400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашықсабақ: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Сейтқұл халқының тұрмысын жақсарту жайлы арманына қалай жетті?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» 5 СЫНЫП: «Сейтқұл халқының тұрмысын жақсарту жайлы арманына қалай жетті?»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Сейтқұл халқының тұрмысын жақсарту жайлы арманына қалай жетті?»

Бөлім:

2-бөлім. Тәрбиенің қайнар бұлағы.

Педагогтің аты-жөні:

Жандарбаева Гулназ Романқызы

Күні:

07.12.2001ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Сейтқұл халқының тұрмысын жақсарту жайлы арманына қалай жетті?»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.3.1-көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетін ажырата алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын сипаттай алады.

Кейбір оқушылар үшін:

көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын аша алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.


Топтастыру.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I – Үшбұрыштар тобы

II – Дөңгелектер тобы

III – Төртбұрыштар тобы


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Фигуралар салынған конверт

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Қызығушылықты ояту» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында оқушылар бүгінгң сабағымызды Ыбырый атамыздың « Кел балалар ,оқылық» өлеңімен бастаймыз. Ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Сейітқұл елі үшін қандай ой ойлады?


Оған ерген қандай кәсіппен айналыса бастады?


Сейітқұл бастаған елге басқалар не себепті қосылады?


Сейітқұлдың ағасы бай болу үшін не істеді?


Соңында тағдыры қалай аяқталды?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Қыпшақ Сейтқұл – В бөлімінің мәтінін оқытады. Осы мәтін желісі бойынша бейнеролик көрсетеді.


Талқылауға арналған сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Жұптық жұмыс:


Мәтінді оқып, бейнероликті көреді.


Кеіпкер портретін және кейіпкер іс-әрекетін бейнелейді.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

Бейнероликті көреді.

Мәтінді оқиды.

Бір-біріне сұрақтар қояды.

Мәтіннің мазмұнын талдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

https://youtu.be/_T0F8sU8YoQ



Жұптық жұмыс.


№4-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.

Әңгіменің сюжеті бойынша ретімен дәптерлеріңе жазыңдар.

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.


-Сейітқұлдың ағасының тағдырын жазады.

-Жаңа кәсіппен айналысқан елді анықтайды.

-Сейітқұлдың жайлы қоныс іздеуі туралы жазады.

-Жұрт ағасы болған Сейітқұлды бейнелейді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.


Топтық жұмыс


5-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.

Әңгіме мазмұнына байланысты өз пікірлеріңді топта талқылағдар.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-Мәтін желісі бойынша өз ойын жазады.

-топта талқылайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
890
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі