Ат тергеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ат тергеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұмыт қалған салт - дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жастар санасына сіңіру. Келіннің келген жеріндегі қайны мен қайынсіңлілеріне ат қою дәстүрінен көрініс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ат тергеу


Жүргізуші автор: Ат тергеу – жаңа түскен келіннің атасы мен енесіне, қайнағалары мен абысындарына, қайын сіңлілері мен қайындарына, ауылдағы жасы үлкен адамдарға өзінше ат қою дәстүрі. Егер жас келін сол әулеттің,  сол елдің үлкен адамдарының атын атап қалса, ол тәрбиесіздік, құрметсіздік саналып, үлкен сөгіске қалады, қатал сынға ұшырайды. Ат тергеу дәстүрі қазақ келіндерінің ибалы-ибасыздығын, текті-тексіздігін, сұңғыла-сарамастығын, тілге шешен-шорқақтығын сынайтын қатаң өлшем.

Үйде үлкен әже құрдасымен, үйдің үлкен келінімен шай ішіп, жаңа түскен келін шай құйып отырады.


Әженің кіші абысыны: - Амансыз ба, шешей, - деп иілім сәлем салады.

Абысын: - Амансыз ба, ене, жас келіннің қолынан шай ішкелі келдік.

Үлкен әже::- Келіңдер, құрдасымыз екеуміз шай ішіп отыр едік. Дұрыс келіннің қолынан шай ішу салтымызда бар ғой, төрлетіңдер. Келін шай құй енелеріңе. (Осы кезде Аянат келеді)

Немере: -Әже, қыздармен қырға шығып келейінші.

Келін: - Аянат, қырға шығамының не, маған көмектесші.

Құрдасы: - Тәйт, мына келін әжелерінің көзінше қайынсіңлісінің атын қалай атап отыр. Анаң айтпаған ба?

Әженің кіші абысыны: - Жастар келген жеріндегі қайын – қайынсіңлілерінің атын тергеу керек екенін білмейді ғой.

Үлкен әже: - Шырағым келін, есіңде мықтап ұста. Жас келін келген жеріндегі қайны мен қайынсіңлілерінің, қайнағаларының, нағашыларының, құрметті жасы үлкен адамдардың атын атамайды. Оларға өзінше ат қойып алады. Мұны қазақта ат тергеу деп атайды. Білмесең бұл сенің кінәң емес, үйретпеген анаң кінәлі. Бүгіннен бастап барлығына ат қойып ал.

(Келін орнынан ұшып тұрып әлем салады.)

Әженің үлкен келіні: - Сен түгілі бұл қыздың атын мен де атамаймын. Әжесінің қызы.

Келін: - Кешіріңіздер , енді қайталанбайды. Кінәмді жуып шаю үшін «шырайлым» деп ат қойып, сырғамды қайынсіңліме тағайын.

(сырға тағады)

Әженің кіші абысыны:- Бәрекелді. Шешей - ау, қарап отырмай мына жас келінге үлгі боларлық әңгімелер айта отырайық. Қазіргі жастар, ата – бабадан жалғасып келе жатқан салт – дәстүрімізден бейхабар емес пе? Ат тергеудің не екенін түсіндірейік.

Құрдасы : - Дұрыс айтасыңдар.Сол ұмытылып бара жатқан салт – дәстүрімізді қайта жаңғыртатын мына біздер емес пе? Біздер кейінгі жастарға айтып жеткізбесек, ұмытылатыны сөзсіз.

Абысын:- Шешей, онда ат тергеуге тоқталайын. Ат тергеу – қазақ халқының тәрбиелік мәні зор сонымен қатар, сыйластық пен құрметтің ерекше белгісін көрсететін дәстүрінің бірі. Ат тергеу – ізеттілік, көрегенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің ең биік көрінісі. Келіндер қауымының қайын жұртындағы әулет мүшелерінің, ауыл үлкендерінің атын атамай, әрбіріне ерекшелігіне қарай жеке-жеке ат қоюы.

Әженің кіші абысыны:- Бұл дәстүр өз мәнісін жоғалтып бара жатқандай. Бүгінде кейбір келіндер ата-енесінің атын міз бақпай айтып, «былш» еткізетіні бар. Мәнді де құнды дәстүрімізді ұстанатындардың қатары сиреп, аз қалғандай.

Құрдасы :- Қазір, әсіресе, қала келіндері ат тергеудің не екенін білмейді. Бәріне топырақ шашудан аулақпын әрине. Дегенмен көбі біле бермейді. Бұл – өкінішке қарай шындық. Оларды да кінәламаймын. Барлығы да үйде көрген тәрбиеге байланысты. Ат тергеу – адамдардың бір-бірін сыйлап, әдептен аттамай, туысқандар арасындағы ерекше сезімге дақ түсірмей оларды береке бірлікке, кішпейілділікке, әдепке шақыратын ізгі дәстүр.

Абысын:- Шешей, енді келіннің етегіне беріп, құрсақ шашуда бас қосуды жазсын.

Үлкен әже: -Әумин, айтқаның келсін. Иә, салт-дәстүрдің ескіріп, заман ағымына қарай өзгеріске ұшырағаны да, қолданыстан шыққаны да бар. Алайда «ат тергеу» дәстүрі ешқашан ұмыт қалмаса екен дейміз. «Керісінше заманға сай жетіліп, жаңғырып отырса екен» деп тілек етеміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.12.2024
185
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі