жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ат спорт түрлерінің пайда болуы
Ат спорт түрлерінің пайда болуы
1.Ат спортының Қазақстандағы дамуы.
2.Ат спортындағы жарақаттар
Ат спорты — ат үстінде орындалатын спорттық жарыстар. А. с-ның қазіргі заманғы түрлері: атпен мәнерлеп жүру (жай жүру, желдіру, шоқырақтатып шабу, пассаж, пьяффе т.б.), кедергілерден өту (конкур-иппик), үш сайыс (манежде жүру, алаңда атты сынау және кедергілерден өту), жарысу (1200-3200 м қашықтықты барынша тез шауып өту, стипл-чейз, кросс), атпен аң аулау, үлкен қашықтыққа ат шаптыру (25, 50 және 100 км) т.б.; ұлттық түрлері: бәйге, аударыспақ, көкпар, қыз қуу, теңге ілу. А. с-нан ең алғашқы Олимпиялық ойындар б.з.б. 680 ж. өткізілген. Атпен жүрудің арнаулы мектептері 16 ғ-дың бас кезінде Италияда, Францияда, Австрияда пайда болды. А. с. Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1900 ж., дүние жүзі және Еуропа чемпионаттары бағдарламасына 1953 ж. енгізілді. Халықар. А. с. федерациясы (FEІ) 1921 ж. құрылды. Қазақстан оған 1952 жылдан мүше. 1956 ж. Алматыда алғашқы А. с. мектебі ашылды. Қазақстандық шабандоздар алғаш Олимпиялық ойындарға 1960 ж. қатысты. Шабандоз С.Филатов Абсент атты ахалтеке сәйгүлігімен (Жамбыл обл, Луговой жылқы з-ты) ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 1 алтын (Рим — 1960), екі қола медальді жеңіп алды (Токио — 1964; Мехико — 1968). 1996 ж. Кечкемет қаласында (Венгрия) дүние жүзі ат спортшыларының 1-фестивалі өтті. Оған 23 мемлекеттің шабандоздары қатысты. Осы жарыста қазақстандық атбегілер ұлттық А. с. түрінің бәрінен өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Абайдың (1995), Жамбылдың (1996), М.Әуезовтың (1997) мерейтойлары құрметіне ұйымдастырылған халықар. деңгейдегі аламан бәйгелерде қазақстандық шабандоздар Т.Медеушиев, О.Әмірғалиев, А.Өзіқазақ, Н.Сатыбаев т.б. жүлдегер атанды.
Ат спортының Қазақстандағы дамуы.
Қазақстан шабандоздары 1956 жылы Қазақстандағы ең алғашқы ат спортының мектебі ашылған сәттен бастап, 1993 жылға дейін КСРО-ның барлық Чемпионаттарына қатысып, бұл жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары атанды (конкур - А. Тишков, үш сайыс - А. Калашников, А. Трубицын, ат үйрету - А. Танков). Қазақстан командасы 12-Азия ойындарына (Херосима қ., Жапония), 15-Азия ойындарына (Доха қ., Катар), 16-Азия ойындарына (Гуанджоу қ., ҚХР), 17-Азия ойындарына (Инчхон, Корея), сондай-ақ 2014 ж. Франция Нормандиясындағы Дүниежүзілік ат ойындарына (Әлем чемпионаты) қатысты.1999 ж. Сеул қаласында кедергілерден өту бойынша Азия чемпионатында Қазақстан командасы 2-орынды, ал Петр Соловьев жеке есепте 3-орынды имеденді. 2000 ж. Қытайдағы (Бейжің) Шығыс-Азиялық елдердің чемпионатында В. Гулевых жеке есепте екінші орынға шықты. 2005 ж. Азия чемпионатында (Тайвань) Қазақстан спортшылары командалық есепте бірінші орын алды (П. Соловьев, Е. Мороцкий, О. Попеляев) және жеке есепте 1, 2-орындарды иемденді (Е. Мороцкий –1-орын, О. Попеляев – 2-орын.).
Біздің шабандоздар Әлем Кубогы Кезеңдерінің жеңімпаздары болды, ал 1998 жылдан бастап Әлем Кубогы Кезеңдері тұрақты түрде Қазақстанда өтеді. 1999 жылы Қазақстанның бастамасымен жаңа Орталық Азия Әлем Кубогының Лигасы құрылды. 1999-2000 ж. маусымының Орталық Азия Әлем Кубогы Лигасының бірінші жеңімпазы халықаралық сыныптағы спорт шебері Петр Соловьев атанды. Осылайша, жыл сайын Лиганың ең күшті спортшылары Орталық Азия лигасы өткізетін әлем Кубогы Кезеңдерінде кездеседі. Кезең нәтижелері бойынша Әлем чемпионатына қатысу мәртебесі берілетін жеңімпаз анықталады.
2011 ж. алғаш рет ат спорты III Қазақстан Спартакиадасының бағдарламасына қосылды.Қазіргі таңда Қазақстанда Халықаралық ат спорты федерациясы тарататын классикалық ат спортының (Олимпиада ойындары) барлық 3 түрі де дамуда:1) кедергілерден өту (конкур);
2) ат үйрету (атпен жүрудің жоғарғы мектебі);
3) үш сайыс (конкур, ат үйрету және өрістік сынақтар немесе ашық жердегі кросс).
Ат спортындағы жарақаттар
Ат спорты – бір жағынан көрген көзді сүйсіндіріп, жан тыныштандыратын іс сияқты. Алайда, кей кезде аттар мінезін көрсетіп, бағынбай, тіпті үстіндегі адамды құлатып кетуі ғажап емес. Мұнымен қоса, ат спортының тағы қандай қаупі бар және кімдерге атпен серуендеуге болмайды?
Ат үстінде серуендегенде бала жүрегі күшті режимде жұмыс жасап, соғуы жиілеп, қысым көтеріледі. Бұл спортпен гипертония мен жүрек ақауы бар жандар айналыспауы керек. Ат үстінде көп селкілдеуге тура келетіндіктен, буынында дерті барлар да шет қалса дұрыс.Сонымен қтар, жамбас аумағында патологиясы бар және жыныс мүшелері дертті балалардың да ат үстіне шығаруға тыйым салынады.
Егер балаңызды ат спортына берсеңіз, дәрігердің консультациясын алыңыз. Ол кешенді тексеру жүргізіп, бала денсаулығы жөнінде қорытынды жасайды. Бұл бөлімді ұмыт қалдырып жүрмеңіз, себебі, кәсіби ат спорты мектептері баланы атқа отырғызбас бұрын, міндетті түрде дәрігердің рұқсатнамасын сұрататын болады.
Қортындылай келе, ата-бабаларымыздан келе жаткан сөз '' Ер-қанаты ат'' деген макалды ұстана отрп өз басым атты қатты жақсы көремін.Кішкентай кезімнен бастап атқа мініп ауыл арасында көкпар оинап атка деген құштарлығым ояна бастады. Өзімнің ''Бойтұмар'' аты тұлпарм болды.Атқа ең бастысы тәртіп бере білу қажет. Тұлпарды мыхты,жүйрік, төзімді болу ушин оған да көңіл бөліп карау міндетті. Атқа міну, бір жағынан, көңіл күйіңді көтеретін болса, екінші жағынан, денсаулыққа пайдалы. Жылқының өз биотогы болады дейді атам, адам денсаулығына жақсы әсер етеді, қан қысымымен, жүйке жүйесімен ауыратын адамдарға көмегі көп. Атпен баяу серуендегенде, адам денесіне минутына 100 шайқау импульсі беріледі. Ол – массаж, ат үстінде отырған адамның барлық бұлшықеті жұмыс жасайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген