Материалдар / Ата-ана хаттама 130 бұйрық бойынша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-ана хаттама 130 бұйрық бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысның хаттамасы. Барлық хаттама бар. Әдістемелік нұсқау хаттағы үлгі бойынша жасалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2024
102
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ Н.МЕЙІРМАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


ХАТТАМА


19.09.2024ж

1



КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ

УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМЕНИ Н.МЕЙІРМАНОВА ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ

АМАНГЕЛЬДИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ

ПРОТОКОЛ


19.09.2024ж

1



Ата-аналар жиналысының отырысы


Төраға: Набиева Г.Ж.

Хатшы – Рахымбекова А.Р.

Қатысқандар –11

КҮН ТӘРТІБІ


  1. І. Жоғарғы сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері. Сынып жетекшісі Қойшан Г.Б.

ІІ. Өткен оқу жылы туралы ата-аналар комитетінің есебі және комитеттің жаңа құрамын сайлау

ІІІ. Оқушылардың жаңа оқу жылында оқулықтармен жабдықталуы туралы


ТЫҢДАЛДЫ

І. Сын.жет.Г.Б.Қойшан: Осыған байланысты сынып оқушыларының тәрбиесі көзінде мұғалімдерге олардың мінез-құлқының түрліше болатынына көңіл бөлуге тура келеді. Жоғары сынып оқушылары үшін ұжым қоғамдық тәрбиенің негізі болып қала беретінін де атап өткен жөн. Ұжымның міндеті тұлғаның қабілеттерін және оның жан-жақты тәрбиесін дамыту болып табылады. Жоғары сыныптарда талантты оқушылар анықталады, ұжымда да олар әрқашан ерекшеленіп тұрады. Жоғары сынып оқушыларының кейбіреулері үлкендер мен құрбылары алдында беделді болады, қоғамдық жұмыстарды орындайды, ал кейбіреулері нашар оқиды, қоғамдық жұмыспен айналыспайды, сонысымен олар өздерінің тәрбиесіне нұқсан келтіреді. Бұл жаста білімді жалғастыруға және оның болашақ мамандығының сипатына тәуелсіз қоғамдық өмірге толық қосылуына қажетті жалпы білімдік даярлықтың іргетасы қаланады.

ІІ. Төраға:Набиева Г.Ж. А: Сынып жетекшінің тәрбие жұмысындағы бір бағыты ата-аналармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру болып табылады.

Ата-аналар комитетінің негізгі мақсаты:

Балалардың мектеп өмірінде сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін оқу-тәрбие үрдісіндегі іс–шаралардың талапқа сай деңгейде ұйымдастырылуына ат салысу. Мектептің ішкі-сыртқы  тәртіп ережелеріне көңіл бөле отырып, ұсыныстар жасау, көмек беру. Оқушылардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау. Ата- аналардың іс шараға қатысулары: қарашада- мектепішілік Денсаулық фестивалі. Волейболға ата аналар Бабасова Гүлбану, Рахымбекова Айдана қатысты. Нәтиже: волейбол І орын, Қысқы демалыстағы іс шараларда Ата- анамен спорттық жарыста ІІІ орын ағалары Айдос, Оралхан, Асылхан.

Наурызда- «Отбасылық сайыс» жоғары сынып атынан Нұрмағанбетовтар қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп жүлделі І орын алды.. Ашық есік күндеріне 10 ата- ана қатысты.


СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Бабасова Гулбану - баламның оқу құралдары жеткілікті. Сабаққа да, қоғамдық жұмыстарға да ынтасы жақсы. Қолдау білдіріп отырамын.

Нұрмағанбетова Марал- сынып ата- аналар жұмысы қанағаттанарлық деп ойлаймын. Іс шараға қатысуға тырысамын, қатысып жүрмін.

Баймағанбетова Мейрамкүл – баламның оқу құралдары толық, сабаққа ынтасы жақсы. Үй тапсырмасын үнемі орындап отырады.



ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Жоғарғы сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері» сынып жетекшісі Қойшан Г.Б. баяндамасында айтылған ойлар ескерілсін.

1.1.Мектеппен тығыз байланыста болып, баланың оқу үлгерімін қадағалап отыру ата- аналардан сұралсын.

2. Ата-аналар комитетінің өткен оқу жылының жұмыстары

«қанағаттанарлық» деп бағалансын.

2.1. Ата- аналар комитетінің мына құрамы бекітілсін:

1. Набиева Гүлбақыт Жайлиевна - Комитет төрағасы

2. Нұрқасымова Мейрамкул -Төраға орынбасары

3. Нүркен Қанатбек Ниязбекович -Комитет мүшесі

4. Абдибеков Томан Оңғарбекұлы -Комитет мүшесі

5.Ерғалиев Бағлан Қайрошұлы- Комитет мүшесі



Жиналыс төрағасы: Набиева Г.Ж


Хатшы: Рахымбекова А.Р.




ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ Н.МЕЙІРМАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


ХАТТАМА

10.11.2023 ж

2



КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ

УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМЕНИ Н.МЕЙИРМАНОВА ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ

АМАНГЕЛЬДИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ


ПРОТОКОЛ

10.11.2023 ж

2



Ата-аналар жиналысының отырысы

Төраға: Набиева Г.Ж.

Хатшы – Рахымбекова А.Р

Қатысқандар 14

КҮН ТӘРТІБІ


І. «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы- сапалы тәрбие негізі» сынып төрағасы Набиева Гулбақыт Жайлиевнаның баяндамасы.

ІІ. І тоқсан қорытындылары. Оқушылардың күзгі демалыстағы қауіпсіздігі.


ТЫҢДАЛДЫ

І. Набиева Гулбақыт Жайлиевна ата ана (баяндаманың мәтіні қоса беріліп отыр)

Бала тәрбиесі мен білім беру ісінде отбасы мен қоғамның қосар үлесі ұшан - теңіз. Отан - отбасынан басталады деген жақсы сөз бар халқымызда. Отбасы мүшелерінің балаға әсері дұрыс болуы керек. Жақын жанашырлары  әрдайым балаға тек түзу жол көрсетіп отырса, әсіресе тәрбие беру жолында халықтық педагогиканы пайдаланса, оның берер көмегі мол деуге болар еді.Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, - деген Әл-Фараби бабамыз. Ал тәрбиені балаға беретін отбасы, мектеп және қоғам. Осы үшеуі бірлесе жұмыс істегенде ғана өнімді де өнегелі ұрпақ шығатыны белгілі..

ІІ.Қойшан Гүлім Берікқызы сынып жетекші(анықтаманың мәтіні қоса беріліп отыр) Ата – аналарға І тоқсанның қорытындысын айтты. 2023- 2024 оқу жылы 9- сыныпта 14 оқушы білім алуда. Оның 6-қыз, 8-і ұл бала. Сынып оқушылары қосымша сабаққа негізгі пәндер бойынша қатысып отырды.



Аталған тоқсандағы сыныптан тыс шараларға қатысу деңгейі қанағаттанарлық деңгейде болды. Сыныптың жетістігі спорттық іс шаралармен көрінді. Оқушылар мен ата аналар күзгі қауіпсіздік ережесімен таныстырылды.


Сынып жетекшісі демалыс уақытында бос үйлерге бармау, ата – ана рұқсатынсыз жолға шықпау, өзен бойына жекелей бармау, түнде 20.00 – ден кейін бос жүрмеу, қауіпсіздіктерге қол қойылды. (ереже мен мәтін қоса беріліп отыр)


СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Нүркен Қанатбек - баламның үлгерімі жақсы, осы жылы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүр. Өзім де ата ана ретінде үнемі қолдау білдіріп отырамын.

Жакенова Айсұлу- балам осы тоқсанда бір пәннен химиядан 3- ке ұсталған. Алдағы тоқсанда дайындығын арттырады деген ойдамын.

Нұрқасымова Мейрамкул – балам сабаққа ынтасы жақсы. Үй тапсырмасын үнемі орындап отырады. Үйірмеге, қосымшаға өз қызығушылығымен қатысып жүр.




ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы сапалы тәрбие негізі» сынып төрағасы Набиева Гүлбақыт баяндамасында айтылған ойлар ескерілсін.

1.1.Мектеппен тығыз байланыста болып, мектеп өміріне қызығушылық таныту ата- аналардан сұралсын.

2. Сыныптың І тоқсандағы оқу- тәрбие жұмыстары «қанағаттанарлық» деп бағалансын.

2.1. Оқушылардың күзгі мезгілдегі қауіпсіздігі ата- аналарға міндеттелсін.






Жиналыс төрағасы: Набиева Г.Ж.


Хатшы: Рахымбекова А.Р.



ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ Н.МЕЙІРМАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


ХАТТАМА

27.12.2023 ж

3



КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ

УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМЕНИ Н.МЕЙИРМАНОВА ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ

АМАНГЕЛЬДИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ


ПРОТОКОЛ

27.12.2023 ж

3



Ата-аналар жиналысының отырысы

Төраға: Набиева Г.Ж.

Хатшы – Рахымбекова А.Р.

Қатысқандар 12

КҮН ТӘРТІБІ


І. «Көркем мінез – жанның айнасы» төраға орынбасары Нұрқасымова Мейрамкүл

ІІ.Сыныптың ІІ тоқсан оқу- тәрбие қорытындылары.

ІІ. Оқушылардың қысқы демалыстағы 29.12.23-07.01.24. қауіпсіздігі.


ТЫҢДАЛДЫ

І. Нұрқасымова Мейрамкүл Мақсұтқызы төраға орынбасары: Байланыс орнату, әңгімелесу, жаңалықтармен алмасу қажеттілігі қазақтардың қонаққа, жолаушыға, әңгімелесушіге деген ерекше, қадірлі көзқарасын түсіндіреді. «Қонақ – Құдайдың сыйы», – дейді халық даналығы. Олар «ұзын құлақ» жаңалықтарын мұқият қадағалап, жақсы хабар үшін «сүйіншіні» беріп, әрқашан «басқаларды көруге және өздерін көрсетуге» болатын жерге баруға асыққан. Осылайша, жылы киіз үйдің сыртында, туған жерінің шекарасында және одан тыс жерлерде, тұтастай алғанда адамзат қауымдастығына әсер ететін үлкен, маңызды нәрсеге қатысу қажеттілігі сезімі қалыптасады.

Мұнда келесі сөздерді келтіруге болады: «Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес. Еңкейгенге еңкей, әкеңнің ол құлы емес»; «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»; «Алыстан алты жасар бала келсе, алдынан алпыстағы қария шығады» және басқалар. Шыдамды, табанды, философияшыл, бірақ қайсар рухты халық қазақ идеясына адалдығын тарихтың барлық сынақтарынан алып өтті.

ІІ. Қойшан Гүлім Берікқызы сынып жетекші. Ата – аналарға 2 тоқсанның қорытындысын айтты. 2023- 2024 оқу жылы ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 4 оқушы үздік, 2 оқушы екпінді, білім сапасы 42.8%. Сыныптың жекелей жетістіктерімен таныстырды.

ІІ тоқсанда жеткен жетістіктері

Аты- жөні

Іс- шара атауы


деңгейі

Нәтиже

1

Қаббидолла Назерке

Ы.Алтынсарин әңгімелерін жатқа оқу.

Қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы

Қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы

Ауыл олимпиадасы 1 кезең

Ауыл олимпиадасы 2 кезең

Облыстық


Мектепшілік


Аудандық


Аудандық

Облыстық

І орын


І орын


ІІ орын


І орын

ІІ орын

2

Төлегенова Ақнұр

Биология пән олимпиадасы

Ауыл олимпиадасы 1кезең

«Мағжан оқулары»

«Мағжан оқулары»

«Мағжан оқулары»

Мектепшілік

Аудандық

Аудандық

Облыстық

Республикалық

І орын

ІІ орын

І орын

І орын

сертификат

3

Оңғарбек Ернар

Физика пән олимпиадасы

Ауыл олимпиадасы 1 кезен


Мектепшілік

Аудандык



І орын

ІІ орын


4

Жасұланқызы Ақмаржан

Қазақстан тарихы олимпиада

Қазақ тарихы олимпиада


Мектепшілік

Аудандық

Облыстык

Облыстык

Халыкаралык

Мектепшілік

1 орын

1 орын

2 орын


Сертификат

3 орын

5

Нұрлыбеков Нұржан

Бес тас

Желтоқсан оқиғасы театр

Мектепшілік

Мектепшілк


6

Төлеуханқызы Мереке

Асық ату

Мектепшілік

2орын

7

Түсіпбай Байбек


Қазақстан тарихы олимпиада

Бестас

Мектепшілік


3орын

1 орын

8

Саматов Нұрдаулет

Қазақша күрес

Қазақша күрес


2 орын

І орын

9

Тулеубаев Әділет

География олимпиада


Мектепшілік



ІІ орын


10

Закенова Еркенова

Орыс тілі олимпиада

Орыс тілі олимпиада


Ауыл олимпиадасы

Ауыл олимпиадасы 1 кезең


Мектепшілік

Мектепшілік


Облыстық

Аудандық


1орын

3орын

3орын

2орын

1орын


11

Ерханова Нұргүл

Алгебра пәні олимпиады

Мектепшілк

ІІІ орын

12

Ниязбек Бекнұр

Информатика пәні олимпиада

Мектепшілік

ІІ орын

13

Жарасқанов Ильяс

Информатика пәні олимпиада

Мектепшілік

ІІ орын

14

Қайрош Нұртөре

Бестас

Мектепшілік

ІІ орын


ІІ. Сынып жетекшісі демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережесімен таныстырды. (ереже мен мәтін қоса беріліп отыр)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Жумағалиева Баян - баламның үлгерімі жақсы, осы тоқсанда білім жарысынан аудандық, облыстық деңгейде жүлделі орындар иеленді. Өзім ата- ана ретінде үнемі қолдау білдіріп отырамын.

Нақыпбеков Ербол - балам қосымша сабақтары мен үйірмелеріне уақытымен барады. Қысқы қауіпсіздігін үнемі қадағалап отырамыз.

Сайдалина Гульмира – балам сабаққа ынтасы жақсы. Үй тапсырмасын үнемі орындап отырады. Үйірмеге, қосымшаға өз қызығушылығымен қатысып жүр. Жетістіктері де бар. Қауіпсіздігін қадағалаймыз.


ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Көркем мінез – жанның айнасы» баяндамасында айтылған ойлар

ескерілсін.

2.Сынып жетекшісі баяндаған тоқсан қорытындысы жақсы деп атап өтілсін.

2.1.Мектеппен тығыз байланыста болып, мектеп өміріне қызығушылық таныту ата- аналардан сұралсын.

3. Қысқы қауіпсіздік ережесінде айтылған ережелер назарға алынсын.

3.1.Оқушылардың қысқы мезгілдегі қауіпсіздігі ата- аналардан сұралсын.


Жиналыс төрағасы: Набиева Г.Ж.


Хатшы: Рахымбекова А.Р.
















ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ Н.МЕЙІРМАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


ХАТТАМА

27.03.2024 ж

4



КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ

УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМЕНИ Н.МЕЙИРМАНОВА ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ

АМАНГЕЛЬДИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ


ПРОТОКОЛ

27.03.2024 ж

4



Ата-аналар жиналысының отырысы

Төраға: Набиева Г.Ж.

Хатшы – Рахымбекова А.Р.

Қатысқандар –13

КҮН ТӘРТІБІ


І. Баяндама: Кәсіп – өзін-өзі жүзеге асырудың негізі

ІІ. ІІІ тоқсан қорытындысы туралы сынып жетекшінің есебі

ІІІ. Оқушылардың көктемгі демалыстағы 21.03.24-31.03.24. қауіпсіздігі.

ІҮ.Ағымдағы мәселелер


ТЫҢДАЛДЫ

І. Төраға Набиева Г.Ж.: Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.

Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі. Бұл жүйенің негізгі объектісі бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейінгі оқушылардың тұлғасы болып табылады. Кәсіптік бағдар бұл – бір – бірімен тығыз әрекеттесетін қоғамдық және жеке тұлғалық жоспарда жүзеге асатын күрделі динамикалық жүйе. Оқушыда 14 – 18 жас өзін – өзі анықтау жасы. Кім болам? Қандай болу керек? Мен не нәрсеге қабілеттімін? Мен қай жерге керекпін?

ІІ. Қойшан Гүлім Берікқызы сынып жетекші. Сыныпта ІІІ тоқсан бойынша жасалған жұмыстар айтылды. Сыныптың жетістіктері мен жекелей жеткен жетістіктері айтылды.

ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша Үздік: Тулегенова Ақнұр, Қабидолла Назерке, Закенова Еркеназ, Жасұланқызы Ақмаржан

4 екпінді: Саматов Нұрдаулет, Оңғарбек Ернар.Төлеуханқызы Мереке оқушы 1 пәннен 3-ке шықты. Ниязбек Бекнұр, Нұрлыбеков Нұржан, Түсіпбай Байбек, Жарасқанов Ильяс, Ерханова Нұргүл

Сыныптың білім сапасы: 42.8%

ІІІ. Сынып жетекшісі демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік пен сақтану шаралары. (ереже мен мәтін қоса беріліп отыр)

ІҮ.ББЖБ мен ГАШ ережелері таныстырылды.

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Амирова Қарлығаш - баламның үлгерімі, тәртібі жақсы. Өзім ата- ана ретінде үнемі қадағалап, қолдау білдіріп отырамын.

Нүркен Қанатбек- балам осы тоқсанда спорттық жарыстарға көп қатысты, алдағы уақытта тек саббақа назар аударуын тапсырып отырмын. Көктемгі қауіпсіздігін қадағалауда ұстаймыз.

Жұмағалиева Баян – баламның сабаққа ынтасы жақсы. Үй тапсырмасын үнемі орындап отырады. Үйірмеге, қосымшаға өз қызығушылығымен қатысып жүр. Қоғамдық жұмыстарға белсенді. Қауіпсіздігін қадағалаймыз.


ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.«Кәсіп – өзін-өзі жүзеге асырудың негізі» баяндамасында айтылған

ойлар ескерілсін.

2.Сынып жетекшісі баяндаған тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп атап өтілсін.

2.1.Мектеппен тығыз байланыста болу ата- аналардан сұралсын.

3. Көктемгі қауіпсіздік ережесінде айтылған ережелерге мықтап назар аударылсын.

3.1.Оқушылардың көктемгі қауіпсіздігі ата- аналарға міндеттелсін.

3.2.Су тасқыны кезінде әрекет ету шаралары қатаң сақталсын.


Жиналыс төрағасы: Набиева Г.Ж.


Хатшы: Рахымбекова А.Р.


















Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі.















Дарынды оқушылармен жұмыс

(бұйрықтар)























2024-2025 оқу жылы

Адастырмас алдыма ұстап үміт,
Нарынқолдан аттандым құсқа мініп.
«Ал енді өзіңді-өзің ұста, жігіт»
Дегендей қарап қалды ауыл маған
Ауылдан аттандым мен құсқа мініп.


Самға, ұшқыш!
Қазақтың көгіменен.
Жүруші едім кездеспей көбіменен,
Берерімді еліме беріп өлем,
Мынау алып ақ құстың қанатымен,
Кең өлкеме кетейін сеуіп өлең.
2
О, Жетісу!
Сандық тау, сандал белім,
Шоқтығы есіп, жал бітіп, жанданды елің.
Күнім туды көгінде самғар менің,
Алатаудан биікпін демеуші едім,
Әттең шіркін, ғарышпен жалғар ма едім!


Мынау жатқан Марқакөл, Зайсаным ба?
Шығыстағы кішкене Байқалым ба?
Қос жанары Шығыстың сияқты-ау бір,
Қос жанары, ұшқышым, байқадың ба?
Айдынына мәңгілік ескерткіш қып,
Қаламымды тастармын қайтарымда,
Қаласа, алсын Марқакөл, Зайсаным да.
Уа, Шығыс!
Жеріңде емес, көгіңде мен,
Үңіліп Бұқтармаңа көңілденем.
Аспаныңа жыр сызып, өтіп барам,
Құс болып сенен ұшқан темірменен,
Керемет, керемет қой өмір деген!!!



Армысың, аты әйгілі Қарағандым!
Жылуым, қара алтыным, қара наным.
Кімдердің пальмасынан артық маған,
Бозарған көде, жусан, қарағаның.

Ойхой, Абай даласы, «Абайлаған»,
Семей десе, Абай деп қарайды адам.
Талай жылдар өтсе де, талай заман
Қалам тартар қазақта ақын туса,
Аруағына Абайдың қарайлаған.
Абай болу, әрине, оңай емес,
Ақын болмай қалсаң ғой...
Қалай жаман!


Жап-жалпақ жауырыны, жатыр дала,
Ақын-дала, алапат батыр-дала.
Ақмола мен Қостанай арасында,
Дән өскен татырға да, тақырға да.
Ерекше-ау, жаралысың, затың, дала!
Оһ, неткен айдынды өңір, алып өңір!
Астықтан омырауына салып өңір,
Ақын меи батырлардың жері ме бұл!
Әліби, Амангелді елі ме бұл?


Армысың, ардақ-мекен, асыл-мекен!
Айрықша топырағың, тасың бөтен,
Бабалар бақыт іздеп кезуші еді.
Білмепті, бақыттары қасында екен
Ғасырлар сілемімен басулы екен.
Қостанай, жеткізе алман мақтауыңды,
Даңқыңды дүйім қазақ жатқа білді.
Нұрқанның деңгейіне көтерілсем,
Төпеп-төпеп жіберіп ақпа-жырды.
Ыбырай алғаш рет мектеп ашып,
Ту алып, Амангелді атқа мінді,
Торғайды кең Арқаға қақпа қылды,
Ата-жерін қорғаған қара қазақ,
Амангелді құраған сапқа кірді.
Қостанай, жеткізе алман мақтауыңды,
Ырыс боп Торғай-дала ақтарылды,
Ақыныңа аманат, ән-күйлерге,
Білесің мынау керім шақтарыңды.

...О, ғажап!
Өзіңбісің Көкше деген?!
Тастарын жиған жүктей текшелеген.
Бурабай Оқжетпесті екшелеген,
О, ғажап!
Өзіңбісің Көкше деген?!

Армысың, Атырауым, бозаң далам!
Каспий менен Жайықтан кез алмағам,
Ұмыттың ба сонау бір кездеріңді?
Құлан жортса, құмыңды кезе алмаған.
Жылан жайлап, аптапқа төзе алмаған,


... Бұл өлке - жиылмаған дастарқаным,
Жиегін мәңгілікке қаусырмайды.
Бұл өлке - батыр елі, ақын елі,.
Күңірене күйдің шалқып жатыр лебі.
Тіл бітіп құм Нарынға сөйлеп кетсе,
Көмескі шежірені оқыр еді.
Оралым - Ордам менің таныс маған,
Бораның Махамбет боп дауыстаған.
Исатай ақ семсерін, Құрман бабам,
Ұрпаққа домбырасын табыстаған.

Сансыз сәлем, Ақтөбе, ұл-қызыңа!
Аралына құлаған Дария-Сыр,
Дария-Сыр - қазақтың қариясы.
Сырдың бойы күріштің қоймасы ма,
Қоймасы ма, немесе дән ұясы,
Дария-Сыр - қазақтың қариясы.
Сырдың бойы түлеуде, құлпыруда,
Алқабында күй шалқып, жыр тұнуда.
Төретамдар стартқа кезек алып,
Байқоңырға жетуге ұмтылуда.
Тоқтар емес толастап бөгесінге,
Сырдың елі ғарыштың кемесіндей!
Жатыр шалқып Аралым - ақ айдыным
Ырыс құйған қазақтың тегешіндей.
Қолын бұлғап сан туыс тұр ма қарап,
Сыр жағалап ұша гөр, Сыр жағалап.
Шиеліден шай ішіп аттанайық,
Оңтүстікке барайық құмды аралап.
Құмына да қазақтың құт дарыған,
Құмы да оның құлдықтан құтқарылған
Аңқаң кеуіп қалмайды баяғыдай,
Жүзгендердің түбінен сүт табылған.
Құмына да қазақтың құт дарыған.
Мына теңіз - қазақтың Шардарасы,
Көні кепкен кешегі сардаласы.
Шөлді кезіп, осында шөккен шығар,
Шөлдеп өткен Асанның, аруанасы.
Қызыл құмның қойнында қазына бар,
Кісі болса, болғаны қазып алар.
Шертілмеген осында шежіре бар,
Тек иесі табылсын жазып алар!
Кентауым, Қазығұртым, Қаратауым,
Әулиеата - әйгілі ақ отауың,
Тойға шашу жіберіп, торқа жауып,
Әлдилеп жатыр бәрі Алатауын.

Арыма, Оңтүстігім бақ Отаным
Басынан Қаратаудың көш келмейді,
Қаратау енді ешкімге дес бермейді,
Мөлтілдеп қара көзден жас келмейді,
Қара көз қарындасым сескенбейді.
Қаратау енді ешкімге дес бермейді.
Жатады жайнап, түлегі,Жамбылым да,
Жаншылмайды ешкімнің де хандығында.
Енді қазақ қайғырмас «Елім-ай» деп,
Әлдеқашан жерлеген зарды құмға.
Есін жиды мұңлығым, зарлығым да.



Жұмба негізгі мектебі» КММ



5 «А» сынып оқушысы Жумабеков Амир Мухитовичке







МІНЕЗДЕМЕ







«Жұмба негізгі мектебі» КММ 5 «А» сынып оқушысы Жумабеков Амир Мухитович 2009 жылдың 30-шы шілдесінде дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы 2-ші бала. Анасы: Акашева Зарина Жумабековна мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.



Амирдың мінезі ақкөңіл, жайдары. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Айтқанын екі еткізбейді. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Басқа оқушылардың көңілі қалмасын деп, үнемі айтқандарына келісіп отырады. Кейбір уақыттарда басқаның айтқанын орындаймын деп, өзі де кінәлі болып қалатын жағдайлар болып тұрады.



Бастауыш сыныптан жаңа келген Амир 5 сыныпқа тез бейімделіп кетті. Солай бола тұра, сабаққа дайындалмай келу сияқты жағдайлармен қатар, басқа оқушылармен ортақ тіл табысу, мұғалімдер алдындағы қорқыныш сияқты жағдаяттар болып тұрады. Мектеп өміріне белсенді араласады.



Амир мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, компьютерлік ойындар ойнағанды жақсы көреді. Анасына үй шаруасына көмектеседі. Әпке-қарындастарына қамқор болып жүреді. Амирдың мақсаты –тезірек мектеп бітіріп, жақсы маман болу.



Қорытындылай келе айтарым, Жумабеков Амир алға қойған мақсатына жетіп қана қоймай, Елінің дамуына жағдай туғызатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенім артады. Амирдың білікті маман иесі атанып, Отанының мақтанышы болатынына сенімдімін.



























Мектеп директоры: Акашева С.М.



Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.



«Жұмба негізгі мектебі» КММ



5 «А» сынып оқушысы Шафих Баянды Ринатұлына







МІНЕЗДЕМЕ







«Жұмба негізгі мектебі» КММ 5 «А» сынып оқушысы Шафих Баянды Ринатұлы 2009 жылдың 25-наурызда дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы 2-ші бала. Әкесі – Сунгатов Рингат Шафихович мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Анасы– Сунгатова Бакытнур Азанбаевна мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.



Баяндының мінезі салмақты, кішіпейіл. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Сабаққа үнемі дайындалып келуге тырысады, сабаққа да белсенді қатысып отырады. Басқа оқушылардан бөлектенбейін деп, сыныптың айтқандарына ақылмен ойланып, келісіп отырады. Егер өзінікі дұрыс болған жағдайда, өз бетінен қайтпайды.



Бастауыш сыныптан жаңа келген Баянды 5 сыныпқа тез бейімделіп кетті. Мектеп өміріне белсенді араласады. Баянды мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, компьютерлік ойындар ойнағанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Баяндының мақсаты – Отанына қызмет етіп, халқының мақтанышы болу.



Қорытындылай келе айтарым, Шафих Баянды алға қойған мақсатына жетіп қана қоймай, Елінің дамуына жағдай туғызатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенім артады.































Мектеп директоры: Акашева С.М.



Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.







«Жұмба негізгі мектебі» КММ



6 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Әділ Серікұлына







МІНЕЗДЕМЕ







«Жұмба негізгі мектебі» КММ 6 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Әділ Серікұлы 2008 жылдың 5-қыркүйекте дүниеге келген, отбасындағы 2-ші бала. Әкесі: Смаилов Серік Арыстанбекұлы, жұмыссыз. Анасы: Смаилова Гүлзира Нурсадыккызы маусымдық жұмыстарда жұмыс істейді.



Мінезі салмақты, тұйық, жауапкершілікті сезіне біледі, сонымен қатар отбасындағы соңғы бала болғандықтан еркелік танытатын да кездері болады. . Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Мектеп өміріне белсенді араласады.



Әділ мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, бәйге жарыстарына қатысқанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Әпкесіне, анасына үнемі қамқор болып жүреді. Әділдің мақсаты –Отанына адал қызмет етіп, халқының мақтанышы болу.



Қорытындылай келе айтарым, Арыстанбек Әділ алға қойған мақсатына жетіп, ел үмітін ақтайтын азамат болатынына сенемін.































Мектеп директоры: Акашева С.М.



Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.







«Жұмба негізгі мектебі» КММ



6 «А» сынып оқушысы Шолтай Бақжанар Айболатқызына







МІНЕЗДЕМЕ







«Жұмба негізгі мектебі» КММ 6 «А» сынып оқушысы Шолтай Бақжанар Айболатқызы 2008 жылдың 21-шілдеде дүниеге келген, отбасындағы тұңғыш бала. Әкесі:Шолтай Айболат жұмыссыз. Анасы: Алмабек Аймолдир мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.



Бақжанар тұңғыш бала болғандықтан, жауапкершілікті сезіне біледі. Мінезі құбылмалы, ашық,.



Бақжанардың бойындағы қиыншылықтардың кейбірі әлі де кездеседі. Әртүрлі мұғалімдер алдындағы қорқынышпен қатар, тақтаға шыққанда дұрыс емес болып қалса, қайтемін деп алаңдау, мазасыздану сезімі үлкен. Кейбір нәрселерді алғаш істеу алдындағы қорқыныш басым. Жекелей жұмыс істегенді жақсы көреді.



Қазіргі таңда Бақжанар сабаққа үнемі дайындалып келуге тырысады, сабаққа үнемі белсенді қатысады. Сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы. Бақжанардың мінезі тез құбылмалы, тапсырма берілсе асығып, бірінші болу үшін барын салады. Пәндерге деген қызығушылығы жоғары. Мектеп өміріне өте белсенді түрде араласады. Берілген тапсырманы жедел орындап келеді.



Бақжанар мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, ән салғанды, билегенді жақсы көреді. Анасына үй шаруасына көмектеседі. Сіңлісі мен інісіне, анасына үнемі қамқор болып жүреді, сіңлісінің сабағына қолынан келгенше көмектесіп жүреді. Бақжанардың мақсаты – жоғарғы оқу орнын аяқтап, жақсы жұмыс істеп, ата-анасына қамқор болу.



Қорытындылай келе айтарым, Шолтай Бақжанар – болашағынан зор үміт күттіретін оқушы. Оның алға қойған мақсатына жетіп, ел үмітін азамат болатынына сенемін.

























Мектеп директоры: Акашева С.М.



Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.



«Жұмба негізгі мектебі» КММ



6 «А» сынып оқушысы Арыстанбеков Әділет Қанатұлына







МІНЕЗДЕМЕ







«Жұмба негізгі мектебі» КММ 7 «А» сынып оқушысы Арыстанбеков Әділет Қанатұлы 2007 жылдың 4-наурызында дүниеге келген, отбасындағы тұңғыш бала. Әкесі: Смаилов Қанат Арыстанбекұлы, маусымдық жұмыста жұмыс істейді. Анасы: Смаилова Римма Жумабековна мектепте аспаздың көмекшісі болып жұмыс істейді.



Әділеттің мінезі ақкөңіл, ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейді, айтылған нәрселерге келісе береді. Отбасындағы тұңғыш бала болғандықтан сыныптастарына қамқор болып жүруге тырысады. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Әділеттің бойында жасөспірімдік шақтағы мінез-құлықтың өзгеруі орын алып келе жатқаны байқалады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талпынысы орташа, кейбір пәндерден жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады.



Әділет мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, жылқымен қыдырғанды, бәйгеге қатысқанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Қарындасына, бауырына, анасына үнемі қамқор болып жүреді. Әділеттің мақсаты –мектепті аяқтағаннан кейін жоғарғы оқу орнында оқу.



Қорытындылай келе айтарым, Арыстанбеков Әділет алға қойған мақсатына жетіп, ата-анасының, ауылдастарының мақтанышы болатынына сенемін.



























Мектеп директоры: Акашева С.М.



Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.







«Жұмба негізгі мектебі» КММ



6 «А» сынып оқушысы Замангельдинов Айдос Мырзабекұлына







МІНЕЗДЕМЕ







«Жұмба негізгі мектебі» КММ 7 «А» сынып оқушысы Замангельдинов Айдос Мырзабекұлы 2007 жылдың 11-ақпанда дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы 3-ші бала. Әкесі: Смаилов Мырзабек Замангельдинович жұмыссыз. Анасы: Смаилова Перизат Базарбековна жұмыссыз, үй шаруашылығымен айналысады.



Айдос ақкөңіл, құбылмалы мінезді, бір орында ұзақ отыра алмайды. Жауапкершілікті сезіне біледі, еркелік танытатын да кездері болады. . Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Айдостың бойында жасөспірімдік шақтағы мінез-құлықтың өзгеруі байқалады. Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Сабаққа деген қызығушылығы көңіл-күйіне байланысты құбылып тұрады.



Айдос мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, жылқымен қыдырғанды, бәйгеге қатысқанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Айдостың мақсаты – әскери кафедраны аяқтап, Отанына адал қызмет етіп, халқының мақтанышы болу.



Қорытындылай келе айтарым, Замангельдинов Айдос алға қойған мақсатына жетіп, ел үмітін азамат болатынына сенемін.



























Мектеп директоры: Акашева С.М.



Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.







«Жұмба негізгі мектебі» КММ



7 «А» сынып оқушысы Жұмабекова Назар Мухитқызына







МІНЕЗДЕМЕ







«Жұмба негізгі мектебі» КММ 5 «А» сынып оқушысы Жұмабекова Назар Мухитқызы 2007 жылдың 7-ақпанда дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы тұңғыш бала. Анасы: Акашева Зарина Жумабековна мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.



Назардың мінезі ақкөңіл, жайдары. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Айтқанын екі еткізбейді. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы жоғары, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Басқа оқушылардың көңілі қалмасын деп, үнемі айтқандарына келісіп отырады. Назардың бойында жасөспірімдік шаққа тән мінез-құлықтың өзгеруі байқалады. Мектеп қабырғасындағы іс-шараларға өте белсенді қатысады.



Назар мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады.. Бос уақытында достарымен қыдырғанды, компьютерлік ойындар ойнағанды жақсы көреді. Анасына үй шаруасына көмектеседі. Бауырынағ сіңлілеріне қамқор болып жүреді. Назардың мақсаты –тезірек мектеп бітіріп, жақсы маман атану.



Қорытындылай келе айтарым, Жұмабеков Назар болашақта алға қойған мақсатына жететіне, Елінің дамуына жағдай туғызатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенім артады. Назардың білікті маман иесі атанып, Отанының мақтанышы болатынына сенімдімін.



























Мектеп директоры: Акашева С.М.



Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.



«Жұмба негізгі мектебі» КММ



7 «А» сынып оқушысы Шафих Бекзат Ринатұлына







МІНЕЗДЕМЕ







«Жұмба негізгі мектебі» КММ 7 «А» сынып оқушысы Шафих Бекзат Ринатұлы 2006 жылдың 29-маусымда дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы тұңғыш бала. Әкесі – Сунгатов Рингат Шафихович мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Анасы– Сунгатова Бакытнур Азанбаевна мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.



Бекзаттың мінезі салмақты, кішіпейіл. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасы жақсы. Бекзаттың бойында жасөспірімдік шақтағы мінез-құлықтың өзгеруі байқалады. Сабаққа дайындалып келуге тырысады, сабаққа да белсенді қатысып отырады. .Мектеп өміріне белсенді араласады.



Бекзат мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге спорттық ойындар ойнағанды, спорттық жарыстарға қатысқанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Бекзаттың мақсаты – тезірек мектеп бітіріп, жақсы маман атанып, Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аудару.



Қорытындылай келе айтарым, Шафих Бекзат – болашағынан зор үміт күттіретін оқушы, Елінің дамуына атсалысатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенеді.































Мектеп директоры: Акашева С.М.



Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.















«Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

10-сынып оқушысы Төлеуханқызы Мерекеге



МІНЕЗДЕМЕ

«Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ сынып оқушысы Төлеубекова Ұлту Алматқызы 2006 жылдың 14-қыркүйекте дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы 4-ші бала. Әкесі: Тергеубаев Алмат, жұмыссыз. Анасы: Тергеубаева Айгуль Байгазиновна мектепте қосымша педагогикалық қызметкер болып жұмыс істейді.



Мінезі салмақты, тұйық, жауапкершілікті сезіне біледі, Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы жоғары, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Мектеп өміріне белсенді араласады.



Ұлту мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге қыдырғанды, тоқыма тоқығанды жақсы көреді. Анасына үй тірлігіне көмектеседі. Өзінен кіші бауыры мен сіңлілеріне үнемі қамқор болып жүреді. Ұлтудың мақсаты – сабағын жақсы аяқтап, Отанына адал қызмет етіп, халқының мақтанышы болу.



Қорытындылай келе айтарым, Төлеубекова Ұлтудың болашағынан үміт күтуге болады десем, қателеспейміз. Ұлтудың алға қойған мақсатына жетіп, ел үмітін ақтар азамат болатынына сенемін.



























Сынып жетекшісі: Қойшан Г.Б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!