жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-аналарға тренинг
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін тренинг жұмысының бағдарламасы
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарын бала тәрбиесіне араластыру.
Міндеттері:
-
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту;
-
Ата-аналардың тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
-
Ата-аналар арасында достық қарым-қатынас орнату;
-
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау.
Өткізілу уақыты мен ұзақтығы: айына бір рет бір сағаттан
1-ші кездесу. «Танысу» тренингі
-
«Амандасу» жаттығуы.
Мақсаты: ата-аналарды алдағы тренингке бағыттау, эмоционалдық қыздыру.
Ұзақтығы: 5 минут
Ата-аналар шеңбер құрып тұрады. Шеңбер бойымен әр түрлі амандасу тәсілдері арқылы барлық қатысушылармен амандасады. Амандасу тәсілдері қайталанбауы керек.
-
«Танысу» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналармен танысу, ата-аналарды бір бірімен таныстыру.
Ұзақтығы: 10 минут
Ата-аналар шеңбер құрып тұрады. Кезектесіп өзін таныстыру мақсатында өз есімін, кімнің ата-анасы екенін және өз бойындағы, баласының бойындағы үш жағымды қасиетті айтады.
-
«Кім мәреге бірінші жетеді?»
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық қарым-қатынасты нығайту.
Ұзақтығы: 15 минут
Ата-аналар үш топқа бөлінеді. Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топ мүшелері тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандайтамаша! т.б.).
-
«Мен қандаймын және қандай ата-анамын?» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналардың бір бірін жақсырақ тануына жағдай жасау.
Ұзақтығы: 10 минут
Ата-аналарға жүректер таратылады. Жүректің бір жағында «Мен қандаймын?» деп, ал екінші жағына «Мен қандай ата-анамын?» деп жазылған. Бланкіге тек жағымды қасиеттерді ғана жазу тапсырылады. Ата-аналар бланкіні толтырып, талқылау жүргізіледі.
-
«Қимыл-қозғалыс» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналарды эмоционалдық қыздыру, бала тәрбиесі жайлы пікір алмастыру.
Ұзақтығы: 15 минут
«Иә» десеңіздер- қолдарыңызды шапалақтаңыздар. «Жоқ» десеңіздер-аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
-
Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
-
Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?
-
Егер «отбасы» десеңіздер жымиыңыз.
-
Егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолды алдымызға созамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
-
Егер «әке» » десеңіздер қолды алдымызға созамыз.
-
Егер «шеше» » десеңіздер жымиыңыз.
-
Егер «екеуі» десеңіздер, қол шапалақтаңыздар.
4) Ой жинақтау (плакат, фломастер, қалам).
1) Баланың дамып жетілуіне қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?
2) Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек? Сурет, схема арқылы өз ойларын талдайды.
6. Рефлексия
Рефлексия сұрақтары:
-
Бүгінгі кездесуден қандай әсер алдыңыздар?
-
Тренингте өз ойларыңызды еркін жеткізуге кедергілер болды ма?
-
Қандай жаттығуларды орындау қиын болды?
-
Жаттығуларды орындау барысында не сезіндіңіздер?
Шығу парағы толтырылады.
2-ші кездесу. «Ата-ана - алғашқы ұстаз» тренингі
-
«Амандасу» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналарды алдағы тренингке бағыттау, эмоционалдық қыздыру.
Ұзақтығы: 5 минут
Ата-аналар жұп құрып тұрады. Жүргізушінің айтқан амандасу тәсілдері бойынша бір бірімен амандасады. Амандасу тәсілдері: қолмен, аяқпен, бетпен, көзбен, қаспен, тіземен, құлақпен, шынтақпен, тіспен.
-
«Балам туралы не білем?» жаттығуы
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.
Ұзақтығы: 10 минут
Ата-аналар бір-біріне допты лақтыра отырып, қойылған сұрақтарға жауап беруі керек. Қызықты сұрақтар:
1) Балаңыздың туған күні?
2) Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3) Балаңыздың парталас досы кім?
4)Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?
5) Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6) Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7) Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8) Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9) Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
10) Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11) Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?
3. «Менің диаграммам» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналарды күн тәртібін ұйымдастыра білуге дағдыландыру.
Ұзақтығы: 10 минут
Ата-аналарға шеңбер сызылған бланкі таратылады. Берілетін нұсқау:«Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, ата-ананың бір күндік диаграммасын құрыңыз».
Ата-анаға:
-
Ұйқыға
-
Мектепке
-
Отбасымен қарым-қатынасқа
-
Үйірмеге
-
Достарын
-
Үй шаруасына
-
Жалғыз болуға
Диаграмманы қорытындылау
-
«Сөйлемді аяқтаңыз» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналарды бала тәрбисі жайлы пікір алмастыру.
Ұзақтығы: 20 минут
Ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкаларды кезектесіп таңдап, ойланбастан жауап беруі керек. Басқа ата-аналар жауап беруші ата-ананың жауабын талқылайды. Берілетін сөйлемдер:
-
Егер баланы үнемі сынап отырса ....................................................
(оқуға құлқы болмайды) -
Балаға үнемі күлсе ...................................................................
(ерке болып өседі) -
Баланы қолдап отырса ........................................................
(білімге деген ынтасы артады) -
Баланы қолдап отырса ..........................................................
(өз ісіне сенімді болады) -
Бала төзімділікте өссе .......................................................................
(адал болып жетіледі) -
Бала қауіпсіз жағдайда өссе ........................................................
(ол адамға сеніммен қарайды) -
Бала кекшілдікте өссе ......................................................................
(ол қатыгез болып өседі) -
Бала адалдықта өссе .....................................................................
(әділ болып жетіледі). -
Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ............................................
(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)
-
«Отбасы мүсіні» жаттығуы.
Мақсаты: ата-аналардың өз отбасына сырт көзбен қарауға мүмкіндік беру.
Ұзақтығы: 20 минут
Жаттығуды орындау үшін отбасында кездесетін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау керек.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады.Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды.Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап,бөлмеге орналастырады.Идеал ретінде мүсінші өзінің рөліндегі басқа адамды да таңдайды.Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса,мүсінші өз рөлін өзі ойнайды.Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды.Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты.Бұл кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыруды ұсынады.Мүсінші барлық қатысушыларды сол ретпен отырғызады.
-
Рефлексия
Рефлексия сұрақтары:
-
Бүгінгі кездесуден қандай әсер алдыңыздар?
-
Тренингте өз ойларыңызды еркін жеткізуге кедергілер болды ма?
-
Қандай жаттығуларды орындау қиын болды?
-
Жаттығуларды орындау барысында не сезіндіңіздер?
Шығу парағы толтырылады.
3-ші кездесу. «Мен сені түсінуге тырысамын ..» тренингі
Тренинг ата-аналар мен оқушыларға бірге жүргізіледі.
-
«Амандасу» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналар мен оқушыларды алдағы тренингке бағыттау, эмоционалдық қыздыру.
Ұзақтығы: 10 минут
Ата-аналар мен оқушылар шеңбер құрып тұрады. Шеңбер бойымен ата-аналар барлығына амандасып, баласына қарап жылы сөз айтады. Жылы сөз «Жаным ..» деп басталуы шарт. Ал балалар барлық қатысушыларға амандасып, «Сіз ең тамаша анасыз (әкесіз) ..» деп бастап, ата-анасына жылы сөз айтады.
-
«Қолынан танып біл» жаттығуы
Мақсаты: эмоционалдық қыздыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Ұзақтығы: 25 минут
Ата аналар мен оқушылар кезектесіп көздері байлаулы күйде өз балаларын тек қолдарын ұстау арқылы ғана табуға тырысады. Бір ата-ана, бір оқушы болып кезектесіп отырғаны дұрыс.
Талдау:
1.Сізге балаңызды (ата-анаңызды) табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың (ата-анаңыздың) қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
-
«Біз бақытты жанұямыз» жаттығуы
Мақсаты: ата-ана мен баласының бір бірін жақсы түсіне алу іскерліктерін дамыту.
Ұзақтығы: 20 минут
Ата-аналар мен балалар бөлменің екі жағына қарама-қарсы отырады. оларға берілетін тапсырма: жанұясының суретін салу. Ата-ана мен бала бір бірінің суретін көрмеуі керек. сурет салынып болғаннан кейін ата-ана баланың не салғанына қарамастан не салды деп ойлайтындығын айтады. Ал баласы анасының (әкесінің) суретін болжайды. Болжамдар айтылып болғаннан кейін суретпен салыстырылады.
-
Рефлексия
Рефлексия сұрақтары:
-
Бүгінгі кездесуден қандай әсер алдыңыздар?
-
Тренингте өз ойларыңызды еркін жеткізуге кедергілер болды ма?
-
Қандай жаттығуларды орындау қиын болды?
-
Жаттығуларды орындау барысында не сезіндіңіздер?
Шығу парағы толтырылады.
4-ші кездесу. «Ата-ана» тренингі
-
«Амандасу» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналарды алдағы тренингке бағыттау, эмоционалдық қыздыру.
Ұзақтығы: 5 минут
Ата-аналар шеңбер құрып тұрады. Шеңбер бойымен бір бірімен вербальды емес құралдар арқылы амандасады. Амандасу тәсілдері қайталанбауы керек.
-
«Ең күшті ата-ана» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналардың бір бірін жақсырақ тануына, жақсырақ түсінулеріне жағдай жасау
Ұзақтығы: 20 минут
Ата-аналар өздерін ең күшті ата-ана ретінде жарнамалаулары керек. Жарнама жасау кезінде алдыңғы тренингтерде байқатқан қасиеттерін, сөздерін келтірулері керек. Жарнама құрылғаннан кейін барлық ата-аналардың жарнамаларын жүргізуші оқиды, ал ата-аналар кім екенін табуы керек.
-
«Бала не сезінеді?» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналардың балаларының сезімдеріне тереңірек үңілуіне жағдай жасау
Ұзақтығы: 20 минут
Ата-аналарға бланкілер таратылып беріледі. Ата-аналар бланкіні толтырып, кейін топта талқылау жасалады. Бланк үлгісі:
|
Баланың сөзі |
Баланың сезімдері |
|
Ана (әке) қарашы, мен жаңа конструктордан ұшақ жасадым |
|
|
Менің көңіл күйім жоқ, не істерімді білмеймін |
|
|
Балалардың барлығы ойнап жүр, ал менімен ешкім ойнамайды. |
|
|
Мен оны істей аламын, маған көмектесудің қажеті жоқ. Мен үлкен баламын. |
|
|
Мені жалғыз қалдырыңыздаршы, мен ешкіммен сөйлескім келмейді |
|
|
Менің қолымнан келмейді. Қанша тырыссам да шамам жетер емес. |
|
|
Менің ата-аналарым басқа біреулер емес, дәл сіздер болғандарыңызға бақыттымын. |
|
-
«Мен не айттым?» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналардың бір-бірін жақсы түсінуне жағдай жасау, достық қарым-қатынас орнату.
Ұзақтығы: 10 минут
Ата-аналардың ішінен қалауы бойынша 6 ата-ана ортаға шығады. Әрқайсысы берілген карточкалар ішінен бір карточка таңдап алып, сол карточкада берілген сөйлемді мимика, жест, пантомимика арқылы қалған ата-аналарға көрсетуі керек. Ал ортырған ата-аналар не айтқанын табуы керек.
Берілетін сөйлемдер:
-
Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға;
-
Менің балам ең тәртіпті, озат оқушы;
-
Сынып жетекшісі мен ата-ана тығыз қарым-қатынаста болуы керек;
-
Мен бала тәрбиесін ең бірінші орынға қоямын;
-
Бір сыныптың ата-аналары да бір сыныптың оқушыларындай болуы керек;
-
Баламның осы мектепте оқып жатқанын мақтан тұтамын.
-
Рефлексия
Рефлексия сұрақтары:
-
Бүгінгі кездесуден қандай әсер алдыңыздар?
-
Тренингте өз ойларыңызды еркін жеткізуге кедергілер болды ма?
-
Қандай жаттығуларды орындау қиын болды?
-
Жаттығуларды орындау барысында не сезіндіңіздер?
Шығу парағы толтырылады.
5-ші кездесу. «Мен және менің балам» тренингі
Тренингке ата-аналар мен балалары бірге қатысады.
-
«Амандасу» жаттығуы.
Мақсаты:ата-аналар мен оқушыларды алдағы тренингке бағыттау, эмоционалдық қыздыру.
Ұзақтығы: 5 минут
Ата-аналар мен балалар бөлменің ішінде қозғалып жүреді, музыка ойнап тұрады. Музыка тоқтаған кезде ең жақын тұрған адаммен иіліп сәлемдесу керек.
-
«Біз біргеміз» жаттығуы
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті нығайту.
Ұзақтығы: 20 минут
Бөлменің ішінде орындықтардан кедергілер жасалады. Кедергілердің бір жағына ата-аналар, екінші жағына балалар орналастырылады. Ең алдымен 5 ата-ананың көзі байланады да кедергінің екінші жағына сол бес ата-ананың балалары орналастырылады. Балалар ата-аналарына кедергіден өтуіне көмектесіп жолды бағыттап отыруы керек.
-
«Әуе шары» жаттығуы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген