Мақсаты: Бала трибесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балабақша өмірімен таныстыру,мінез-құлқын, бейімін, қызығушылығын тереңірек зерттеу.Ата-ана, бала, тәрбиеші үштігі арасына өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Тақырыбы: «Біздің топ»
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, тренинг, әңгімелесу, пікір.
Жүру барысы: Құрметті ата-аналар бүгінгі «Біздің топ» тақырыбындағы жиналысқа қош келдіңіздер! Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Бүгінгі күні алдымызда жарқырап жүгіріп жүрген балаларымыздың ертеңгі күні жарқын болсын.
Күн тәртібінде қаралатын мәселе:
1.Шаттық шеңбері.
«Достық» (танысу тренинг)
2.Ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтау.
3.Ата-ана үштігін сайлау.
4.Балабақша өмірімен, күн тәртібімен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарымен таныстыру.
5.Балалардың оқу құралдарын тиянақты әкелу.
6.Ата-аналарға анкеталық сұрақтар.
7.Балалардың киімі талапқа сай болуы.
8. Балалардың портфолио үлгілерін көрсетіп, оны жинақтап алып келу.
9.Ата-аналар жиналысының шешімі.
10.Қортынды.
1.Шаттық шеңбері:
Ата-аналарды қолдарынан ұстап шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане,бәріміз қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар?
Шеңберге тұрудың үлкен қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулық сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық,шаттық шеңбері дейміз. Енді бәріміз жақсылық тілеп шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
«Достық» тренинг:
Мақсаты: Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-қатынасты жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.
Мына лентаны мен ұстап: аты-жөнімді, мамандығымды, бір-бірімізге деген жылы лебізімізді білдіреміз. Мысалы: Менің есімім Айгүл Құрақбаева Адайқызы. Мен «Боранқұл бөбекжайы» балалар бақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Мен сізге әркез достықта болайық дегім келеді-деп келесі ата-анаға жалғаймыз. Жалғай-жалғай бұл лента үлкен шеңбер болады. Міне, осындай үлкен достықта, лентадай берік, ажырамастай, тату бірлікте болайық.
Ата-аналар атқарылатын мәселеге кезек берейік.
-Ата-ана үштігін сайлау.
-Оқу құралдарды тиянақты әкелу.
-Балалардың киімін талапқа сай болуы.
-Портфолио жинақтап әкелу.
-Ата-аналар анкеталық сұрақтар толтыру.
Ата-аналар жиналысының шешімі: «Алтын балық» тілегі
Ата-аналар енді көзімізді жұмып ғажайып әлеміне саяхаттап қайтайық. Міне ғажайып әлеміне келдік, көзімізді ашамыз. Егер сіздердің қармағыңызға Алтын балық түссе, ең,ең,ең маңызды жалғыз тілектеріңізді орындаймын десе, қандай тілек тілер едіңіз.
Қортындылау.
Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып келеді. Балаларымыз аман болсын. Еліміздің үлгілі азамат пен азаматшасы болсын! Келіп, көріп қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.
«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
«Достық»
(ата-аналармен тренинг)
2016ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-анамен жұмыс
Ата-анамен жұмыс
Мақсаты: Бала трибесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балабақша өмірімен таныстыру,мінез-құлқын, бейімін, қызығушылығын тереңірек зерттеу.Ата-ана, бала, тәрбиеші үштігі арасына өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Тақырыбы: «Біздің топ»
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, тренинг, әңгімелесу, пікір.
Жүру барысы: Құрметті ата-аналар бүгінгі «Біздің топ» тақырыбындағы жиналысқа қош келдіңіздер! Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Бүгінгі күні алдымызда жарқырап жүгіріп жүрген балаларымыздың ертеңгі күні жарқын болсын.
Күн тәртібінде қаралатын мәселе:
1.Шаттық шеңбері.
«Достық» (танысу тренинг)
2.Ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтау.
3.Ата-ана үштігін сайлау.
4.Балабақша өмірімен, күн тәртібімен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарымен таныстыру.
5.Балалардың оқу құралдарын тиянақты әкелу.
6.Ата-аналарға анкеталық сұрақтар.
7.Балалардың киімі талапқа сай болуы.
8. Балалардың портфолио үлгілерін көрсетіп, оны жинақтап алып келу.
9.Ата-аналар жиналысының шешімі.
10.Қортынды.
1.Шаттық шеңбері:
Ата-аналарды қолдарынан ұстап шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане,бәріміз қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар?
Шеңберге тұрудың үлкен қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулық сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық,шаттық шеңбері дейміз. Енді бәріміз жақсылық тілеп шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
«Достық» тренинг:
Мақсаты: Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-қатынасты жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.
Мына лентаны мен ұстап: аты-жөнімді, мамандығымды, бір-бірімізге деген жылы лебізімізді білдіреміз. Мысалы: Менің есімім Айгүл Құрақбаева Адайқызы. Мен «Боранқұл бөбекжайы» балалар бақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Мен сізге әркез достықта болайық дегім келеді-деп келесі ата-анаға жалғаймыз. Жалғай-жалғай бұл лента үлкен шеңбер болады. Міне, осындай үлкен достықта, лентадай берік, ажырамастай, тату бірлікте болайық.
Ата-аналар атқарылатын мәселеге кезек берейік.
-Ата-ана үштігін сайлау.
-Оқу құралдарды тиянақты әкелу.
-Балалардың киімін талапқа сай болуы.
-Портфолио жинақтап әкелу.
-Ата-аналар анкеталық сұрақтар толтыру.
Ата-аналар жиналысының шешімі: «Алтын балық» тілегі
Ата-аналар енді көзімізді жұмып ғажайып әлеміне саяхаттап қайтайық. Міне ғажайып әлеміне келдік, көзімізді ашамыз. Егер сіздердің қармағыңызға Алтын балық түссе, ең,ең,ең маңызды жалғыз тілектеріңізді орындаймын десе, қандай тілек тілер едіңіз.
Қортындылау.
Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып келеді. Балаларымыз аман болсын. Еліміздің үлгілі азамат пен азаматшасы болсын! Келіп, көріп қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.
«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
«Достық»
(ата-аналармен тренинг)
2016ж.
шағым қалдыра аласыз













