Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.Білім беру саласы:Таным.Бөлімі:Математика негіздері.Тақырыбы: 5 саны

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабакша тарбиешилерине
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 19.10.2020ж

Тобы: Ересек «Балдырған» тобы

Білім саласы: Таным.

Ұйымдастыру оқу қызметі: математика негіздері
Тақырыбы: 5 саны
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балаларға шамамен 5-ке дейін санауды  және қатарда орналасқан

заттарды көрсете отырып,сандарды ретімен атауды үйрету.

— «5» санымен таныстыру. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып-алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар,сергіту сәті,

Құрал жабдықтар: суреттер, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық қозғаушылық

- Саламатсыздар ма, балалар!
-
Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!


Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Амандасу үлкенмен
Тәрбиенің мәні ғой
Алдыменен халайық
Амандасып алайық
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!
Сәлеметсіңдер ме, достарым!


Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық
оқу қызметімізді бастайық.


Саламатсыз ба!
















Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

Балалар жылдың қай мезгілі?

Күз туралы тақпақ кім біледі.



Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.



Алтын, сары, қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап


Ғажайып сәт:


1-5 сандары келеді.


Ақшәрбат:

Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Сандарға жол бастап,
Ең бірінші тұрамын.

Сағадат:
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын қарағым.

Жаннұр:
Екіден соң әрқашан,
Үшінші мен тұрамын.
Қағазға сызып түсірсең,
Екі ирек саламын.
Айару:
Үш қашанда тақ саны,
Жұп болғанға не жетсін.
Төрт дегенің баяғы,
Төрт түліктің аяғы.

Нұрсаят:
Төртен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Төртеуін бүгіп санасаң,
Табасың оңай бесті.

Тәрбиеші:
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.

- Бір жылда неше мезгіл бар?


Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)

Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..

Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?

- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Сары шарды көрсету

- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындайық.

Балалар 3 топқа бөлінейік қане текше таратылады.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1 - тапсырма. 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.
2 - тапсырма. Дидактикалық ойындар. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
(1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)

3 - тапсырма. Логикалық есептер
- Дүкеннен анам  2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім.
- Қоянда неше құлақ барМынау ненің суреті?
- Қолда қанша саусақ бар?
2. Ағашта 5 құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?





Сергіту сәті:
«Бала, бала, баламыз» 

Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.

Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.

Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.

Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар:
Гүлім:

Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Нұрәли:

Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
А.Аяна:

Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)

4-тапсырма: Балалар сендер күз туралы өлең білесіндер ме?

Ақжан






Әли











































- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)

Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)



Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)


Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)

Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)




Балалар тапсырмаларды орындайды.



















менде неше доп қалды? (1)


(қоянның суретін көрсету)
3 құс


Иә

Хор: Күз күз күз


Қорытынды:
1-ден 5-ке дейін тура және кері санадық.

 Балалар:

Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!




Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: «5″ санын танып, ажыратып,ретін анықтай білуі керек

Нені игерді:»5″ санын танып, ретін анықтай отырып,үстінде,астында,оң

жағында,сол жағында ұғымдарын меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерлігі:тапсырмаларды  дұрыс тиянақты

орындау барысында ,»5″ санын толық танып ,ретін анықтай білді.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
896
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12