400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ата аналарды педагоикалық қолдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналарды педагоикалық қолдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-қосымша

1. Вариативтік модуль тақырыбын таңдаудың қысқаша негіздемесі

2025–2026 оқу жылында АПҚО 3.0 бағдарламасы аясында ата-аналардың сұранысы мен оқушылардың тәрбиелік қажеттіліктеріне сәйкес , «Бала қауіпсіздігі» модульі таңдалды.

Аталған модуль қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтып, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. Әсіресе, балалардың психологиялық тұрақтылығы, қауіпсіз орта қалыптастыру, цифрлық қауіпсіздік, ата-ананың эмоционалдық қолдауы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2. Ата-аналармен балалардың бірлесіп қатысуымен өткізілген сабақтардың форматы (оң әсері, қиындықтары)

Сабақтар тренинг, пікір алмасу, топтық жұмыс, ситуациялық тапсырмалар, дөңгелек үстел, семинар және ашық диалог форматтарында өткізілді. Кейбір сабақтарға ата-аналар мен балалар бірге қатысып, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік жасалды.

Оң әсері: Ата-аналардың мектеппен байланысы күшейді;

  • Балалардың пікірін тыңдау мәдениеті қалыптасты;

  • Қауіпсіздік пен тәртіп мәселелеріне жауапкершілік артты;

  • Отбасындағы эмоционалдық қолдау деңгейі жоғарылады.

Қиындықтары:

  • Кейбір ата-аналардың уақыт тапшылығына байланысты толық қатыса алмауы;

  • Онлайн және офлайн форматтарды үйлестірудегі техникалық қиындықтар;

  • Белсенділік деңгейінің әртүрлі болуы.


3. Ата-аналардың пікірлері, сабақ мақсатына қол жеткізе алуы

Сабақтарға қатысқан ата-аналар бағдарламаның мазмұнына оң пікір білдірді. Олар өткізілген іс-шаралардың тәрбиелік маңызы жоғары екенін атап өтті. Әсіресе, бала қауіпсіздігі, интернеттегі қауіптердің алдын алу, жасөспірімдердің психологиялық қолдауы жөніндегі ақпараттар пайдалы болғаны айтылды.

Кері байланыс нәтижесінде ата-аналардың басым бөлігі:

  • бала тәрбиесінде жаңа тәсілдер үйренгенін;

  • мектеппен серіктестік қарым-қатынастың маңызын түсінгенін;

  • балаларымен ашық сөйлесу дағдыларының жақсарғанын көрсетті.

Жалпы, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді деп есептеледі.


4. Келесі оқу жылына арналған ұсыныстар

  • АПҚО сабақтарының практикалық бөлігін көбейту;

  • Ата-аналардың қатысу белсенділігін арттыру мақсатында икемді уақыт кестесін ұйымдастыру;

  • Тәжірибе алмасу форматындағы аудандық семинарлар өткізу ұсынылады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі