400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата -ананың бар байлығы -бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Индира Жазыкбаева

Баяндама: Ата - ананың бар байлығы - бала

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың маңызды рөлі.

Бала тәрбиесінде-ата-ананың орны ерекше. Бойына біткен баланы 9 ай, 9 күн көтеріп,оны дүниеге әкелу - барлық ананың бақыты.Осы бақытты күндер зырғып өтіп,дүниеге келген пәк сәбидің іңгәләған даусы,былдырлаған тілі,тәтті қылығымен тұла бойыңды баурап алады.

Алайда,ержетіп ес білгелі көз алдыңда өсіп келе жатқан ұл-қызыңның болашағына тағы да алаңдайсың.Алаңдамасқа амал барма .Қоғамда болып жатқан түрлі жағдайлар мазаңды қашырады.Кеше ғана желіні жарып шыққан Түркістан қаласындағы жасөспірімдердің қылығы жаға ұстатарлық . Мектеп оқушыларының арасындағы іс-әрекет жүрегіңді ауыртады. Бойында мейіріммен аяушылық жоқ екені көрініп-ақ тұр. Мұндай жағдай жетерлік...Кім кінәлі?Қоғам ба?Ата-анама? Не үшін қоғамды кінәлаймыз? Баламыздың бойынан жат қылық көрсек неге қоғамды, мектеп мұғалімдерін кінәлай кетеміз?

Жоғарыда айтылғандай қоғамды кінәлаудың қажеті жоқ.Сол кінәлілерді тудыруға себепші ата-ана,яғни,өзіміз . Азаннан-кешке дейін жұмыста, үйде қараусыз қалдырамыз. Балалардың немен айналысып жатқаны беймәлім. Интернет желісін қосып беріп кетеміз,желіден не қарап отырғаны тағы да белгісіз. Бұл жай ғана мысал. Осындай келеңсіз жағдайлардың орын алмауына сіз болып.біз болып атсалысып,бала тәрбиесіне аса мән берілсе келеңсіз жағдай туындамас еді.

Алдыменен, үйдегі ата-ананың тәрбиесі маңызды. «Тәрбие басы-тал бесік»деп бекерге айтылмаса керек. Тәрбие, біріншіден, ата-ананың бойындағы мейірімділігіменен ,тазалығыменен ,иба-инабаттылығымен балаға беріледі.Күнделікті айтар ақылың: «кісінің затын рұқсатсыз алма,киіміңді кір қылмай, таза ки» деген сияқты сөздер қарапайым болғанымен тарбиелік маңызы өте зор. Алдыңда өсіп келе жатқан ұл-қызыңның мінез-құлқы әр түрлі.Кейде өзің таң қаласың,мінезді жерін көрсең ұрып-соғудың,жазалаудың қажеті жоқ. «Жақсы сөз жан азығы» демекші,жәй ғана түсіндіріп,ақылмен сабырлылықпен, қарапайым сөздермен жеткізу керек.Ашық сөйлесу,қарапайым сөздермен әңгімелесу барысында пікірімен санасу керек.Кейбір отбасында баласымен «сөйлесуге уақытым жоқ, жұмыстамыз, одан қалды үй шаруасы қолым босамайды» деген ата-аналарға таң қаламын.Бала мектептегі, көшедегі болған жайттарды үйге ата-аналарына жеткізуге асығады. Сонда сөзін бөлмей,толық тыңдаса баланың ойында дұрыс пікір қалыптасады. Болашағымыздың болары баламызды кішіпейілділікке, әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу өз қолымызда.Сөзімнің тобықтай түйінін әйгілі ғұлама Әл-Фарабидің «тәрбиесіз берген білім,адамзаттың қас-жауы»деген тұшымды сөзімен аяқтағым келді.

«Дарын» жеке балабақша тәрбиешісі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
682
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі