ХАТТАМА
АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
№5
«06» мамыр 2024
ж
Күн тәртібінде:
-
Кәсіби бағдар
беру
-
Қорытынды аттестация
кестесі
-
Әртүрлі
мәселелер
Қатысқаны 7
адам
Күн тәртібі бойынша
сөйлегендер:
Күн тәртібіндегі бірінші
мәселе бойынша сынып жетекшісі сөз алды:«Бейіндік оқыту – баланың
болашақ мамандығын сәтті таңдауының кепілі» атты баяндамасын оқумен
басталады. Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті
мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет.
Мен 9 сынып оқушыларымен бір қатар жұмыс жүргіздім, мысалы
тренингтер түрінде оқушылармен топтық кәсіптік бағдар беру
сабақтары өткізілді. "Кім болғым келеді", "Мамандық таңдау маңызды
іс", «Темперамент және мамандық» тақырыптарындағы кәсіптік бағдар
беру бойынша сабақ, дөңгелек үстел өткіздім. Сабақтар оқушыларды
болашақ мамандықты жауапкершілікпен таңдауға ынталандырады деп
ойлаймын.
ДТЖО Келенова Л.Д.: Кәсіби
бағдар беру бойынша, мектеп ата-аналармен тығыз жұмыс жасауымыз
керек. Ыстық ұя, туған үйлерінен кейінгі, екінші үйлері мектебі,
өмірде өз орындарын табуға бірден бір себепші болары сөзсіз.
Мамандық таңдап, болашақтан өз орындарын ойып табуда ата-анадан
бөлек, ұстаздардың үлесі зор екенін білеміз. Осы орайда,
оқушылардың қабілеттері мен бейімдерін шыңдауда мектеп ұжымы аянбай
жұмыс жасауда, әр баланың өмірдегі өз орнын табуына барынша көмек
көрсетіп келеді.
Ата-ана: Отбасы - өмірді кемеліне келтіретін,
бақыт әкелетін қасиетті мекен. Дұрыс таңдалған мамандықтың оқушының
қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен
қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қарай, қоғамда түрлі
мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да,
оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық
таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру
керекпіз.
Екінші мәселе бойынша ОІМ
Нуртазина Б.М ата- аналарды қорытынды аттестация кестесімен
таныстырды. 29.05.2024ж – Қазақ тілі, 03.06.2024ж- математика,
06.06.2024ж – орыс тілі, 09.06.2024 ж – биология пәндерінен емтихан
жұмыстары алынады. Ата-аналарға психологиялық дайындық жүргізілді,
оқушылардың қосымша сабақтарға қатысуын қадағалау
ұсынылды.
Жиналыстың шешімі:
1. Ата-аналарына балаларының
мамандықты таңдау бойынша берілген кеңестерге назар
аудару
2.
9 сыныптардың қорытынды
аттестациясына оқушыларды дайындау ата-аналар тарапынан
мүмкіндігінше көмек көрсетілсін
3.Ата- аналар балаларын
көбірек қадағалап, сабақтан қалдырмай
жіберсін.
Сынып жетекші:
Ш.Т.Әбдіғапарова