жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.Білім беру саласы:Шығармашылық.Бөлімі:Сурет салу.Тақырыбы:Менің Отаным-Қазақстан!
Ортаңғы «Балдырған» тобының технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка
Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан!»
Мақсаты: Балаларды Отансүйгіштікке , ұлтжандылыққа, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыруға баулу.Музыка арқылы балаларды ырғақты сезіне білуге ,есте сақтауға, музыкалық қабілетін жетілдіруге дамыту.Табиғи дауыспен таза ән айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету.Музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. Тақырыпқа сай білімдерін арттыру.
Билингвальды компонент: Отан-родина-Notherland
Cөздік жұмыс: Отан, Туған жер.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру , көрсету.
Көрнекілігі: Қаламыздың , ауылымыздың көрнекі жерлерінің, еліміздің сұлу табиғатының көрінісін бейнелейтін слайдтар,жалаушалар,билборд.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеттері |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
«Марш» «Көк тудың желбірегені» әнін балалар жалаушамен залға кіреді. -Сәлеметсіңдер ме, балалар -Здраствуйте -Good morning Гимн орындалады. Шаттық шеңбері: -Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Шынығамыз таңертең, Ағалардай Отанға Ұлан болам мен ертең! |
Әуенмен екпінмен нық басып, ырғақты сезіне жүруге талпынады. -Сәлеметсіздер ме - Здраствуйте -Good morning Балалар хормен орындайды. Балалар тізелерін көтере мақтанышпен жүріп, шаттық шеңберін қосыла айтады. |
|
Іздену ұйымдастыру |
Музыкалық ырғақты қимыл: «Көк тудың желбірегені» әні Орындалып,би қимылдарын көрсетеді.Жалаушаны бірдей қозғап, бірге қозғалуын қадағалайды. Қазақстан алға! Намысты қорға! Бірлігі жарасқан! Тәуелсіз Қазақстан!-деп,марш екпінімен жүріп, орындықтарға отыруын сұрайды. Жетекші: -Балалар, бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Менің Отаным» Балалар, бәріміз экранға назар аударайық(жетекші тақырыпты слайд арқылы түсіндіреді) -Балалар, Отан,Туған жер туралы тақпақтар білміз бе? Балалар, енді Отан туралы мақал-мәтел айтайықшы -Жарайсыңдар,балалар,Сендер Отанымыздың болашағысыңдар. Сондықтан тәртіпті,тәрбиелі,сыпайы болуларың керек. -Балалар, сендер Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Өте керемет балалар, сендер ақылды екенсіңдер Ғажайып сәт: «Жас ұландар» Ән тыңдау: Күй -Балалар,дауыс жаттығуын не үшін жасаймыз -Жетекші «Отан-ортақ үйіміз» Әнін таныстырып,балалар композиторы Д.Ботабаев туралы әңгімелейді. Әнді орындап,сипатын,мәтінін әңгімелеуге ықпал етеді. -Балалар жетекшімен бірге әнді орындайды. -Сендерге ұнады ма? Жетекші: Қысылып еш саспайық, Қызық ойын бастайық! Ойын: «Домбыраны құрастыру» Мақсаты:Балалар, шапшаңдыққа, ептілікке, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу. Шарты: Балалар , екі топқа бөлінеді, «Ұлан» және «Қыран» топтары.Топтар құрастырмалы ойыншық домбыраны жылдам құрастыруы керек. |
Жалаушаларды ұстап, 4-қатарға тұрады.Көрсетілген би қимылдарын қайталайды.Жалаушаны желбірете жоғары көтереді, оңға , солға бұрылып,бірге қимылдауға тырысады. Балалар ұранды қайталайды,марш екпінін сезіне жүреді,орындықтарына отырады. Балалар мұқият тыңдайды, қойылған сұрақтарға жауап береді. К.Іңкәр: Отан-менің ата-анам Отан-досым,бауырым Отан-өлкем Астанам, Отан –туған ауылым. Жайсаң: Жайнаған сансыз қаласы, Жайқалған жомарт даласы. Ел-Отан біздің кең байтақ, Отанның біздер баласы. Т.Жанселла: Отанды бәрі анасындай, Қастерлейді бағалап. Өйткені Отан баласындай, Бізді өсірер аялап. Ринат: Отан-оттан да ыстық С.Жансель: «Отансыз адам-ормансыз бұл-бұл». Нұрғиса: «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» Отан-Туған жер Отан-тарих Отан-Отбасы Отан-Дәстүр Отан-Тіл Отан-Ел Отан-Дін. Тамашалайды Күйді ықыласпен тыңдап әсерленеді. -Дауыс жаттығуын бірге бастап,бірге аяқтап дауыстарын соза әндетеді.Терең тыныс алып, жаттығуды еркін айтуға дағдыланады. -Әнді жақсы айту айту үшін. -Балалар , мұқият тыңдайды. Әннің сипатын ажыратып, мазмұнын әңгімелейді. -Балалар,әнді орындайды. Ойынға жаппай қатысады. Тез қимылдап,ойында жеңімпаз атануға талпынады.
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Қорытындылау: -Балалар,бүгінгі біз не жайында әңгімелестік? -Қандай жаңа ән үйрендік? -Қандай аспаппен таныстық? -Қандай ойын ойнадық? -Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма? -Балалар, сендер қазақ елінің ең жас ұлансыңдар, сондықтан өз Отанымызды , елімізді,аталарымыз,әкелеріміз,ағаларымыз сияқты қорғап қадірлеуге міндеттісіңдер.Жарайсыңдар,балалар,сендер көп-көп рахмет,болашақты нұрландырған тәуелсіздігіміз баянды болсын. Хор: «Біз Отанның ұланымыз» |
-Балалар,қойылған сұрақтарға жауап береді. Қызығушылықтары артып,көтеріңкі көңіл-күймен қоштасады. -Балалар хорды орындайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Шығарманы сезіне тыңдап,әнді табиғи дауыспен орындай білуге.
Қандай түсініктерді игереді:әуен ырғағымен жалаушаларды ұстап билеуді, әнді әуенімен айтуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Әнді тыңдап, мәтінін әңгімелеуді ырғақпен қозғалуды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген