Тәлімменен өрілген біздің дәстүр
Сабақ мақсаты: Ата-аналардың отбасылық әл-ауқатын нығайту үшін прогрессивті дәстүрлерді дамытуға және қолдауға дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1) ата-аналардың прогрессивті отбасылық дәстүрлерді дамытуға және қолдауға
деген ұмтылысын дамыту;
2) ата-аналардың әртүрлі отбасылық дәстүрлер, хоббилер, отбасы мен
мектептің оларды нығайтудағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері туралы түсініктерін
кеңейту және тереңдету;
2) прогрессивті отбасылық дәстүрлерді құру және сақтау бойынша
практикалық дағдыларды дамытуға ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар және жеке тұлғаның қасиеттері
Ақылдылық, үлкенді сыйлау, тектілік, ұлттық болмыс, қонақжайлылық,
төзімділік.
Жоспар
1.Отбасылық дәстүрлердің өзектілігі.
2.Отбасындағы өзара қарым-қатынас, сүйіспеншілік көріністері, отбасы
мүшелері арасындағы сенімді ара-қатынас.
3.Отбасының тұтастығына ықпал ететін, адамгершілік және рухани
құндылықтарға негізделген отбасылық дәстүрлер мен хоббилер
4.Отбасылық дәстүрлерді құру негіздеріне үйрету: іс-тәжірибелік тәсілдер.
5.Отбасылық дәстүрлерді сақтаудағы, өзара құрмет көрсету мен мектептегі
дәстүрлерді жаңғыртудағы ата-аналар мен мектептің қарым-қатынасы.
6.Қорытынды.
Күтілетін нәтижелер:
1.Отбасының маңыздылық деңгейін арттыру – отбасы мүшелерінің
саламаттығының негізі ретінде.
2.Ата-аналардың ұлттық құндылықтар негізіндегі отбасылық дәстүрлерге мән
беру дағдыларын қалыптастыру.
3.Отбасын нығайту және қолайлы климат құру. Отбасылық дәстүрдің кейінгі
ұрпақтардағы сабақтастығы.
Әдістер: мәселелі жағдайларды құрастыру, білім берудің интерактивті,
ауызша, көрнекі әдістерін қолдану.
Құрылғылар: интерактивті тақта, постерлер, слайд, маркерлер.
|
Уақыты |
Мазмұны |
Ресурстар |
|
3 мин 5 мин 7 мин 5 мин 2 мин 2 мин 3 мин 2 мин |
Кіріспе сөз және сәлемдесу. Сергітуге бағытталған жаттығулар (сабаққа деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында «Аяқталмаған сөйлем» анонимді жаттығуы ұсынылады) «Аяқталмаған сөйлем» тесті. Слайдтардағы таныстыру 1. Отбасы – бұл... 2.Менің отбасымдағы қуаныш – бұл... 3.Мен үйімнен жыраққа кеткенде мыналарды есіме аламын... Бүгінгі сабақта біз сіздермен отбасылық дәстүрлердің рөлі туралы тақырыпты қозғаймыз. Ең алдымен сіздердің естеріңізге ең үлкен миссияларыңыз – «Ата-ана болу» туралы айтқым келеді. Сіздер, ата-анасыздар – бұл үлкен бақыт. Ата-ана болуда әркімнің жолы әрқалай. Қазақстанда бедеулік деңгейі Европа мемлекеттеріне қарағанда тым жоғары. 2021 жылы бедеулік диагнозы қойылған азаматтардың саны 21,8%-ды құрап, 21,4 мың адамға жеткен. Тағы бір мәселе ажырасу, ажырасу себептерінің ең негізгі себептерінің бірі – ұлттық жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде құрылған отбасының моральдық-рухани өзегінің болмауы. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер. Бұл отбасының берік болуына себеп болатын сезімдер. Мұның бәрі адамдар үй ішінде бірге бастан кешіретін қуаныш пен қайғы. Отбасылық дәстүрлер барлық отбасы мүшелеріне өздерінің маңыздылығын сезінуге, жақындарына қамқорлық пен сүйіспеншілік танытуға, туыстарына уақыт пен көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Осылайша, балаларда үлкен отбасы мүшелеріне деген ризашылық сезімі, отбасылық қатынастардың тұрақтылығы, дүниетаным мен өмірге деген көзқарас қалыптасады.
Топқа бөлу. Топтық жұмыс №1 (үш топ) 1 Әр топ сәлемдесу түрлерін көрініспен көрсетеді. 2. Отбасылық дәстүрлердің ішінде бесікке салу, бәсіре және баланың тұсауын кесу дәстүрлерін дәпіптеп түсіндіріп береді, 3. Отбасылық дәстүрлеріңізбен бөлісіңіз. Дастархан асында балаға қа қандай тағамды береді және қалай ырымдайды? Топтық жұмыс №2
а) «Асық ату» әке мен бала ойнайды. ә) Әкелер қауымы қызының бұрымын өріп сабаққа дайындалу үлгісін көрсетеді.
ә) Ойған оюдан аппликация жасап әрлейді. Топтық жұмыс №3 Мақал- мәтел жарысы. Пазлмен жұмыс Қорытынды: Жасөспірімдік кезеңде балаға өзінің бала кезіндегі суреттері мен естеліктерін көрсетіп, оның есіне өзін қалай жақсы көргенін, қадір тұтқанын, қалай қорғаштағанын, қалай еркелеткенін салып отыру өте маңызды. «Құлыным сол, қарашы қандай нәзік сүйкімді бала болып өстің! Қалай сені әлпештеп үміттеп өсірдік!» Альбомды жасауға барлық отбасы мүшелері қатысады және альбом сонысымен құнды. Рефлексия: Ертегі Қарындаштардың қорабында бір кішкентай қарындаш туылыпты. Үлкен қарындаштар – әкесі, анасы, әжесі мен атасы – түрлі түсті болған екен. Әр ересек қарындаштың өзіне тән түсі болған екен. Ал кішкентай бала қарындаш әлі өзіне тән түсіне ие болмапты және оны түрлі-түсті болуы әлі алдыда.Күн сайын көк түсті қарындаш оның анасы оған қалай көк түске айналуға болатыны туралы үйретіпті. Қызыл түсті қарындаш – әкесі қалай қызыл түске айналуға болатыны туралы ескертіп, қызыл түспен керемет суреттер мен картиналарды салуға болатынын айтады екен. Сары түсті атасы, өмірде сары түстің маңыздылығы туралы айтса, жасыл түсті әжесі немересінің қолынан ұстағанда ол белгілі бір уақытқа жасыл түске айналыпты. Сөйтіп күн артынан күн өте беріпті.Ертегінің соңы қалай аяқталды деп ойлайсыздар? Не үшін ертегінің соңы жоқ? Себебі әр отбасының өзіне тән тарихы, өз ертегісінің аяқталу нұсқасы бар. Құрметті ата-аналар сіздер осы ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңіздер?Сабақты қорытындылай келе, адам өміріндегі ең құнды нәрсе – бұл отбасы дегім келеді. Отбасы – бұл қиын кезде сізбен бірге болатын, қуанышыңызды бөлісетін жақын адамдар. Сіздің жетістігіңіз үшін де қуанатын – отбасыңыз. Жер бетінде технологиялар дамып, бірнеше ғасырлар ауысса да өз құндылығын жоғалтпайтын отбасылық дәстүрлер бар. Ең алдымен – бұл отбасы, жақындарыңызға қамқор болыңыз. Біздің өміріміз отбасында өтеді, сол себепті отбасыңыздағы өміріңіз жарқын әрі қуанышты сәттерге толы болсын.Сіздерге өзара сыйластық пен ынтымақ тілеймін! Олар сіздерге отбасылық дәстүрлеріңізді құрметтеп, сақтауға, жалғастыруға көмектеседі. Әр үй және біздің ортақ үйіміз жылы, шуақты және жайлы болсын! Әуенді терапия. Ата-ана отбасымен ән шырқау. Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек» |
Слайдтар-ды таныстыру |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-аналарды қолдау орталығы бойынша. Тәлімменен өрілген біздің дәстүр

шағым қалдыра аласыз