Келіңіз танысайық!
(Ата-аналар жиналысы)
мақсаты: ата-аналармен танысу, жақсы жарым қатынас орнату.
міндеттері: Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, мата және мақал –мәтелдер жазылған плакат,т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Бағдарламасы:
1. «Танысу» жаттығуы.
2. «Ақиқат немесе жалған
3. Ой жинақтау. (Постер қорғау)
4. «Мен кіммін?» ойыны
5. «Додокаэдр» әдісі
6. Қорытынды.
Тренинг барысы:
Кіріспе сөз:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің «Келіңіз танысайық» атты ата-аналар жиналысымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі–баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата–ана.
1. «Танысу» жаттығуы.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есіміне сын есім қосып айтады, келесі адам алдыңғы адамдардың есімі мен сын есімін қосып айту керек.
2. «Ақиқат немесе жалған » әр адам өзі туралы 1 жалған, 2 ақиқат ақпарат жазады, қалғандары табады.
3. Ой жинақтау.
Үш топқа тақырып беріледі. Ата–аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. Постер қорғайды.
Мақсаты: ата-аналарды топтық жұмыс түрлерімен таныстыру; өз көзқарастарын еркін жеткізу.
1-топ Қазіргі замандағы ұстаз қандай болу керек?
2-топ Қазіргі оқушылар қандай болу керек?
3-топ Қазіргі ата-аналар қандай болу керек?
4. «Мен кіммін?» ойыны
5. Додокаэдр
Қызықты сұрақтар:
1.Балаңыздың туған күні?
2.Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?
3 Балаңыздың парталас көршісі кім?
4.Балаңыз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?
5.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6.Балаңыз кеше қандай баға алды?
7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
10.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11.Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
12.Балаңыздың ең жақын досы кім?
Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.
6. Қорытындылау.
Ұнады, Есіме сақтадым, Айтарым бар
Мақсаты: жиналыс туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту
Қорытынды.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ

Ата-аналар жиналысы
«Келіңіз танысайық!»
Өткізген: Өркен Т.
2023-2024 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз