Ата-аналар жиналысының тақырыбы: « Мектептегі бала тәрбиесі — сапалы білім кепілі »

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: « Мектептегі бала тәрбиесі — сапалы білім кепілі »

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: « Мектептегі бала тәрбиесі — сапалы білім кепілі »
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Келісемін»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің

«Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ тәрбие ісінің меңгерушісі

_________А.Махмутова


«Бекітемін»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің

«Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ директоры

_________К.Газизова














Ата-аналар жиналысының тақырыбы:

« Мектептегі бала тәрбиесі — сапалы білім кепілі »











Сынып: 10 «А»

Сынып жетекшісі: Г. Зейнелхан

Ауысым: І ауысым

Кабинет: №300











2024-2025 оқу жыл



Сынып: 10А Барлық ата –ана : 21 Қатысқаны: 19 Себепті: 2

Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:

1. Бірінші жарты жылдық қорытынды

2. «Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою».

(ҚР ІІ МИНИСТРЛІГІ) –киберқылмыс, интернет-алаяқиық т.б, жағдайларға байланысты КИБЕРГИГИЕНА талқылау, Әр атаана баласының гаджетіне «АТА-АНА БАҚЫЛАУЫ» қосымшасын орнату.

3. Әртүрлі мәселелер


Ата –аналар жиналысының тақырыбы:

Мектептегі бала тәрбиесі — сапалы білім кепілі

Мақсаты: 

Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.  Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,  өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.  ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі  жайлы түсіндіру. 
 Міндеті: 

ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру. 
 Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. 

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектебімізге келе беріңіздер демекпіз!  Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік. 

1. «Танысу» жаттығуы 

Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Қызыл түс белгілер қол алып амандасады, Сары түс  дауыс арқылы, Көк түс  мимика арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.     

2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.( доп лақтыру арқылы)
 1. Балаңыздың туған күні?
 2. Сынып жетекшісінің  толық аты-жөні?
 3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
 4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
 5. Балаңыздың досы кім?
 6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
 7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
 8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
 9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? 

 

3. Жаттығу«Бақыт деген не өзі»
 Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
 Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі. 

Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
4. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем» 

1-топ:
Сәби бақыты, ол –
 Ата – ана бақыты, ол – 

2-топ:
 Әйел бақыты, ол –
 Ер – азамат бақты, ол – 

3-топ:
 Ұстаз бақыты, ол – 

Отбасы бақыты, ол-  

4- топ
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…

Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет. 

5. «Балама қандай жылулық беремін?» 
 Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек. 

4. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы» 

Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды. 

Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсіріп, ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады. 

       Тренингке қатысушы көрермендермен  сергіту «Таңды қалай қарсы аламын?» 

5. «Ащы пияз» қазіргі заман аңызы 

     Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды.     Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті.            Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдерМенің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін. 

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті. 

   Анам кіріп келіп: 

- Неге жылап тұрсың? – деді. 

- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім 

- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады. 

Жүргізуші:

тапсырма: ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік.....т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады. 

 

     Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. 

6. «Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
 Тренингке қатысушы аналар....
 «Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді. 

Аңыз «Мінсіз емес»
Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:
«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.
Не үшін ұяласың?
Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:
Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.
Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.
Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!
Бұл аңызда қандай мағына жасырылған!
Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.





 Қорытынды. 

Ата - анаға көз қуаныш,
 Алдына алған еркесі,
 Көңіліне көп жұбаныш.
 Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
 Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. 
 Ананың кезі бар ма кекті болған, 
 Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. 
 Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек: 
 «Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ... 
 Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер



















«Аяқталмаған сөйлем» 


1-:
Сәби бақыты, ол –


 Ата – ана бақыты, ол – 


 Әйел бақыты, ол –


 Ер – азамат бақты, ол – 








«Аяқталмаған сөйлем» 


2-:
 Ұстаз бақыты, ол – 


Отбасы бақыты, ол-  


— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….



— Отбасы бұл…












«Аяқталмаған сөйлем» 



3-
— Отбасым бақытты болу үшін…







— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…





— Мен қалар едім отбасымның…





«Аяқталмаған сөйлем» 

4


Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, ----------------------------------------------------------




.

Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге -----------------------------------------------------------



Білім берудің қай түрі болмасын — ---------------------------------------------------------





Біздің балалар - біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие - -------------- қайғымыз, бұл - біздің көз жасымыз, бұл - басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.





Ата аналарға арналған тест

Сізге бала өмірінде кездесетін 10 сұрағы беріліп отыр.

Осы сұрақтың өз көңіліңізге қонымды жауабын белгілеңіз.


1. Сіздің балаңыз өте бұзық, жағымсыз қылықтары көп, машақаты мол. Үйіңізге күнде не жыртық шалбармен, не көзі көгеріп келеді.
а) не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, көзіне мұздай басасыз – 3.
б) жәрдем беріп жатып, осы қылығың өзіңе жаманшылық әкеледі деп айтасыз – 0.
в) тегі көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі шешсін -5.
2. Балаңыздың жолдастары өте бұзық, тәрбиесіз
а) олардың ата-анасымен сөйлесесіз -2
б) үйіңізге шақырып, тәрбиесіне ықпал жасайсыз-5
в) балаңызға олардың кемшіліктерін түсіндіріп, олар саған жақсылық әкелмейді деп айтасыз-0
3. Балаңыз ойнағанды жақсы көреді. Ойыннан ұтылған да емес.
а) сіз еш нәрсе қолға алмайсыз, өзі ұтылғанын мойындасын деп -0.
б) онымен ойыннан бас тартасыз, өзі мойындағанша – 3
в) әдейі өзіңіз жеңесіз, өзінің жеңілгенін сездіресіз-5.
4. Сіздің балаңыз 24 сағат бойы ойнайды. Кешке мүлде ұйықтағысы жоқ.
а) сіз оған ұйқы қандай маңызды екенін түсіндіресіз- 3
б) оған өзі қалаған уақытында жатуға мүмкіндік бересіз де, азанда ерте тұрғызасыз- 5
в) белгілі уақытта жатқызып, оның өзін қалдырасыз. Ертегіні өзі жақсы тұтқан күні ғана айтасыз — 0
5. Ол азаннан кешке дейін теледидар көруден зерікпейді.
а) ерте жатады, теледидарды сол жатқаннан соң өшіресіз – 0
б) оған не көретінін, не көрмейтінін түсіндіресіз – 2
в) оған уақыт бөлесіз, не көрсе де өз еркі — 5
6. Сіздің балаңыз өте дөрекі.
а) мінез-құлқы өте жағымсыз екенін және айнала оны жақтырмайтынын түсіндіресіз – 5
б) оның дөрекі мінезіне тыйым салып, оны жазалайсыз – 0
в) күнде ол өзінің жақсы мінезін көрсетсе, оны мақтап отырасыз — 2
7. Сіздің балаңыздың жасы үлкен болмаса да, қыздармен (балалармен) жүргенге қызығады.
а) бәрін өз жайында қалдырасыз – 3
б) оған оның балалық махаббат екенін түсіндіресіз – 5
в) оған махаббат не екенін, еркек пен әйелдің қарым-қатынасын үлкенге түсіндіргендей түсіндіресіз — 0
8. Оны басқа балалар ұстап алып ұрып, оның үстінен күледі.
а) оған оларға жауап беруді үйретесіз – 5
б) олардың ата-анасымен кездесіп, әңгіме айтасыз – 2
в) балаңыздың ондай жағдайлардың арасында болмауын қадағалайсыз -0
9. Сіз үлкен балаңызға немесе қызыңызға бар жағдайын жасайсыз. Бірақ, ол ешнәрсені бағаламай өзінен кішілерді ренжітеді.
а) Оны кішкентай балалардың алдында тәрбиеге шақырасыз – 5
б) оған көп уақыт бөлесіз, оның үлкендігіне қарамай -3
в) мүлдем араласпайсыз -1
10. Сіздің балаңыз өте дөрекі сөйлейді. Басқа балаларға зорлық жасайды.
а) сіз оған қарағанда қатты дөрекі сөздермен ұрысасыз. Ол да сіз сияқты басқаларға дөрекілік жасайды. -0
б) осы уақытқа дейін оған бұрынғыдан да көп көңіл аударасыз – 5
в) оған зорлық-зомбылық туралы кино көрсетпейсіз – 2



Ата аналарға арналған тест

Сізге бала өмірінде кездесетін 10 сұрағы беріліп отыр.

Осы сұрақтың өз көңіліңізге қонымды жауабын белгілеңіз.


1. Сіздің балаңыз өте бұзық, жағымсыз қылықтары көп, машақаты мол. Үйіңізге күнде не жыртық шалбармен, не көзі көгеріп келеді.
а) не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, көзіне мұздай басасыз – 3.
б) жәрдем беріп жатып, осы қылығың өзіңе жаманшылық әкеледі деп айтасыз – 0.
в) тегі көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі шешсін -5.
2. Балаңыздың жолдастары өте бұзық, тәрбиесіз
а) олардың ата-анасымен сөйлесесіз -2
б) үйіңізге шақырып, тәрбиесіне ықпал жасайсыз-5
в) балаңызға олардың кемшіліктерін түсіндіріп, олар саған жақсылық әкелмейді деп айтасыз-0
3. Балаңыз ойнағанды жақсы көреді. Ойыннан ұтылған да емес.
а) сіз еш нәрсе қолға алмайсыз, өзі ұтылғанын мойындасын деп -0.
б) онымен ойыннан бас тартасыз, өзі мойындағанша – 3
в) әдейі өзіңіз жеңесіз, өзінің жеңілгенін сездіресіз-5.
4. Сіздің балаңыз 24 сағат бойы ойнайды. Кешке мүлде ұйықтағысы жоқ.
а) сіз оған ұйқы қандай маңызды екенін түсіндіресіз- 3
б) оған өзі қалаған уақытында жатуға мүмкіндік бересіз де, азанда ерте тұрғызасыз- 5
в) белгілі уақытта жатқызып, оның өзін қалдырасыз. Ертегіні өзі жақсы тұтқан күні ғана айтасыз — 0
5. Ол азаннан кешке дейін теледидар көруден зерікпейді.
а) ерте жатады, теледидарды сол жатқаннан соң өшіресіз – 0
б) оған не көретінін, не көрмейтінін түсіндіресіз – 2
в) оған уақыт бөлесіз, не көрсе де өз еркі — 5
6. Сіздің балаңыз өте дөрекі.
а) мінез-құлқы өте жағымсыз екенін және айнала оны жақтырмайтынын түсіндіресіз – 5
б) оның дөрекі мінезіне тыйым салып, оны жазалайсыз – 0
в) күнде ол өзінің жақсы мінезін көрсетсе, оны мақтап отырасыз — 2
7. Сіздің балаңыздың жасы үлкен болмаса да, қыздармен (балалармен) жүргенге қызығады.
а) бәрін өз жайында қалдырасыз – 3
б) оған оның балалық махаббат екенін түсіндіресіз – 5
в) оған махаббат не екенін, еркек пен әйелдің қарым-қатынасын үлкенге түсіндіргендей түсіндіресіз — 0
8. Оны басқа балалар ұстап алып ұрып, оның үстінен күледі.
а) оған оларға жауап беруді үйретесіз – 5
б) олардың ата-анасымен кездесіп, әңгіме айтасыз – 2
в) балаңыздың ондай жағдайлардың арасында болмауын қадағалайсыз -0
9. Сіз үлкен балаңызға немесе қызыңызға бар жағдайын жасайсыз. Бірақ, ол ешнәрсені бағаламай өзінен кішілерді ренжітеді.
а) Оны кішкентай балалардың алдында тәрбиеге шақырасыз – 5
б) оған көп уақыт бөлесіз, оның үлкендігіне қарамай -3
в) мүлдем араласпайсыз -1
10. Сіздің балаңыз өте дөрекі сөйлейді. Басқа балаларға зорлық жасайды.
а) сіз оған қарағанда қатты дөрекі сөздермен ұрысасыз. Ол да сіз сияқты басқаларға дөрекілік жасайды. -0
б) осы уақытқа дейін оған бұрынғыдан да көп көңіл аударасыз – 5
в) оған зорлық-зомбылық туралы кино көрсетпейсіз – 2















































Жауабы:
0-18 балл
Сіз балаңызды өзіңіздің уақытыңызда тәрбиелегендей етіп тәрбиелейсіз. Үлкендердің айтқанын тыңдап, оларды сыйлаған ең маңызды екенін түсіндіресіз. Бірақ үшінші мыңжылдықта өз-өзіне сеніп, өзін-өзі басқара алатын адамдар ғана үстем болатынын естен шығарасыз. Сіз өмір алға қарай жылжып жатқанын байқамай, бұл қасиеттерден алып қашасыз.

19-35 балл
Сіздің қандай жағдайда өмір сүретінін әлі ойланбағансыз. Бірақ сіз заманына сай болуға ұмтылып, өзі шешім қабылдауына мүмкіндік бересіз. Бірақ, бәрібір де сіздің балаңыз өзі әрекеттенуіне көп жағдай жасамайсыз. Сіз балаңызды тек айтқаныңыздан шықпауын қалайсыз. Сондықтан да ол өзі тура жол таба алмауы мүмкін.

36-50 балл
Сіз өзіңіздің балаңыз тек әділдік, жақсылық дәуірінде өмір сүреді деп ойлайсыз. Ақыл мен ой, шыншылдық, эгоизмнен үстем болып тұрады деп ойлайсыз.













Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:

  1. 2024-2025 оқу жылындағы ІІ оқу тоқсанының қорытындысы

  2. Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою. Ұялы телефон мәселесі.

  3. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас.

Әртүрлі мәселелер: Оқушылардың тәртібі. Сабаққа кешікпей келуі, себепсіз сабақ босатпау, уақытында үйге қайту. (Ата-ана баланың уақытында сабаққа келіп-кетуін қамтамасыз етуі тиіс)



  1. «Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою».

(ҚР ІІ МИНИСТРЛІГІ) –киберқылмыс, интернет-алаяқиық т.б, жағдайларға байланысты КИБЕРГИГИЕНА талқылау, Әр атаана баласының гаджетіне «АТА-АНА БАҚЫЛАУЫ» қосымшасын орнату.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.08.2025
103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі