Материалдар / Ата-аналармен өткізілген тренинг «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналармен өткізілген тренинг «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешілеріне ата-аналар жиналысын тренинг түрінде өткізуге көмекші
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
516
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫКҮНІ: 14.12.2018 ЖӨТКІЗГЕН: МАД тәрбиешісі Бошанова Г.А.ТАҚЫРЫБЫ: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің алатын орны туралы айта отырып, жақсы қарым-қатынас орнату.Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
  • Ұйымдастыру «Танысу» жаттығуы
2. Баяндама: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»3. Сауалнама: Сіз қандай ата-анасыз?4. Қорытындылау «Тілек үйі»

БАРЫСЫ:ТәрбиешіСәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын!Ұлы Абай атамыз: «Бір қуанышым бар ол – менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты, ең жақсы болуын, талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша, құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз, балалар бізге ұқсайды» дейтін тәсіл бар. Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» атты тақырыптағы жиналысымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.Баланы жастан бақпасаң,Жамандықтан қақпасаң,Қадірден жұрдай қасқа боп,Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

1. «Танысу» жаттығуы:Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып танысады бірінші ата-ана өз есімін айтып оған өзінің сүйікті ісін, сүйікті тағамын т.б қосады келесі екінші ата-ана бірінші ата-ананың атын, сүйікті ісін айтып өзін таныстырады жалғастырып солай кезекпен айтып жалғастырып айтып шығады.



2. Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы ата-анасы. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 3 сағаты мектепте, қалғаны үйде. Бала үшін тәрбие ордасы үнемі отбасы, ата-ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата-ананың жеміс ағашы. Дұрыс өспеген ағаш, дұрыс жеміс бермейтіні белгілі. Сондықтан әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де саналы мәдениетті болуы үшін алдымен тәрбиені өзінен бастаған жөн.3. Сауалнама Сіз қандай ата-анасыз? Ата-аналардан Әрқашан жасаймын, келісемін . Кейде ғана келісемін. Келіспеймін – деген жауаптардан тұратын сауалнама алу.

4. Қорытындылау «Тілек үйі»Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар. Сондықтан оттыб басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек үйі» бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізіп. Бір-бірімізге берейік, бүгінгі жиналыстан алған әсеріміз алдағы келе жатқан мерекелерге тілектеріңізді атуға болады.Ата-анаға көз қуаныш,Алдына алған еркесі.Көңіліне көп жұбаныш,Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!