«Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы»
Аңдатпа. Балаларды заман талабына сай саналы, сапалы тәрбие беру – отбасы мен ұстаздың бірден-бір парызы. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы - ата-ана.Бұл мақалада ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі мен маңызы қарастырылады. Ата-ана – баланың алғашқы тәрбиешісі және оның тұлғалық дамуының негізін қалаушы. Жұмыста отбасылық тәрбие үдерісіне әсер ететін негізгі факторлар талданып, ата-ананың мінез-құлқы мен қарым-қатынас стилінің бала дамуына ықпалы жан-жақты зерделенеді. Сонымен қатар, ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланыс механизмдері және оны тиімді ұйымдастыру жолдары ұсынылады. Зерттеу барысында ата-аналарға арналған әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, отбасындағы тәрбиенің әлеуметтік және психологиялық аспектілері ашып көрсетіледі. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері баланың эмоционалдық тұрақтылығын, әлеуметтік бейімделуін және өмірлік құндылықтарын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Зерттеу нәтижесінде ата-ананың тәрбиелік тәсілдерінің бала тұлғасының дамуына тікелей ықпалы анықталып, педагогикалық және психологиялық қолдаудың тиімді жолдары көрсетілген. Жұмыста ата-аналарға арналған тәрбиелік әдістерді жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар беріліп, мектеп пен отбасы арасындағы өзара әрекетті нығайтуға бағытталған кешенді шаралар ұсынылады.
Түйінді сөздер: Ата-ана, тәрбие, бала дамуы, отбасы, мектеп ынтымақтастығы.
Аннотация. Своевременное и качественное воспитание детей-единственный долг семьи и учителя. Семья-это гнездо, которое качает колыбель человечества, а главный учитель ребенка в этой семье – это родитель. В этой статье рассматриваются роль и значение родителей в воспитании детей. Родитель - первый воспитатель ребенка и основатель его личностного развития. В работе проанализированы основные факторы, влияющие на процесс семейного воспитания, всесторонне изучено влияние родительского поведения и стиля общения на развитие ребенка. Кроме того, предлагаются механизмы взаимосвязи между родителями и школой и способы ее эффективной организации. В ходе исследования разрабатываются методические рекомендации для родителей, раскрываются социальные и психологические аспекты воспитания в семье. Особенности взаимоотношений между родителями и детьми играют решающую роль в формировании эмоциональной устойчивости, социальной адаптации и жизненных ценностей ребенка. В результате исследования выявлено непосредственное влияние воспитательных подходов родителей на развитие личности ребенка, показаны эффективные пути педагогической и психологической поддержки. В работе даны практические рекомендации по совершенствованию воспитательных методов для родителей и предложен комплекс мер, направленных на укрепление взаимодействия школы и семьи.
Ключевые слова: воспитание, воспитание, развитие ребенка, семья, школьное сотрудничество.
Annotation. Conscious, high – quality education of children in accordance with the requirements of the Times is the only duty of the family and teacher. If a family is a nest that shakes the cradle of humanity, then the main teacher of a child in this family is the parents. This article discusses the role and importance of parents in raising children. Parents are the First Educators of the child and the founder of his personal development. The work analyzes the main factors affecting the process of Family Education, examines in detail the influence of parental behavior and communication style on Child Development. In addition, mechanisms of interaction between parents and the school and ways of its effective organization are proposed. In the course of the study, methodological recommendations for parents are developed and the social and psychological aspects of family education are disclosed. The peculiarities of the parent-child relationship play a decisive role in the formation of the child's emotional stability, social adaptation and life values. As a result of the study, the direct influence of parental educational approaches on the development of the child's personality is revealed, and effective ways of pedagogical and psychological support are shown. The work provides practical recommendations for improving educational methods for parents, and offers comprehensive measures aimed at strengthening interaction between the school and the family.
Key words: parenting, upbringing, Child Development, Family, School cooperation.
Кіріспе. «Балапан ұяда не көрсе , ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкесінен ақыл, анасынаң мейірім алады. Береке-бірлігі толы үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың тәрбиесі ауқымды , болашаққа қосар үлесі мол болмақ. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын
Бүгінгі кейбір жастарымыздың бойындағы келеңсіз қасиеттер мен жағымсыз мінез-құлықтардың қалыптасуына осындай жауапсыз ата-аналардың кемшілігі де өз әсерін тигізбей қоймайды дер едім. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Оған қойылар талап жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу. Ойлы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ата-ана, мектеп пен бала ынтымақтастықта отырып, білім ордасындағы тәрбие отбасында жалғасын табатындай етіп ұштастыра білгеніміз жөн. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді [1].
Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады .Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.
Әдістеме. Ата-ана мен мектептің тығыз ынтымақтастығы бала тәрбиесінің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Осы мақсатта мектепте ата-аналармен жұмыс істеу үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.
Біріншіден, ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылады, онда балалардың оқу үлгерімі мен тәртібі талқыланып, тәрбие жұмыстары бойынша ұсыныстар беріледі.
Екіншіден, тренингтер мен семинарлар өткізіліп, ата-аналарға баламен тиімді қарым-қатынас орнату және тәрбие беру әдістері үйретіледі.
Үшіншіден, ата-аналарға жеке кеңес беру әдісі қолданылады, мұнда педагогтар мен психологтар ата-аналарға нақты жағдайлар бойынша практикалық көмек көрсетеді.
Төртіншіден, мектеп тәрбиелік шараларға ата-аналарды тарту арқылы олардың балалар өміріне белсенді қатысуын ынталандырады.
Сонымен қатар, ата-аналар клубтарын құру отбасы мен мектеп арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тәсілдер бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейтіп, олардың педагогикалық мәдениетін арттыруға бағытталған [2].
Ата-ана балаға сөзден гөрі іс,
күнделікті жақсы әдет-ғұрып өнегесі күшті әсер ететінін ескеру
керек. Айтқан ақылыңыз қаншалықты дұрыс болғанымен, өз өнегеңіз,
әдет-қылығыңыз керісінше болып жатса, жалаң ақылдан еш нәрсе
шықпайды.
Өзара іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі,
тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал
ата-аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен
болады. Мектеп ата-аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара
ынтымастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың
кез келген бастамасын көтермелеп отыруы
қажет.
«Тәрбиелілік – адам етеді, тәрбиесіздік – надан етеді» деген халық тағылымы бар. Тәрбиенің сан-саналы қырлары бар десек, ата-ана өз ұрпағының жан-жақты болып өсуіне ықпал ете білуі қажет. Бала мектепке келгенге дейін ақыл-есі кіріп, үлкен-кішімен қарым-қатынас жасау, өзара сыйласудың әліппесін отбасынан алып келеді [3].
Осыған орай Көкшетау қаласының білім бөлімінің №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 «А» сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен көптеген іс-шаралар, мастер-класстар және ата-аналар мен оқушылар арасында зияткерлік ойындар өткізіліп, ата-ана, мектеп, ұстаз арасындағы үлкен үрдісті жалғастырып келеді.

Ата-ананың бүкіл үміті - баласы болса, сол баланың әрбір қуанышты сәті - ата- ана қуанышы. Қазіргі кезде, күн сайын өзгеріске толы мына өмірде балаға дұрыс тәрбие беруде бірлік болмаса, бала сәл нәрсеге еліктеп, ілесіп кетуі мүмкін. Әсіресе бала түрлі жат-әдет, діни ағымдарға ілесіп кетпеуі үшін де тәрбиені босаңсытуға болмайды.
Дегенмен, бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына сай ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ата-ана мен ұстаздың біріге жұмыс істеуі ең алдымен балаға пайдалы. Екі жақтың қамқорлығын сезінген бала өз тарапынан да жауапкершілік көрсетіп, үлгілі тәрбие мен мектептегі тәрбие бірін-бірі толықтырып, жетілдіріп отырса ғана нәтижеге жетпек.

Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің қазіргі жастарына қара - деген екен бір ғұлама. Қазіргі ұрпақ еліміздің жарқын болашағы, жанашыры және иесі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ елінің болашағы үшін бүгіннен бастап бар күш - жігерімізді салып, аянбай еңбек етсек нәтижелі іске де қол жеткізіп қалармыз. Жеткізіп жатқан жемісті жетістіктеріміз де жоқ емес. Мектеп - кеме, білім - теңіз демекші, бала бар жақсылық пен игілікті, тәрбие мен білімді мектептен алады. Дегенмен бар салмақ мектепте десек артық айтқан болар едік. Бала тәрбиесі мен білім беру ісінде отбасы мен қоғамның қосар үлесі ұшан - теңіз. Отан - отбасынан басталады деген жақсы сөз бар халқымызда. Отбасы мүшелерінің балаға әсері дұрыс болуы керек. Жақын жанашырлары әрдайым балаға тек түзу жол көрсетіп отырса, әсіресе тәрбие беру жолында халықтық педагогиканы пайдаланса, оның берер көмегі мол деуге болар еді.Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, - деген Әл-Фараби бабамыз [4].
Ал тәрбиені балаға беретін
отбасы, мектеп және қоғам.
Қай кезде болмасын отбасы мен мектептен өз дәрежесінде жақсы білім,
өнегелі тәрбие алған бала қоғам үшін қажетті де маңызды тұлға
екендігін естерінен шығармауымыз керек. Сөз соңында айтпағым,
отбасы болсын, мектеп, қоғам болсын қай -қайсысы да өз міндеттерін
дұрыс түсініп, бірлесе, жұмыла жұмыс жасаса оң нәтиже беретіні
айдан – анық. Ең бастысы, бәрі де өзіміздің еліміздің бедерлі
болашағы мен келелі келешегі үшін екендігін ұмытпасақ
болғаны.

Қай кезде болмасын отбасы мен мектептен өз дәрежесінде жақсы білім, өнегелі тәрбие алған бала қоғам үшін қажетті де маңызды тұлға екендігін естерінен шығармауымыз керек. Сөз соңында айтпағым, отбасы болсын, мектеп, қоғам болсын қай -қайсысы да өз міндеттерін дұрыс түсініп, бірлесе, жұмыла жұмыс жасаса оң нәтиже беретіні айдан – анық. Ең бастысы, бәрі де өзіміздің еліміздің бедерлі болашағы мен келелі келешегі үшін екендігін ұмытпасақ болғаны.
«Тәрбиелілік – адам етеді, тәрбиесіздік – надан етеді» деген халық тағылымы бар. Тәрбиенің сан-саналы қырлары бар десек, ата-ана өз ұрпағының жан-жақты болып өсуіне ықпал ете білуі қажет. Бала мектепке келгенге дейін ақыл-есі кіріп, үлкен-кішімен қарым-қатынас жасау, өзара сыйласудың әліппесін отбасынан алып келеді. Кей жағдайда ата-ана баласының: «Тамағы тоқ, киімі бүтін болса болды, басқа тәрбиені ертең мектеп үйретеді» деп барлығын мектепке, ұстаздарға ысыра салады, сол себепті де кейбір оқушылар күнделікті өмірдегі қарапайым тәртіпті білмей, мұғалімге қиындық келтіреді. Мектеп мұндай жағдайда тек баланы ғана оқытып қоймай, ата-ананың педагогикалық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізгенде ғана, тәрбие өзінің оң нәтижесін беретіні сөзсіз.
Әсерлеп айтқанда, әуелі отбасында тамыры бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан шығады. Ендеше: “Тәрбиенің негізгі тірегі - ата-ана мен ұстазы екенің ескере отырып, осы бағытта бірігіп жұмыстанайық, ағайын!” дегім келеді.
Ұсыныстар. Бала тәрбиесінде ата-ананың үлгісі басты рөл атқарады, себебі балалар көбінесе ата-ананың мінез-құлық үлгісін қайталайды. Отбасындағы эмоционалдық климат, қарым-қатынас стилі және тәрбиелік ұстанымдар баланың тұлғалық қалыптасуының негізін құрайды. Мектепте жүргізілген әдістемелер бойынша, ата-аналармен жұмыс жасауда келесі ұсыныстарды ескеру маңызды:
Ата-аналар жиналыстары. Жиналыстарда бала тәрбиесінің психологиялық және педагогикалық аспектілері туралы ақпарат беру. Тренингтер ұйымдастырып, ата-аналарға тиімді қарым-қатынас пен тәрбиелеу әдістерін үйрету.
Жеке кеңес беру. Мұғалімдер мен психологтар ата-аналарға бала тәрбиесіндегі қиындықтар бойынша жеке кеңес беру арқылы қолдау көрсетуі қажет.
Тәрбиелік іс-шараларға ата-аналарды тарту. Мектепте ұйымдастырылатын мәдени, спорттық және шығармашылық шараларға ата-аналарды белсенді қатыстыру, бұл олардың балаларымен байланысын нығайтады.
Бала тәрбиесінде оң үлгі көрсетуге ынталандыру. Ата-аналарға баланың психологиялық дамуына дұрыс үлгінің әсерін түсіндіріп, отбасындағы жағымды құндылықтарды дәріптеу қажет.
Педагогикалық тренингтер мен семинарлар .Ата-аналарға арналған арнайы тақырыптық семинарлар арқылы тәрбие тәсілдерін жетілдіруді ұсыну. Мысалы, эмоционалды интеллектті дамыту немесе баланың өзіне деген сенімін арттыру әдістері туралы ақпарат беру.
Ата-аналар клубтарын ұйымдастыру. Мектепте ата-аналар клубын ашып, тәжірибе алмасуға, ортақ мәселелерді шешуге арналған алаң құру [5].
Мектеп пен ата-ана арасындағы тиімді ынтымақтастық балалардың үйлесімді дамуы мен тәрбиесіне оң әсер етеді.
Қорытынды. Ата-ана – бала тәрбиесінің негізгі үлгісі мен айнасы, себебі бала мінез-құлқының, құндылықтарының және өмірге деген көзқарасының қалыптасуы тікелей отбасылық ортаға байланысты. Ғылыми зерттеулер ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың сапасы оның психологиялық және әлеуметтік дамуына айтарлықтай әсер ететінін дәлелдейді. Сондықтан ата-аналарға тәрбиенің тиімді әдістерін қолдану, үлгілі мінез-құлық көрсету және баламен сенімді әрі ашық қарым-қатынас орнату маңызды. Мектеп пен ата-ананың тығыз ынтымақтастығы – баланың тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің негізгі тетігі.
Бұл ынтымақтастық ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдіру және тәрбиелеу үдерісіндегі рөлін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Отбасындағы оңтайлы тәрбиелік ахуал, жауапкершілік және қамқорлық баланың қоғамға бейімделген, өзіндік пікір қалыптастыра алатын және жоғары адамгершілік қасиеттерге ие тұлға болып өсуіне ықпал етеді. Ата-ананың тәрбие беру үдерісіндегі белсенділігі мен мектеппен бірлесе жұмыс істеуі нәтижесінде балалардың эмоционалдық тұрақтылығы, әлеуметтік дағдылары және өмірлік құндылықтары дұрыс бағытта дамиды. Осылайша, ата-ана бала тәрбиесінде негізгі айна бола отырып, оның болашағына берік негіз қалайды.
Қолданылған деректер тізімі
1. Ахметова, З. «Отбасы тәрбиесі негіздері.» – Алматы: Қазақ университеті, 2018.
2. Жұмабекова, Ф.Н. Тәрбие теориясы және әдістемесі. – Астана: Фолиант, 2020.
3. Мұқанова, Б.К. Отбасындағы тәрбие ерекшеліктері. – Алматы: Рауан, 2019.
4.Смирнова, Е.О. Бала психологиясы және тәрбие беру жолдары. – Мәскеу: Просвещение, 2017.
5. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы. – Астана: ҚР Әділет министрлігі, 2021.
|
Қазақ тілінде: |
Атымтаева Назерке Еркешовна Көкшетау қаласы білім бөлімінің №9 жалпы орта білім беретін мектебі |
|
|
На русском: |
Атымтаева Назерке Еркешовна Средняя общеобразовательная школа №9 отдела образования города Кокшетау |
|
|
На английсом |
Atymtayeva Nazerke Yerkeshovna General Secondary School No. 9 of the Department of education of Kokshetau |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-ана - бала тәрбиесінің айнасы 3"А" сыныбы

шағым қалдыра аласыз