400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналармен жұмыс мазмұны және міндеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату арқылы баланың жан-жақты дамуына ықпал ету, педагогтың ата-аналармен жұмыстағы негізгі міндеттері мен қызметтерін анықтап, оны дұрыс ұйымдастыруға көмектесу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Ата-аналармен жұмыс мазмұны және
міндеттері
Ата-аналармен жұмыста педагогтың
негізгі қызметтері
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
шеберлігі
Тақырыбы:
Орындаған: Жеткізгенқызы Райхан


Page 2

Мақсаты:
Ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату
арқылы баланың жан-жақты дамуына ықпал ету,
педагогтың ата-аналармен жұмыстағы негізгі
міндеттері мен қызметтерін анықтап, оны дұрыс
ұйымдастыруға көмектесу.


Page 3

"Ата-аналармен
жұмыстың
маңыздылығы және
отбасы мен мектеп
арасындағы байланыс"
Ата-аналармен жұмыстың маңыздылығы –
баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін
негізгі факторлардың бірі. Ата-аналар мен
мұғалімдер тығыз қарым-қатынаста болған
кезде, бала өзін қолдауда сезінеді, оның оқу
үлгерімі жақсарып, тұлғалық дамуы дұрыс
қалыптасады.
Отбасы мен мектеп арасындағы байланыс –
баланың тәрбиесі мен білім алуының
маңызды бөлігі. Отбасы – баланың алғашқы
ортасы, ал мектеп – оның білім мен тәрбие
алатын екінші үйі. Егер осы екі орта бірлесіп
жұмыс істесе, балаға қолайлы жағдай
жасалып, оның әлеуеті толық ашылады.


Page 4

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу
және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны
соған сай мұғалімдер мен оқушылардың
көзқарасатары олардың өзара қарым қатынасы
сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу
технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы
жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс
тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп
демократиялық бағытты ұстануда яғни,
педагогикалық әрекеттегі үштік одақ - мұғалім -
оқушы - ата - анаға қатысты жағдайда жаңа
демократиялық қарым - қатынасқа ие болды.
Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу
көп ізденуді, еңбек етуді
қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер
жауапкершілік мол. Оны
оқушылардың ата - аналарымен тығыз
байланыста болған жағдайда ғана
талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін
де ата - аналармен қоян -
қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ
мерзімді қажет ететін процесс.
Ата-
аналармен
жұмыс


Page 5

Ата-аналармен жұмыс –
мектеп пен отбасының
өзара әрекеттесуін
нығайтуға бағытталған
жүйелі іс-шаралар
кешені. Оның басты
мақсаты – баланың
тәрбиесі мен дамуына
оңтайлы жағдай жасау.
Ата-аналармен тұрақты
байланыс орнату01
Отбасы мен мектептің балаға
қоятын талаптарының бірлігін
қамтамасыз ету. 02
04
03
Ата-аналар ұжымын құру.
04
Ата-аналардың педагогикалық білім
дәрежесі мен мәдениетін үнемі
арттырып отыру.


Page 6

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып
жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы
мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын
бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады.
Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу.
Ата-аналардан оку жылының
басында 3 түрлі сұраққа жауап алуға
болады?
Заң:
Ата-аналарға құқықтық білім беру негізінде өткізілген жиналыста ата-аналар топтарға
бөлінеді.
Әр топқа мынадай үлгідегі тапсырмалар беріледі:
a) Қазақстан Республикасының құқығы жайлы балалардың құқығы қалай қорғалған?
ә) Өз балаңыздың құқығы бұзылған кезі болды ма?Сіздің әрекетіңіз, т.б
б) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай? Сіз қалай орындап жүрсіз?
Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөліседі, пікір алмасады.
1. Балаңыздың бойынан мектепке
келгеннен кейін қандай өзгерістер
байқадыңыз?
2. Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан
қандай көмек керек?
3. Ата-аналар жиналысына қандай
тақырыптар ұсынасыз?


Page 7

«Адамға ең бірінші білім емес,
тəрбие беру керек. Тəрбиесіз
берілген білім адамзаттың қас
жауы, ол келешекте оның өміріне
апат əкеледі.» əбу Насыр əл-Фараби


Page 8

01
02
03
04
Ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің
нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;
Ата-аналарды балаларының оқуына
көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету;
Топ ұжымымен қызықты іс-шараларды
ұйымдастыруға ата-аналарды
қатыстыру;
Мектептегі ашық есік күндеріне
шақырып, қатыстыру;
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
міндеттері:


Page 9

Ата-аналармен педагогикалық
және психологиялық ағарту
жұмыстарын ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі бұл бағытты
ата-аналардың
педагогикалық және
психологиялық білімдер
жүйесін меңгеруіне, балалар
әлеументтік оргадағы мінез -
құлқын жақсы білуіне сай,
оларға ағартушылық
қызмет жүктейді.
Ата аналарды сыныптағы оқу
тәрбие процесінің
мазмұнымен және
әдістемесімен таныстыру
Сынып жетекшісі ата - аналар
жиналысының
бірінші отырысында осы
мәселеге қатысты өзінің
ұстанымы мен
педагогикалық көзқарасын
баяндайды. Оның мақсаты
және міндеттерімен,
соған сай әрекет ету
бағдарламасы және тәсілімен
тәрбие жоспарымен
таныстырады.
Ата-аналарды балалармен
бірге әрекетке қатыстыру.
Мұнда тәрбиелеу ортасын
кеңейту, оқушы тұлғасының
дамуына ықпал
ету өрісін арттыру, сабақтан
тыс тәрбие әрекетін
ұйымдастыру, осы
әрекеттер барысында
мұғалімдер, ата-аналар мен
балалардың өзара қарым-
қатынасын жақсарутды
көздейді.


Page 10

Ата-аналар белсенділерімен
жұмыс және ата-аналардың
әртүрлі
қоғамдық ұйымдарымен,
жұртшылықпен өзара
әрекеттесуі. Сынып
жетекшісінің бұл бағыттағы
жұмыстары ата-аналардың
комитетін құрып,
оның мүшелеріне белгілі бір
бағытта тапсырмалар беру,
олардың
жұмыстарын ұйымдастыруға
кеңес беру, қолқабыс
көрсетуден басталады.
Тәрбиенің обьектісі - тұлға ,
ұстаз оларды дамыту үшін
оларға тәрбие субьектісі ретінде
қарап, олардың белсенді
іс-әрекетін ұйымдастырып,
басшылық жасауды қажет
етеді.
Отбасы тәрбиесіне қатысты
ата-аналарға педагогикалық-
психологиялық кеңес беру.
Бұл бағытта кейбір отбасында
бала тәрбиесіне
қатысты туындап отырған
мәселеге байланысты көмек
көрсету, ақыл-кеңес
беру.


Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
23
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі