Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
АТА АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ата-анлар жиналысы
«Балдәурен» ересек тобы
Тәрбиеші:Жакеева.А.Е
Менгеруші-Әдіскер:Абильгалимова Қ.Қ
Күн тәртібі:
Тақырыбы:
1.Кеңес. «Отбасындағы және балабақшада бала тәрбиесі»
Жауапты тәрбиеші: Жакеева.А.Е
2.Видеоролик
3.Кеңес «Дені саудың- жаны сау»
Жауапты медбике: Заукия Балтабековна
4.Сауалнама.Анкета
5. Әртүрлі сұрақтар:
6.Ата-аналар комитетін сайлау.
7.Қортынды.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата- аналар!
Отбасындағы және балабақшадағы бала тәрбиесі.
Отбасы- қоғамның маңызды буыны . Көп ұлт мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағына келгенде кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады,оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу-екіншісі дүниеге келген сәбиді пәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ « Бақытыңды басқадан емес ,балаңнан ізде»-деген даналық сөз бар.Кез келген адам өзі жете алмайтын «бақыт» деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,екінші біреу даңқ пен атақтан,мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы......
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана.Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар. Мәдениетті отбасындағы ерлі -зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілдігі,отбасындағы туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.
Бала тез еліктегіш,иланғыш болғандықтан жаман қылықтарды да тез үйренеді.Бала кішкентай кезінен әр нәрсеге әуестеніп,үлкендерге көмектескісі келеді.Бұған кейбір ата-ана «жұмысымды бүлдіресін» деп ұрысып жіберуі мүмкін,бұл қате түсінік.Керісінше өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып,оның үйренуіне көмектескен орынды.Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн..Әр істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы істерін мадақтап,терісін оң етіп түсіндіріп отырса ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырманы орындауға қарсылық білдірмейді.
Баланың айналасындағы бүкіл өмір шындығы-табиғат, қоғамық орта,ең алдымен адамдар,бәрінен бұрын ата-аналар мен тәрбиешілер тәрбиелейді.
Тәрбиелеу дегеніміз- балаға мақсат қойып,ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз, осы ықпалдың арқасында бала тәрбиеші талап еткен мінезге ие болып,мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді.Тәрбие баланың дене және ақыл -ой қабілетін дамытады,оны алдағы еңбекке даярлайды, сол бойынша қоғамның болашақ белсенді қайраткерлері өсіп шығады.
Ата-анаға мынадай кеңесті ұсынамын:
Баланың әр күнді бастауы,қарсы алуы сәтті болу керек; ол үшін таңертен баланы оятқанда жайлы,баппен оятыңыз;ол сіздің күлімдеп,мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезуі керек.
-Балаға балабақшаға барар алдында сенімділік сәттілік тілеу керек.
-Бала балабақшадан келгенде бірден сұрақтар қойып,қарсы алмау керек.
-Бала бірдене айтқысы келсе, қарсы болмай тыңдау керек.
-Бала ренжіп отырса , себебін өзі айтқанша асықпаңыз.
-Балаңызға қатты дауыспен сөйлемеңіз, баланың жүйкесіне әсер етеді.
Отбасы- бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз орын.Бала үшін туған отбасы-алтын діңгек. Отбасындағы жылулық пен мейірімді ештеңемен алмастыру мүмкін емес.Отбасының бірлігі ұрпақ тәрбиесінде өте қажет.Бұл- өте қымбат ұлттық құндылық.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар мектепке дейінгі мекеме мен отбасы.Осы екі арада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса,ұштаса өткізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз.
Біз XXI ғасырда өмір сүріп жатырмыз.Жаңа ғасырда өркенетті елдер қатарынан орын аламыз десек,жас ұрпағымызды дұрыс тәрбиелеуге,дұрыс білім беруге міндеттіміз.
Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші - тәрбиеші.
Балабақшадағы тәрбие - ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді.Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу, білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген, «тәрбиелі бала» деп атауға болады. Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ойын, оқу, еңбек сияқты құнды дүниелерге тәрбиеленеді деген сөз. Өйткені, мұнда олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз. Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз.
Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті.
Баяндаманы қорыта келе :
Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар. Ата –ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, «туған -туыс, Отан, Қазақстан» деген ұғымдарды терең түсінгені,құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру. Отбасы жауапкершілігі бәрінен биік болмақ.