Материалдар / Ата -анамен тренинг . Әке-білек,саусағы -балалары қан тамырмен жалғасқан аралары.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата -анамен тренинг . Әке-білек,саусағы -балалары қан тамырмен жалғасқан аралары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата анамен тренинг оның ішінде қазіргі таңда әкелермен жұмыс жас буын ұстаздарға керек деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2019
750
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТақырыбыӘкебілек, саусағыбалалары, қан тамырмен жалғасқан аралары...
МақсатыАта - ананың мектеппен байланысын дамыту. бала тәрбиесіндегі әке орнының ерекшелігіне назар аударту
Түйінді идеяҰл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас.(Қорқыт ата)
Күтілетін нәтиже
  • Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайтады
  • Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғынады ,
  • Балаға деген әке махабаты оянады
  • Әкеге деген бала махаббатын оянады.


  • РесурстарИнтерактивті тақта, ақ қағаздар, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, оқулық, стикерлер.
    Жүргізу барысыІ. Ұйымдастыру:1Психологиялық ахуалШаттық шеңбері: «Бір құрмет»Әке қатал болса да,Сыйлау оны – бір құрмет.Әке қандай болса да,Қорқу одан – бір құрмет.Әкенің бір сөзінеЕшқандай тыйым жетпейді.Әке қатты сөз айтса,Есіңнен еш кетпейді.Әкесін сыйлай білгендерКөгереді, көктейді.Біздің бүгінгі тренинг қандай тақырып төңірегінде болмақ? - Әке бала, отбасы туралы.– Бүгінгі сабағымызға әкелерді шақырып отырмыз. Ендеше, олармен танысып алайық.- Қадірлі ата - аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары...» атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сабағымыздың эпиграфы ретінде мен Қорқыт атаның: «Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас» - деген нақыл сөзін алып отырмын. Ендеше, ата - ана, оның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып, ой бөлісейік, сырласайық.Топтастыру.1.Әке2.Ана3.Бала «Бала үшін әке кім?» деген тақырыпта ой тастағым келіп тұр. Ата аналар топтастыру бойынша өз ойларын айтады. Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ. Олай болса, бір сәт өткенге ой жіберіп көрейік.Әкелерге: Қазақ тәлім - тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай еді? Сіздердің әкелеріңіз қандай еді?Пікірлеріңізді тыңдасақ.Қаталдық, адалдық, отансүйгіштік, білімділік.- Бұлар – бұрынғының әкелері еді. Көпке топырақ шашпаймыз. Дегенмен, жас әкелерге қазіргі ата ұрпақтың көңілі толмай жатады.Ой қоғау. Бүгінгі әке қандай? Бейнекөрініске назар аударайық.Әкелерге: - Әкенің бұл әрекетін қалай бағалайсыздар?Балаларға : - «Егер мен сиқыршы болсам...» деген тақырыпта балалардың жүрек жарды әке туралы ойларын білсек.?Аналарға: - «Қоршаған ортаның балаға әсері» қандай деп ойлайсыз?Қоршаған орта● Жаман жағы-------● Жақсы жағы-------Бұл дүние не боп кетті,Не боп кетті, ой, балам,Сені ойламай неге ғанаТек жұмысты ойлағам?!Анасы бар, қамқоры ғойҚарайды деп ойлағам.Ұлға әке тәрбиесі керегінеҚалайша ден қоймағам?! Ой қорыту.Бабалар айтады:Әке көрген оқ жонар. Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.Әкелер айтады: Әке нені түсінеді? Біздің кейіпкеріміз не істеуі керек? Сіз бүгінгі шарадан қандай ой түйдіңіз?Біз айтамыз: Әкенің бала тәрбиесіндегі орнының ерекшелігін естен шығармайық. Қоғамдағы өзекті мәселеге үн қосайық.РефлексияҚорытынды:Ата-анаға көз қуаныш,Алдына алған еркесі.Көңіліне көп жұбаныш,Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.





    СілтемеАта- анаға арналған нұсқаулық.











































    Т. Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицей













    Ата анамен тренинг

    Дайындаған: Махамбетжанова Әсемкүл
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!