Материалдар / Ата-аналар жиналысына хаттама

Ата-аналар жиналысына хаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
ата- аналар жиналысының хаттамасы. сынып жетекшілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2024
84
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата – аналар жиналысының хаттамасы

1


9 «А» сыныбы

07 қыркүйек 2023 жыл «Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ-мектеп-лицейіі » КММ 9 «А» сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы болып өтті


Қатысқандар – 20

Қатыспаған – 4

Күн тәртібінде:


1.Жаңа оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау.

2.Жаңа оқу жылында ата-анамен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспарымен және қойылған мақсат, міндеттермен, мектептің ішкі тәртіп ережелері келісім шартпен таныстыру.

3.Ағымдағы мәселелер:



Тыңдалды:


Алдымен сынып жетекшісі –Абдуллаева Д ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, оқушыларға құтты қадам, ақ жол тіледі. Содан кейін бірінші мәселе бойынша ата-аналармен келісе отырып, бірауыздан ата-аналар комитеті төрайымы етіп Омирбекова А, оның көмекшісі болып – Сыздыкова Э сайланды.

Бұдан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Абдуллаева Динара ата-анамен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспарымен таныстырды. Атқарылатын іс-шаралар мақсатына, ондағы сынып жетекшісінің, ата-ананың және бүлдіршіндердің міндеттеріне толықтай тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен бірге әрбір ата-анаға мектептің ішкі тәртібін түсіндіре отырып келісім шартқа қол қойдырды. Әрбір ата-анаға оқушы педагог ұйымдастырған білімді меңгеруге, біліктілік пен дағдыларды игеруге және алған білімді тәжірибеде қолдануға арналған оқу құралдарымен қамтамасыз етуде тиімді кеңес бере отырып, тапсырды.

Жиналыстың үшінші мәселесі бойынша ағымдағы мәселелер айтылды:

- Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері;

- Оқушыларға қойылатын талаптар.

Жиналыс соңында төмендегідей шешім қабылданды.



Қаулы:

1.Ата-аналар комитетінің төрайымы болып – Омирбекова А, оның көмекшісі болып Сыздыкова Э сайлансын.

2.Жылдық жұмыс жоспарындағы атқарылатын іс-шаралардың жүзеге асырылу міндеті сынып жетекшісі мен ата-аналарға бірдей жүктелсін.

3.Ағымдағы мәселелер бойынша қойылған талаптарға сай ата-ана мен сынып жетекшісі арасындағы келісім – шарт оқу жылы бойына өз күшінде болады деп табылсын.




Сынып жетекші: Абдуллаева Д

Хатшы: Бименова А











Ата – аналар жиналысының хаттамасы

2


9 «А» сыныбы

05 қараша 2023 жыл «Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ-мектеп-лицейіі » КММ 9 «А» сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы болып өтті


Қатысқандар – 22

Қатыспаған – 2


Күн тәртібінде:


1.І оқу тоқсанының қорытындысы. Оқушылардың МОДО білім деңгейінің мониторингісі.

2.Күзгі демалыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

3.Ағымдағы мәселелер:


Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі –Абдуллаева Динара ата-аналарға оқушылардың 1 тоқсандағы қорытындысын айтты. Сыныпта 24 оқушы, оның ішінде 13 ұл, 11 қыз бар. Оқу үздіктері 5 оқушы, оқу екпінділері 5 оқушы. Сыныптың үлгерім пайызы 42 пайызды құрады. Ата –аналар баланың сабағына дұрыс көңіл бөлуі қажет екендігі айтылды. Ағымдағы жылы 9 сынып оқушыларынан ББжм бойынша тест болады. Оған жаратылыстану пәндерінен оқушылардың білім жетістіктерін тест арқылы бағалайтындығы туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Екінші мәселе бойынша Абдуллаева Динара ата-аналарға күзгі демалыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережелерін сақтауы туралы айтып кетті.Әрбір оқушы демалыс кезінде өзін – өзі ұстау туралы тәртіп ережесін міндетті түрде білу керек. Ата-анасыз демалыста кешкі сағат 18:00 ден кейін дүкенге, кештерге өз бетімен бармау керектігі, демалыс кезінде баланың өміріне жауапкершілікті ата-ана өз мойынына алатындығы айтылды.

Жиналыстың үшінші мәселесі бойынша ағымдағы мәселелер айтылды:

- оқушылардың мектеп формасы талапқа сәйкес болуын қадағалау;

- оқушылардың сабаққа әрқашан дайындалып кешікпей келуін қамтамасыз ету.

Жиналыс соңында төмендегідей шешім қабылданды.



Қаулы:

1. І оқу тоқсанының қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.

2. Күзгі демалыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақталсын.

3. Оқушыларға қатысты барлық мәселелер уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.




Сынып жетекші: Абдуллаева Д

Хатшы: Бименова А














Хаттама № 2


10 «Ә» сыныбы

Ата-аналар жиналысы

2 хаттамасы

10 қараша 2021 жыл

Қатысқандар – 15

Қатыспағандар –9

Күн тәртібінде:

1. Баяндама: «Мамандықты дұрыс таңдау». Мурзабекова А

2. I тоқсан оқу қорытындысы.

3. Ағымдағы мәселелер: Оқушылардың тәртәбі т.б.

Тыңдалды:

Сынып жетекшісі жаңа стандарт бойынша оқушылардың оқу жетістіктері критериалды жүйе арқылы бағаланатындығы жайлы таныстырылым жасай отырып, жаңартылған білім мазмұны ерекшеліктеріне тоқталды. «Мамандықты дұрыс таңдау» атты баяндама оқылды.

Бұдан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 1 тоқсан бойынша оқудың үлгерім, сапа көрсеткіштеріне презентация жасады және алдағы тоқсанда оқу сапасын одан әрі арттыру мақсатында ата-аналардың сабақтарға қатысу, бала біліміне өте үлкен жауапкершілікпен қарап, мұғаліммен тығыз байланыста болу міндеттері тапсырылды.

Жиналыстың үшінші мәселесі бойынша ағымдағы мәселелер айтылдыб.

Жиналыс соңында төмендегідей шешім қабылданды.

Қаулы:

1. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп табылсын.

3. Ағымдағы мәселелер: сыныпқа қажетті заттар, бөлме гүлдерін отырғызу т.б. жұмыстардың орындалуы ата-аналар төрайымы мен оның көмекшілеріне тапсырылсын.









Хатшы: Утегулов Қарлығаш

сі

3 хаттамасы

27 желтоқсан 2018жыл

Қатысқандар – 13

Қатыспағандар – 0

Күн тәртібінде:

1. Баяндама: «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың жауапкершілігі». Бекмурзина С.Т.

2. ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы мен оқу үлгерімі.

3. Ата-аналар ұйымының есебі мен алдағы атқарылатын жұмыстары.

4. Әр түрлі мәселелер:

1. Жеке іс қағазы папкасында жетіспейтін құжаттар жайлы.

2.Жеке оқушылармен қосымша сабақ.

Тыңдалды:

1. Сынып жетекшісі – Бекмурзина Сәуле Тоқтарқызы «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың жауапкершілігі» атты баяндама барысында, тәрбие саласында ата-анамен жағымды қарым-қатынасты реттеу, қазіргі жаңа педагогикалық ойлауға орай ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту, балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында тренинг өткізе отырып, ата-анамен жұмыс жүйесін жаңаша ұйымдастырды.

2. ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы мен оқу үлгерімі жайлы сынып жетекшісі презентация жасады.

3. Ата-аналар комитетінің төрайымының бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстары есебі.

4. Сынып жетекшісі оқушының жеке іс қағазы папкасында жетіспейтін құжаттарға тоқталды.

Қаулы:

1. Ата-аналардың сабақтарға қатысу, бала біліміне өте үлкен жауапкершілікпен қарап, мұғаліммен тығыз байланыста болуы жүзеге асырылып, оқу сапасын одан әрі арттыру міндеті сынып жетекшісі мен ата-аналарға бірдей жүктелсін.

2.Оқушының жеке іс қағазы папкасында жетіспейтін құжаттарды белгіленген уақыт аралығында жеткізу әр ата-анаға жүктелсін;

3. Сынып жетекшісі жеке оқушылармен нәтижелі жұмыс атқаруы үшін балалардың белгіленген уақытта қосымша сабаққа саналы түрде қатысуы ата-ана міндеті деп табылсын.

Хатшы: Тургано



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ