Ата-аналар жиналысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналармен жиналыс өткізгенде тренинг, жиналысты дұрыс ұйымдастыру, қызықты өтізу үшін ойындар ұйымдастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 

Ата-аналарға арналған тренин 

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Тапсырма:

1.     Ата-аналармен ұстаздардың кездесуі;

2.     Ойынға қатусышылар арасындағы қарым-қатынасты орнату;

3.     Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу:

I бөлім.

1. Кездесу (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)

2. Ассосация Жанұя (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)

3. Қызықты сурақтар:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Бүгін сабактан қандай баға алды?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Балаңы жастан бақпасан,

Жамандықтан қақпасан.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.

II бөлім. Жалпылау.

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

-         иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;

-         жоқ десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

-          

1)    Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадын тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2)    Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана бірдей ықпал жасай-ма?

-         егер жанұя десеңіздер жымиыңыз.

-         Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

3)    Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

-         егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.

-         Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,

-         Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

 

Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қала)

1)    Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.

2)    Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

( Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды )

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейк:

1.     Балаға жан және дене өзгерістерінің байланысын табуға көмектесу;

2.     Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру;

3.     Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқиат таныстыру;

4.     Маманмен кездесу.
















Сізге хат келді тренингі

Аты-жөні жазылған хат иесі өзін таныстырады, кимнің ата-анасы, отбасы мүшелері, өзінің жұмыс орны, қызығушылығын айтады.

«Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?» әдістемесі.

Мақсаты:отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.

Орындау ережесі.Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз.Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз.Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.

Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:

«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А-З балл

«Иә,бірақ барлық кезде емес» Ә-2 балл

«Жоқ,бұлай істей алмаймын» Б-1 балл

 

Тапсырмалар

Сіз:

1.Кез- келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?

2.Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?

4.Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?

5.Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба,салқынқандық сақтай білесіз бе?

6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?

7.Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?

8.Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?

9.Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?

10.Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп,тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?

11.Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса,негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?

12.Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?

 

Бағалау шкаласы

1. «А» жауапқа -3 балл

2. «Б» жауапқа - 2 балл

3. «В» жауапқа -1 балл

Нәтижесін талдау.

30-39 балл жинасаңыз,бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам.Сіз оны тек түсініп қана қоймай,оған құрметпен қарайсыз.Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз.Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.

16-30 балл жиналса,балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірініші маңызды жұмыс,сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.

2. «Идеалды отбасы» жаттығуы.

Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді?Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады?Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай?Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес,сурет түрінде бейнелеуге болады.

Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді.Олардың пікірінше,махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде,ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады.Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды,айтқан нәрсенің барлығын істейді.Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.

3. «Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы.

Жаттығу қатысушылардың бір-бірімен вербалды емес формада қатынас жасауды қажет етеді,бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады.Қатысушылар жұптарға бөлініп,бір-біріне арқасын қаратып орналасады.Дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет.Жұптағылар екі жаққа да ыңғайлы болуын ойластырып арқа тіреседі ме,жоқ денесі бос ұстауға емін-еркін тұру қажет пе,оны әр жұп өзі шешеді.Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады).Оны қай жерге және қалай орналастыру керек екенін әр жұп өзі табуы керек.Жаттығу оңай бола салмайды,біреулерге ыңғайлы болады,ал келесілерге қысымы сенумен байланысты болуы да мүмкін.

4. «Отбасылық оқиға» жаттығуы.

«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады.Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да,бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,мысалы, «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды»,оларға пікірталас жүргізу ұсынылады.Жетекші көрермендерге алдын-ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді.Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады.Мысалы,ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды:оқуға,саяхатқа,бір нарсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұтымды түрде ұсына алады.

Талқылаудан кейін,бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да,басқа тақырыпты талқылайды.

Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады.Мысалы,анасының әкесі ауылда тұрады,оның өз үйі және шаруашылығы бар,ол ауырып қалды,бірақ қалаға келгісі келмейді.Отбасы не істейтінін шешуі қажет.Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады.Мысалы,анасы ауылға кеткісі келеді,өз шаруашылығымен айналысқысы келеді,әкесі мұны қаламайды,өйткені қалада жақсы жұмысы бар,үлкен ұлының да барғысы келмейді,өйткені оқуға түспек ойы бар,кіші ұлының барғысы келеді,өйткені ол жерде жазда шомылуға,қыста шаңғы тебуге болады.Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім ,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.


5.«Отбасылық социограмма» тесті.

Мақсаты:зерттеушінің отбасындағы қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал-ахуалын тікелей және жанама т.рде «қазір және осы жерде» анықтау.

Орындау ережесі.Бұл әдіс суретті талдау әдістемелерге жатады.Зерттеушілерге жауап жазылатын іс-қағазы беріледі.Ол парақта диаметрі 110 мм шеңбер сызылған.Тестті орындау барысы түсіндіріледі.Таратылған парақта салынған шеңбердің ішіне алдымен өзін кішірек шеібер ретінде түсіріп,оның ішіне «Мен» деп жазу керек.Соннан сон отбасы мүшелерінің әрқайсысы шеіберлермен белгілеп шығып,ол шеңберлердің әрқайсысы кімді білетінін анықтау үшін олардың ішіне отбасы мүшелерінің аттарын немесе аттарының бас әріптерін жазып қойю тапсырылады.Олар тапсырманы орындағанда бір-бірімен кеңеспеген іс-қағазды жеке дара отырып толтыруы керек.

Нәтижесін талдау.

Бірінші белгі бойынша талдау:отбасы мүшелерінің кеңістікте орналасқаны талданады.Адамдардың барлығы бір қатарға қойып салу-шынайы өмірдегі олардың арасындағы қатынастың біркелкі болғанын көрсетеді.Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қақтығыста болып,жанұяда ауызбіршілік болмаса онда осы жағдайға кінәлі деп жүрген алам шеңберге кірмей,оның сыртында қалады немесе бір жануалдың аты салынады.

Екінші белгі бойынша талдау:дөңгелектердің көлеміне қарай жүргізіледі.Егер кімде-кім өзін үлкен шеңбер етіп салса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары,ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытынын көрсетеді.Ал төмен жағына салғаны-өзіндік бағалауы төмен болғанын көрсетеді.

Үшінші белгіде дқңгелектердің орналасу тәртібі талданады.Отбасы мүшелерінің кім-кіммен жақын екендігі,ерекше маңызды орында екені анықталады.Шеңбердің ішінде орналасу басқамен салыстырғанда үлкен шеңберде болса,зерттеуші көзқарасы бойынша ол аса сыйлы,маңызды адам қатарына жатады.

Төртінші белгі,бір-бірінің үстіне орналасқан.Отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығын көрсетеді.Ең үстінде орналасқан адамның отбасындағы орны ерекше,ол барлық басқа мүшелерге билігін жүргізіп,өктемдік көрсететінінің белгісі.Немесе суреттің авторының сол адамды барлығы ерекше сыйлайды деп түсінуін білдіреді.Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.

5.Егер ……..онда…. жаттығуы

 

"Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт" деген орыс мақалы бар. Сіз балаңызға ақылды қалай айтасыз?

  1. Коп балалы әке болсам…

  2. Айлық табысым аз болса…

  3. Баламның оқу үлгерімі нашар болса…

  4. Бұзақылығы үшін мектепке шықырса…

  5. Істеген іс-әрекетім дұрыс болмаса..

  6. Балаңыз жүлделі орын алса…

  7. Бинго ойынынан Джек пот жеңіп алса…

  8. Жолдастарымен беймезгіл уакытта кыдырғысы келсе…

  9. Материалдық шығын келтірсе…

  10. Балаңыздың сұрағына жауап беруге біліміңіз жетпесе…

  11. Ер балаңыздың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-кеңесіңіз…

  12. Қыз балаңызға ақыл кеңесіңіз…

5. Жүрек жылуы жаттығуы Мына психологиялық ойынмен өз ойымызды түйіндеп, ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар..

Ата-аналар балаларына деген суйіспеншілікті, бала тарбиесіне баса назар аударатын мәселелерді қыскаша айтады.

Оплаченная Реклама:
Гарантированный заработок,от 120 долл. до 240 долл. в день! ..
Заработать в интернете быстро! Быстрее только скорость света! Нужны деньги? Тебе сюда..
Как заработать в интернете
КиберБАНК - Реальный Заработок в Интернете!
Секрет заработка на партнёрках!
Как создать успешный блог бизнес


Жаңалық жайлы ақпарат

4-11-2012, 00:57

Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс

Категориясы: Бастауыш сынып

Байқоңыр қаласы,
№2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін
орта мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жакупова Алмагуль Байдуллаевна


Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс
Кіріспе
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі ата-аналар жиналысы өзгеше өткелі отыр. Орайы келген басқосуды пайдалана отырып, мен өзім жүргізіп жүрген «Өзін-өзі» тану пәнінің ерекшелігі, бала тәрбиесіндегі үлкен пайдасы, ата-аналарға да, балалардың өздерін өздері танып білуіне де және ата-аналардың өз балаларының мінез-құлық ерекшелігі, арман-мақсатын түсіне білуде тигізетін орасан зор көмегі жөнінде айтқалы тұрмын.

«Өзін-өзі тану» пәні біздің мектепте 2010-2011 оқу жылынан бастап эксперимент түрінде жүргізіле бастады. Идеяның авторы – республиканың бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева. «Бөбек қорының» төрайымы Сара Алпысқызының бастамасымен өмірге келіп, 2001-2002 оқу жылынан Алматы қаласындағы балабақшалар мен мектептерде жеке сабақ ретінде өткізіле бастаған болатын. Ал 2002-2003 оқу жылынан бастап бұл пәнді Қазақстанның барлық аймақтарында эксперименталдық аймақтарда жүргізу қолға алынды.

Қазіргі кезеңде көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас қарауға негізделеді.

Қоғам дамуында біздің қарапайым күнделікті тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сынды асыл қасиеттер қажет-ақ.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың бүгінгі заман талабынан туындап отырғанына көзіміз барған сайын жетуде. Себебі қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі.

II Негізгі бөлім
Ата-ананың қайсысы болса да, өз балалары қабілетті, тапқыр, талантты болып өссе, басқа балалардан оқ бойы озық болса деп армандайды. Дұрыс, ата-ананың өмірдегі басты мұраты - өзінің ізін жалғастыратын ұрпағының ерекше болуы, оның бақытты болуы. Бірақ, ең бастысы, балам жақсы Адам болса екен деп армандау керек. Ол ержеткенде адамдарға пайдалы болып, қоғамға зардап келтірмейтіндей болып өсуі қажет. Өзінің биік «Меніне» ешқашан да кір келтірмей, қайта оны жаңа білімдермен толықтырып, өмір тәжірибесін жетілдіріп, өзін Махаббаттың құдіретті күшімен үнемі байытып отыруы аса маңызды қасиеттер болып есептеледі. (Сара Алпысқызының «Өмір әдебі» кітабынан).

Құрметті ата-аналар! Бүгінгі жиналысымыз ерекше болмақ, себебі мен Сіздермен «Өзін-өзі тану» пәнінің бір сабағын тәжірибе ретінде өткелі отырмын.
Өткізілетін сабағымыздың тақырыбы «Өмір дегеніміз не?» деп аталады.
Сабақта алға қойылатын мақсаттар: ата-ананың өмірге деген сүйіспеншілігін арттыру, сол арқылы баланың көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, суреттер, слайд, музыка әуені, ойын түрлеріне қолданылатын үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері» атты тренинг өткізу.
Мақсаты: ата-аналардың бір-біріне жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру, жағымды көңіл-күй туғызу.
Шарты: ата-аналар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер құрап тұрады, шеңбер күн тәрізді, бір-біріне жылу сыйлайды.

Құрметті ата-аналар! Мен сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрап дөңгелене тұрайық. Осы дөңгелек шеңберді шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз. Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз - көктегі жылу беретін күн тәрізді дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды бір-бірімізге сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан да бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. «Өзін-өзі тану» сабақтарында ұйымдастырылатын «Шаттық шеңбері» әрбір балада өзі өзгелерге сенетін және өзі де сенімге ие болатын үлкен достық шеңберіне қабылдануы ретінде түйінделеді. Шеңберге тұрып Жер-Анаға, Аспан Атаға өз мейірімін төккені үшін ризашылығын білдірумен бірге, бір-біріне деген риясыз шын жүрегінен шыққан тілектерін айтуы, жылы лебіздерін білдіруі рухани дамудың негізін қалауға ықпал ететінін байқадық.

Келесі тренинг «Шаңырақ құру».
Мақсаты: бір-біріне иіліп сәлем беру, бірігіп жұмыс істеудің артықшылығын түсіну, бір-бірін жағымды көңіл-күй сыйлау.
Шарты: дөңгеленіп тұрып, уық көтеріп, шаңырақ құрып, керегені бекіткендей қимылдар жасап, иіліп бір-біріне сәлемдесу.
Шаңырақ - бірлік пен ынтымақтастық, бауырмалдық белгісі. Біз бір ұжым ішінде балаларымыздың жақсы оқуы, тәртіпті болуы, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуына мүдделіміз, сондықтан да бір-бірімізге жағымды көңіл-күй, ой көзқарас сыйлауға тырысайық.

Ата-аналардың бір-біріне деген жылы қарым-қатынасын орнату арқылы бірлесе жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйластыққа, өзін және өзгені құрметтеуге қолайлы жағдай қалыптастыруда «Танысу» кезеңі де үлкен роль атқарады.

«Танысу» тренингі – ата-аналар бір-біріне өз есімдерін, оның алдына бір сын есім қосып айтып танысулары керек. Мысалы: айдай сұлу Айсұлумын, керім Күләшпін, т.б. Барлығымыз дөңгеленіп отырамыз. Танысып болған соң, өмірге байланысты слайдтар, бейнетаспа көрсету арқылы олардың пікірін білу, өмірде кездесетін жағдаяттарды көріп, бірге талқылауға шақырамын. Бейнетаспаны көріп болған соң ата-аналарға сұрақтар қою арқылы пікірлесу өткіземін.
Сұрақтар: 1. Өмірде нені құнттайсыз?
2. Сіздің өміріңіздегі ең маңызды қадамыңыз?
3. Осы өмірдегі ең бақытты сәтіңіз?
4. Өмірде нені қатты бағалайсыз?
5. «Өмір-өзен» дегенді қалай түсінесіз?
6. Неге өмірді өзенге теңейміз?
7. Әр адам не үшін өмір сүреді?

Сабақ барысында «Танысу» кезеңінде оқушылардың өздері туралы жағымды пікір, ой айтуы олардың өздеріне деген сенімділік, күш-жігер, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, ертеңіне зор үмітпен қарайтын жеке тұлғалар қалыптаса бастайды. Ата-аналар да отбасында балалардың өзіне деген сенімділік, өзіндік «менін» тудыратын жағымды есім, жылы сөздерді барынша мол қолдануы керек.

Келесі тренинг бойынша ата-аналарға түрлі-түсті фигураларды беру.
Құрметті ата-аналар! Қазір сіздерге тапсырмалар беріледі. Әр қайсысыңыз түрлі-түсті бір фигураны алып, сол түстегі столға барып отырасыздар. Столдағы тапсырмаларды орындауларыңыз керек.
1. Мектепке деген махаббатыңызды білдіріп гүл шоғын жасаңыз.
2. Балаға деген махаббатыңызды білдіріп гүлге жазып жапсыру.
3. Ата-ананың бір-біріне деген махаббатын білдіріп күн шуағына жазу.
Тапсырмаларды орындап болған соң, пікірлерін сұрау, қорытынды жасау, пікірлері балаларының пікірімен сәйкес келе ме, жоқ па, талдау жасалатыны ескертіледі.
Сіздерге ұсынылатын келесі ойын-жаттығуы – «Тыныштық сәті». Әуен ойналады, көздеріңізді жұмып отырып тыңдайсыздар, әуенді тыңдап болған соң, қандай сезімде болдыңыздар, сол жөнінде пікірімізді ортаға салайық.

Балалармен жүргізілетін «Тыныштық сәті» оларға жағымды ойларға берілуге мүмкіндік жасайды. Олардың ойларына тіпті ересек адамдар ойламайтын қызықты бейнелер елестейтінін айта кетейін. Тыныштық сәті аяқталғаннан кейін балалар өздерінің санасында, қиялында ойлап тапқандары жайлы әңгімелеп, суреттейді. Оларды тыңдап отырып, бала қиялының қаншалықты бай екенін көреміз. Сіздер де үйде балаларыңызбен бірге қиялдап, ертегі құрастырып, өлең шығарып көріңіз. Жан-дүниесі таза, қиялға бай, білімге ынтық азаматтың қалыптасары сөзсіз. «Өзін-өзі тану» сабағында көзделген мақсат әрбір баланың өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоциялық көңіл күйі мен мінез-құлық мотивтерін ұғына білуге, бағалай білуге мүмкіндік туғызу болып табылады.

Сіздерге ұсынылатын келесі ойын жаттығуы – «Жүректен-жүрекке».
Бұл кезеңде мен Сіздерге «Ғажайып сандық» туралы шағын әңгіме айтып беремін. Бұл әңгіме атасы мен немересі жайында. Сіздер әңгімені тыңдап болғаннан кейін, менің қолымдағы ғажайып сандықты осы өмірде балаларыңызға арнайтын, ұстазға деген тілектермен, жылы сөздермен толтырасыздар. Бұл кезеңде балалар сабақ үстінде алған білімдерін, жаңа ақпараттарын қорытындылай келе ой бөлісіп, жылы тілектер жүректен-жүрекке ұштасып жатады.
«Өзін-өзі тану» сабақтарында ұсынылатын ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, бұндай ойындардың өзі бала бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді. Ата-аналардың баламен жүргізілетін ойындар мен жаттығуларды осылай жасауы олардың бала психологиясын тереңірек түсінуге, оларға сеніммен қарауға, балалардың ойымен, көзқарасымен санасуына мүмкіндік береді.

Адамзат – табиғаттың ажырамас бір бөлшегі, адам табиғатта тіршілік етеді, оның мөлдіреген суын, биік тауларын, әсем бұлттарын, ерекше, өзіндік әсемдігі мол жыл мезгілдерін тамашалай отырып, осы кең байтақ жерімізді аялауға, кәусардай мөлдір суын ластамауға, әр табиғат жаратылысын қорғауға баулуымыз керек деген тәрбиенің қайнар көзі осы «Өзін-өзі тану» пәнінде жатыр десек, қателеспейміз.

Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Сондықтан, қымбатты ата-аналар, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асады.

Сонымен бірге бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық, тығыз байланыс орнатуда да бұл пән үлкен роль атқарады. Себебі, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарды үйрету – ата-ананың да басты міндеті. Сондықтан әрбір ата-ана қолына «Өзін-өзі тану» оқулығын алып, онда айтылған тағылымдар мен өнегелі ой-ұғымдарды балаларының оқып үйренуіне ықпал етулері тиіс.

Ал ұстаз өз кезегінде халқымыздың рухани-интеллектуалды мұраларын, мәдени құндылықтарды жаңғыртып, тәрбиеге ұлттық сипат беруге ұмтылуы тиіс.
Қорытынды. Өзін-өзі тану – кез келген адамның қолынан келе бермейтін, қиындықпен жүзеге асатын үрдіс. Мұғалім «Өзін-өзі тану» сабақтарында әр оқушымен жеке тұлға ретінде қарым-қатынасқа түсе отырып, баланың мінез-құлқын, сезімін, әдет-дағдысын бақылай білуге, басқара білуге, сонымен бірге жанындағы адамдарды табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ыстық ықылас таныта білуге үйретеді. Ата-ана да отбасында осы мақсаттардың жүзеге асуына бағытталған тәрбие беруі тиіс.

Сонда ғана болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыра аламыз. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге тәрбиелейміз.

Әр баланы рухани керемет күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақтылы көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұратын, мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін отбасын сүйетін, еңбекқор адал адам тәрбиелеп шығарамыз деп сенемін. Ондай бала басқаға жан жылуын жеткізе алады, барын ортаға с алады, өзін танытады, өзгені де бар күйінде мойындайды, кешірімді болады. Бала тәрбиелеуде ата-ананың ықпалы зор, барлық жасыл желектер күн көзіне қарап бой түзейді. Олар көлеңкені сүймейді. Артық бұтақтар мен арам шөптерді қырқып, отап отырсаңыздар еккендеріңіз түзу, алқабыңыз жайнап тұрары сөзсіз.
Бала да сол. Оған ақыл-кеңес, өнегелі әңгіме, мейірім керек. Олай болса, ағайын, бала тәрбиесі тек отбасында ата-аналық парымыз ғана емес, Отан алдындағы борышымыз екенін естен шығармайық!

Бүгінгі кештен алған әсерімізден әрқайсымыз өз ойымызбен түйін түйейік. Олай болса, кеш соңында мектепке жиі келіңіздер. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Жанұя мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар дегіміз келеді.
Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелейміз деп сіздерді сендіруге болады.

Тақырыбы: “Баланың бас ұстазы – ата-ана”

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру;
оқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту.
Әдісі: Сұрақ – жауап, пікірталас, ой бөлісу.
Көрнекілігі: Слайдтар.
Әр адамның бойында күн шуағы бар, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек. Сократ
Баланың жақсысы – қызық,
Жаманы – күйік.
Абай
“Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,
15-ке дейін құлындай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла.”
Барысы:
1.Кіріспе. (ІІ тоқсан қорытындысы)
2. Баяндама:«Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері»
3.Педагогикалық ойын «Кім мәреге бұрын жетеді?»
4. «Баланың бас ұстазы – ата-ана» (пікірлесу)
5. «Миға шабуыл» стратегиясы.
6. Психологиялық тренинг.
І Кіріспе:
— Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Баланың бас ұстазы — ата-ана» атты отырысқа хош келдіңіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелері болса, ойымызды ортаға салғалы отырмыз.
Алдымен, сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында «Шаттық шеңбері»
тренингін өткізгелі тұрмын. Ал, құрметті ата–аналар, қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз.Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық. Әр ата–ана өзін өзінің атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру.
Енді өткен ІІ оқу тоқсанының қорытындысына тоқталып өтейін.
5«А» класында барлығы 18оқушы бар.Оның қызы-10, ұлы-8.
Жалпы класс құрамы жақсы.Кластағы білім сапасы 78% .
Оқу озаты-8, оқу екпіндісі-9.
Жекеленген пәндерден білім сапасы мен оқушылардың және кластың жетістіктері туралы айтылады, слайдтар арқылы тақтада көрсетіледі.

ІІ. «Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері» Баяндама .
“Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы”
Қазақстан Республикасы Ата Заңы, 27-бап, 2-тармақ.
“Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін ата-аналар күнделікті есте ұстауға тиісті”
“Қазақстан 2030” бағдарламасы

ІІІ. Педагогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.).

І V.Бүгінгі «дөңгелек үстел» мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді:
1.Отбасындағы бос уақытты қалай пайдаланасыздар?
2.Балаңыздың досы кім, оның қандай іс-әрекетін, қылықтарын білесіз?
3.Білім сапасын көтеруде ата-ана ролі бар ма?
4.Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
5.Балаңыздың қандай пәндерге бейімділігін байқадыңыз.
6.Сізді ерекше толғандыратын қандай жағдайлар?

V. «Миға шабуыл» стратегиясы.» Бүгінгі тақырыппен байланысты, яғни бала туралы мақал-мәтелдер айту.

VІ Психологиялық тренинг "Алтын дән"
Қорытынды
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.





"Бала - әлем аясында"

(Ата-аналармен семинар-тренинг)

Өткізген: мектеп әкімшілігі.


 Ата-аналар жиналысы барысы

 

Тақырыбы: Бала әлем аясында

Мақсаты: Баланың бойындағы қажетті дағдыларды,адами құндылықтарды,әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру;дамыту.

Обьект: 5-9 сынып ата-аналары

Әдісі: Сұрақ-жауап,талдау,ой толғау.

Көрнекіліктер: Слайдтар,сюжеттер,плакат

Өтілген уақыты: Қаңтар айы 2011 жыл

 

Күн тәртібінде:

 

1.     «Бала әлем аясында» «Отбасының орны» моделдеу (Алма жеміс ағашы,тамыры,бұтақтары,жапырағы.жемісі,)

2.     «Бала -әлем аясында» Отбасындағы ата-ананың рөлінің маңыздылығы (Ата-аналармен ой- толғаныс)

3.     Өмірмен байланыс «Отбасындағы жағдайлар»сюжеттен үзінді

4.     Жүректен-жүрекке жылы лебіздер арқылы қорытындылау«Слайд»арқылы

 

Жүргізілу барысы:

 

1.Кіріспе сөз   №54МЛ директоры Арқабаева Ұ.Н

2. «Ағаш жеміс»арқылы отбасын моделдеу (Ата-ана,баланың орны)және неге тамыр,жеміс,жапырақ,бұтаққа теңелді ата-аналар өз ойларын ортаға салады

Сен жас буын,жаңа тал,

Гүлің де өсіп шашырар.

Тамырыңды жайып тереңге.

Тәлім және білім ал!

1,Бала –ата-анасының физиологиялық, және психоәлеуметтік көшірмесі

-Барлық нышандарды бала ата-анасының тұқым қуалау арқылы алады:

-Ата-анамен қарым-қатынас әсер етеді;

 

2.Ата-ана балаларына бірнеше механизмдер көмегімен әсер етеді:

 

БІРІНШІДЕН, БЕКІТУ:балалардың қылығын мадақтау және жазалау.

Ата-ана бала санасына нақты нормалар жүйесін енгізеді,бұл жүйе

 уақыт өте келе баланың ішкі қажеттілігіне айналады

ЕКІНШІДЕН,СӘЙКЕСТЕНДІРУ:ата-анаға ұқсауға ұмтылып,еліктеу.

ҮШІНШІДЕН,ТҮСІНУ: баланың ішкі әлемін біліп,өмірлік мәселелеріне ретпен орынды араласу арқылы ата-аналар оның өзіндік санасын

 және коммуникативті сапаларын қалыптастырады.

 

 

3.Отбасы-ең үлкен,мықты тәрбие ошағы:

 

 

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің ерекшелігі-оның тұрақтылығында.Қоғамдық ережелер,ең алдымен,отбасында

қабылданып мойындалады.

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында“Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың етене құқығы әрі міндеті”деп белгіленген.

 

 

 

4.Ата-ана келеңсіз жағдайларда өзін қалай ұстау керек?

   БОЛАДЫ:

-Баланы түсінуге тырысу;                     

-Сеніміне қолдау жасау;

-Бәрінің өткінші екендігін түсіндіру және тыныштандыру;

-Жиі мақтап жаман ойлардан арылту;

-Кейімеу,жазаламау;

-Өмірін жақсартып,оны жақсы көру;

-Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру:

-Қорқынышты фильмдер мен шығармаларға уақытша шектеу жасау;


БОЛМАЙДЫ:

-Ашулануға,ренжуге;

-Үнемі бақылап қорқытуға;

-Жазалауға;Қол көтеруге

-Арына,намысына тиетін сөздерді айтуға;

-Үнемі өзінің жек көретіндігін білдіруге;

-Ерлі-зайыбы арасындағы проблеманы баланың  көзінше айтуға;

-Тәрбиелеу барысында баланы екі жаққа тартуға;

-Әр баланы ерекше бөлуге;

5. Өмірмен байланыс: «Отбасындағы жағдайлар»сюжеттен үзінді (ата-аналардың ойы,пікірі)

6. «Жүректен-жүрекке» жылы лебіздерін білдіре отырып «Слайд»арқылы түйін сөз жасау.

 

Қорытынды:

 

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды,білімді,Отанының сүйікті және кішіпейіл азматы болып жетілуін қадағалайды.Сондықтан да олар өз балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.

   Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді.

Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса.перзенттері де әдепті,тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»деп бекер айтпаған.Ендеше ата-аналар ұл мен қыз тәрбиесін дұрыс беріп.оған өздері үлгі бола білсе,баланың санасында ол мәңгі мөрленіп қалады да,бүкіл өміріне азық болатыны сөзсіз.

 _________________________________________________________________________________________________

 

Астана қаласы №54 мектеп-лицейінің ата-аналармен жүргізген жұмысының қорытындысы 2010-2011 оқу жылы

 

 

Ата-аналар жиналысы барысы:

 

Тақырыбы: Бала әлем аясында

Мақсаты: Баланың бойындағы қажетті дағдыларды,адами құндылықтарды,әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру;дамыту.

Обьект: 5-8 сынып ата-аналары

Қатысқаны: 400 ата-ана

Өткізілген уақыты:  09.12.2010

Әдісі: Сұрақ-жауап,талдау,ой толғау.

Көрнекіліктер: Слайдтар,сюжеттер,плакат

 

Күн тәртібінде:

 

1.     «Бала әлем аясында» «Отбасы мүшелерінің орны» жоба құру (Алма жеміс ағашы,тамыры,бұтақтары,жапырағы.жемісі,)қорғап шығады.

2.     «Бала -әлем аясында» Отбасындағы ата-ана рөлінің маңыздылығы (Ата-аналармен ой- толғаныс)

3.     Өмірмен байланыс «Отбасындағы жағдайлар»сюжеттен үзінді өз ойларын білдіру.

4.     Жүректен-жүрекке жылы лебіздер арқылы қорытындылау«Слайд»арқылы түйін сөздер

 

Жүргізілу барысы:

 

1.Кіріспе сөз   №54МЛ директоры Арқабаева Ұ.Н

 

Ата-аналармен практикалық жұмыс:

 

2. «Ағаш жеміс»арқылы отбасын моделдеу (Ата-ана,баланың орны)және неге тамыр,жеміс,жапырақ,бұтаққа теңелді ата-аналар өз ойларын ортаға салады

 

Аудиториямен жұмыс:

 

1,Бала –ата-анасының физиологиялық, және психоәлеуметтік көшірмесі

-Барлық нышандарды бала ата-анасының тұқым қуалау арқылы алады:

-Ата-анамен қарым-қатынас әсер етеді;

 

2.Ата-ана балаларына бірнеше механизмдер көмегімен әсер етеді:

 

БІРІНШІДЕН, БЕКІТУ:балалардың қылығын мадақтау және жазалау.

Ата-ана бала санасына нақты нормалар жүйесін енгізеді,бұл жүйе

 уақыт өте келе баланың ішкі қажеттілігіне айналады

ЕКІНШІДЕН,СӘЙКЕСТЕНДІРУ:ата-анаға ұқсауға ұмтылып,еліктеу.

ҮШІНШІДЕН,ТҮСІНУ: баланың ішкі әлемін біліп,өмірлік мәселелеріне ретпен орынды араласу арқылы ата-аналар оның өзіндік санасын

 және коммуникативті сапаларын қалыптастырады.

 

3.Отбасы-ең үлкен,мықты тәрбие ошағы:

 

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің ерекшелігі-оның тұрақтылығында.Қоғамдық ережелер,ең алдымен,отбасында қабылданып мойындалады.

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында“Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың етене құқығы әрі міндеті”деп белгіленген.

   Осы заңға сүйене отырып ата-ана отбасында өзінің рөлін қалай атқарады және қалай?

 

Тыңдалды:

 

 

1. №54 Мектеп-лицейінің 5 «ғ»сынып ата-анасы Бимұратұлы Ербол

 

      Өз сөзінде отбасындығы қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлардың барлығын өмірмен байланыстыра отырып, ата-аналардың бала тәрбиесін екінші орынға қойып,тіршілік,күн көрістің қамымен уақыт бөлмейтіндігі туралы тоқталып кете мектеп ұжымының бала тәрбиесінде ерекше жұмыстардың атқарылғандығына рахметін де айтты.

2. №54 Мектеп-лицейінің 6 «г»сынып ата-анасы Шаймерденова Сауле

      Мектеппенен ата-аналарлың байланысының жоқтығы,мектепке шақырса жұмыстарын сылтауратып,уақыттарының жоқтығын айтып келмей жатады.Мектепте өтіп жатқан жиналыс,іс-шараларға жауапты ата-аналар ғана келіп қатысатындығы жайлы айтылды.Мекетептегі өткізіліп жатқан әр күнгі іс-шаралар тек балаға арналады сол себептен ата-аналардың уақыт тауып қатысуларын сұрады. 

3. №54 Мектеп-лицейінің 7 «а»сынып ата-анасы Керкаева Гаухар

      Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі бала тәрбиесінің отбасында тек сөз,кеңес берумен ғана шектеледі.Баласының бойындағы өзгерістер мен құбылыстрды және мінез-құлқының өзгеруіне аса мән беріп,жас ерекшеліктерін ескере отырып қарым-қатынас жасасақ қиындықтар мен проблемалардың алдын алып отырамыз.

5. Өмірмен байланыс: «Отбасындағы жағдайлар»сюжеттен үзінді (ата-аналардың ойы,пікірі)

6. «Жүректен-жүрекке» жылы лебіздерін білдіре отырып «Слайд»арқылы түйін сөз жасау.

 

Қорытынды:

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды,білімді,Отанының сүйікті және кішіпейіл азматы болып жетілуін қадағалайды.Сондықтан да олар өз балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.

   Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді.

Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса.перзенттері де әдепті,тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»деп бекер айтпаған.Ендеше ата-аналар ұл мен қыз тәрбиесін дұрыс беріп.оған өздері үлгі бола білсе,баланың санасында ол мәңгі мөрленіп қалады да,бүкіл өміріне азық болатыны сөзсіз.

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптастыруына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.Тапсырма 1.Ата-аналармен ұстаздардың кездесуі. 2.Ойынға қатысушылар арасындағы қарым –қатынасты орнату. 3.Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол-бала тәрбиесі.Бала үшін үй ішінде, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы.
«Кездесу» (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың жақсы қасиетін айтады). 2. «Жанұя» (доп беру арқылы ата-ана жауап береді). 3.Қызықты сұрақтар
1.Балаңыздың туған күні?
2.Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4.Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5.Балаңыздың парталас көршісі кім?
6.Бүгін сабақта қандай баға алды?
7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8.Балаңыз сыныпқа қай жылы барды?
9.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
10.Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек
-дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.
Жалпылау.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
«ия» десеңіздер қолдарыңызды шапалақтаңыз.
«жоқ» десеңіздер-аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1.Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2.Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?
-егер «жанұя» десеңіздер жымиыңыз.
-егер «қоршаған орта,қоғам» десеңіздер қолды алдымызға созамыз.
3.Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
-егер «әке» десеңіздер,қолды шапалақтаңыз,
-егер «шеше» десеңіздер қолды бұлғаймыз.
-егер «екеуі» десеңіздер,орнымыздан тұрамыз.
Сұрақ-жауап.
1.Отбасының қорғаны кім?
2.Сіз балаңыздың қандай азамат болғанан қалайсыз?
3.Отбасыңыздың ұлттық салт-дәстүрімізді қалай насихаттайсыз?
4.Балаңызға кімді үлгі тұтасыз?
5.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?
6.Балаңыз қандай білім алғанды қалайсыз?
7.Баланың сапала білім алуы кімге байланысты;
Көрініс
Түскі ас кезі. Отбасы жиналып, тамақтануға отырды. Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаны баласы көтерді. Әке шешесі баласына өздерінің жоқ деп айтуын өтінді.
2.Таңертеңгі мезгіл. Анасы баласын сабаққа баруға оятады. Бала ұйқысынан тұрғысы келмеді. Әкесі баласын жақтап, сабаққа бармауын өтінді. Осы кезде телефон соғылды. Тұтқаны алған шешесіне баласы өзін жоқ деп айтқызды.
-Бала деген кім?
(ізбасарымыз, болашағымыз, көмекшіміз, сүйенішіміз, өмірімнің жалғасы.
Ертеде бір ғұламаға келіп:
-Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс?-деп сұрапты. Ғұлама:
Балаңыз қаншада?-деп сұрақ қояды.
-Бес-ақ ай толды,-дейді анау. Сонда ғұлама басын шайқап:
Бес айға кешіккен екенсіз,деген екен. Халық арасынан кең таралған бұл аңызды айтпағы баршаға түсінікті. Яғни,баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек.
Демек, бала тәрбиесінің негізінен құятын ең алдымен ата-ана.
Ой жинақтау (плакат,фломастер,қалам т.б)
1.Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.
2.Бала үшін, мұғалім мен ата-ана арсында қандай қарым-қатынас болу керек.
Ата-анаға қуаныш,
Алдыны алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой –өлкесі,
-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перезент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық.
Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен:
«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастарға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ, ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс.
Бұл ата-ана да, ұстазға да ой салады деп ойлаймын.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.






Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Раздольный орта мектебі 


АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ 

Тақырыбы: «Адамгершілік –асыл қасиет» 

Өткізген мұғалімдер: Онгарбай Жанерке

Мусина Лаззат 

2015 оқу жылы 

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет 

Мақсаты:ата-аналардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.



Көрнекілігі:ән-күй,үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Интерактивті тақта.



Ата-аналар жиналысын өткізген мұғалімдер: Онгарбай Жанерке, Мусина Лаззат 

Ата-аналар жиналысы екі бөлімнен тұрады. 


  1. Ата-аналармен жұмыс. 


  2. Оқушылармен ашық тәрбие сағаты
     


Жоспар: 


  1. Тренинг . Өзін таныстыру
     


Ойын «Өз орныңда тап!» 


  1. Топқа бөлу. «Бағдаршам»
     


  1. Топтық тапсырма:
     


А.Баланың бойындағы жақсы қасиеттер

Б.Баланың бойындағы жаман қасиеттер

В..Ашу дұшпан-ақыл дос.

5.Ойлан, тап! Сұрақ-жауап бөлімі

6.Мұғалім сөзі

7. Сергіту сәті

8. Оқушылардың ашық тәрбие сағаты

Барысы: 


  1. СЕРГІТУ СӘТІ. “ Менің орным қайда” жаттығуы.
     
    Мақсаты: Ата-аналардың көңіл- күйі көтеріледі, азда болсын денесі шынығады;
     
    2. ТОПҚА БӨЛУ . « Бағдаршам» ойынымен ұжымды 3 топқа бөлінді.
     
    1.Ағымдағы мәселені зерттеу – 10 мин. Берілген тапсырмалар.
     


1-топ.Баланың бойындағы жақсы қасиеттер «Сарылар»

2-топ Баланың бойындағы жаман қасиеттер «Қызылдар»

3- топ .Ашу дұшпан-ақыл дос. «Жасылдар»

Әр топ өз жұмыстарын постер арқылы қорғады.


 
2-топ «Сарылар» 

 





1-топ. «Қызылдар»
 


 


3-топ. «Жасылдар»
 

2. «Ойлан, тап!»
 

Әр топқа екіден адам бойындағы қасиеттер жайында тапсырмалар беріледі. Сол қасиеттің не екенін табады.

Тапсырмалар:




  1. Адам бойындағы таза ниет. Ол-шыншылдық, әділдік, жалтармаушылық, уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттер жиынтығы. Тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, адал ниетпен орындау, басқаға қиянат жасамау, шындықты ар-ұжданды қорғау. /адалдық/
     


  2. Адамдар арасында ізетті, өзгені сыйлай біледі, жан-жағына көмектеседі, ортасына сыйлы, сөзі сыпайы адам./Әдепті/
     


  3. Адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға, ет жақын туыс –туғандарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілерге деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығы./жанашырлық/
     


  4. Адам бойындағы белгілі бір істі, өзінше тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет. Өмірге, іс-әрекетке ар-ұятпен, аса ұқыптылықпен қараудың белгісі./Жауапкершілік/
     


  5. Адам бойындағы жақсы қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы, мәдениеттің белгісі. Ол адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының жалпы ережелері.Биязы, инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті деген ұғымды білдіреді. / Әдептілік/
     


  6. Адамға, табиғатқа, жан-жануарға жақсылық істеу, оны күту, үлкен адамға қызмет етіп, оған көмек көрсету. /Қамқорлық/
     


Тапсырмалар орындап болғаннан кейін әр топтың түйінді пікірлері тыңдалады.
 

Мұғалімдердің сөзі: Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. 
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
 
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
 
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
 
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
 
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
 
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
 
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
 
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген
 

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-адам баласының дұшпаны.

2.Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.


Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады .

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский : «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.


Кім болса да жақсы өмір сүруге тырысады. Жақсы өмір сүру материалдық және рухани байлықтың арақатынасының тепе-теңдігіне байланысты. Абайдың «ақыл мен жүректі бірге ұстаң»,-деген сөзінен жақсы өмірдің бейнесін көруге болады. Тағы бір сөзінде Абай « мінезге бай» болу керектігіне тоқталады. Шынайы байлық адамдардың іс-әрекетінен көрінеді.
 
II бөлім. Оқушылардың қатысуы.

1.4-сынып Көрініс. «Бір атаның үш ұлы»

Өлең тақпақтар айтады. 


  1. 3 «А» сынып
     


«Ата ақылы»

«Жақсы болу өзіңнен» т.б тақпақтар

Мақал - мәтелдер 
1. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
 
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
 
2. Мейірімділікті анадан үйрен,
 
Әдептілікті данадан үйрен. т.б
 

«Ата-ананы тыңдайық» әні айтылады.

Жиналыс соңында тәрбие меңгерушісі ата-аналарға тілек айтты.



Қорытынды сөз.

Ата-ананың ақылы

Сайрап жатқан жолмен тең

Ақылдының ақылы

Сарқылмайтын көлмен тең. 
Жиналыстағы кейбір сәттер: 

 

Жұмыс кезі Постер қорғау сәті 

 

Оқушының өлең оқу сәті «Бір атаның үш ұлы» көрініс

«



Қорытынды кезең. Менің пікірім...
 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.02.2018
7790
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі