Материалдар / Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2023
523
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты

зерттеу және түзету жұмыстары

Тренинг мақсаты: ата-аналар мен бала арасында жақындық қалыптастыру, қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Қатысушылар: ата-аналар

Көрнекілігі: парақ және қаламсап.

Күтілетін нәтиже: тренинг барысында ата-аналар баланы түсініп, кез келген жағдайда қарым-қатынаста бір-бірін түсіне білу.

Тренинг жоспары:

1. Кіріспе

2. «Таныстыру» тренингі

3. «Мен түсінемін» тренингі

4. Сауалнама

5. «Тілек білдіру» тренингі

6. Қорытынды

Тренинг барысы:

1. Кіріспе.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

  1. «Таныстыру» тренингі. Қатысушылар өздерін бір үлгідегі көйлек ретінде таныстырады. Яғни, таныстыру барысында қандай матадан, қайдан шыққаны, қандай үлгіде жасалған, оған салынатын бейнелер түрінде таныстырады. Мысалы, «маған көкшіл түсті тура, кеудесінде қазаққа тән оюлар салынған, жағасы жоқ, алдыңғы жағы төртбұрышты боп ойылған, жұмсақ хб матадан тігілген, жеңі ұзын, өте ұзын емес тізеге келетін, Гүлжан атты фирмамдан шыққан көйлекті таңдар едім» деп таныстырады.

3. «Мен түсінемін» тренингі. Мұнда ата-аналар өз балалары туралы айтады. Яғни, оның ата-анасын қуантатын және ренжітетін жағдайларды параққа түсіреді және қорғайды.

1) Мені балам қуантады …

2) Мені балам ренжітеді…

Талдау: — қай жағы көп болд? Қуантатын сәттері ма, әлде ренжітетін сәттері ма?

  • неліктен ол жағы көп деп ойлайсыз?

  • Оның көп болуына ата-ананың әсері бар деп ойлайсыз ба?

  1. Сауалнама. Ата-аналарға арналған.

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау.

  1. «Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір-біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс-қимылмен тілек білдіресіз.

Талдау: — сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?

  • сізге тілекті шынайы айтты ма?

  • сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?

6. Қорытынды. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі — баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата-аналарымыз аман-есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында өткізілетін

«Білім мен тәрбие егіз ұғым» интеллектуалды психологиялық ойын сабақ

Мақсаты: Мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екіжақты тәрбиелеуге бағыт бағдар беру.

Күтілетін нәтиже: Бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаға тәрбие беретін бірлескен ата-ана мен мұғалім.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, плакат, маркер, бәйтерек макеті, таратпа жүрекшелер.

Кіріспе сөз:

Баланы жастан бақпасан,

Жамандықтан қақпасан.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, — дегендей-ақ, баланың ыстық-суығына күймейтін, әрбір жетістігіне сүйсінбейтін ата-ана мен ұстаз жоқ шығар. Бүгінгі ұл — ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз — ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, осыған қарағанда «Әкеге қарап – ұл өсер, шешеге қарап – қыз өсер» деп бекер айтылмаса керек. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана болып табылады. Сондықтан ата-ана мен ұстаздар және сынып жетекшілер арасында үзілместей жіпті берік байлау мақсатында, бүгінгі, «Атажұрт» интеллектуалды психологиялық ойынынұйымдастырып отырмыз.

Интеллектуалды психологиялық ойынға қатысушыларымен таныс болыңыздар(топтың аты, жоба қорғау):

І топ: «Болашақ»

11 сынып жетекшісі мен ата-аналары

ІІ топ: «Білім»

9 сынып жетекшісі мен ата-аналары

ІІІ топ: «Бақыт»

4 сынып жетекшісі мен ата-аналары

ІҮ топ: «Арман»

5 сынып жетекшісі мен ата-аналары

Бүгінгі ойынға қатысушыларымыздың айтқан пікірін тыңдап, өз бағасын беріп, сарапқа салатын, сарапшылар мен көрермендер дауысымен бағаланады.

Ойын сарапшыларымен таныс болыңыздар:

  1. Мектеп директоры: Сейсенов Ғалымбек

  2. Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ағыбай Асылбек

  3. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Баспаев Алып

  4. Ұйымдастырушы педагог: Ермахан Дәуренбек

  5. Бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Ержанова Сарқыт.

Ойын бағдарламасы:

1 тур — «Қанат қақты» — ой жинақтау 2 минут.

2 тур — «Самғау» -мақал – мәтелді жалғастыр. Ерекшеленген сөзді орыс, ағылшын тілінде аударыңыз. (Қосымша көмек беріледі досыңызға қоңырау соғыңыз).

Сергіту сәті: «Балам – бағым» тренинг

3 тур – «Шарықтау» – идеялар аукционы

4 тур — «Шырқау». Бейнесюжет арқылы сұрақ.

5 тур — «Жер ұйық» — сұрақ жауап.

1 тур«Қанат қақты»ой жинақтау(плакат, фломастер). Ата-ана мен ұстаздарға плакат беріледі, бұл плакатқа төмендегі сұрақтарды қолдана отырып, сурет не схема арқылы өз ойын білдіреді.

Оқушы — мұғалім – ата – ана арасындағы байланысты көрсете білу (Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды).

2 тур — «Самғау» Мақал – мәтелді жалғастыр.

І топ:

  1. Балалы үй базар, /Баласыз үй қу мазар./

  2. Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар.

/Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар./

3. Ақ жаулығы ананың —

/Ақ көрпесі баланың./

4. Ананың ойы ұяда,

/Баланың ойы қияда./

  1. Шәкіртсіз ұстаз – /тұл./

ІІ топ:

1. Ата – бәйтерек, /бала – жапырақ./

2. Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,

Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,

/Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас./

3. Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді;

/Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді./

4. Жалғыз баласы атқа шапса,

/Атасы ауылда тұрып

Тақымын қысады./

5. Күш – білімде, /білім – кітапта./

ІІІ топ:

1. Аш бала тоқ баламен ойнамайды,

/Тоқ бала аш болам деп ойламайды./

2. Алты жасар бала алыстан келгенде,

/Алпыстағы ақсақал сәлем берер./

3. Жақсы бала – сүйік, /жаман бала – күйік./

4. Ағайын — алтау,

/Ана — біреу./

5.Мектеп – білім тірегі,/ Ұстаз — оның жүрегі/

ІҮ топ:

1. Балалық шағы,/ патшаның тағы./

2. Әдепті бала арлы бала, / Әдепсіз бала сорлы бала./

3. Әкесі құрдастың /баласы құрдас./

4. Бала тентек болатыны — үйінен,

/Ердің тентек болатыны — биінен./

5. Білімі жоқ ұл — /жұпары жоқ гүл./

Сергіту сәті: «Балам – бағым» тренинг

3 тур – «Шарықтау» – «Арманым – бақытым» тақырыбында идеялар аукционы. Топ мүшелеріне ақ парақ беріледі, параққа оң қолының суретін салып, алақанына арман – тілектерін жазып, «сиқырлы бәйтерекке» салады. Үздік идея бағаланады.

4 тур — Шырқау. Бейнесюжет арқылы сұрақ. «Менің атым Қожа» балалар фильмінен ситуациялық жағдаят көрсетіледі. Қатысушылар сол ситуациядан қалай шығатыны жөнінде өз ой-пікірін білдіреді.

5 тур — «Жер ұйық» сұрақ — жауап. Жалпы тақырыпта сұрақтар қойылады, сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Қазақ халқының ұлы ақыны? /Абай/.

  2. Қазақстан қашан тәуелсіздік алды? /1991 жыл/.

  3. Қазақстанның мемлекеттік тілі? /Қазақ тілі/.

  4. Күн мен түннің теңесін күні? /22 наурыз/.

  5. Қазақстанның алғашқы астанасы? /Ақмешіт/.

  6. Жауынгер – жазушы Кеңес Одағының батыры. /Бауыржан Момышұлы/.

  7. Төрт жылдан соң елімізде өтетін Халықаралық көрме. /ЕХРО – 2017/.

  8. Қазақтың тамақ сақтауға арналған қапшығы /Аяққап/.

  9. Ыдыс-аяқ сақтауға арналған зат /Кебеже/.

  10. Қазақ тілінде неше әріп бар? /42 әріп/.

Қорытынды.

«Жүректен шыққан жылы сөздер..» сергіту сәті. Түрлі-түсті қағаздан қиылған кішкентай жүрекшелер таратылады. Барлығымыз да ата-анамыз мына жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер, қандай мейірімді сөздер айтасыздар, яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар. Үлкен жүректі тақтаға іліп, әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.

Мына үлкен жүрек, ата-ана, сіздің жүрегіңіз, ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі. Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса, ата-ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғуы керек. Сонымен бүгінгі сабағымыз өз шегіне келіп жетті.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой — өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендешеата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!

 



«ЖАНҰЯ- ҚОРҒАНЫМ, АТА-АНА –ТІРЕГІМ» ( ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС)

Мақсаты : Ата- ана, мұғалім және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Өзара көмекке, ынтымақтастыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Баланың қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі : интерактивті тақта

.Барысы :
Құрметті ұстаздар! Оқушылар және қонақтар! « Жанұя- қорғаным, ата- ана –тірегім» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
«Барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден бір табиғысы-отбасы» деп материалист-философ Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да , мемлекет те үйден, отбасынан басталады.
Тәрбие басы- отбасынан. Отбасы өзінше кішкентай тәуелсіз мемлекет. Жанұя- ұядағы жандар, яғни, ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің.
Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейін. Біз 4 жанұя таңдап алдық.Себебі, олар өзіміздің ұстаздар, әрі ата-ана, әрі әріптесіміз.
Сайысымыз 9 турдан тұрады.
I тур. Таныстыру.
II тур. Кім тапқыр?
IIIтур. Мақал-мәтел аукционы.
IY тур. Анамның қолы. (ойын)
Y тур.
Уа- Уа ( баласын дауысынан табу)
YI тур. Сазды конкурс.
YI тур. Пед.жағдаят.
YIII тур. Шаңырақ.
IХ тур. Кроссворд.
Қорытынды. Осымен сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!
Марапаттау. Сөз кезегі гимназия директоры Шарафадин Алтынбайға беріледі.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! Армысыздар , қонақтар! «Жанұя-қорғаным, ата-ана –тірегім» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
«Барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден бір табиғысы- отбасы» деп материалист- философ Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да, мемлекет те отбасынан басталады. Тәрбие басы – отбасынан. Отбасы, жанұя- кішкентай мемлекет. Жанүя- ұядағы жандар, яғни, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейін. Біз 4 жанұяны алдық. Олар барлығы өзіміздің ұстаздар, ата- аналар, әріптестер. Бөтен ата- аналарды қатыстыруға болар еді, бірақ суда жақынына ағады. Себебі, ата-ана, ұстаз, бала – үш таған, үш одақ, бір-бірімен тығыз байланыста болады.
1 жанұя. « Сымбат» тобы. Сәуле апай, немересі Қарлығаш.
Асыл әже, ардақты ана, құрметті ұстаз, асыл жар.
2 жанүя. « Бірлік» тобы. Жеңіскүл апай , ұлдары Уәлихан, Алихан, қызы Ақтілек.
Адал жар, қымбатты ана, жақсы ұстаз.
3 жанүя. « Шаттық» тобы. Алма апай, бауыры Ырыскелді.
Асыл әже, ардақты ана, асыл жар, тәжірибелі ұстаз.
4 жанұя. « Намыс» Миуа, ұлы Арғын.
Жас отбасы, асыл ана.
Осы қатысушылардың бәріде бір-бір шаңырақтың ұйытқысы, береке, бірлікті қамтамасыз етіп жүрген аналар. Қошемет көрсетейік.
Сайысымыз 9 турдан тұрады.
Әр мемлекетте өз ұраны болады. Жанұя да шағын мемлекет,сондықтан да « Жанұя ұранын» орындайық.
«Жан досым» әнінің әуеніне салып орындалады.
Қиналғанда арқа сүйеп жүретін,
Жанұядан барма басқа сүйеніш?
Қуансамда бірге жүріп қуанып,
Тірегімсің, ақылшымсың бір өзің!
Жанұям, үстем болсын мерейің,
Табылмас жанашырым өзіңдей!
Бірлік пенен татулық,
Амандық пен денсаулық
Болсын бізбен әрдайым!
I тур. Таныстыру. ( Жанүя- менің мақтанышым) Жанұя туралы кішкене мағлұмат беріп, таныстыру.
II тур. Кім тапқыр ? «Туысқан » сөзінен сөз туындату
III тур.Мақал- мәтел аукционы. Мақалды аяқтау.
Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала ата- анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Күннің шуағы жылы- ананың құшағы жылы.
IY тур. Анамның қолы ( ойын).
Көзі байлаулы бала анасын қолынан сипап табу.
Y тур. Уа-Уа .Баласын дауысынан ажырату.( ойын).
Бұл жерде керісінше аналары көздерін байлап, балдарын дауыстарынан ажыратып табу керек.
YI тур. Сазды конкурс. Әр өлеңге кішкене сипаттама беру арқылы сол өлеңді табу немесе айтып беру.
1. Кішкентай бала атасының ауылына барғанда, Шопан ата тентегімен танысады. ( Қошақан)
2. Баланың салған суретінде бейбітшілік бейнеленген. Әрқашан анасының аман, аспанның ашық болуын, бұлттың төнбеуін қалайды. ( Күн әлемі)
3. Сабаққа немесе пәнге байланысты ән. Табиғаттың сұлулығын, әсемдігін мың құбылтып тамашалағанда ауыл еске түседі.(сурет сабағы).
4. Бұл- бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі . Мұны қолдан ұшырғанда бүкіл әлемдегі халықты достыққа, ынтымақтастыққа шақырады. ( Ақ ккөгершін)
YII тур. Педагогикалық жағдаят. Сұрақтарға жауап беру. Бұл жерде баға қойылмайды.
1. Баланы ұрған дұрыс па ?
2. Балаңыз сабақтан қайтқанда қалай қарсы аласыз?
3. Балаңыздың айтқаның әрдайым орындайсыз ба?
YIII тур. Шаңырақ. ( үй салу). Түрлі- түсті қағаздарды пайдалана отырып, үй салу.
I Х тур. Кроссворд .1. Үлкен ана.
2. Қадірлі жан.
3. Жігіттің үш жұртының бірі.
4. Шаңырақ иесі.
5. Жанұя ( орысша)Қорытынды.
Марапаттау.























Психологиялық тренинг «Менің жанұям»

Тақырыбы: « Менің отбасым – сыйластық, жарастық орнаған ортам »
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер, карточкалар, тілек жазылған карточкалар, шар.
Тренинг бағдарламасы:

1.Есімдер аллитерациясы.
2. Жаттығу . «Өз жұлдызыңызды табыңыз»
3. Мақал – мәтелдің мағынасын ашу
4. Диаграмма құрастыру.<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!