Ең тату
отбасы
Мақсаты: Ата-аналар мен
балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы
білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін
насихаттау.
Ата-аналардың
балабақшамен, тәрбиешімен қарым-қатынастың тиімді модельдерін
іздестіру.
1 жүргізуші: Атамыз
қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар» дейді. Өйткені
бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы бұл
қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін,
жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей
байланысты.
2 жүргізуші: Армысыздар
қүрметті ата-аналар мен бүлдіршіндер. Бүгінгі біздің «Ең тату
отбасы» байқауымызға қош келдірдіңіздер!
«Отан отбасынан
басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сабидің, әр
баланың болашақ қадамы . Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілесің. Отбасы-ол да шағын ғана мемлекет. Бүгін міне осы отбасы
арасындағы татулықты, дәстүрді, өнерді жалғастырып кележатқан
отбасылар бар. Олай болса, осы сайысымызға қатысатын балабақшамызда
тәрбиеленіп жатқан балалар мен ата-аналарды ортаға
шақырайық.
1.
2.
3.
4.
1 жүргізуші: Өнерпаздар
өнерін салыстырып
Бәйге үшін терлетер
шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға
беріп,
Жіберейік қазыларды
таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ
бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
1.
2.
3.
2
жүргізуші:
Ата-аналар бар өнерін
салары анық,
Өнегелі тәлімді алған
қанып.
Ал ендеше таныстырып
өтейін мен
Бөлімдерін сайыстың
бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы 8
бөлімнен тұрады.
1Таныстыру
2Мақал-мәтелді
жалғастыр
3.Психалогиялық
тапсырма.
4.Кім
мерген?
5.Шығарма. («Менің
отбасым»)
6.КҮН
ШУАҒЫ
7.Анамыздың ас
мәзірі
8.Шаш
өру.
1
жүргізуші:
Гүл көңілдер қуаныштан
өріледі,
Көздерінен жалын нұры
төгіледі.
Жыр ұшқында тұр
ғой,
Әне үйіңнен көпшілікке
таныстыршы өзіңді
Таныстыру кезеңі бойынша
қатысушыларымызды ортаға шақырамыз
1.
2.
3.
4.
2.жүргізуші:
2 кезең. Сайысымыздың екінші кезеңі мақал-мәтелді
жалғастыру керек.
1.Ағадан ақыл...(атадан
нақыл)
2.Балапан ұяда не
көрсе...(ұшқанда соны іледі)
3.Жақсы ата
орман...(жақсы бала қорған)
4.Ата-ананың
парызын...(өтеу сенің қарызың)
1
жүргізуші:
3 кезең. Психологиялық
тапсырмада , алдын ала дайындалған өз балаларының қолы бастырылған
суреттері тақтада тұр. Қатысушы аналарымыз өз балаларының қолын
тауып, балаларына бояту керек.
2
жүргізуші:
4 кезең. Өзінің
алғырлығын ұғындырып
Көрсетер көп іздеген
мығым қылық
Келесі бұл сайыстың
жоспарында
Түседі бәйгеге
білімділік – деп сайысымыздың 4-ші бөлімі «Кім мерген?» кезеңінде
әкелеріміз өз мергендіктерін танытып, шарды жарып, берілген
тапсырманы орындайды.
1
жүргізуші:
5 кезең. Байқауымыздың
келесі кезеңі бойынша аналарымыз берілген тақырып бойынша шағын
шығарма жазып беруі керек.
2
жүргізуші:
6 кезең. «Күн шуағы» бұл
кезеңде әкелеріміз тақтадағы күннің шуақтарына баласына қалай
тәрбие беру керектігі туралы өз ойларын жазады.
1
жүргізуші:
7 кезең. «Анамның ас
мәзірі» Аналарымыз баласына қандай сүйікті тағам әзірлейтінін,
дайындап келген тағамды таныстырып айтып өту
2
жүргізуші:
8 кезең. «Шаш өру»
кезеңі бойынша әкелеріміз сайысқа түседі. Қыздарын аналары жоқ
кезде балабақшаға қалай дайындайсыз?
Хор: «Күз
келгенде»
1 жүргізуші: Сайысымызды
қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.
Би:
Ата-аналарды орын
бойынша марапаттау.
2 жүргізуші: Құрметті
ата-аналар және қонақтар бүгінгі «Ең тату отбасы» атты сайысымыз өз
мәресіне жетті. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және
бірлік тілейміз