жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.Білім беру саласы:Таным.Бөлімі: Математика негіздері Тақырыбы:Алтын қақпа
«Балдырған» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: Математика. Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны. Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайтып, сөйлеу тілін дамыту, таным, сезім қабілеттерін жетілдіру, сөз ішіндегі ұғымдарды қолдана білуге, ойлап-қиялдауға, ой шапшаңдығына баулу, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру.
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа, алтын сандық.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекетттері |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Армысыңдар жиылған жұрт- ағайын, Ең алдымен сіздермен сәлемдесіп алайын. Жар саламын, зерек ой, ұщқыр қиял достарға, Біліміңді сынағын танымдық ойын: «Алтын қақпада». Сіздермен бірге «Алтын қақпа» ұлттық танымдық ойыны. Уа, халайық, халайық! Мұнда назар салайық! Білімді сынайын деп келіпті ортаға, Қошеметпен оларды, кане қарсы алайық!
Аталарың- дәуір тарланы, Аналарың- дәуір арманы. Сәлем, сәлем қазақтың құйттай Дінмұхаммед, Бауыржандары! -Балалар, біз ойынымызды бастамас бұрын «шаттық шеңберін» жасап алайық.
– Сендер таңертеңгілік келе жатқанда ең алғаш нені көреміз? -Күн бізге несін береді? -Ал, енді балалар, біз осы күннің жылуы мен жарығын «Допты қағып ал» ойынын ойнаймыз. Алдымен ойынның шартымен түсіндіріп өтейін. Сендер ынта қоя тыңдаңдар. Мен допты лақтырамын, қай бала қағып алса сол бала сұраққа жауап береді. Балалар, ойынның шартын түсіндіңдер ме? -Онда ойынды бастаймыз. 1.Қазір жылдың қай мезгілі? 2.Көктем айларын атап шық? 3.Көктемде ең алғаш ұшып келетін құстарлы ата?
4.Көктем мерекелерін ата?
5. Көктем мезгілі мен қыс мезгілінің айырмашылығын ата?
-Жарайсыңдар, балалар, енді бұл ойынымыз сайыс түрінде өтетін болғандықтан алдымен, екі топқа бөлініп алайық. Оң қанатта «Тапқырлар», сол қанатта «Ойшылдар» тобы. Енді сайыстың шартымен таныстырайын: Сайыс үш кезеңнен тұрады, әр кезеңде екі сұрақ қойылады, алғашқы екі сұрақтарға дұрыс жауап берілсе «Тас қақпа» ашылады. Келесі екі сұраққа дұрыс жауап беретін болса, «Күміс қақпа» ашылады. соңғы екі сұраққа жауап берілсе, «Алтын қақпа» ашылады. «Алтын қақпада» «Алтын сандық» бар. «Алтын сандықтың» сұрағына дұрыс жауап берілсе, «Алтын сандық» ашылады. Ал онда сыйлықтар жасырылған. – Сендер алтын сандықтың сыйлықтарын алғыларың келеді ме? Ендеше ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен танысып алайық. (Әділқазылар алқасымен таныстырылады) |
(балалар, маршпен кіреді). Ойынға қатысушы балалар, ортаға шеңбер болып тұрады. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Бар әлемді құрметтеп, Бас иеміз біз. (қимылмен орындайды). -Күнді. –Жылуын, жарығын. -Ия. -көктем. –наурыз, сәуір мамыр. -Қарлығаш, торғай, тырна. -Аналар мерекесі, көктем мерекесі, наурыз мерекесі. -Көктемде күн жылы болады, жер көгереді, ал қыста қар жауып аяз болады. -Ия |
|
Іздену ұйымдастыру |
Осы кезде хат тасушы келеді. -Жарайсың, хат тасушы, сен дәл уақытында келдің. Ең алдымен топ басшылар өздерінің топтарын таныстырып өтсін. «Тапқырлар» тобы: Ұлағат. «Ойшылдар» тобы: Арай. -Бәрекелді, балалар, енді топ басшыларының номерлерін таңлдау үшін ортаға шақырайық. -Балалар, «Алтын қақпа» ойыны басталды. Ойынды «Ойшылдар» тобының балаларына ұсынамыз.Ал, балалар, дискіні қосып «Тас қақпаның» сұрақтарын тыңдайық. 1. 1-10 ға дейін тура және кері санау. 2. Бейне сұрақ, Мына суретте қай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген және атын ата? -Бәрекелді, балалар, сендер сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, «Тас қақпаны» аштыңдар. Енді «Тапқырлар» тобының білімдерін сынап көрелік. Келесі «Күміс қақпаның» сұрақтарын тыңдау үшін экранға назар аударайық. 1. Жұмбақ. Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады. Ол не? 2. Жыл мезгілдерін ата? -Бәрекелді, балалар, «Ойшылдар» тобы «Тас қақпаны», ал «Тапқырлар» тобы «Күміс қақпаны» ойшылдықтарымен, тапқырлықтарымен аша білді. –Жарайсыңдар, балалар! Ал, енді «Алтын қақпаның» сұрақтарын тыңдайық. «Алтын қақпаға» бір ғана сұрақ берілген. Қай топ сұраққа тез жауап берсе, сол топ «Алтын сандықты» ашады. Кане, экранға назар аударайық: 1. Қазақы салт-дәстүр. Қазақтың наурыз көжесіне неше түрлі тағам қосылады? -Бәрекелді, балалар, (Жауап берген топ «Алтын сандықтың» сұрағын тыңдайды). Сұрақ: Қазақтың ержүрек батырдарын ата? «Алтын сандық» ашылады. |
-Сәлеметсіңдерме, мен «Алтын қақпа» ойынына келдім бе? -Ия . -О- о, менде осы ойыннның сұрақтары жазылған дискі бар.
Біз балдырған баламыз, Білімді біз боламыз. Жарыстан біз озамыз, Сәлем «ойшыл» достарға Міне бізде баламыз, Білімді ұрпақ данамыз. Сәт -сапар тілеп сіздерге Тапқырлар тұр сап түзеп.
1.......10, 10......1
Мақта қыз бен мысық (Мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, тайық, тышқан).
-Қарлығаш. -Көктем, жаз, күз, қыс.
7-түрлі тағам қосылады. (жүгері, бидай, күріш, сөк, өрік, мейіз, сүт, т.б.).
Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр, Сырым батыр. |
|
|
-Жарайсыңдар, балалар. Ойшылдар мен тапқырлар тобының ойыншылары сұрақтарға дұрыс әрі толық жауап бергендерінің нәтижесінде «Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа», «Алтын сандық» ашылды. Енді жеңімпаздарға арналған сыйлықтарды алайық.
-Енді барлығымыз «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық. Бүгін біздің балаларымыздың білімділігі мен тапқырлығы сынға түсті. Еліміздің көк байрағын әрқашанда биіктен түсірмейтіндеріне сенеміз. Осымен «Алтын қақпа» ойынымыз өз мәресіне жетті. Ендігі сөзді әділқазылар алқасына береміз. (Марапаттау рәсімі). |
Аналардың тілегінде – бейбітшілік, Бөбектердің жүрегінде – бейбітшілік, Балдырғанның бал тілінде - бейбітшілік, Көгершін боп қалқы көкте - бейбітшілік.
|
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: интеллектуалдық ойынды. Қандай түсініктерді игереді: сөз ішіндегі ұғымдарды айтуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тапқырлықпен, нақтылықты.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген