400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ата - бабам аңсаған тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың потроттық сезімін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата – Баба аңсаған тәуелсіздік.

Жоспар:

  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

А) Тәуелсіздік Ата – Баба арманы.

Ә) Елбасы – ел мақтанышы

3.Қорытынды.

1.Кіріспе

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз. Біз бейбіт елдің ұрпағымыз, біз еркін елдің ұландарымыз. Бірақ бізге дейінгі осынау ұлан – байтақ жерді, елді аманаттап келе жатқан батырлар мен ұлы тұлғалардың төккен тері өз алдына бір төбе.

«Кие» деген сөздің өзі үлкен мәнге ие. Оның астарында тоғысыр кететін бүкіл бір тағдырдың тауқыметі мен қасиеті жатыр. Сондықтан да еркіндікті аңсап өткен хандарымыз үшін, біз үшін тәуелсіздікке баға жетпейді.

Елдің еркіндігін аңсау бар, оған жету бар және оны ұстап қалу бар деген жауапкершілік бар. Үш түрлі кезеңнің үш түрлі тарихы бар. Біз дәл осы кезеңнің үшіншісіндеміз. Яғни, келешекке бастаушы, келешекті жасаушы ұрпақпыз, ендеше қолда бар алтынның қадірін білу оны келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу – мойнымыздағы парыз.

2.Негізгі бөлім.

А) Тәуелсіздік Ата – Баба арманы.

Ағыл да тегіл арындап арман ағысы,

Бүтіндеп бойын бүрленді бүкіл бақ іші.

Жанданып жатыр жарасын жалап жазатын,

Табанын тұзбен тоздырған түздің тағысы.

Айбаты асқақ арыстандайын алыстым,

Абылай болып жаныштым мысын Шарыштың.

Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіппек -

Алты алаш үшін құрбаны болған Намыстың.

Қайрат пен Ербол, Сабира, Ләззат көз жұмған

Желтоқсандағы ызғарлы желмен қағыстым.

Ұмытылмайды өткізген зарлы, шерлі күн.

Ұлықтай берем арыстарымды азаткер,

Ұлы даламның аманаттаған кеңдігін.

Мерейің тасып, мәртебең өссін, өрленім,

Мызғыма, жұртым, Мәңгілік болсын елдігің!

Ерлан Ахмет

Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар – қатпар белесінен көз жүгіртіп байқасақ, ежелден – ақ ата – бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Халық басына осындай қиын – қыстау заман зары туған шақта, Қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.

Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта – қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Қазақтың автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармады. Халқымыз сол заманнан бері – ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Желтоқсан көтерілісі, Белгілі ән өлеңінді айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол еліміздің тәуелсіздік алуының алғыгарттарын дайындауға қызмет етті. Шын бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді.

Мұстафа Ататүрік айтқандай «шынжырларды балқытып, тәжбен тақты күйрететін күшті нұр – ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті».


Ә) Елбасы – ел мақтанышы.

Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады, бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1-желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16-желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Елбасымыз – ел мақтанышы. Ал біздің еліміз Елбасымыздың мақтанышы. Әрбір азамат өзінің еліне, Отанына деген сүйіспеншілікті туған жеріне адал қызмет етіп қана көрсете алады. Ұлтына, халқына адал қызмет еткен ел көсемдері мен басшыларын халқы да ардақ тұтып, есімдерін мәңгілік ұмытпайды. Ең алғашқы Тәуелсіздіктің шамшырағын жаққан күннен бастап, Президентіміз дағдарыстан күйзелген халықтың жағдайын жақсарту мен елдің экономикасын қалай қалыптастыру жолдарын іздестірді. Өзіне үмітпен қараған, Қазақстаның болашағы қандай болар екен деген күдікпен оянатын халыққа ең бірінші Тәуелсіздік бізге не берерін түсіндіре білді. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Қазақ халқының ең қиын кезеңдерінде билікті қолына алып, қандай қиын жағдайлардан шешіуін тауып шыға білді. Ел намысын қолына алған Елбасымыз қазақ халқының жанашыры халықтың, соның ішінде жастарды ортаға тарта отырып жұмыс жасай білді. Жас буындарға барлық жағдайын жасап шет ел білімдерін алуға жол ашты. Елбасымыз жан – жақты ізденімпаз және де алғыр, ойлаған мақсатын жүзеге асыра алатын ерекше тұлға. Еліміздің өркендеуіне

«ҚАЗАҚСТАН - 2030» СТРАТЕГИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ

Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты Жолдауында еліміздің 2030 жылға дейін Дамуының стратегиясы - қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат – мұраты баян етіліп. Соның ішінде 100 аурухана, 100 мектеп пайдалануға тапсырылды. Оны Елбасы Н.Ә. Назарбаев жүзеге асыра білді. Елбасы мақсатының арқасында көптеген отбасы жұмысқа тұрып ризашылығының шегі болмады, себебі жұмыссыз отбасы өз мамандықтарымен жұмыспен қамтып ал жас буындардың білім алуы оңайлата түсті, жан – жақты қамтып элоктронды білім жүйесіне көшті. Қазақстан болашағы жарқын болмақ, біздің болашағымыз жастардың қолында, сеніммен айтқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен мақтана аламыз.

Қазақ Алаштарының үмітін ақтаған және де жан – жақты дамытып елімізді шет елге таныта білген Елбасымен қалай мақтана айтсақта көптік етпейді. Еліміздің дамуына әр – бір отансүйгіш азамат теңізге тамған тамшыдай болса өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын.


Қорытынды:

Мен өз сөзімді қорытындылай келе елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен аяқтағым келеді: « ...Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін».

Тәрбиеші: Г.Туракбаева.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі