Ата-аналар жиналысына
арналған тренингтер
1."Үлгілі ата-ана боламын
ба?» психологиялық жаттығуы.
Мақсаты: ата-аналар үшін
жағымды орта орнату, тәрбие берудің жолдарын
көрсету.
Ата-аналар шеңбер құрып
тұрады, мұғалім де шеңберде тұрып ата-аналар үшін сөздерді оқып,
қимылдарды істетеді.
Мұғалімнің сөзі. «Құрметті
ата-аналар, егер сіз осы айтқандармен келіссеңіз, белгілі бір
қимылдарды орындайсыз:
-
Егер сіздің отбасыңызда
анда-санда балаңыздың сізге бағынбай, айтқаныңызды орындамаса, онда
шапалақтаңыз.
-
Егер сіз балаңызға ұрысып,
жазалаудан гөрі жиі мақтасаңыз, онда мұрныңыздың ұшына қолыңызды
тигізіңіз.
-
Егер сіз өзіңізді жақсы
ата-анамын деп санасаңыз, жұдырығыңызды кеудеңізге
тигізіңіз.
-
Балаңызбен қандай да бір
қиындықтар немесе түсініспеушіліктер туындаса, оң көзіңізді
жыпылықтатыңыз, ондай болмаса, сол көзіңізді
жыпылықтатыңыз.
-
Егер сіз отбасыңызда балаңызды
жазалағанда, басқа отбасы мүшелері баланы жұбата бастайтын болса,
онда аяғыңызбен жерді таптаңыз.
-
Егер сіз бала тәрбиесінде ең
бастысы – ата-ана үлгісі десеңіз, онда
күлімсіреңіз.
-
Егер сіз балаңыздың үшін
қолдан келгеннің бәрін жасасаңыз – басыңыздан
сипаңыз».
2.«Ата-ана портреті»
тренингі
Мақсаты: ата-ананың бала
тәрбиелеуде қажетті жақсы қасиеттердің маңызын түсінуін қамтамасыз
ету.
Тренингтің
барысы.
Жүргізілуі
жолы.
Психолог немесе мұғалім
ата-аналардың бойларындағы жақсы және жаман қасиеттерін қағаз
бетіне түсірулерін сұрайды. Егер қиын болса, онда мынандай
қасиеттерді экранға шығарып қоюға болады: Жақсы қасиеттер -
«Еңбекқорлық», «Адалдық», «Сенімділік», «Мақсаткерлік»,
«Елгезектік», «Мейірімділік», «Батылдық», «Көрегендік», «Позитивті
ойлау», т.б.; жаман қасеиттер – «Жұмысбастылық», «Жалқаулық»,
«Еріншектік», «Сенімсіздік», «Уәдеде тұрмау», «Дөрекілік»,
«Немқұрайлылық», «Кінәлі сезіну», т. б.
Ата-аналар парақты екіге
бөліп, осы сөздерден алып және өздері де қосып ата-анаға тән жақсы
және жаман жақтарын жазып шығады. Содан соң мұғалім бір сөзшең,
пысықтау ата-ананы ортаға шығарып өзінің ойымен бөлісуін сұрайды.
Мұғалім алдын ала көп қайталанатын, мысалы жақсы қасиеттер және
жаман қасиеттерды А4 парағына шығарып қояды. Көбіне мына сөздер
қолданылады: «Еңбекқорлық», «Адалдық», «Мақсаткерлік»,
«Мейірімділік», «Батылдық», «Талап қою», «Түсіну», «Жұмысбастылық»,
«Еріншектік», «Уәдеде тұрмау», «Немқұрайлылық», егер толық болмаса
сол жерде А4 парағына маркермен жазуға болады. Парақтардағы
сөздерді отырған ата-аналарды ортаға шақырып, олардың киімдерінің
үстіне кеуделерінің тұсына түйреугішпен тағып қояды немесе скотчпен
жапсырып қояды. Кейіпкер ата-аналар ортасында, ал оның қасиеттері,
яғни ата-аналар, оның айналасында жарты шеңбер жасап тұрады. Қағаз
тағылған ата-аналар жазылған қасиеттің не үшін қажеттігін, оның
кейіпкерге қалай көмектесетінін әңгімелейді. Содан соң кейіпкерден
«Қандай жаман қасиетіңді өзіңде жетіспейтін қасиетке ауыстырар
едің?» деген сұрақ қою арқылы жаман қасиеттерін жақсы қасиетке
ауыстырады. Соңынан қасиеттері кейіпкерге жақындап тұрады да, оны
қандай да жағдайда олардың көмекке келетінін қимылдар арқылы
көрсетеді. Мысалы, кейіпкер артқа қарай құлағанда, оны қасиеттері
ұстап қалады. Бұл жақсы қасиет иесінің қандайда жағдайлардан
абыроймен, жақсылықпен алып шығуының
белгісі.
Тренингті қорытындылау.
Мұғалімнің кейіпкерге сұрақтары:
-
Осы тренинг сізге қандай ой
салды?
-
Сіз артқа құлағанда қандай
күйде болдыңыз?
-
Балаңызды тәрбиелеуде қандай
қателер жіберетініңізді, неге көңіл бөлу керектігін түсіндіңіз
бе?
3.«Тыйым салу салдары»
жаттығуы.
Мақсаты: тыйым салудың балаға
әсерін ата-анаға білдірту.
Жаттығу барысы. Ортаға бір
ата-ана шығып, орындыққа отырады. Қалғандары оған таянып, нені
тыйым салатынын айтады. Мысалы, «айқайлама» деп, аузын лентамен
байлап кетеді, келесі ата-ана «жүгірме» деп, аяғын, «қозғалмай
отыр» деп, иығы мен қолын байлайлайды. Барлығы айтып болғаннан
кейін отырған адамға «тұрыңыз» деп, орнынан тұрғызады. Ол тұруға
қиналғандықтан, ленталарды кім байлады сол шешеді және бұл тыйымды
қалай айту керектігін, осы жағдайды қалай шешуге болатынын сөз
етеді. Мысалы, «айқалама» дегеннің орнына «ақырын сөйле», «жүгірме»
орнына бір пайдалы іспен айналысуды ұсыну,
т.б.
Қорытындылау. Орындықта
отырған ата-анадан қандай көңіл-күйде болғанын сұрау. «Сіздің
аяқ-қолыңызды байлағанда қандай көңіл-күйде болдыңыз? Орныңыздан
тұру кезінде қиын болды ма?».
Ата-аналарға сұрақтар:
«Аяқ-қолы байланған адамды көргенде қандай күйде болдыңыздар? Тыйым
салудың мәнін түсіндіру оңай болды ма? Тыйым салуда дұрыс сөздер
таба аламыз ба?».