен.Бұлт бақаларды аяп кетіп, суын оларға төкті. Бақалар мол жаңбырдың суына қуанып қалды.Бұлт бүгін көп жақсы іс атқарды. -Балалар осы әңгіме бойынша 3 белсенді орталықтарында жұмыс жасаймыз. Әдебиет орталығында компьютермен «Кішкентай бұлт» әңгімесін тыңдаймыз. Үстел үсті орталығында осы әңгіменің желісі бойынша рет-ретімен жіптермен байланыстырамыз. Өнер орталығында дәстүрден тыс әдіс арқылы кемпір қосақтың суретін жіпті түрлі-түсті бояуға батырып, ақ қағаз бетіне бастырып түсіреміз. Сергіту сәті. «Жау-жау жаңбыр» әуені. -Балалардан кім қандай орталықта болып және қандай жұмыс жасағандарын сұрайды. -Балалар бұлт қандай пайдалы іс атқарды? Балалардың жасаған жұмыстарын шығармашылық бұрышына іліп, барлық балаларды мадақтау. |
Балалар дөңгелен тұрады. Еденге табанды толық басып, аяқтарын еденді тарсылдатады. Алақандарын ашып, қолдарын жоғары көтереді. Алақандарын маңдайларына қойып, аспанға қарағандай кейіп танытады. Жұмбақтың шешуі: бұлт Қайталайды Қолшатыр керек болады. Қолшатырға қарайды. -Үлкен және кішкентай тамшылар. -Өйткені далада жаңбыр жауып тұр. Мұқият тыңдайды. Ойынға барлық бала қатысады. Балалар кезекші таратқан текшелер арқылы орталықтарға бөлініп жұмыс жасайды. Әуенге қосылып сергіту жаттығуын орындайды. Балалар қай орталықта болғандарын, қандай жұмыс жасағандарын айтып береді. Жаңбыр болып жерге жауды, гүлдерді суғарды, бақаларға көмектесті. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Бұлт: -Жарайсыңдар! Сау болыңдар! «Күн мен жаңбыр» ойыны. Шарты ойын жүргізушінің «Күн» деген белгісімен серуенге шығады, «жаңбыр» деген белгісі бойынша қолшатырдың астына кіреді. |
-Сау бол!, «Күн!» дегенде серуенге шығады, секіреді, жүгіреді. «Жаңбыр!» дегенде қол шатырдың астына тығылады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: табиғат құбылылыстары- жаңбыр, күннің күркіреуі және найзағай атауларын атайды және осы құбылыстар туралы білімді меңгеруге арналған тапсырманы.
Түсінеді: жаңбыр туралы ұғымды.
Қолданады: алған білімдерін іс-тәжірибе жүзінде.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген