жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
АТА – АНА МЕН МЕКТЕПТІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЙНАР БҰЛАҒЫ
АТА – АНА МЕН МЕКТЕПТІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЙНАР БҰЛАҒЫ
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол — ата, әке, бала.
Әке-әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы осы қара шаңырақтан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы- оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін еш нәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Қай бала болмасын өз ата-анасын үлгі тұтып, мақтан етеді. Олай болса, ата-ана өз ұрпағына, өзінің келешегіне құрметпен қарап,үлгі болуы тиіс.
Негізі, ой санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбие мәселесіне мектеп те, ата-ана да бей-жай қарай алмайды. Ал, тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста.Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алып өседі.
Қазіргі таңдағы мектеп пен отбасының байланысы нақты қай түрде көрінуі керек десек, бала тәрбиесінде мұғалім мен ата-ана ынтамақтастығы бір-біріне ауадай қажет. Себебі, жанұя-әрбір бала үшін алтын бесік болса, баланың жақсы өсуі -тәрбиеден болмақ. Баланың ата-анасы ең алғашқы тәрбиешісі болса, сол тәрбиенің дұрыстығы-тәрбиешісінен. Ал, ұстаз-бала бойына білім дәнін себетін тұлға.
Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп, жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.
Мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек, себебі баланың бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істегенжағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.
Осы тұрғыда , Ақтөбе ауылындағы орта мектепте оқушы, ұстаз, ата-ана ынтымақтастығы жүйелі жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз- әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында, алуан түрлі бірлескен іс-шаралар барысында оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсатпен атқарылуға тиіс негізгі іс-шараларды міндеттедік.
Біріншіден:
- ата-аналардың өзін-өзі басқару жұмысының қалыптасуын ұйымдастыру мен ұстаздық көмек көрсету;
- мектеп пен отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жоспарлау;
Осы міндеттерді шешу барысында, мектепте жоспарлы түрде ата-аналар апталығы, ата-ана, ұстаз, оқушы атты айлықтар жүргізіледі. Ата-аналар ұйымы ашық есік күндерінің кезекшілігін жасап, ата-аналардың мектеппен жүйелі түрде байланыс жасауына және мектеп оқушыларының материалдық-әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне көмек беріп отырады.Жетекшілер мен ата-аналар тығыз байланыста болып, сынып сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысуға ықпал жасайды.
Мектепте жылма-жыл "Ең үлгілі отбасы" байқауы өтіп отырады. Сонымен қатар ата-аналар апталығында "Ата-аналар белсенділігін қалай атқаруға болады?" тақырыбында дөңгелек үстел, "Мен ата-анаммен мақтанамын" тақырыбында альбомдар, буклеттер, ата-аналар бұрышы,"Өз үйім-өлең төсегім" тақырыбында ұйымдастырылады.Мұндай іс-шаралар ата-анамен баланың арасын одан әрі жақындата түседі. Сынып жетекшілері мен мектеп психологы ата-аналармен жеке әңгімелер жүргізіп, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты анықтау барысында сауалнамалар алып, қорытындысы бойынша түзету жұмыстарын жүргізеді. Мектепте ата-аналар мен балаларды біріктіре отырып жұмыс жасау, түрлі шаралар өткізу, оқушылар мен ата-аналар арасында көзге көрінбейтін белгілі бір бәсекелестікті туғызады.Ата-ана мен балалар бір-біріне түрткі болып, өзара біз неге мұндай шараларға қатыспасқа, біз неге көрінбейміз деген ой тудырады.Мұндай бәсекелестік ата-ананың мектеппен байланысын арттыра түседі. Мұндай ата-аналар өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар "Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ" дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше,үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындар бар."Көрінген таудың алыстығы жоқ" дейді.Ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз?
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек.Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға, әртүрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, "Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің" демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Отбасында негізгі туыстық қатынас-ерлер жағымен есептелген.
Құлмырзаева Гаухар Серікқызы
«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
АТА – АНА МЕН МЕКТЕПТІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЙНАР БҰЛАҒЫ
Орындаған : Құлмырзаева Г.С
Қызылорда 20
05.10.2016 жыл
Тақырыбы:
«Ұстазым менің, ұстазым» мерекелік сценарий
МАД
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Армысыздар, жиналған қауым,
ұстаз,
Күні бүгін ұстаздардың мерекесі.
Құтты болсын мереке баршамызға,
Жүріңіздер үнемі сіздер, алда! -дей келе барша ұстаздар қауымын, «Ұстаздар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз - ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да танылынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған.
Бүгінгі «Ұстазым менің, ұстазым» атты салтанатты мерекелік кешімізді ашу үшін құттықтау сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Жанат апайға беріледі.
Алдарыңызда даярлық тобының оқушылары. Вальс.
Назерке: Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Балғаным: Сөзі бойға ексе білім қуатын,
Көзі зерттеп жан-дүниеңді ұғатын.
Қайда жүрсем бірге ұстаз бейнесі,
Іс-қимылы аңсар арман – мұратым.
Дәулет : Терең ойлы сөздеріңді жаттаймын,
Үміт еткен сеніміңді ақтаймын.
Үзбей берген біліміңнен сусындап,
Жұмсақ, жылы үніңді есте сақтаймын.
Меруерт: Ұстаздарым, қасиетті шынарым,
Арналады сіздерге бар жыр- әнім.
Сіз- бәйтерек,біз- жапырақ мәңгілік,
Сізден алдық тамырлардың құнарын.
Асылжан :Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
Сіздердің құрметтеріңізге арналып: Балалардың орындауында «Апорт деген тәтті алма» әнін қабыл алыңыздар!
Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деген ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Ендеше ұстаз болып дүниеге келіп, ұстаз болып дүниеден өткен ұстаздарды 1 минут үнсіздікпен еске алалық.
Айару :Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтамас бар ма жан.
Ол мектептен шықпаса да қысы-жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Ерсін: Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
Өмір жолы – қиын жол деп әрқашан
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген
С.Кәусар :Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса-тұрса тілейді,
Шәкіртінің өзінен де озғанын.
***
Назеркенің орындауында қазақ биі.
***
Жанерке: Кім болсаңда?
Ұмтылмаңыз жоғары.
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!
Әділхан : Нұрын төккен көк аспан күмбезінен
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне
Қолда болса сыйлар ем ұстаздарға
Бар байлығын әлемнің бір сіздерге
Сағыныш пен Дәулеттің орындауында «Алло» әніне пародия
Ералы: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған.
Нұртөре : Ең аяулы есім гой «Ұстаз» деген
Бар тіршілік бақыты ұстазбенен
Ұстаздарды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жана берем
Ән: «Ертегілер елінде»
Інжу : Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің хаттары!
***
Би. Меруертін орындауында үнді биі
Ақбота 1.Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің- мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен бірге шығар күн.
Нұрислам 2. Сабақтан еш қалмаймыз,
Сонда гүлдей жайнаймыз.
Ұстаздардан үйреніп,
Биіктерге самғаймыз.
Алина 3. Көп білуге құштармын,
Қарындаштай ұшталдым.
Ұстаздарға ұқсаймын,
Жалқаулық- жау, дұшпаным.
***
Аяжанның орындауында өзбек биі
***
Сағыныш 4. Маған мәңгі ұстаз болып қаласыз,
Жүрегімнен үлкен орын аласыз.
Көп мұғалім бірі болып қалмайсыз,
Сеніңізші, сіз өйткені ұстаз әрі анасыз.
Аруна 5. Терең ойлы сөздеріңді жаттаймын,
Үміт еткен сеніміңді ақтаймын.
Үзбей берген біліміңнен сусындап,
Жұмсақ, жылы үніңді есте сақтаймын.
Ұлназ 6.Ұстаздарым, қасиетті шынарым,
Арналады сіздерге бар жыр- әнім.
Сіз- бәйтерек,біз- жапырақ мәңгілік,
Сізден алдық тамырлардың құнарын.
***
Кішкентай ерке қыздарымыздың орындауында «Фиксики» топтық биі
***
Ерсұлтан 7. Білімін құйған санама,
Ұқсайтын асыл анама.
Мектептегі бар ұстаз,
Лайық ең зор бағаға.
А.Кәусар 8. Ұстаз деген бір тұлға,
Ең қадірлі мамандық.
Мұғалімге, ұстазға
Біз тілейміз амандық.
Анар 9. Тойлайды бұл күнді көптен,
Біздің байтақ, бақытты ел.
Ұстаздарын шын жүректен,
Құттықтайды шәкірттер.
***
Назеркенің орындауында цыған биі
***
Ж.Кәусар 11: Мерекемен құттықтаймыз,
Мұғалімін әр пәннің.
Ұстаздарды көреміз біз,
Шұғыласындай әр таңның.
Әлихан 12:Сіздер біздің өлеңіміз,
Сіздер біздің әніміз.
Тәртіпті боп үнемі біз,
Беске оқимыз бәріміз.
Сымбат 13.: Ұстаздар – ұлттың тірегі,
Ұстаздар – мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Айназ:
Ақылын ойдан сарп етіп,
Ақ моншақ маңдай терімен.
Қияннан сонау жарқ етіп
Құздардан күнде көрінген,
Айналдым ұстаздарымнан!…
Ерсін: Айтарым менің көп тегі,
Тыңдаудан әсте жалықпан.
Күлімдеп тұрған көктегі
Күнді де маған танытқан,
Айналдым ұстаздарымнан.
Гүлім : Ақ қылау түскен самайға
Шәкірттің ұғар ойлысы.
Ұстаздық ауыр қалайда,
Төзе алмас еді жай кісі,
Айналдым ұстаздарымнан.
Ералы :Байыппен айтқан ақылын,
Самалдай егіп санама.
Өмірде мәңгі жақыным-
Ұқсаған туған анама,
Айналдым ұстаздарымнан!
Балғаным :
Ұстаз деген– жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ойын
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
4. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
5. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сергіту сәтінде билей аласыз ба?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот
айтқан кезіңіз болды ма?
Мұғалім:
Сол
арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
***
Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар! «Ақ мамам » әні
***
« Бақытты балалық» Флешмоб
***
Мұғалім : Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Құрметті ұстаздар! Біздің кешіміз осымен аяқталады. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет.
Сергіту сәтінде би билей аласыз ба ?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот
айтқан кезіңіз болды ма?
-
Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не?
-
Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан?
-
Теңізде қандай тас болмайды?
-
Ертістің ортасында не бар?
5. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген