Ата-аналар жиналысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысы титулкасымен бар Тренингтер, ойындар кіріктірілген. Өте қызықты сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы ата-ана»

Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Ата - аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Мектеп пен ата-ана байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата - анамен оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайту.

Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, фломастер т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы.

1."Сәлем сөздің анасы" амандасу.
2. «Мен қандаймын?» ойыны
4.
Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...»
5. Балама ақ тілек

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер

1. І –тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы

2.«Білім кз» сайтында ата-аналардың жұмыс жасауын түсіндіру жұмыстары

3. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмыстары және ата-аналар тарапынан кезекшілік ұйымдастыру жұмыстары

Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу


Тренинг барысы:

Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Баланың бас ұстазы ата-ана» ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!

Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.

Шаттық шеңбері: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.

1. "Сәлемдесу" жаттығуы: Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір–бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

1- нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық

2- нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.

3- нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.

  • Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?

  • Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)

2. «Мен қандаймын?» ойыны

«Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

Нұсқау: педагог-тәрбиешілерге қағаз таратылады. Педагог-тәрбиешілер қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау, осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында өзі жазған сөздерді рет – ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.



1. Мені жұрт .... деп ойлайды.

2. Мені ...... деп ойласа екен деп ойлаймын.

3. Дәл өзім .....

4. Мен жұмыста.....

5. Жолдасыңыздың алдында.....

6. Негізі........

3.Сергіту сәті:

4.«Әсем әуен»

Берілген әріптерден ән айту


5.. Балама ақ тілек. Жүрекшелерге тілек жазу


6..Ағымдағы мәселелер қі талқылау, әңгімелесу.


7. Қорытынды.

Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді,қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ ,үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс .
Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы
бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі жиналысымызды аяқтаймын











М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ







Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы ата-ана»





Өткізген: Өркен Тамаша











2023-2024 жж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.00.2024
205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі