Ата - аналар жиналысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата - аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналар жиналысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қажымұқан ауылы

4 негізгі мектебі













5 «Ә» сынып жетекшісі:

Узахбаева Г.М















2018 – 2019 оқу жылы

Күні: 17.11.2018

Мақсаты: 
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені ешуақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.
Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің еңнегізгісі— психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.
Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде Өзін-өзі тану пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып- білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.
Осындай формада мектеп психологымен бірлесіп өткізілген ата-аналар жиналысының үлгісін сіздермен өткізсек.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
1. Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайықКерегені құрайық.Уықтар боп иіліп,Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үйсияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өзесіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.
2. Ойқозғау:
Ата-аналар 3-топқа бөлінеміз. Әр ата- ана өзіне ұнаған фигураны таңдайды.
1-топ Дөңгелек
2-топ Төртбұрыш
3-топ Үшбұрыш
Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.
Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?
Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым— қатынасы әсерін тигіземе?
Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?
3. Топпен жұмыс
Үш топқа тапсырма беріледі. Сол бойынша постер құрап қорғайды
Мақсаты: ата-аналарды топтық жұмыс түрлерімен таныстыру; өз көзқарастарын еркін жеткізу.
1-топ Қазіргі замандағы ұстаз қандай болу керек?
2-топ Қазіргі оқушылар қандай болу керек?
3-топ Қазіргі ата-аналар қандай болу керек?
Сағат тілі тренингі 
Сағат салу 1-12 тілімен. Әр санның қасына өзінің қасындағы адамдардың аттарын жазып шығу немесе кісі аз болса сағаттың 1,2,3,6,9,12 сияқты сандарын алуға болады.
1. Қолын қысыңыз,
2. Арқасын қағыңыз.
3. Күлімсіреңіз.
4. Қол былғаңыз.
5. Көз қысыңыз.
6. Қомплимент айтыңыз.
7. Тілек айтыңыз.
8. Воздушный поцелуй.
9. Массаж жасаңыз.
10. Арқаңызды үйкелеңіз.
11. Құшақтасу.
12. Қол ұстап 3 рет секіру.
Видеоролик көрсету
5. Слайд көрсету (ата-анаға кеңес). Слайдқа назар аударыңыздар.
Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы ата – аналар жиналысын қорытындылай келе сіздерге ак парак беріледі. Қолдарыңызды сызып 5 саусақ әдісінің сұрақтарына жауап беріңіздер.Кері байланыс. Екі жұлдыз бір тілек

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі