жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
ЖОСПАРЫ

Дайржанова А.М.
бастауыш сынып мұғалімі
ҚАУЫПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ АТА-АНА ЖӘНЕ ОҚУШЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Жадынама
Баласының сеніміне кіру үшін ата-анаға қажетті кеңестер.
Құрметті ата – ана!
Қазақ халқы дүниеге жаңа келген баланы періштеге теңеген. Ал сол баланың қандай болып ер жетуіне ең алдымен ата-ана тәрбиесінің ықпалы күшті екені жасырын емес. Ата-ана тәрбиесінің өз жемісін беруі, баланың тәрбиелі болып ер жетуі көп жағдайда бала мен ата-ана арасында өзара сенімнің болуына байланысты.
Сондықтан төменде берілген кеңестерге назар салыңыз!
-Балаңызға қандай жағдайда болса да көмек сұрап келген кезде көмектесуге әзір болыңыз;
-Мектепте күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы балаңыздан сұрап біліп отырыңыз;
-Балаңыздың бойындағы, көңіл – күйіндегі өзгерістерді үнемі бақылап жүріңіз;
-Әр түрлі шешімі қиын мәселелерге байланысты пайдалы ақыл кеңестер беруге тырысыңыз;
-Балаңыздың жас ерекшеліктерін ескеріңіз, балаңызға кеңес бермес бұрын мектеп психологынан немесе класс жетекшісінен кеңес алып, тығыз байланыста болыңыз;
-Балаңыздың достарының қандай екенін ертерек анықтаңыз;
-Балаңызды мектепте және мектептен тыс уақыттағы тәрбиесін үнемі қадағалап отырыңыз;
-Балаңыздың болашағына – отбасындағы тәрбиенің елеулі әсер тигізетінін ұмытпаңыз;
-Балаңызға берген уәдеңізді әрқашанда орындаңыз.
Жадынама
Егерде сен қиын жағдайға тап болсаң!
Құрметті оқушы!
Өмір жолы - қиын жол. Сол жолда адам баласы сан қилы қиындықтарды басынан өткеріп, оларды ерік – жігерін жұмылдыра отырып еңсеруге тырысады. «Алынбайтын қамал жоқ» демекші адамның сол қиындықтарды жеңуге өз тарапынан құлшынысы, ұмтылысы болса, бәрін де жеңіп, алдына қойған арман – мақсаттарына жетуге ерік- күші толық жетеді. Бұл қиындықтар күнделікті өзіңді қоршаған адамдармен (ата-ана, достарың, мұғалімдер, өзге де ересек адамдар) қарым – қатынаста кездесетін келіспеушіліктер, дау- жанжал, т.б. жағдайлар болуы мүмкін.
Сондықтан төменде берілген кеңестерге назар аударған жөн!
- әрбір баланың ең бірінші ақылшысы - ата –анасы. Сол себепті мектепте болатын түрлі жағдаяттарда өз – өзіңді қалай ұстау жөнінде ата-анаңмен ақылдас;
- мұғалімнің берген ескертулерін, жазалау шараларын түсіністікпен қабылдап, өз кемшіліктеріңді жоюға тырыс;
- мектепте сыныптастарыңмен, өзге оқушылармен, мұғалімдермен сыйластық қарым – қатынаста болуға тырыс;
- себепсіз пәле-жаладан өз – өзіңді қорғау үшін әр уақытта да шыншыл бол, өз ойыңды еркін айта біл, өз құқығыңды қорғай біл;
- мектепте жүрген кезіңде шешімі қиын мәселелерде саған ақылшы болатын, көмек қолын созатын мұғалімдер, сынып жетекші, мектеп психологі бар екенін есіңде ұста;
- қандай қиын кедергілерге кездессең де оны жеңуге болатынын біліп, ерік- жігеріңді соған жұмылдырып, жоюға тырыс;
- «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей өзінің кездескен қиындықтарыңды шамаң келгенше өзің қажет деп тапқан адамдарыңмен бөлісіп, олардан ақыл – кеңес, көмек сұрауға тырыс.
|
|
К е л і с і м-ш а р т Ата-ананың құқықтары мен міндеттері
Оқушының ата-анасы құқықты: - оқушы туралы кез келген мәлiметтi алуға, пән мұғалiмдерi мен психологтан жеке кеңес алуға; - мұғалiм келiсiмiмен сабаққа қатысуға, сабақтың қорытындысын талдауға; - мектептегi кез келген шараларға қатысуға; - мектептегi өз баласының мүддесiн қорғауға; - оқу - тәрбие жұмыстарының сапасын талап етуге; - бала денсаулығына келтiрiлген зияндықтардың орнын толтыруды талап етуге; - жұмсалған шығындардың есебiн талап етуге. Оқушы ата-анасын - мектеп пен ата-ана арасында жасалған келiсiм - шартты орындауға; - мектептiң Жарғы талаптарын орындауға; - мектептiң материалдық базасын кеңейту мен ұйымдастыруда өз мүмкiншіліктерінше қатысуға; - мектеп басшыларының өтiнiшi бойынша мектептегi үлкен шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуға;
М е к т е п т а р а п ы н а н а т а – а н а ғ а қ о й ы л а т ы н т а л а п т а р 1. Баланың ар-намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау. 2. Баланың оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге, ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысуға жағдай жасау. 3.Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмау, баланың сабақ үлгерімін қадағалау. 4. Мінез-құлық ережелерін сақтау: *басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу; *баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу. 6. Ата-ана тарапынан салауатты өмір салтын сақтау (темекі шекпеу, ішімдік пайдаланбау, нашақорлықпен күресу). 7.Оқушыны сабаққа уақытында таза және ұқыпты мектеп формасымен жіберу (балалардың шаш қойысын ескеру), сабақтан кейін қарсылап алу. 8.Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдар (ұялы телефон, аудио - виде плеер) әкелуге тыйым салу. 9. Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысуға жағдай жасау. 10. Сабақтан тыс уақытта ата-аналар баланың тәртібіне жауап береді; 11.Баланың кешкі сағат 1000-ден кейін көшеде жүруіне тыйым салынады; 12.Баланы дүкенге темекі, алкогольді ішімдіктерге жұмсауға тыйым салынады; 13.Баланың көлік жүргізуіне тыйым салу; 14.Баланың өз бетімен балық аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салынады; 15.Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлу; 16.Заман талабына сай өзінің діни білімін көтеріп, балаға дұрыс бағыт беру. 17. Егер бала тарапынан әдеттен тыс іс-әрекеттер байқалса, мектепке шұғыл хабарлау. 18.Оқушының тарапынан мектепке келтiрiлген материалдық залал ата-анасына қолхат арқылы хабардар етiліп,толықтырылады немесе жөнделеді. 19.Бiрнеше рет мектеп Жарғысын бұзған, жасы 15-ке толған оқушы мектеп Кеңесiнiң шешiмiмен мектептен шығарылады.. |
|
|
Мектеп оқушыларының құқықтары мен міндеттері Оқушының құқығы - Жарғыда кепілдік берілген, мемлекетттік стандартқа сай деңгейде білім алу; - оқу үрдісі барысында лаборатория, кабинет, аудитория,кітапхана, есептеу техникасы, асхана, медициналық кабинет қызметтерін пайдалану; - өздерінің сынып бөлмелерін сақтау және оқу-тәрбие үрдісінің сапасына қатысты өз пікірін білдіру; - мектеп бітірген соң білімін жоғарғы оқу орындарында жалғастыру; - оқушыларды қоғамдық, қоғамдық-саяси ұйымдар, қозғалыстар мен партиялар лажсыз кіргізуге, сондай-ақ бұл ұйымдардың қызметіне қатысуға жол берілмейді. Мектеп білім беру саласында мемлекеттік саясат принциптерін сақтайды, діни және ақсүйектілік білімге бөлінбейді. Оқушының міндеті - Білім бағдарламалары мен жоспарларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындау; - Өзінің мәдени деңгейін жүйелі көтеруге, мектеп формасын сақтауға; - Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру; - Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп директорының, мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай-ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен мектептің кадрларына бағыну. - Мінез-құлық ережелерін сақтау: * үлкендерді құрметтеу; *басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу; *өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу. - Мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді. - Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдарды (ұялы телефон, аудио, видеоплеер) әкелуге тыйым салынады. - Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау; - Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу; - Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау. Мектеп тарапынан ішкі тәртіп ережелерін сақтауға қойылатын талаптар. - Осы Жарғының талаптарын, оқушылар ережелері мен басқа да мектептің локальдық актілерін сақтау - Заңға қарсы әрекеттер, Жарғыны өрескел, бірнеше қайтара бұзушылықты жасағаны үшін мектеп Кеңесінің шешімімен педагогикалық ықпал жасаудың ең соңғы шарасы - жасы он алтыға толмаған оқушыларды мектептен шығару қолданылады. |
||
ЖАЗ
Суда абай болыңыз!
Суға шомылу мезгілі 1 маусымнан басталады. Жыл
сайын суда көптеген адамдардың опат болатыны ешкімге де жасырын
емес. Опат болудың негізгі себептері – жабдықталмаған жерлерде және
мас күйінде суға түсу.
Қайғылы цифрлар туралы еске түсірейік:
- Зырян ауданында 2008 жылғы суға шомылу маусымында 12 адам суға
батып кетті, оның ішінде 2-уі бала;
- 2009 жылғы суға шомылу маусымында 9 адам суға батып кетті;
- 2010 жылғы суға шомылу маусымында 11 адам суға батып кетті
Судағы құтқарушылардың қайғылы тәжірибелері көбінде бақытсыздыққа
мас күйдегі тұлғалар, кейде физикалық сау тұлғалар да
ұшырайтынын көрсетті.
Сондықтан судағы қауіпсіздік ережелерін еске
түсірейік:
Суға шомылу кезіндегі
ережелер
- Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды
пайдаланыңыздар.
- Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда
суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар -
бұл өміріңізге қауіпті.
- Ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері!
Балалардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеңіздер!
- Мас күйде суға шомылуға тыйым салынады.
|
|
|
Суға шомылушыларға
кеңес
- Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік
беріңіз.
- Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана
шомылыңыз.
- Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда - сасқалақтамаңыз, су бетінде
қалуға тырысыңыз және көмекке шақырыңыз.
- Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз.
- Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз.
- Мас күйде суға шомылуға
болмайды.
Отбасындағы менің міндеттерім
Ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. ҚР-ның Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады.
11-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен
міндеттері
68-бап.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің
теңдігі
1.
Ата-аналардың өз балаларына қатысты тең құқықтары және тең
мiндеттерi (ата-ана құқықтары)
болады.
2. Осы тарауда
көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегiз жасқа (кәмелетке)
толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары некеге отырған
(ерлі-зайыпты болған) кезде
тоқтатылады.
70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және
оған білім беру жөніндегі құқықтары мен
міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына
қамқорлық жасауға
мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге
құқығы бар және осыған
міндетті.
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында
баласын тәрбиелеуге басым құқығы
бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі,
психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр
сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта
болады.
3. Ата-аналар баласының міндетті орта білім
алуын қамтамасыз етуге
міндетті.
Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға
дейін оның пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және баланың
оқу нысанын таңдауға құқығы
бар.
4. Баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты
барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның
пікірін ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар шешеді.
Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер болған кезде, бұл
келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа
жүгінуге құқылы.
71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен
мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен
міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi
болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және
заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен
мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың
мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз
баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың
арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың
құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға
мiндеттi.
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана
құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың
мүдделерін білдіруге құқылы
емес.
72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде
жүзеге асыру
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы
жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның
ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болып
табылады.
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс.
Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» — дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Әрбір ата-ана баласын ар–намысты болуға, адамгершілікке, мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауға дайын тұруға баулыған. Қазақта ең үлкен тәрбиені беруші әйел- ана болған. Тәрбие әйелден, қыздан басталса керек. Егер ата-бабамыз айтып кеткен «Ыдысын көріп, асын іш, шешесін көріп, қызын ал» деген сөзге терең мән беріп қарасақ, қаншама мағына, қаншама тәрбие жатыр. Бұл жерде дана халқымыз әйелдің өзін тәрбиелеп тұр. «Ыдысын көріп, асын іш» деген не сөз? Бұл жерде әйелдің тазалығына деген талап жатыр. Яғни, ол қандай әйел? Ұстаған ыдысы таза ма?Ендеше оның үйінен ас ішуге бола ма, болмай ма? Біреудің үйінен біреу ас ішпей кетсе, біздің халық оны ар санаған. Ал, «Шешесін көріп, қызын ал» десе, мұнда да мән бар. Егер біреу «шешесі жаман екен, қызын алмаймын» деп жатса, одан артық қорлық, масқаралық жоқ қой. Сондықтан да әйел өзі үшін ғана емес, бала-шағасы, ауыл–аймағы үшін де үлгілі, өнегелі болуы қажет.
Ұлттық құндылықтардың негізгі саласының бірі салт–дәстүрдің шығу тарихын, қолдану зертттей келе, оның қыз бала тәрбиесінің өзекті арқауы екеніне көз жнткіземіз. Оның тәрбие беру мазмұны мынаған саяды:
-Әдеп, отбасы, қоғамдағы қарым- қатынас ұғымдарын қалыптастыру;
-Имандылық салтын қалыптастыру, өмірді бағалау, оның жасампаздық жағдайына бейімделу;
-Адамгершілік, еңбекқор, кішіпейілділік сияқты адами қасиеттерге баулу;
-Болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін түсіну;
Ұлттық болмыс- ұғымдарды жете білуге баулу.
Әрбір отбасында «баланы бастан...» деп басталатын тәрбиенің түрі қандай тағылым десеңізші?! Оны ата-бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Адам болу үшін Ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, ал қызға қырық үйден тыю болған.
Жақсы ана болғанда саналы ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негезі, тарихтың көзі–жайнаған осы қыздар және олардың қажырлы бағбандары–атадан қалған асыл рухани байлықтар, сондай-ақ қазіргі даму үстіндегі қоғам қажет етіп отырған ғылыми-техникалық өнер бәсекесінің маңызы. Ата-бабаларымыз қыздары есейгенде оларға он түрлі талап қойып, өмірлік тірек, мәңгілік бақыт болатын мынадай үш серік табу шарт деп қараған.
1.Сарқылмас ақыл- білім, мол үлгі тағылым табу.
2.Өшпейтін, өлмейтін өнер табу.
3.Жақсы жар табу.
«Әйелді сүйіктіге айналдыратын–ар мен ұят» деп білетін қазақ халқы әйелдік қадір–қасиет туралы қыз балаларына жастай тәрбие жүргізеді. Әйелдік қадір-қасиет дегеніміз: әйелдерге тән әдеп–иба, ар–ұят, бауырмалдық, мейір–шапағаттылық, кеңпейіл–кешірімділік, адалдық пен нәзіктік пен биязылық. Қиындық атаулыны алымды ақыл, тәтті тіл, жағымды күлкісімен жеңіп, ұрпақтары мен ер азаматтарына шексіз жылу сыйлау. Туыс–туған, ауыл–аймақ, ел-жұрт ортасында татулық дәнекері, береке-бірліктің ұйытқысы болу – нағыз әйелдік, аналық парыз екндігін, ал ұрпақ тәрбиесіне жаупсыздық, ерлерді қорлап тіл тигізу, арын- тәнін сату түгел әйелдік қадір–қасиетке жат қылықтар.
Ана болу-дүниедегі ең ауыр міндет. Жақсы ана үшін қыздар мектеп қабырғасынан алынатын білім арқылы өзін жастайтын толық кемелдендіруі қажет. Қыздар күнделікті өмірде тәртіпті тұрмыстан татымды нәтиже жаратуға құлшынып, өз сымбатына көңіл бөлуі керек. Жақсы денсаулық үшін–жаныңда күт. Қыздар албатты асқазан мен ішек жолдарына зиян улы дәрілерді көп ішпеуі керек. Ішсе, ана болғанда қатты зиян тартатыны дәлелденген. Арақ пен темекіден аулақ болғаны жөн. Ең бастысы, қыз бала өзінің сезімін қалыпты ұстап, психологиялық жақтан көңіл күйін ұстап үйренуі керек. Қалыпты жаста тұрмысқа шығу керек. Өйткені, өте жас тұрмысқа шығудың зияны бар. «Он бес жас-отау иесі емес, қайта он бес жас–оқу иесі» деп айтса жөн болар. Қалыпты жас 20 жастан 25 жасқа дейінгі аралық. Сонымен қатар жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспеу салты тек қазаққа ғана тән. Яғни қаны жақын адамдар өзара некеленсе қанды, ар- ожданды былғағаны. Міне, біз болашақ қыздарымызды осындай жақсы қасиеттерге тәрбиелейміз.
Ата-аналардың құқығы мен міндеттері
62-бап.
Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және
оларға
білім беру жөніндегі құқықтары
мен міндеттері
1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
2. Ата-аналардыңөз балаларын тәрбиелеуге құқығы
бар және оған міндетті.
Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын
тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық
мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және
рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету
үшін негізгі жауапкершілікте болады.
3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын
қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға
дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға
құқығы бар.
4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
63-бап. Балалардыңқұқықтары мен
мүдделерін қорғау
жөніндегі ата-аналардыңқұқықтары мен
міндеттері
1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардыңқұқықтары мен мүдделерін ќорғайды.
2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардыңөз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
64-бап.
Ата-ана құқықтарын
балалардың мүдделерін
көздей
отырып жүзеге асыру
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне
қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін
қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығыныңнегізгі мәні болуға
тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене
және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына
зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде
адамныңқадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік,
дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Ата-ана құқықтарын балалардыңқұқықтары мен мүдделеріне нұқсан
келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген
тәртіппен жауап береді.
Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері
Оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», — дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
3. Ата–аналар ұжымын құру.
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру..
Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс
|
Р/с |
Мазмұны |
Формасы |
Жауапты
|
|
1 |
1) Ата-аналар комитетін сайлау 2)Алдағы атқарылатын жұмыстар туралы ұсыныс, пікірлер 3) Оқушы формасы, оқулықтардың ұсталуы жайлы
|
Ата-аналар жиналысы |
Сынып жетекшісі |
|
2 |
1) І тоқсан оқу қорытындысы
2) Ата-аналарға кеңес |
Ата-аналар жиналысы |
Сынып жетекшісі |
|
3 |
1) ІІ тоқсан оқу қорытындысы
2) «Демалысты тиімді өткізейік!»
|
Ата-аналар жиналысы Пікіралмасу |
Сынып жетекшісі |
|
4 |
Ата-аналарды мектепішілік іс-шараларға тарту
|
|
Сынып жетекшісі |
|
5 |
1) ІІІ тоқсан оқу қорытындысы
2) «Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі орны»
|
Ата-аналар жиналысы Әңгімелесу |
Сынып жетекшісі |
|
6 |
1) Жылдық қорытынды
2) «Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік»
|
Ата-аналар жиналысы Әңгімелесу |
Сынып жетекшісі |
|
7 |
Жазғы демалыс |
|
Сынып жетекшісі |
|
№ |
Мазмұны |
Мерзімі |
Жауапты |
|
|
1 мәжіліс |
||||
|
1
2
|
Баяндама
Ата-аналар комитетін сайлау.
|
қыркүйек |
сынып жетекші |
|
|
2 мәжіліс |
||||
|
1
2 3 |
«Мектеп, ата- ана, оқушы арасындағы байланыс» Психологиялық тренинг І тоқсан қорытындысы Әр түрлі мәселелер
|
қараша |
сынып жетекші, психолог |
|
|
3 мәжіліс |
||||
|
1 2 3
|
Баяндама ІІ тоқсан қорытындысы Әр түрлі мәселелер
|
қаңтар |
сынып жетекші |
|
|
4 мәжіліс |
||||
|
1 2 3 |
«Отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі» баяндама ІІІ тоқсан қорытындысы Әр түрлі мәселелер
|
сәуір |
сынып жетекші |
|
|
5 мәжіліс |
||||
|
1 2 3 4 |
«Жазғы каникул кезіндегі еңбек пен демалыс» Ата-аналар комитетінің жылдық есебі ІV тоқсан қорытындысы Әр түрлі мәселелер |
|
|
|
Сыныптағы ата-аналар комитеті
|
Р/с |
Ата-аналар комитеті мүшелерінің аты-жөні |
Жұмыс орны |
Мекен-жайы: |
Үй телефоны, жұмыс тел. немесе ұялы телефоны |
|
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
. |
|
|
|
|
4 |
. |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген