«Асықты ұмытпа, ұлықта!» ұйымдастырылған іс-әрекет
Мақсаты: табиғи қазынамыз асықты күнделікті іс-әрекет барысында қолдану, балаларға асықтың артықшылықтары мен құндылығын дәріптеу, асықты ойын барысында қолдану арқылы шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу.
Қазақи бұрыш: балаларға асық туралы түсінік беру.
-Балала бұл не?
-Асық.
- иә, тағы асықтуралы не білесіздер?
- асық ұлттық ойын.
- оны жігіттер ойнайды.
- асықты төрт түліктен алады.
- асықтың алшы түссе жеңесің.
- Өте дұрыс балалар, бұл –асық. Асық қазақ халық ойындарының негізгі құралы. Қазақ халқы асықты бала кезінде қолына алып, жас кезінен бастап ойнайтын.Тіпті сәби дүниеге келмей жатып оған арнап асық жинайтындар да болған. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті.
Асықтың түрлері:
1.Сақа – үлкен, әрі шымыр. Бұл еркек қойдан алынады.
2.Шүкейт – жас малдың асығы.
3.Жабай – ірі асық, ірі қарадан алынады.
Балалар мына суретке қарап,
асықтың иірудің атауларын айтайын:
Қазақ асықты құнды санаған, оның мысалы ретінде қараңыздаршы, «қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой» деп аталарымыз, кішкентай болсада іске жарап тұрған баланы,мықты, шымыр сақа деп айтқан. «Асығың алшысынан түссін» деп бата берген, ол жолың болсын, сәттілік деген мағына екен. «Алтын асықтай екен» деп жақсы адамға теңеу берген. Халқымыз құрмет тұтқан асықты үйде жәй қолдырмай ұлықтап, күнделікті ойында да қолданып жүрейік балалар.

-
«Ғажайып асықтар» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: - сенсориканы дамытады;
-шама, форма, түс, сан туралы ұғымдарды бекітуге ықпал етеді;
-салыстыру, жіктеу, топтастыру, белгісі бойынша кезектестіру, талдау
іскерліктерін дамытады;
-реттік және сандық есеп дағдысын дамытады;
-ырғақ, түстер, композиция сезімталдығын дамытады;
-кеңістікте, қағаз парағында бағдарлаудың дамуына ықпал етеді;
- қолдың ұсақ моторикасын, қозғалыстың дәлдігі мен өнімділігін дамытады.

-
«Төрт түлігім» тақпағын мнемо кестемен жаттау.
Мақсаты: тақпақты оңай жаттауға үйрету, асықтарды көлемі және түсі бойынша ажыратуды үйрету.
Көк үлкен асығым – сиыр менен жылқыға,
Қошкар мен теке сары асықты дейді «сақа».
Қой мен ешкіде болады қызыл асық орташа,
Шүкейт деген кішкентай ол қозы менен лақта.
-
«Кім жылдам» қимылды ойын.
Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа баулу, дене мүшелерін шатаспай көрсету.
-
«Ұлттық тағам» дамино.
Мақсаты: ұлттық ағамдардың атын жаттау, 1-5 санауды бекіту. Сан мен суретті сәйкестендіру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Асықты ұмытпа, ұлықта! МДҰ
Асықты ұмытпа, ұлықта! МДҰ
«Асықты ұмытпа, ұлықта!» ұйымдастырылған іс-әрекет
Мақсаты: табиғи қазынамыз асықты күнделікті іс-әрекет барысында қолдану, балаларға асықтың артықшылықтары мен құндылығын дәріптеу, асықты ойын барысында қолдану арқылы шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу.
Қазақи бұрыш: балаларға асық туралы түсінік беру.
-Балала бұл не?
-Асық.
- иә, тағы асықтуралы не білесіздер?
- асық ұлттық ойын.
- оны жігіттер ойнайды.
- асықты төрт түліктен алады.
- асықтың алшы түссе жеңесің.
- Өте дұрыс балалар, бұл –асық. Асық қазақ халық ойындарының негізгі құралы. Қазақ халқы асықты бала кезінде қолына алып, жас кезінен бастап ойнайтын.Тіпті сәби дүниеге келмей жатып оған арнап асық жинайтындар да болған. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті.
Асықтың түрлері:
1.Сақа – үлкен, әрі шымыр. Бұл еркек қойдан алынады.
2.Шүкейт – жас малдың асығы.
3.Жабай – ірі асық, ірі қарадан алынады.
Балалар мына суретке қарап,
асықтың иірудің атауларын айтайын:
Қазақ асықты құнды санаған, оның мысалы ретінде қараңыздаршы, «қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой» деп аталарымыз, кішкентай болсада іске жарап тұрған баланы,мықты, шымыр сақа деп айтқан. «Асығың алшысынан түссін» деп бата берген, ол жолың болсын, сәттілік деген мағына екен. «Алтын асықтай екен» деп жақсы адамға теңеу берген. Халқымыз құрмет тұтқан асықты үйде жәй қолдырмай ұлықтап, күнделікті ойында да қолданып жүрейік балалар.

-
«Ғажайып асықтар» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: - сенсориканы дамытады;
-шама, форма, түс, сан туралы ұғымдарды бекітуге ықпал етеді;
-салыстыру, жіктеу, топтастыру, белгісі бойынша кезектестіру, талдау
іскерліктерін дамытады;
-реттік және сандық есеп дағдысын дамытады;
-ырғақ, түстер, композиция сезімталдығын дамытады;
-кеңістікте, қағаз парағында бағдарлаудың дамуына ықпал етеді;
- қолдың ұсақ моторикасын, қозғалыстың дәлдігі мен өнімділігін дамытады.

-
«Төрт түлігім» тақпағын мнемо кестемен жаттау.
Мақсаты: тақпақты оңай жаттауға үйрету, асықтарды көлемі және түсі бойынша ажыратуды үйрету.
Көк үлкен асығым – сиыр менен жылқыға,
Қошкар мен теке сары асықты дейді «сақа».
Қой мен ешкіде болады қызыл асық орташа,
Шүкейт деген кішкентай ол қозы менен лақта.
-
«Кім жылдам» қимылды ойын.
Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа баулу, дене мүшелерін шатаспай көрсету.
-
«Ұлттық тағам» дамино.
Мақсаты: ұлттық ағамдардың атын жаттау, 1-5 санауды бекіту. Сан мен суретті сәйкестендіру.
шағым қалдыра аласыз













