400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата - аналар жиналысының хатамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - аналар жиналысының толық жазылған хаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы









9 «ә» сыныбының «» атты

№ ата - аналар жиналысының хаттамасы



Мерзімі: 2024 жыл

Барлығы: 19
Қатысқаны – 5
Қатыспағаны – 14 Себептісі – 7
Сынып жетекшісі:



Мақсаты:
Ата - аналарды балалардың біліміне жауапкершілікпен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.


Күн тәртібінде:
1.«Қауіпсіздік ережені сақтайық, интернеттегі фейк ақпараттардан сақтанайық» атты баяндама
2. І тоқсан қорытындысымен танысу.

3. Ата-аналар комитетін сайлау Ағымдағы мәселелер.

(Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, мектептегі тәртіп, ұялы телефон ойындар)

Тыңдалды:
1.Мәселе
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші ююююююю «Қауіпсіздік ережені сақтайық, интернеттегі фейк ақпараттардан сақтанайық» атты баяндама оқып, жиналыс басында «Баламның сүйікті ісі» тақырыбында трениг ойнатылып, ата - аналар бір - біріне жылы лебіздерін білдірді. Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу маңызды екенін атап өтіп, балалардың ұялы телефондарын үнемі тексеріп бақылап отыруды талап етті. Қауіпсіз хоббимен шұғылдану қажет екенін де атады.

2. Мәселе

Сынып жетекші білім сапасы сынып оқушыларының үлгерімімен таныстырды. Білім сапа 37 % , үлгерім 100%, озат оқушылар 4оқу екпінділері 3 оқушы. Сынып үлгерімін одан әрі нығайту қажеттігін де сынып жетекші атап өтті. Күнделікті берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, белсенділік танытуға шақырды. Қорытынды емтихан тапсыратындықтан, өздеріне ұнайтын мамандыққа сай пәндерден көбірек дайындалу керектігі айтылды.

3. Мәселе

Үшінші мәселе бойынша ата - аналар комитетінің төрайымы болып Нүргүл Бектібайқызы, комитет мүшелері болып Эльмира Серікқызы және Гулбаршын Жумажанқызы ата аналар келісімімен сайланды. Төрайымы Нүргүл Бектібайқызы алдағы уақытта сыныппен бірлесе жұмыс жасап, қолдау көрсете отырып жұмыстануға шақырды.

Ағымдағы мәселелер айтылды. Ең бірінші күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережемен таныстырылды. Сабаққа себепсіз қалатын оқушылар, кешігіп келу, уақытылы тапсырмалардың орындалмауы, білім сапасының төмендігі және мектеп формасын сақтамай жүрген оқушылар т.б. мәселелер қарастырылды. Жиналыс соңында ата аналар өз пікірлерін айтып, ұсыныстарымен бөлісті. Жаңа 2024-2025 оқу жылында сынып жетістіктерге толы болуын да тіледі.




Қаулы :

1. Оқушылардың сабаққа дайындығы ата-аналар тарапынан басты назарға алынсын;

2. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуіне сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата - аналар бірлесе жұмыс жасалсын;

3. Ата-аналар кеңесінің құрамы болып төмендегі ата-аналар сайлансын:
Ата-аналар комитетінің төрайымы -

Ата-аналар комитетінің мүшелері:








Жиналыс төрайымы: Меңдіғазиева Н. Б.

Жиналыс хатшысы: Бабатаева А. Т.









Фото есеп:











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі