«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыру»
Б.Д. Жұматаева
«Олимпиадалық резервтің мандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ, Павлодар қаласы
«Ата - ана мен бала қатынасы» түсінігімен отбасындағы тәрбиелеу стильдерінде, ата - аналардың рольдері мен бағдарларына көрініс беретін балалармен барлық қатынас түрлері анықталады. Ата - ана мен бала қатынастарының аталған компоненттері арқылы ата- ананың өз баласын, оның мінез - құлқын қабылдауы, баланың тұлғалық дамуына әсер етуі мен өзара әрекеттестігі жүзеге асады. Сондықтан, ата - аналар бала өмірінің алғашқы күнінен бастап - ақ психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін адамдар болып табылады.
Ата-аналар мен балалар арасындағы эмоционалды алшақтық, яғни жақындықтың болмауы кезінде ата ананың баламен қарым - қатынасы жеткілікті мөлшерде болмайды, демек, баладан әке - шешелердің психикалық қашықтығы байқалады. Әдетте эмоционалды жақындығы жоқ ата- аналар баланы қолдау тәсілін емес, балаға қарсы қатынасты ұсынады.
Осы орайда, сынып тәрбиешісі кеңестік ағарту жұмыстарын ұйымдастырумен қатар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тиімділігін арттыруға бағытталған әр-түрлі шаралар да өткізіп отыруы тиіс.
Баланы тәрбиелеуге ата- ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі – ата - анадан, екіншісі- ұстазынан, үшіншісі- құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады». Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап - шалдығып жүрсе де ата - ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да ең алдымен отбасынан алады.
Қазіргі кезде отбасындағы бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігінің төмендеуі байқалып отыр, сондықтан да ата-аналарға балаларымен дұрыс байланыс жасауға, үйлесімді дұрыс қарым-қатынас орнатуға көмек көрсету маңызды болып отыр.
Тәрбиешінің мақсаты бала тәрбиесінің өзекті проблемаларын шешудегі қиындықтарға байланысты ата - аналарға көмек көрсету.
Міндеті: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің жауапкершілігін, ықпалын түсіндіру; әртүрлі жағдайларға байланысты туындайтын мәселелерді дұрыс шешуге көмектесу; баламен үйлесімді қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, тәржірибесін молайту; баланың жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты туындайтын мәселелер жөнінде түсініктерін кеңейту; ата-ана мен баланың бір-бірлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, кешірімді бола білуге, баланы түсінуге шақыру.
Күтілетін нәтижелер: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас дұрыс қалыптасады;
ата-аналар мен бала арасындағы көптеген мәселелердің түп негізін ашып, түзету жұмыстарын жасауға мүмкіндік беріледі.
Тәрбие процесінде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыру, көңіл көтеруге және жағымды қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Ата-аналар жиналыстары барысында ата-аналар мен бала арасындағы көптеген мәселелердің түп негізін ашып, түзету жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тиімділігі арта түседі, қиындықтарды жеңуде ұстамды және табанды болуға үйретуге көмектеседі.
Адамның өміріндегі ең қуанышты қызықты күндері боп отбасында өтеді. Баланың алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борышы тәрбие жұмысын атқара бастайды. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас дұрыс қалыптаспаса, үйлесімді дамымаса көптеген қиын мәселерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы жағдайларда ата-аналарға көмек көрсету мақсатында ата—аналар жиналыстарын өткізу тиімді. Қорыта келгенде, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сауле және қара сәуле. Ақ сәуле адам бойында басым болса, жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан ақ сәулені бойымызда басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыру үшін ата-аналар жиналысының үлгісі.
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Дау- дамайды болдырмайық»
Мақсаты: Кикілжің мен дау-дамай жөнінде ата-аналарға мағлұмат беру. Оны болдырмаудың жолдарын қарастыру. Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын нығайту, тәрбие тәжірибесін молайту. Балалардың отбасындағы жиі кездесетін шиеленісті жағдайлар туралы ақпарат беру.
Құрал-жабдықтар: үнтаспа, ватман қағаз, гүл жапырақтары, пайдалы кеңес парағы, бейнетаспа
Топқа бөлу. Топқа бөлу үшін қазақ халқына танымал ән аттары жазылған қағаздар таратылады. "Қамажай", "Еркем-ай" әндері. Ата-аналар бір-бір қағаздан алады да, өз тобын тауып алады. Мысалы: "Қамажай" әнін айтып жүргендер бір топ құрады. "Еркем-ай" әнін айтқандар екінші топты құрайды.
Тәрбиеші түсіндірмесі: Кикілжің туралы түсінік. Кикілжің мен дау-дамай жөнінде, өзара қарым-қатынас пен қарама-қайшылық бір мезетте туатын құбылысты кикілжің кейде дау-дамай деп жатамыз. "Ер шекіспей, бекіспейді"-дегендей, дұрыс шешіліп жатса, арты жақсылыққа да ұласуы мүмкін. Сондықтан да мектепте, отбасында, аулада балалар арасында туған дау-дамай мен кикілжіңдерге педагогикалық тұрғыда көмек беріп, теріс бағыт алып кетуінен сақтандырған жөн.
Балалар аулада ойын барысында, мектепте сабақ арасында қарапайым түсінбеушіліктен басталған дау-дамайда жаман сөзбен бір-бірін сыбап, балағаттап, ұяттан аттап кетеді. Кейде өздерін ұстай алмай, оғаш қылықтар жасап, жаға жыртысып, бас жарылып дегендей, өте жаман көріністерге ұласады. Осыған қарап отырып, бұлардан әдеп пен мәдениеттен алыстап кеткенін көреміз.
"Жаманның сөзі ащы-дүр, Адам ішпес зәр-удан", -деген Базар жыраудың сөзі осындай жағдайға айтылған болар. Шариатта осындай жағдайларға байланысты "Әділ де болса, жақсы сөз айт" деп ғибрат жазылған.
Жаттығу: "Өкпені еріту". Тып-тыныш бір жерде, денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді қаракөлеңке театрда отырмын деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға ең жек көретін, көргіңіз келмейтін сіз кешіруге тиісті емес адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, қазір өмірде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Бірнеше минут оның жүзіне қарап, бейнемен қоштасыңыз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген кейіпте болу керек. Оны бақытты деп біліңіз.
Сіз кешірген адам сахнадан кетісімен, өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемде жақсылық барлығыңызға тең жететінін ұғыңыз.
Кикілжің себептерін анықтау: Балалардың арасында болатын дау-дамайдан, отбасындағы кикілжіннің, әрине айырмашылығы бар. Әсіресе, ата-ана мен бала арасында болса. Ата-ана бұл жерде үлкен ретінде сабырлық танытуы керек.
Белгілі ғалым: "Кикілжің себебін іздесең, ол сахараның құмынан да көп болады"-депті, бірақ та оның себебі соншама көп емес. Қазір біз оларды тауып көрейік.
Мынандай сұраққа жауап беріңіздерші:
-Отбасыларыңызда қандай шиеленісті жағдайлар кездеседі. (әр түрлі жағдайларды ортаға салу)
Ата-аналар тәрбиешімен бірге, келесі кестені жазады.
|
Бала талабы |
Қабылдамау жауаптары |
Қабылдау жауаптары |
|
Мама, сатып алып бер... |
Әр нәрсені сұрай бергеніңнен жалықтым... |
Саған алып бергім-ақ келіп тұр, бірақ ақшам болмай тұрғаны.. |
|
Мама, сен папаммен неге ұрысасың, сені жақсы көрмей қояды ғой. |
Сенің жұмысың болмасын.. |
Адамдар бір-бірімен кейде ұрысады, бірақ бұдан олар бір-бірін жақсы көруін тоқтатпайды. |
|
Мен ақымақ шығармын... |
Қойшы әрі... |
Меніңше, олай емес, олай дейтіндей не жағдай болып қалды? |
Талдау. Тағы да қандай жағдайлар болады? (жағдайларды талдау)
Енді, Томас Горданның баламен қатынастағы жанжалдан шығудың басқадамдық жолын талдайық:
|
Қадамдар |
Мақсаттары |
Ата-ананың әрекеттері |
|
1 – қадам: |
Баланы мәселелер шешу процесіне қатыстыру |
Нақты және азғана сөзбен балаға мәселелер туындағаның айтып, оның көмегінің де қажет болатынын түсіндіру. |
|
2 – қадам: Мүмкін болатын балама (альтернативтік) шешім түрлерін ойластыру |
Мүмкіндігінше, неғұрлым көп шешім түрлерін ойластыру. |
Баланың шешімдерімен танысу (өз шешімдеріңді соңынан қосасыз), сонан соң олардың ұсыныстарын бағаламай да, кемсітпей де тағы да көбірек балама шешімдер ұсынуларын сұрап көру. |
|
3 – қадам: Балама шешімдерді бағалау |
Әртүрлі шешімдер бойынша ұсыныстарын білдірулеріне және әрбір ұсынылған нұсқа жөнінде өз пікірлерін айтуға баланы ынталандыру |
Балаға осы пікірлердің ішінде қайсысы жақсырақ екендігі жайлы айтқызып көру. Өзінің ойы мен қызығушылығы жөнінде жеткізіп, неғұрлым тиімдірек нұсқаны айтуын, таңдауда балаға не ұнап, не ұнамайтыны жайлы ойын айтуларына ұсыныс жасау. |
|
4 – қадам: Неғұрлым тиімдірек шешімді таңдау. |
Соңғы шешімді қабылдау. |
Баланың қалған әрбір шешімдер туралы не ойлайтындықтарын білу. Келісілген шешімдердің өзіне қатысты бөліктерін орындауға міндетті екендеріне көздерін жеткізу. Егер шешімдер көптеген пунктерден тұрса, қағазға жазып алу керек. |
|
5 – қадам: Шешімдерді орындау тәсілдерін ойластырып шығару. |
Қабылданған шешімдерді өмірде пайдалануды жоспарлау. |
«Қашан бастаймыз?», «Осы жөнінде орындалатын жұмыстардың тиімділігіне қойылатын талаптар қандай болмақ?», «Кім қадағалайды?» деген сұрақтарды талқыға салу. |
|
6 – қадам: Бақылау және оның нәтижелерін бағалау |
Шешімдердің іске асуына жағдай туғызу. Қабылданған шешімдерді өзгертуді талап ететін жағдайларды табу. |
Баладан қабылданған шешім мен оның нәтижелеріне көңілі толып (немесе қанағаттанбай) жүргендігі жөнінде сұрап білу. Өзінің сезімі мен ойы (ол өзгеруі мүмкін) туралы айтып, егер керек болса шешімдерді қайта қарап немесе түзету. |
Томас Гордонның баламен қатынастағы жанжалдан шығудың бесқадамдық жолын талдау.
Қорытынды жаттығу: Ата-аналар шеңбер құрып тұрады да бір-бірлеріне шеңбер бойымен сезімдерін сипап сездіру арқылы жеткізеді, арқасынан қағу, басынан сипау т.б.
Жиналыстар барысында осындай әр түрлі жаттығулар өткізуге болады.
Жаттығулардың мақсаты: Топқа қолайлы жағдайды қалыптастыру, ойын мінез-құлық қабілетін ,әлеуметтік өзара әрекет дағдысын дамыту, бөтен мәдени топтың жаңа қоршаған ортасымен, негізгі нормаларымен, құндылықтарымен, сенімдерін адамды тез таныстыру,және сенімді ашық атмосфера құру.
Жаттығу: “Амандасу”
Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен(мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), вебральды әрекеттерді қолданбай, амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдердегі амандасу тәсілдері тәрбиеші есіне түсіру керек.
Жаттығу: “Мұз жарғыш”.
Қатысушылар екі қатар құрып, бір-біріне қарап тұрады .
Мақсаты: серіктесті итеріп жіберу.
Талқылау.
Қойылатын сұрақтар:
-Неге ұнамсыз сезім пайда болды?
-Сіздің өміріңізде кездескен осындай жағдайларды айтып бере аласыз ба ?
Жаттығу: “Көпір”
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Тәрбиеші диагонал бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мәнін былай түсіндіреді: “Бұл сызық-тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол, тен бірғана адам өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам - екі ұлттың өкілі, бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жету керек ”. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі.
Талқылау:
-
Тапсырма ненің көмегімен орындалады?
-
Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме ?
-
Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдарды (вербалды немесе вербалды емес) маңызды?
-
Қай ұлттың вербалды емес қарым-қатынасы саған жақын да, түсінікті көрінді?
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
А.Құдиярова психоаналитик «Қарым-қатынас психологиясы» -Алматы, 2006ж.
-
М.К.Бапаева,К.Н.Ныгметова,К.Т.Шериязданова «Балалар психологиясынан танымдық жаттығулар мен тапсырмалар», Алматы:Рауан,1994ж.
-
Қ.С.Жұмасова «Психология», Астана-2006
4.К.Ы.Уайханова //Ұлағат –«Қазақ отбасы тәрбиесіндегі психологиялық ерекшеліктер» 2004ж №3-Б 23-26.
5.Ж.Ж.Терениязова //Қазақстан мектебі. «Жаңа ғасыр жастары және отбасы үлгісі». 2001ж №7-14 б.
6.Ю.Б. Гиппенрейтер. Общаться с ребенком как? — М.: АСТ: Астрель, 2007.
7.Х.Г.Гинот «Как подобрать к ребенку ключик. Трудный возраст»; Центрполиграф, 2008
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз