Жиналыс жоспары
Тақырыбы: «Жаңа
оқу жылындағы бағалау жүйесі: БЖБ, ТЖБ және критериалды
бағалау»
Форматы:
Тренинг түрінде
Ұраны: «Әр бала
– бір жұлдыз, бірге жарқыратайық!»
Мақсаты:
- Ата-аналарды
бағалау жүйесінің ерекшелігімен таныстыру
- Күнделікті сабақтағы дескрипторлар арқылы бағалауды тәжірибе
арқылы көрсету
- БЖБ, ТЖБ тапсырмаларының маңызын түсіндіру
- Баланың оқуына ата-ананың қолдауын арттыру
- Ата-аналар комитетін сайлау
Жоспар барысы:
-
Ерекше қарсы
алу – «Жұлдызды жол» әдісі (ата-аналарға жұлдызша
тарату)
-
«Табан іздері »
арқылы сұрақтарға жауап бере отырып,жұлдызшаны өз баласының есіміне
апарып жабыстырады.
-
«Білесіздер,білмейсіздер » жаттығуы әр ата-ана өздерінің
біз білмейтін жақсы жақтарын айтады
-
Тәжірибелік
бөлім (тренинг): «Оқушы болайық» жаттығуыәр ата-анаға қалам мен
парақ таратылып,үй суретін салу тапсырылады.Өз суреттерін
бағалайды.
-
. Ақпараттық
таныстыру – критериалды бағалау, БЖБ, ТЖБ жайлы түсіндіру
- Күнделікті сабақ үлгісі (10 балдық дескриптор)
- БЖБ тапсырмасы
- ТЖБ тапсырмасы
-
Талқылау –
ата-аналар ой бөліседі
-
Ата-аналар
комитетін сайлау – төраға, қазынашы, мәдени іс-шаралар
ұйымдастырушы
-
Қорытынды бөлім
– «Кейіпкерге хат» әдісі арқылы жиналыстан түйген ойларын хатқа
жазып қалдырады
-
Алғыс білдіру –
мұғалім ата-аналарға рахмет айтады
Жиналыс
хаттамасы
Хаттама
№1
2-сынып
ата-аналар жиналысы
Күні: ___
__________ 2025 жыл
Өткізілген
орны: ________________
Қатысқандар:
Сынып
жетекшісі: __________________________
Ата-аналар:
_______________________________
Күн тәртібі:
1. Бағалау
жүйесін тәжірибе арқылы көрсету (тренинг)..
2 Жаңа оқу жылындағы критериалды бағалау жүйесі туралы ақпарат
(күнделікті бағалау, БЖБ, ТЖБ).
3. Ата-аналар комитетін сайлау.
4. Қорытынды пікір, алғыс айту.
Тыңдалды:
Сынып жетекшісі
Г.Кенешбаева ата-аналарға жаңа оқу жылындағы бағалау жүйесі жайлы
түсінік берді. Ата-аналарға күнделікті дескрипторлармен бағалау,
БЖБ және ТЖБ тапсырмалары тәжірибе арқылы көрсетілді.
Шешім
қабылданды:
1. Критериалды
бағалау жүйесімен танысты деп есептелсін.
2. Балалардың оқу жетістігін қадағалап, қолдау көрсету ата-аналар
тарапынан жалғасын тапсын.
3. Ата-аналар комитеті сайланды:
- Комитет төрағасы: __________________
- Хатшы: __________________________
- Мәдени іс-шаралар ұйымдастырушы: _____________
Сынып жетекшісі: ____________
Хатшы: ____________

