Тақырып бойынша 31 материал табылды

ата аналар хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ата аналар жиналысына арналған хаттама
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ABAY school lyceum» мектеп -лицейі

7 «Г» сынып оқушыларының ата- аналарымен өткен жиналысының

ХАТТАМАСЫ

07.09.2024ж

Өткен орны: «ABAY school lyceum» мектеп -лицейі

Өткізілген уақыты: 12:00

Қатысқаны: 8

Сынып жетекшісі: Жалишова М.А

Күн тәртібі:

1. .Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және
мектеппен байланысы »

2. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау

3 . Ағымдағы мәселелер

Тыңдалды:

1-мәселе бойынша: Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы»
“Отбасы –шағын мемлекет
Мен-президент, сен-премьер...”
Отбасы- ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.

Ата-анаға берілетін кеңес:
1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.


Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді.
Баяндама бойынша оқушының талаптары, ережесі, оқу-құралдары, мектеп, ата-ана арасындағы байланыс, түсіністік ортақ нәтиже туралы құнды ой-пікірлер айтылды, қоштайтындығын білдірді.


2 Мектептегі оқушылардың сабақтарға қатысуы және сыртқы келбетке қойылған талаптар

1. Оқушы жолдан абайлап өтіп, жол жүру ережелерін ұстануы қажет.

2. Қоғамдық көлікте оқушы тәртіп ережелерін және тиісінше қауіпсіздік шарасын сақтауы қажет.

3.Оқушы мектепке сабақ басталуына 15-20 минут қалғанда келіп, таза әрі ұқыпты киінуі тиіс.

4. Сыртқы киімді оқушылар гардеробта шешеді.

5. Сыртқы киімнің қалталарында ақша, кілттер, жол жүру билеттері, басқа да құнды заттардың болуына тыйым салынған.

Осы жәнеде одан басқада тәртіп ережелерді сақтау арқылы жақсы тәрбие мен білім алуға болады.

3. Ағымдағы мәселелер бойынша сынып жетекшісі Жалишова М. А

Сонымен қатар сабаққа қатысымы, оқушылардың тазалығы, сабаққа кешікпеуді, сабақтан себепсіз қалмауын, сабаққа дайындалып келуін басты назарда ұстауды және сынып жетекшімен тығыз байланыста болуды тапсырды. Кешкі уақытта баланы ешқайда шығармауды ескертті.

-Ата-анасының, сынып жетекшісінің әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық. Балаларды қауіпті жағдайлардан қорғау әрбір ата-ана мен сынып жетекшінің міндеті. Егеменді еліміздің болашағы - балалар. Сондықтан өмір қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.

Шешім:

Ата-аналардың ұсынысы бойынша 2024-2025 жаңа оқу жылына арналған ата-аналар комитетінің құрамын былтырғы оқу жылындағыдай қалдыруды жөн көрді. Осыған орай,  сыныпта сайланған ата-аналар комитетінің төрайымдарына ата-аналарға арнап ортақ чат ашып, сыныптағы басқа ата-аналармен мектеп мәселелері мен жаңалықтары бойынша жұмыс жүргізуді сұранды. Жыл бойы мектепте атқарылатын мектепішілік іс-шараларға қатысып, қолдау білдіріп, көмек көрсетулері керектігіне тоқталды. 

Сынып жетекшісі: Жалишова Мехринса Абдурахманқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2024
145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12