Асықпен ойнаймыз, ойлаймыз ҰІӘ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Асықпен ойнаймыз, ойлаймыз ҰІӘ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында балалармен асықпен ойнауға және тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

І.Есенберлин атындағы МДШО







Shape1

Тақырыбы: “Асықпен ойнаймыз, ойлаймыз!”










Тәрбиеші: Есжанова Б

















2024 оқу жылы



Тақырыбы: “Асықпен ойнаймыз, ойлаймыз!”


Мақсаты: Балаларға ойлана отырып тапсырмаларды ойнап орындауға баулу. Дамытушы орта қалыптастыру. Адамгершілікке, ізгілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: үйлестірмелі дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Барысы:

Шаттық шеңбер:

Арғымақ арғымақ

Келші бірге ойнамақ

Достар болып жиналып

Ойнап жүріп , ойланып

Қайырлы күн тілейміз

Бәріміз жиналып.

Тәрбиеші: Қайырлы күн балалар!

-Көңіл күйлерің қалай?

-Ауа-райы қалай болып тұр?

-Қазір қандай мезгіл?

-Балалар сендер асықпен ойнап көрдіңдер ма?

(балалар жауап береді)

Тәрбиеші: Балалар бүгін біздер асықпен ойналатын ойындар туралы білетін боламыз. Асық балалар , ол қазақ халқының ұлттық құндылығы, асық арқылы ұлттық ойындар ойнатып, спорт ойындары пайда бола бастаған. Ал бүгін біздер асықпен ойнап отырып тапсырмалар орындап үйренеміз.

(асықтар туралы бейнежазба немесе слайд көрсету)

Ғажайып сәт: “Аспаннан түскен қоржын”

(қоржын іші толған тапсырмаларды алып келеді)

Тәрбиеші: Ой қараңдаршы балалар! Мен жолда келе жатып мына қоржын балаларға деп аспаннан торғай тастап кетті. Ішін ашып көреміз бе?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Қане олай болса ашып көрейік!

(қоржын ішінен хат алып шығады)

Балалар, қоржын ішінде хат тапсырмаларымен бар екен. Хатты оқып берейін!

-Сәлеметсіңдерме балалар! Мен Торғаймын, қыста қыстап қаламын, сендердің өте алғыр екендеріңді күнде серуенге шыққандарыңда көремін. Соған қызығып менде сендер әдемі тапсырмалар мен керемет сыйлықтарды қоржынға салып жібердім. Соны алып қызықты күн өткізіңдер - депті.

Тәрбиеші: Балалар торғадың тапсырмаларын орындауға қалай қарайсыңдар?

Балалар: орындаймыз!

Тәрбиеші: Олай болса тоғайдың тапсырмаларға тола тақтасын ашайын. Әр тапсырманы орындаған балаға бір-бірден асықтар беріліп отырады.

Асықты кубикті атып көрсетілген тапсырманы орындап көр!”

(Балалар асықты атып түсіне қарай асық астындағы тапсырманы орындайды)

  1. Неше асық бар” шапалақпен тап

Ойын шарты: балаларға шапалақ белгісін береді, тәрбиеші карточкаларды көрсетіп неше асық бар екенін сұрайды . балалар санап шапалақ белгісімен сонша санды асықты тауып ұрады.

  1. Түсіне қарай орналастыр”

Ойын шарты: балаларға түрлі түсті асықтар беріледі. Көп ойланбай жылдам түсін тауып қыстыруы керек.

Тәрбиеші: Өте тамаша балалар! Келесі айналымда өте қызық тапсырмалар бар. Олай болса кеттік!

  1. Бүкпа, шүкпа” фонарик ойыны

Ойын шарты: балаларға қоржын суреттері беріледі. Соны фонарикпен қарап асықтың қалай жатқанын айтып береді.

  1. Атын сақа” ертегісі луллия шеңбері бойынша баяндау

Ойын шарты: балаларға луллия шеңберінде ертегі кейіпкерлері беріледі. Ертегі кейіпкерлері бойынша әңгімелеп береді

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте белсенді болдыңдар ендеше бір серігіп алайық!

Сергіту сәті: “Ақылды балалар” музыкалық сүйемелдеу арқылы орындату.

Тәрбиеші:Келесі айналымға өтейік!

  1. Үлгі бойынша ” орналастыр

Ойын шарты: балаларға түрлі асықтың түстеріне қарай орналасқан бейнелі суреттер беріледі. Сол бейнеге ұқсатып түсті асықтарды орналастырады.

  1. Түстері бойынша жіп арқылы” асықты орналастыр

Ойын: шарты балаларға түсті жіптер мен асықтар беріледі, оларды жіп арқылы түстеріне сай байлайды

  1. Таразы” асықтарды салыстырамыз

Ойын шарты: балаларға таразы беріледі. Асықтарды санап қайсысы көп екенін айтып береді.

(осылайша тапсырмаларды асықты кубикті ластырып түскен бетіне қарай ойнатып, жалғастырып кетеді. Бір тапсырма қайта түссе тағы бір рет кубикті лақтыру ұсынылады)

Әр тапсырманы дұрыс орындаған балаға бір асықтан беріп отырады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендер өте жылдам әрі ақылды, тапқыр болдыңдар! Ендеше сұрақ-жауап ойынымызды ойнай отыр, асықтардан пирамида құрастырсақ қалай , ойнаймыз ба?

Балалар: Ия!

Сұрақ-жауап ойыны

Ойын шарты: Кім сұраққа жұрыс жауап береді сол асықтан пирамида жасау үшін бір-бірден асықты орналастырады. Жауап бере алмаған бала келесісіне кезек береді.

  1. Асық деген не?

  2. Асықпен қандай ойындар ойнатылады?

  3. Асық неден алынады?

  4. Төрт түлік мал түйенің өркеші нешеу болады?

  5. Сиырдың төлін ата?

  6. Жылқының төлін ата?

  7. Тауықтың балапанын не деп шақырады?

  8. Қойыдың төлін не деп шақырады?

  9. Әтеш қалай дыбыстайды?

  10. Қоян қалай секіреді?

Тәрбиеші: Өте тамаша! Мінекей балалар біздің сұрақ-жауапта аяқталды, пирамида да құрылды сендерге ұнадыма?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Олай болса бүгінгі сабағымызды додокедр әдісімен қорытындылайық!

Додокедр “Қайтала”

Тәрбиеші: Өте тамаша! Сендер жарадыңдар балалар. Сол үшін мына қоржындағы сыйлықтарды таратып берейін.

(қоржындағы мадақтау сыйлықтар таратып береді)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2024
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі