Материалдар / Ата-анамен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-анамен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналарға арналған тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2018
580
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Отбасы-аялы алақан мекені

(Ата-аналарға арналған тренинг)

Жоспар:

Кіріспе сөз

I бөлім Тернинг «Танысу»

II бөлім «Бала тәрбиесі» видеоролик

III бөлімТренинг «Сүйіспеншілік сипаты»

IY бөлім «Сұрақ-жауап» қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру

Y бөлім «Ата-аналарға арналған кеңестер» видеоролик

YI бөлім «Суреттер галереясы»

YII бөлім «Ата-анаға құрмет» видеоролик

YIII бөлім «Тілек шамы» тернинг

Марапаттау

Қорытынды

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуының әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,ата-ана, ұстаз,бала арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қарым-қатынас орнату.

Өткізілу түрі: ТРЕНИНГ

Өткізілу әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, жағдаяттық сұрақтар.

Жүру барысы:

Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы. Әрбір ата-ана балаға жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетіп, тәрбие береді. Тәрбие отбасынан бастау алады.

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, ұстаз! «Отбасы-аялы алақан мекені» атты тренингке қош келдіңіздер!

I бөлім Тернинг «Танысу»

Мақсаты: Жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Құрметті ата-аналар сіздерді ортаға танысу тренингіне шақырамын. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Тегінде, әдеп,аманшылық-амандасудан басталады. Сәлем –арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынысындығы ассалам сөзі. «Сізге тыныштық тілеймін» дегенді білдіреді. Адамның әр күнгі іс-қимылы таңертеңі сәлемнен, жақсы лебіз, көңіл-күйден басталары сөзсіз. Мен де шын көңілден сіздерге арнайы гул жасадым. Танысу шеңберінде өздеріңізді қысқаша таныстырып, қойған сұраққа жауап бересіз.

  • Сіздің есіміңізді кім қойды?

  • Сіздің есіміңіз қандай мағына береді?

  • Сізге өз есіміңіз ұнай ма?

  • Есіміңізді өзгерткіңіз келе ме?

  • Сіз қазір қандай сезімдесіз?

  • Бүгінгі пікірталастан не күтесіз?

  • Шара соңында сіздің көңіл-күйіңіз қандай болады деп ойлайсыз?

Бүгінгі тренингіміздің жоғары деңгейде өтуіне тілек білдіре отырып, орындарыңызға жайғасуыңыз сұралады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?

II бөлім «Бала тәрбиесі» видеоролик

Олай болса, тренингіміздің 2-ші бөліміне көшсек.

Бала тәрбиесі туралы видеороликті тамашаласақ. Экранға назар аударайық. Қазіргі кезде әрбәр отбасында кездесетін жағдай десек те болады. .......... сіз қалай ойлайсыз. ..................... пікіріне қосыласыз ба? Видеороликтен алған әсерлерімен ой бөлісу.

IIIбөлім

Тренинг «Сүйіспеншілік сипаты»

Келесі бөлім «Сүйіспеншілік сипаты» деп аталады. Құрметті ата-аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланыста. Табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Таңдауыңызды жасасаңыз тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діңдер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар өз тобыңызбен келісе отырып, топтан бір адам шығып қорғайды. (әр топтың сөзі тыңдаалып, қошеметпен шапалық ұрылып отырады).

Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқ емес, психологиялық сәйкестік. Яғни тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар болса, діңгекті таңдағандар берік мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты , әсемдікті,ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата-аналар мына қағазға «Тамыр»тобы- тамырды, «Жапырақ» тобы-жапырақты, «Діңгек» тобы- діңгекті саламыз.

(Музыкалық сүйемелдеу, қалам-қағаз)

Мұғалімге деген талап-тілектеріңізді «Тамыр»тобы- тамырға,«Жапырақ» тобы-жапыраққа, «Діңгек» тобы- діңгекке жазыңыздар. (Музыкалық сүйемелдеу, қалам-қағаз)

Осы ағаштың тамыры - ата-ата, діңгегі- тәрбиеші, ал жапырағы-балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.

Енді мына себетен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп. (музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу)

Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

IY бөлім Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру

Қымбатты ата-аналар, тренингіміздің 4-ші бөліміне де келіп жеттік. Сіздерге сұрақ қойылады. Сұрақтың жауаптарына қимыл-қозғалыс арқылы жауап бересіздер. Дайын болсаңыздар бастаймыз.

  • Иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;

  • Жоқ десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдытыңыздар.

  1. Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардан бағдарламадан тәрбиеге байланысты ақпараттарды жиі тыңдап, қарап жүресіз бе?

  2. Балаға тәрбие беру кезінде ата-ана бірдей ықпал жасайды ма?

  • Егер «жанұя» десеңіздер, жымиыңыз

  • Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз

Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде ойлайсыз?

  • Егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз

  • Егер «ана» десеңіздер жымиыңыз

  • Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

Y бөлім «Ата-аналарға арналған кеңестер» видеоролик

Әрбір ата-ана өз баласын қызғыштай қорғап, бағып-қағып өсіреді. Қазіргі қарбалас заманда небір сұмдық жайттарды жаңалықтардан естіп те, көріп те жатамыз. Сол жағдайларды болдырмау, алдын алу шараларының негізінде Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, балалардың құқықтарын қорғау комитеті дайындаған «Ата-аналарға арналған кеңестер» атты роликке назар аударайық.

YI бөлім «Суреттер галереясы»

Кезекті суреттер галереясы айдарына берсек. «Сырлы бояу» үйірме жоспарына сәйкес оқушылар сабақ барысында менің отбасым тақырыбына сай суреттер салған болатын. Суреттерді тамашаласақ.

Сырлы бояу үйірмесінің жұмыс жасап келе жатқанына бір жылдың көлемі болды. Үйірмеге тартылған балалардың басым бөлігі бастауыш сынып оқушылары, яғни кіші топтар. Қолына енді қалам алып, әріпті енді танып жатқан бала сурет салуды оңай меңгеріп кете алмайды. Әр баланың қабылдауына байланысты. Бар білгенімді оқушыларыма үйретуге тырысудамын. Жалпы сурет салу балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, қиялын дамытып, ұқыптылыққа, тазалыққа әсемдікке жетелейді. (Әр оқушыға тоқталу)

YII бөлім

Олай болса, экранға назар аударайық! «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің...» деген қазақта сөз бар. Олар ең жоғары құрметке, ең үлкен сыйға лайықты жандар, солай емес пе?

YIII бөлім «Тілек шамы» тернинг

Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қытынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілетін болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзеу болуы үшін «Тілек шамы» тренингін жүргізгім келіп отыр. Бір-бірімізге шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг басында айта алмай қалған ойларыңызды болса барлығын осы жерде айтуларыңыз сұралады.

Марапаттау

Бүгінгі шарамыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегі «Оқушылар Сарайы» ММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қобландина Гүлмира Нұрғалиқызына беріледі.

Қорытынды Жоғарыдағы айтылған пікірлерге қосыла отыра, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екен..Сондықтан, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасайтын боламыз деп ойлаймын. Құрметті ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп, пікірлесіп өз ойыңызды ортаға салғаныңыз үшін үлкен алғыс айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Естелікке суретке түсіп алайық

Picture 2 Picture 8

Picture 5 Picture 11

Picture 17 Picture 2

Picture 5





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!