Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ата анамның қолқанатымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата- Аналарға барынша көмектесіп тырысу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1




Бала мен ата-ана
арасында бауыр
басуды дамытамыз
Модуль 4

Оқу құралы

2017
zorica trikic
SPecialiST RePack
01.01.2017


Page 2

1



Авторлар тобының жетекшісі
Сесилия Брейбауер, дәрігер, денсаулық
сақтау магистрі
психиатр, балаларды және
жасөспірімдерді дамыту саласындағы
денсаулық сақтау сарапшысы
RISE Институты, АҚШ

Зорица Трикич,
аға бағдарламалар менеджері,
«StepbyStep» (ISSA) Халықаралық
қауымдастығы, Нидерланды

Беттина Шветельм,
маман, кіші жастағы балаларды
дамыту және денсаулық сақтау
бөлімшесі,
Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД
елдеріне арналған аймақтық ЮНИСЕФ
кеңсесі


Адриенн Берджесс,
атқарушы директор және ғылыми
зерттеулер басшысы
Әкелік институты, Ұлыбритания


Page 3

2

МАЗМҰНЫ

ТАРАУ МАЗМҰНЫ БЕТ
I КІРІСПЕ 3
Модуль мақсаты және күтілетін нәтижелер 3
Бауыр басу ұғымының анықтамасы 3
Негізгі идеялар – неліктен бұл тақырып біз үшін маңызды? 4
II ЭМОЦИЯЛАР ЖӘНЕ АТА-АНА МЕН БАЛАНЫҢ БІР-БІРІНЕ
БАУЫР БАСУЫ ТУРАЛЫ НЕВРОЛОГИЯ
5
III АТА-АНА МЕН БАЛАНЫҢ БІР -БІРІНЕ БАУЫР БАСУ
МОДЕЛЬДЕРІ
9
IV БАУЫР БАСУ МОДЕЛЬДЕРІН ҰРПАҚТАН ҰРПАҚҚА БЕРУ 16
V МАХАББАТ – ТІПТІ ҚИЫН УАҚЫТТА ДА 18
VI НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРДЫ ЖАЛПЫЛАУ 26
ҚОСЫМШАЛАР 29
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ 1 (2-тарауға) 30
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ 2 (3-тарауға) 30
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ 3 (4-тарауға) 30
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ 4 (5-тарауға) 31
ҚОСЫМША РЕСУРСТАР 31
БЕЙНЕФИЛЬМДЕР 31
ІІ-тарауға 31
ІІІ-тарауға 31
V-тарауға 32
БИБЛИОГРАФИЯ 33





Page 4

3

I. КІРІСПЕ

МОДУЛЬ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Осы модульде сізге бауыр басу туралы негізгі теория, сонымен қатар, сізге үйге
барып қарау кезінде ата-ана мен баланың бір-біріне сенімді бауыр басуын
қалыптастыруға септесуге көмектесетін сарамандық жаттығулар ұсынылады.
Модуль аяқталған соң, сіз:
• Баланың және отбасының денсаулығы, дамуы және жалпы аман-саулығы
үшін ата-ана мен бала арасындағы махаббат пен берік бауыр басудың орасан
зор маңыздылығын түсіндіріп бере аласыз;
• Берік және әлсіз бауыр басу модельдерін өзара ажырата аласыз;
• Бауыр басу модельдері бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріле алатынын біле
аласыз;
• Үйге барып қарау кезінде бала мен ата-ананың бір-біріне берік және дұрыс
бауыр басуына септесе алатын кейбір дағдыларға машықтана аласыз.

БАУЫР БАСУ ҰҒЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
«Бауыр басу – сәби мен ата-ана (немесе тәрбиелеуші) арасындағы эмоциялық
байланыс. Бұл - уақыт өте келе, әсіресе, сәбилер өздеріне назар аударылуын,
тыныштандырылуын, қолдау көрсетілуін немесе қауіпсіздігі қамтамасыз етілуін қажет
ететінін көрсететін жағдайларда өрбитін эмоциялық және мінез-құлықтық өзара
әрекеттестік үлгісі. Бауыр басу сапасы ата-ананың сәбиінің қажеттіліктерін көру және
түсіндіру, әрі оларға жылдам жауап қайтару қабілетіне байланысты болады»
i
. Бауыр
басу сапасы ерте балалық шақта қалыптасады, баланың дамуына, бүкіл өмірі бойында
орнататын қарым-қатынастарына, соның ішінде, есейгенде, өз балаларымен құратын
қарым-қатынастарына әсер етеді.
НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР – НЕЛІКТЕН БҰЛ ТАҚЫРЫП БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

• Сәбилер мен кішкентай балалар әлеуметтік өзара әрекеттестік және өздерін
тәрбиелеумен үнемі айналысатын анасымен және әкесімен, әрі өзге
тәрбиелеушілермен сенімге негізделген берік қарым-қатынастар арқылы
жақсырақ дамиды.
• Уақыт өте келе ана мен бала арасындағы, әке мен бала арасындағы бауыр
басу сезімі, баланың негізгі тәрбиелеушісі әкесі мен анасынан бөлек адам


Page 5

4

болатын жағдайларды қоспағанда, басқа адамдарға бауыр басуға қарағанда
көбірек мәнге ие бола бастайды.
• Көптеген мәдениеттерде жүргізілген ғылыми зерттеулер барлық кішкентай
балалардың шамамен жартысы анасына, әкесіне немесе өзге негізг і
тәрбиелеушісіне берік (қауіпсіз) бауыр басқанын көрсетеді.
• Ата-ана мен бала арасындағы бауыр басу баланы дамытудың барлық
құрамдас бөліктерін біртұтас етін біріктіруге көмектесетін «желімге» ұқсайды,
аталмыш құрамдас бөліктер: баланың денсаулығы, білім алуы, дамуы және
жалпы аман-саулығы. Бала анасына, әкесіне немесе өзге неізгі
тәрбиелеушісіне бауыр басу үдерісі әлсіз дамыса, дамуына кері әсерін тигізуі
мүмкін.
• Бауыр басуды қалыптастыруға келсек, онда осы бауыр басу қашан орын
алатыны аса маңызды болып шығады. Бала ерте бауыр басса, сезім барған
сайын берік бола түседі. Патронаж қызметкері ретінде сіздің аналарға,
әкелерге және өзге негізгі тәрбиелеушілерге ең басынан бастап қолдау
көрсету мүмкіндігіңіз бар.
• Ата-аналар мен балалар бір-біріне автоматты түрде «ғашық» бола бермейді.
Бірақ, аналар, әкелер және өзге негізгі тәрбиелеушілер баласына
«ықыластылық» дағдысына үйрене алады, ал бұл жақсырақ бауыр басуға
септеседі. Патронаж қызметкері ретінде сіздің оларға осы үдерісте қандай да
бір қиындықтар туындаған жағдайда қолдау көрсетуге бірегей мүмкіндігіңіз
бар.
• Кішкентай балалар мен оларды тәрбиелеушілер арасында берік бауыр басу
сезімін қалыптастыруға септесе отырып, біз үйге барып қарау кезінде
қойылатын барлық басқа мақсаттарға жетуге қолғабыс етеміз және бала мен
отбасының жалпы аман-саулығын қамтамасыз етеміз. Өзіңізге тиесілі
біліммен және дағдылармен сіз аналарда, әкелерде және өзге отбасы
мүшелерінде эмпатия, ықыластылық пен сенімді дамыту арқылы берік бауыр
басуды қалыптастыруға септесе аласыз. Қиын болса да, балалар мен
отбасылар үшін сізге әрдайым үздік нәтижелерге жетуге тырысу керек!
• Үкіметтің кішкентай балалары бар отбасыларды қызмет көрсетумен қамту
және қиын міндеттерінде қолдау көрсету бойынша атқарып жатқан
жұмыстары шеңберінде сіз және жалпы қоғам келесі ұрпақтың аман -
саулығын қаншалықты жоғары бағалайтындарыңызды көрсетесіздер.

Өз қоғамыңызда балалардың және отбасылардың өмірін жақсарту үшін істеп
жатқан бар жұмысыңызға рахмет!


II. ЭМОЦИЯЛАР ЖӘНЕ АТА -АНА МЕН БАЛАНЫҢ БІР -БІРІНЕ БАУЫР БАСУЫ
ТУРАЛЫ НЕВРОЛОГИЯ

Сізге патронаж қызметкері ретінде келесілерді ұмытпау өте маңызды:


Page 6

5


a) Өмірлік тәжірибе бас миының сәулетін салады

Сәбилер мен балалар өмірлік тәжірибесі арқылы бәріне үйренеді, сондықтан, бас
миының тиісінше дамуы үшін ерте балалық шақтағы әлеуметтік қарым-қатынастар
тамақтану мен қамқорлықтан кем түспейтін маңызға ие. Гендер тек осы дамуды
бастауға көмектеседі, ал тәрбиелеушілермен және қоршаған ортамен әрекеттестікке
түсуден жиналатын өмірлік тәжірибе баланың нені үйренетінін анықтайды.
Нейроикемділік, яғни, бас миы жасушаларының (нейрондардың) байланыс
ұйымдастыру және орнату қабілеті бәрінен де өмірдің алғашқы жылдары айқын
көрінеді.

b) Бауыр басу күші – «Бауыр басу – бұл …»
Бауыр басу маңыздылығын тұңғыш рет психолог және психиатр Джон Боулби (Bowlby)
сипаттап, зерттеді. Ол бауыр басу баланың өзін қорғалған және қауіпсіздікте болу
қажеттілігіне қатысы бар, бала мен тәрбиелеуші арасындағы қарым -
қатынастардың өзіндік және шекарасы айқын белгіленген қыры деп мәлімдеді
ii
.
Бауыр басуды қалыптастыру мақсаты баланы ойнату немесе алдандыру (ойындағы
досы ретінде ата-ананың рөлі осындай), баланы тамақтандыру (күтім пен қамқорлық
көрсететін тәрбиелеуші ретіндегі ата-ананың рөлі осындай), шектеу қою (баланы
тәртіпке салуға үйретудегі ата-ананың рөлі осындай) немесе баланы жаңа дағдыларға
үйрету (педагог ретіндегі ата-ананың рөлі осындай) емес. Бауыр басу бала ата-анасын
немесе өзге негізгі тәрбиелеушісін әлемді зерттеуге аттанатын қауіпсіз мәре ретінде
пайдаланғанда, ал қажет болса, қауіпсіз пана және жұбаныш ретінде
пайдаланғанда орын алады
iii
. Ата-ана мен бала арасындағы берік бауыр басу баланы
улы стресстен қорғай алады.

c) Махаббат күші
Балаға деген махаббат – көбінесе бала туылғанға дейін басталатын, біртіндеп өрбитін
үдеріс. Ана мен әке жүктілікке қалай қарайтыны және балалы болғысы
келетіні/келмейтіні ананың, демек, жетіліп келе жатқан ұрықтың да физикалық та,
психологиялық та күйіне әсер етеді. Қорқыныш, стресс және ата-ана арасындағы
шиеленісті қарым-қатынас олардың жүктілікке және балаға деген көзқарасына әсер
ете алады.

Эмоциялар неврологиясы

Жағымды эмоциялық тәжірибе (рахаттану, қуаныш)?
Жағымсыз эмоциялық тәжірибе (стресс, қорқыныш)?

Кіреберісте Өңдеу Шығаберісте Реакция
Жанасу





Page 7

6


Дыбыс

Көру бейнесі

Иіс

Дәм

Қозғалыс

Проприоцепция

Естеліктер

Танымдық

















Эмоциялық















Даму
сатысындағы
қабілеттерін
пайдалана
отырып жауап
қайтарады
Қорқыныш,
қашуға
талпыну –
«Қашу»
немесе
«Қатырылу»


Ұйымдас-
тырылған
бейімді
реакция.
Қарым-
қатынастарға
сенеді және
ләззат алады.
Үйренуге
дайын және
жаңалықтар-
ға ашық!





Абыржулы, ашулы,
шабуылдау
реакциясы,
«Күрес»

Бала туылғанда, оның өзін-өзі «реттеу» қабілеттері қатты шектелген, әрі ол толығымен
ата-анасына/тәрбиелеушілеріне тәуелді. Ерте балалық шақта тәрбиелеудің ең маңызды
міндеттері – балалар әлі өз бетінше істей алмайтындықтан, эмоцияларын және
қажеттіліктерін басқаруға көмектесу.

Уақыт өткен сайын бала ата-анасымен/тәрбиелеушілерімен жылы және өзара
сүйіспеншілікке негізделген қарым-қатынас арқылы, әлемді зерттеу және негізгі сезім
органдары арқылы – жанасуға, дыбыстарға, көру бейнелеріне, иістерге және дәм сезуге
жауап қайтару, сонымен қатар, қозғалыс арқылы өзін-өзі реттеуге үйренеді.


Page 8

7

Алайда, сезім органдары арқылы бала жағымсыз және стресс тудыратын эмоциялық
өмір тәжірибесін де көруі мүмкін, сондықтан, жауап ретінде стресс белгілерін көрсетуі
мүмкін. Осындай ерте балалық шақтағы әртүрлі эмоциялық тәжірибе сәбилер мен
кішкентай балалар өзін-өзі реттеуге қалай үйренетініне (яғни, мінез-құлқын қалай
қадағалайтынына), өзара сенімге негізделген қауіпсіз қарым-қатынастар құруға
(эмоциялық тұрғыдан қатысуға) қалай үйренетініне, сонымен қатар, өзара әрекеттер
арқылы қалай үйренетініне әсер етеді.

Мысалы, сәбилер дыбыстарға аса сезімтал, дауысы қатты шығып тұрған музыка оларды
қорқытуы және абыржытуы мүмкін. Ата-ана сәбиге не болғанын, оның неге жылап
жатқанын және тамақтанудан неге бас тартатынын байқау және оған қайтадан өзін-өзі
қадағалау сезімін қайтаруға көмектесу тәсілдерін табу қажет. Елгезек әкелер мен аналар
баланы жұбатады, музыканың дауысын басады және балаға үйдің ішінен тыныш орын
табады.


Page 9

8

d) Улы стресс дұрыс даму үдерісін бұзады
Улы стресс жиі орын алатын және/немесе қарқындылығы жоғары жағымсыз, стресс
тудыратын тәжірибе жинауды білдіреді. Егер сәбилерге және кішкентай балаларға
тәрбиелеушілері қамқорлық пен елгезектік танытпаса, онда оларда «эмоциялық буфер»
немесе балалардың физикалық және эмоциялық денсаулығын стре сстің зиянды
әсерінен қорғай алатын жағымды қарым-қатынастар болмайды немесе жеткіліксіз
болады. Қамқор және елгезек ата-ана/тәрбиелеуші біршама қорғанысты қамтамасыз
ете алады, бірақ, жақсырақ қорғанысты бір ғана емес, бірнеше қамқор және елгезек
тәрбиелеушімен қарым-қатынас қамтамасыз етеді.

Жағымды стресс Улы стресс
қысқа, сирек
жиі, тұрақты
жеңіл, орташа
қарқындырақ
«эмоциялық буфер» бар
«эмоциялық буфер» жоқ немесе
жеткіліксіз



Диаграмма аудармасы
«Берік бауыр басу дамуға септеседі және улы стресс әсерінен қорғайды»

Стресс және үрейлілік <<<-- Эмпатия және балаға «ықыластылық»
(махаббат)


Page 10

9

Логикалық коммуникация: идеялар + эмоциялар
Символдық коммуникация: тіл, ойын және т.б.
Өзінің «Мен» атты бөлігін сезіну: ым-ишара, (сөздер) және әрекеттер арқылы
коммуникациялық әрекеттестіктер ағыны; мәселелерді бірлесіп шешу
Мақсатты коммуникация: ниет білдіру қабілеті
Эмоциялық қатысу: ұнамды, әрі сенімді қарым-қатынас қалыптастыру қабілеті, «негізгі
сенім»
Өзін-өзі реттеу: дайын, сабырлы және мұқият қалыпта қалу

III. АТА-АНА МЕН БАЛАНЫҢ БІР -БІРІНЕ БАУЫР БАСУ МОДЕЛЬДЕРІ

Ата-аналардың балаларына ықыластылығы. Сәбилердің психикалық денсаулығы
жөніндегі мамандар ата-ана мен бала арасында берік бауыр басуды
қалыптастырудағы ата-ана рөлі туралы айтқанда, көбінесе (балаға) «ықыластылық»
ұғымын жиірек қолданады. Егер «бауыр басу» ұғымын әдетте балаланың ата-анасына
қатысты мінез-құлықтық реакциясын суреттеу үшін қолданса, «ықыластылық» ұғымы
ата-ананың сәбиінің көңіл-күйіне және эмоцияларына елгезектікпен қарауын
сипаттау үшін қолданылады.
Баласына «ықыластылығы жоғары» ата-аналар сәбидің эмоцияларына бірден жауап
қайтарады және бет әлпетін (күлімсіреу, көзқарас), дыбыстарды, қамқор дауыс екпінін,
сонымен бірге, ым-ишараларды және әрекеттерді қолдана отырып, баламен
эмоциялық байланыс орнатады. Осындай өзара тілдесу арқылы, «ықыласты» ата-ана
балаға оның қалай сезінетінін, нені қалайтынын және не керек болуы мүмкін екенін
түсінетінін көрсетеді. «Ықыласты» ата-аналар баласына өз эмоцияларын және
сезімдерін танып-білуге және оларды өздігінше реттеу үйренуге көмектеседі.
Ананың немесе әкенің сәбиіне ықыластылық қабілетіне стресс (мысалы, кедейшілікте
өмір сүру, жұмыссыздық, үйдегі немесе мекендеу ауданындағы шиеленіс немесе
зорлық-зомбылық), отбасының әрекетсіздігі немесе денсаулыққа қатысты физикалық
немесе психологиялық мәселелер (мысалы, созылмалы ауыру; бұзылыстар, соның
салдарынан үрейлілік; ішімдікке немесе есірткіге тәуелділік) әсер етуі мүмкін.

Патронаж қызметкері ретінде сіз үшін берік және әлсіз бауыр басуды көре және
ажырата білу маңызды. Бұл сізге қолданатын әрекеттеріңізді және араласу
шараларын анықтауға және отбасыларында берік бауыр басуды дамытуға қолдау
көрсетуге көмектеседі.
Психологтар біршама уақыттан бері бауыр басу маңыздылығын зерттеп келеді. Джон
Боулби бұл тақырыпқа кезінде өзінің негізгі тәрбиелеушісінен айырылып қалғандықтан
қызығушылық танытып, кейін жетім балаларды зерттеуге кіріскен. Оның зерттеулері
аналар айналасында шоғырланған, себебі, ол бастапқыда бауыр басу тек негізгі
тәрбиелеушімен (әдетте, бұл - ана) қарым-қатынаста ғана маңызды деп ойлаған.
Өмірінің соңына таман ол әке мен бала арасындағы бауыр басудың маңыздылығын
мойындаған. Артынша бүкіл әлемдегі ғалымдар әке мен бала арасындағы бауыр басу
рөлін, сонымен қатар, ата-аналардың баланы бірлесіп тәрбиелеудегі қарым-


Page 11

10

қатынастары сәби-ата-ана бауыр басуының сапасына және беріктігіне тигізетін әсерін
жақсырақ түсіне бастаған
iv
.

Бауыр басуды ғылыми зерттеу тарихы туралы көбірек білу үшін 1-ші
Ақпараттық картаны қараңыз.

Джон Боулбидің және оның студенті Мэри Эйнсворттың зерттеуіне сәйкес Мэри
Эйнсворт «бейтаныс жағдай» атты эксперимент жасап шығарған сыңайлы, аталмыш
экспериментке сәйкес кішкентай балаларды уақытша негізгі тәрбиелеушісінен айырып,
артышна қайта қосады. Эксперимент жүргізетін ғалым балалардың стресске қалай
қарайтынын және олардың реакциялары ата-ана-бала қарым-қатынастарының
сапасымен қандай байланыста екенін бақылайды:

Түрі
Балала
р
пайыз
ы
Айырылысуға реакция
Берік бауыр басу
60-70% Бала тәрбиелеушісімен айырылысқанда, аздап
абыржиды. Бірақ, тәрбиелеуші қайтып келгенде, бала
оның өзін аймалағанын және жігерлендіргенін
қалайды, тез тынышталады. Берік бауыр басқан
балалар бөгде адамдарға қарағанда өз
тәрбиелеушісін құп көреді, ал қорыққанда немесе
абыржығанда, тәрбиелеушісінен жұбаныш табуға
тырысады.
Әлсіз: кереғар
немесе қарсы
тұрушы
10-15% Ата-ана шығып кеткенде, балалар қатты стрессті сезінуі
мүмкін, бірақ, тәрбиелеушісімен қайта қосылғанда,
оларды жұбату қиын. Бұл тәрбиелеушінің реакциясы,
жұбатуы және қолдауы жүйесіз немесе алдын-ала
болжау мүмкін емес болғандағы баланың басынан
кешіргендерімен байланысты болуы мүмкін.
Әлсіз:
қашқақтаушы
15-20% Анасы шығып кеткенде, бала алаңдағанын ашық
көрсетпейді, ал анасы қайтып келгенде, онымен
байланыс орнатуға белсенді тырыспайды немесе тіпті
байланыс жасаудан қашқақтайды. Қашқақтаушы
бауыр басу түріне ие балалар тәрбиелеушісінен гөрі
бөгде адамды құп көреді. Мұндай модель ата-ана
баласына елгезектік танытпаса немесе оны
қабылдамаса (баланы көзіне ілмейді немесе
төмендетеді, ашуланады) өрбуі мүмкін, сондықтан,
баланың қажеттіліктері көбінесе
қанағаттандырылмайды. Мұндай жағдай ата-
ана/негізгі тәрбиелеуші депрессиядан азап шексе
немесе өз ата-анасымен қарым-қатынаста
қашқақтаушы бауыр басуды басынан кешірсе,
байқалады.


Page 12

11

Ретсіз немесе
бағдарсыз бауыр
басу
5-10%
Ата-ана бөлмеден шыққанда, бала абдырап қалады.
Ол қорқынышты немесе қадағалауды көрсететін,
тұрақсыздық, қорқыныш және бейберекетсіздік
біріктірілген мінез-құлық түрін көрсетеді. Мұндай
балалар, сондай-ақ, қашқақтаушы, кереғар немесе
қарсы тұрушы бауыр басу түрлерінің қосындысын
көрсете алады. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей,
мұндай бауыр басу түрі қатыгездік және/немесе
қамқорлық көрсетпеу, балаларға арналған
мекемелерде (балалар үйінде) болып келу немесе
анасынан айырылу сынды оқиғалармен сипатталатын
үй ортасымен байланысты болуы ықтимал.
Тәрбиелеуші жұбаныш пен қолдау көзі ретінде де,
қорқыныш көзі ретінде де қабылдануы мүмкін,
сондықтан, мінез-құлықтың шырқы бұзылады.
Әлсіз бауыр басқан балалар жасөспірім, ал кейін ересек атанғанда, әдетте,
оларда депрессия және үрейлілік жиірек кездеседі.
Сәбилерде және кішкентай балаларда өмірлеріндегі маңызды адамдармен, соның
ішінде, әкелерімен бірнеше әртүрлі бауыр басу дамуы мүмкін
v
. Мұндай бауыр басу
түрлерінің қауіпсіздігі (беріктігі) сәбиге немесе балаға бір уақытта әсер етеді: берік
бауыр басу қуаныш сыйлайды; әлсіз бауыр басу стресс тудырады. Мысалы, бала
өмірінің үшінші айында-ақ, егер әке-бала қарым-қатынасы қызықпаушылықпен және
алшақтықпен сипатталса, есейгенде балалар мінез-құлқында қиындықтар туындауы
ықтимал екені анықталды
vi
.
Көбінесе бала ата-ананың тек біреуіне ғана берік бауыр басады. Жеті зерттеудің мета-
талдауы ана-бала және әке-бала арасындағы бауыр басу беріктігі арасында тек әлсіз
сәйкестікті ғана көрсетті
vii
. 2013 ж. Т. Умемура
viii
мен оның әріптестерінің зерттеуінде екі
жасар балалардың тек 57%-да ғана ата-анасының екеуіне де берік бауыр басқаны
анықталды. Кейбір жағдайларда ата-ананың біреуіне ғана берік бауыр басу бала үшін
ата-анасының екіншісіне әлсіз бауыр басуына қарсы «буфер» ретінде қызмет ете алады;
ата-анасының екеуіне де әлсіз бауыр басқан балалардың жағдайы тіптен нашар, ең
дұрысы – балалардың ата-анасының екеуіне де берік бауыр басуы
ix
.
Тәрбиелеуші баламен бірге өткізетін уақыт көлемі бауыр басуды қалыптастыруға әсер
ететін жалғыз фактор емес. Негізгі фактор – ата-ананың елгезектігі. Әкелерге қарағанда,
әдетте аналар сәбилерімен және кішкентай балаларымен әлдеқайда көп уақыт
өткізетініне қарамастан, балаға 15 ай толарға қарай бағалау мәліметтері бойынша әлсіз
бауыр басқан ана-бала және әке-бала қарым-қатынастарының пайызы бірдей болады
x
.
Отбасылармен жұмыс жасағанда, берік бауыр басуды қалыптастыру үшін
жауапкершілік тек ата-анаға немесе ерлі-зайыптылар жұбына ғана артылмайтынын
есте сақтау қажет, балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері және
айырмашылықтары да бауыр басу сапасына әсер етеді.
Бауыр басу түріне және сапасына әсер ететін бес маңызды айнымалы бар
xi
:


Page 13

12

1. Сәбилер/кішкентай балалар: сәбилер басынан бастап-ақ жеке тұлғалық
айырмашылықтарын көрсетеді және ата-аналарымен қарым-қатынастарын белсенді
қалыптастырады. Олардың өз қажеттіліктері мен қалаулары бар, оларға ұнайтыны да,
ұнамайтыны да бар, оларға рахат пен қуаныш сыйлайтын немесе қорқытып, стресс
тудыратын оқиғалар бар. Туыла сала, олар қажеттіліктері, тілектері, қалаулары немесе
эмоциялары туралы барған сайын күрделене беретін сөзсіз тілдесу арқылы белгі береді
және хабарлайды. Ол үшін оларға сезім органдарынан (көргенінен, естігенінен,
сезінгенінен, иіс сезгенінен және т.б.) түсетін ақпаратты біріктіру, біріктіру нәтижелеріне
мағына беру (мысалы, ұнайды немесе ұнамайды, риза, қорқынышты немесе мұңаяды)
және көзқарас (көру-қимылдық бағдарлау), күлімдеу, дыбыстау, жылау, ата-анасына
еріп, қол созу, оны құшақтау, сүю, наразылық білдіру немесе басқа күрделі ым-ишара
арқылы жауап қайтаруды ұйымдастыру қажет.

Бұл үдеріске балаға тән темперамент әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, барлық
сәбилердің шамамен 2/3-сі келесі санаттарға жатады: «жеңіл» (шамамен 40%), «қиын»
(10%) және «баяу қызатын». «Жеңіл» сәбилер әдетте жаңа оқиғаларға оң көзқараспен
қарайды, өміріндегі өзгерістерге тез бейімделеді және жүйелі тамақтану және ұйықтау
кестесін сақтайды. «Қиын» сәбилер әдетте кірпияз болады, жиі ашу шақырады,
жылайды, олардың жүйелі тамақтану және ұйықтау кестесі жоқ. «Баяу қызатын»
сәбилерге жаңалықтарға және жаңа адамдарға үйренісу үшін көбірек уақыт керек.
Осындай мінез-құлық модельдері балалардың бүкіл сәбилік және балалық кезеңі бойы
айтарлықтай тұрақты екені анықталған; әрі түрлі мәдениеттерде де байқалады.

Темпераменті ауырлау немесе мүгедектікке апаратын даму және денсаулық
бұзылыстары (мысалы, сал ауруы, Даун синдромы және даму бөгелістерімен, аутистік
сипаттағы бұзылыстармен, сенсорлық интеграция бұзылыстарымен, соқырлықпен,
кереңдікпен байланысты басқа да генетикалық синдромдар) бар сәбилер маңызды
тәрбиелеушілермен алдымен айырылысып, артынан қайта қосылғанда, не
температментіне, не өмірлік тәжірибені кіріктіруді және «қалыпты» реакция
ұйымдастыруды қиындататын дамуындағы қиындықтарына байланысты мазасы қашуы
мүмкін немесе қашқақтаушы немесе кереғар/қарсы тұрушы мінез-құлықты болып
көрінуі мүмкін. Осының барлығы мұндай баланы тәрбиелеуді, әсіресе, анасында немесе
әкесінде дәл сондай қиындықтар болса, стресс сезінсе және/немесе балаға күтім
көрсетуде қолдау көрмесе, қиындатады.

Ұрымтал сәбилерде және темпераменті әлдеқайда ауыр балаларда әлсіз бауыр басу
қалыптасу қаупі жоғарырақ. Ата-аналарға баласы беретін білінер-білінбес белгілерін,
дабылдарын немесе сөзсіз тілдесуін «оқу» немесе түсіндіру қиынырақ болуы мүмкін.
Олар баласының қажеттіліктерін және тілектерін мейлінше мұқият орындау үшін
қолынан келгеннің барлығын жасауы мүмкін. Бірақ, кері жауап болмаса, мысалы,
балада аутистік сипаттағы бұзылыс болса, бала көз түйістіруге талпынбаса немесе ата-
анасының қолында «қақиып қалса», «өзара жағымсыздық шеңберіне» шырғалады,
яғни, ата-ана мен сәби мүлдем әртүрлі «радиожиілікте» болады (кейде «ата-ана-сәби
қарым-қатынастарының ретсіздігі» деп аталады). Мұндай жағдайда өзара келісілмеген,


Page 14

13

бірін-бірі ашуландыратын тілдесу әрекеттері барысында өзара қарым-қатынас қуанышы
ғайып болады.

Екінші жағынан, мұндай жағдайларда ерте сатыда-ақ әкелер мен аналарға баласына
ықыласын аударуға көмектесетін қолдау көрсетілсе, олар да балаларымен, соның
ішінде, аутистиік сипаттағы бұзылыстары бар балаларымен берік бауыр басу
қалыптастыра алады.

2. Ата-аналар/тәрбиелеушілер: тәрбиелеушінің мінез-құлқы бауыр басуды дамытады
немесе бұзады. Кішкентай баласымен жылы сөйлесетін, оған күлімсірейтін, оны
мақтайтын, оған физикалық тұрғыдан жақын жүретін, жақсы сөздер пайдаланатын,
баламен қарым-қатынасқа атсалысатын және эмоциялық жылылық танытатын ата-
аналар өзара махаббат және берік бауыр басу қалыптастырады
xii
. Сынап-мінеуге даяр,
барлығынан бас тартуға және барлығына араласуға бейім ата-аналарда эмоциялық
жақындықтан қашқақтайтын балалар болады. Баласына қатыгездік танытуға жол
беретін аналарда және әкелерде әдетте жақындай кетсе, өзін жайсыз сезінетін және
тұйық бола қалатын балалары болады. Ата-аналарының біреуінде немесе екеуінде де
депрессия, ішімдікке және есірткіге салыну, ерлі-зайыптылар арасындағы
келіспеушіліктер, төтенше жеке мәселелер немесе бірізді болуға және балаға
қамқорлық көрсетуге кедергі келтіретін басқа факторлардың салдарынан баласына
қамқоршылдық сезімі жоқ болуы мүмкін.

3. Отбасылық факторлар: Ата-аналардың қамқоршылдығы сияқты айқын
факторлардың әсері туралы бұрыннан мәлім. Енді ата-аналардың ресурстары болуы,
ата-аналардың атсалысуы және ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасы сияқты
факторлар да баланың анасына да, әкесіне де берік бауыр басуына әсер ететіні
анықталды
xiii
. Әсіресе маңыздысы бір-біріне қолдау көрсете отырып, баланы бірге
тәрбиелеу табылатын шығар, бұл патронаж қызметкерлеріне үйге барып қарау кезінде
осыны ынталандыру үшін қолында бар мүмкіндіктерге байланысты қызықты болуы тиіс.
Қолдау көрсете отырып, баланы бірге тәрбиелеу жұптағы екінші ата-ананы білікті тұлға
ретінде қабылдауды, оның қосатын үлесін және пікірін құрметтеуді, шешімдерін
қолдауды және баланы тәрбиелеу және оған қамқорлық көрсету мәселелерінде
бірлесіп әрекет етуді білдіреді. Қолдау көрсете отырып, баланы бірге тәрбиелеу әке-
бала қарым-қатынастарына және ұл балалардың берік бауыр басуына ерекше әсері
болуы әбден мүмкін
xiv
.

4. Орта: Дұрыс бауыр басуды қалыптастыруға елеулі кедергі қорқыныш болып
табылады. Егер сәби ауыру, қандай да бір тұрақты қауіп немесе бейберекет орта
салдарынан стресске шалдықса, оған тәрбиелеушісі қолдау көрсетсе де, оның қарым-
қатынасқа қатынасуы қиын болады. Үйде зорлық-зомбылыққа душар болатын, босқын
жағдайында, қоғамдық тәртіпсіздіктер аумағында немесе әскери қимылдар аумағында
қалғандар сәбилер мен балалар дұрыс бауыр басуды қалыптастыру тұрғысынан осал
болып табылады және түрлі қиындықтарға тап болады.


Page 15

14

5. Сәйкестік: Сәбидің темпераменті мен қабілеттері және оның анасы мен әкесінің
темпераменті арасындағы «сәйкестік» аса маңызды рөл атқарад ы. Кейбір
тәрбиелеушілер салмақты сәбиге қарауда қиындық көрмейді, бірақ, сәби ашуланса,
мүлдем не істерін білмейді. Берік бауыр басуды дамыту үшін бір-біріне көңіл бөлу,
сөзсіз белгілерді оқи білу және оларға тиісінше жауап қайтару өте маңызды. Кейде ата-
аналарға басқа балалары бойынша таныс тілдесу және реакция түрлерін қолану нақты
осы балаға сай келмеуі мүмкін. Өзара сезімдердің және «синхронизация»
(бірмезгілділік) жоқтығынан туындайтын екі жақтың да абыржуы байланыс орнатуға
кедергі келтіруі мүмкін.

Үйге барып қарау кезінде сізге осы факторларды ескеру керек. Қайндай да бір
қорытынды немесе қандай да бір әрекет жасамас бұрын, баланы, тәрбиелеушілерді
және олардың өзара қарым-қатынасын, олар тұратын ортаны және бір-біріне
сәйкестігін мұқият бақылау маңызды! Ешкімді сөкпеу және кінәламау, керісінше,
әрбір ата-ана мен бала арасында қарым-қатынасты нығайту үшін түрлі жолдарға және
шешімдерге ашық болып қала беру маңызды. Сізге, сондай-ақ, ағымдағы жағдайда
нені жақсарта алатыныңыз туралы, ал ненің сіздің кәсіби мүмкіндіктеріңіздің аясынан
тыс екенін ойлану қажет: сізге әріптестіріңіздің арасынан біреуін, басшыңызды
және/немесе өзге мамандарды және мекемелерді тарту қажет болуы мүмкін
(мысалы, ерлі-зайыптылар арасындағы үлкен келіспеушілік, тұрмыстық зорлық-
зомбылық, кедейшілік және т.б. жағдайында).


Патронаж қызметкері ретінде сізге ана және әке мен олардың балалары арасындағы
қарым-қатынас модельдері мықты әсерге ие екенін ұғыну қажет. «Әрекет – өзара
әрекеттестікте», яғни, бауыр басу ата-ана мен бала арасында, егер тіпті
қатысушылардың бірі (ата-ана немесе бала) «осы үдерісті қиындататын мінездемелерге
ие» болса да, күнделікті қарым-қатынас барысында қалыптасатынын білдіреді.
Ерте балалық шақта ата-ананың әрқайсысына бауыр басу түрі әрі қарай бүкіл өмір бойы
сақталып, балалық шақта, жастық шақта және ересек өмірде өзге адамдармен
қалыптасатын қарым-қатынастарға әсер ете алады.
Бауыр басу беріктігі сонымен бірге баланың оқу және өмірдегі күнделікті қиындықтарды
еңсеру қабілетіне әсер етеді: берік бауыр басқан балалар әдетте әлдеқайда дербес
болады, өзіне көбірек сенеді, мектепте жақсырақ оқиды, қарым-қатынаста табыстырақ,
әрі депрессияға шалдығу ықтималдығы азырақ болады.
Ерте балалық шақта қалыптасқан бауыр басу түрі адам есейгенде өз балаларын қалай
тәрбиелейтініне де әсер ете алады, яғни, өз балаларына бауыр басу түрін анықтайды.
Танымал балалар психологы Стэнли Гринспан «беру және кері пас» ұғымын «тілдесу
шеңберлері» деп сипаттаған.


Page 16

15


Диаграмма аудармасы: Тілдесу шеңберлері
«беру»  «кері пас»  «беру»
- Бала «тілдесу шеңберін»
бастайды немесе ашады
(«эмоциялық белгі беру»)
- Негіз – баланың
эмоциялық
қызығушылығы
Тәрбиелеуші баланы
итермелейді

- Бала жауап береді
немесе «шеңберді
жабады»
- Жаңа шеңбер басталады
Ашу

- Тәрбиелеуші сол
қызығушылықты
кеңейтуге итермелейді
Жабу

IV. БАУЫР БАСУ МОДЕЛЬДЕРІН ҰРПАҚТАН ҰРПАҚҚА БЕРУ

Бауыр басу модельдері ұрпақтан ұрпаққа берілетінін көрсететін көптеген ғылыми
зерттеулердің мәліметтері бар. Зерттеулер көрсеткендей, баланың бауыр басу
моделі мен ересектердің бауыр басу моделі арасында жоғары дәрежеде сәйкестік
(68-75%) бар. Бұл ададмдардың көпшілігі ересек өмірінде балалық шағында
қалыптастырған (берік немесе әлсіз) бауыр басу моделін ұстанатанын білдіреді.
Сонымен, балалар есейгенде, өздерінің бауыр басу моделін балаларына бере ме
деген сұраққа жауап берсек, жауабы «ИӘ» болады. 13 түрлі зерттеудегі 661 ана-бала
жұбына жасалған мета-талдау аналардың және сәбилердің 75%-да бірдей берік
немесе әлсіз бауыр басу модельдері байқалатынын көрсетті. Әлсіз бауыр басудың
берілуі әдетте қарама-қайшылық сипатына ие. Мысалы, әкесі мен анасы әлсіз,
қашқақтай бере бауыр басқан бала көп жағдайда сол ата-анасына әлсіз, кереғар


Page 17

16

бауыр басатыны байқалады; ал әкесі мен анасы әлсіз, кереғар бауыр басқан бала сол
ата-анасына әлсіз, қашқақтай бере бауыр басатыны байқалады.

Эмпатия және ықыластылық керемет күшке ие және ата-ананың жеткіліксіз көңіл
бөлуін және зорлық-зомбылықты болдырмауға қауқарлы.

Бірақ, барлық ата-аналар бірдей эмпатия – басқа адамдардың эмоцияларын сезіну
және басқа адамдар не сезінетінін түсіну («өзін басқаның орнына қоя білу») қабілетін
табиғи жолмен иеленбейді. Әсіресе, егер аналар мен әкелер бала кезінде өз ата-
анасына әлсіз бауыр басса, осылай болады. Олардың көпшілігі, бала кезінде
жанашырлық қарым-қатынас көрмеген.
Ықыластылық, осы тараудың жоғарғы жағында қарастырылған бұл ұғым ата-
аналардың эмпатиядан бір саты жоғары тұратын күйін білдіреді. Көңіл эмпатиядан,
сәбидің немесе кішкентай баланың эмоциясын сезіне білуден, ал кейін ата-ананың өз
эмоцияларын сәбиге қамқор, жылы дауыспен, бет әлпетімен немесе дене қимылымен
жеткізе білуден өрбиді. Бұл балаға оның сезімдерінің және мұқтаждықтарының ата-
анасына маңызды екенінен белгі береді. Ықыластылық – сәбиді кинестетикалық және
эмоциялық тұрғыдан қабылдау және түсіну, оның ырғағымен, эмоцияларымен және
тәжірибесімен байланыс. Ол «эмоциялық биге» ұқсас. Ол ата-ана/тәрбиелеуші өз
мінез-құлқының балаға тигізетін әсерін бақылауын және алдын-ала болжап отыруын
талап етеді. Сонымен қатар, ол ата-ана және сәби – екі түрлі адам екенін және ата-ана
ретіндегі оның сезімдері баласының сезімдеріне қарағанда өзгеше болуы мүмкін екенін
айқын ұғынуын талап етеді. Бөлмеде әке де, ана да болғанда, сізге, бәлкім, әкенің
сезімдерін сөзбен сипаттау және оларды ананың сезімдерімен байланыстыру, мысалы,
екеуі сәбиіне қарағанда бастан кешіретін қуаныш пен мақтаныш сезімдерінің
ұқсастығын ерекше атап өту арқылы сезімдері арасында байланыс орнатуға тырысып
көрген жөн шығар.

Ықыластылық ата-аналарға әрдайым табиғи жолмен келе бермейді. Егер олар
өздері бала болғанда, ата-аналарымен қарым-қатынаста эмпатия және
ықыластылықты сезінбесе, онда эмпатия және ықыластылық олар үшін
табиғи, «қанына сіңген» қасиет болып табылмайды.

Дәл осындай жағдай аталар мен әжелерге де қатысты болуы
мүмкін. Олардың көпшілігі жоғарыда аталғандарды кішкентай
кезінде сезінбеген. Бірнеше ұрпақ бойы балада ықыластылық
тәжірибесінің болмауы ата-ананың жеткілікті көңіл бөлмеуіне
және зорлық-зомбылық көрсетуіне алып келетін факторлардың
бірі болуы мүмкін.


Сізге, патронаж қызметкері ретінде, отбасына барған сайын отбасы мүшелерінің
балаға эмпатия танытуы мен ықыластылығын дамытуға қалай көмектесу керек


Page 18

17

екенін білу, осылайша, әлсіз бауыр басудың, ата-ананың жеткілікті көңіл бөлмеуін
және балаға қатыгездік көрсетудің ұрпақтан ұрпаққа таралу ықтималдығын азайту
қажет. Аналар мен әжелер жұмыс жасауға қолжетімдірек болуы ықтимал, бірақ,
әкелер де, егер сіз оларды арнайы шақырып, келу уақытыңызды олардың жұмыс
кестесіне орайластыруға уақыт берсеңіз («Әкелерді қатыстыру» модулін қараңыз),
қатысуға ниет білдіруі мүмкін, әрі аталар да (өздерін шақырғаныңызға ерекше қуанып
қалуы мүмкін) бейжай қарамас. Ата-аналардың сезімдерін салыстыра отырып, ата-
ананың балаға қатысты махаббат, мақтаныш, қорғауға дайындық сияқты сезімдерін
бір-біріне көрсетуге итермелеу арқылы ата-әжесінің сезімдерімен біріктіру мүмкіндігі
тууы мүмкін.

Эмпатия мен ықыластылықты күнделікті қарым-қатынаста байқап көруге болады.
Өзіміздің сезімдерімізге және эмпатиямызға сүйене отырып, біз сәби немесе ата-ана не
сезінетінін жақсырақ сезе аламыз және барлық қатысушылардың сезімдеріне
ықыласымыз ауа бастайды. Кейбір сарапшылар бөлмеде ЖОҚ әке сынды маңызды
адамды «ойда ұстауға» тырысады. Мысалы, оның ықтимал сезімдерін немесе өмірлік
тәжірибесін (егер мәлім болса немесе үлкен ықтималдылықпен болжауға болса) айта
кетуге болады.

V. МАХАББАТ – ТІПТІ ҚИЫН УАҚЫТТА

Сіз отбасыларға алдын-ала белгіленген кестемен барып тұрасыз. Бару уақытына және
түріне қарай мақсаттарыңыз бен міндеттеріңіз әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, кейбір
мәселелер кез-келген бару шарасына ортақ, ал кейбірі бару уақытына, отбасындағы
жағдайға және т.б. қарай өзгеше болады. Кейде барлығы оңай және жеңіл болады, ал
кейде қиындықтар туындайды. Кейбір отбасылар бақытты және дән риза болады, ал
басқаларында күрделі түйіткілді мәселелер көресіз. Әрбір жағдайда сіздің мақсатыңыз
– оңай болғанда да, қиын болғанда да бала мен ата-ана/тәрбиелеушілер арасында
берік және тиімді бауыр басуды дамытуға септесу.
Бала дамуының әрбір кезеңінде (босанғуа дейін, сәбилік (жаңа туылған нәресте),
өмірінің бірініші жылы, 2-3 жас аралығындағы уақыт) бауыр басуға әсер ете алатын
негізгі мәселелер бар. Төменде келтірілген материалдар сізге олар туралы толығырақ
ойлануға көмектеседі:
Дұрыс бауыр бауды дамытуға қатысы еске салу тізімі (отбасына бару кезінде
патронаж қызметкеріне не істеу керек)
Босану алдында бару
Босану алдында үйге барып қарау аса маңызды. Өзіңіз білетіндей, жүктілікке және
ананың, әкенің және баланың аман-саулығына әсер етуі мүмкін «қауіп-қатер
факторлары» сан-алуан:
• кедейшілікте өмір сүру
• жалақысы аз жұмыс немесе жұмыссыздық


Page 19

18

• көңіл бөлмеу және қатыгездік көрсету жайттарының бұрындары болуы
• жас ана (20 жасқа дейін) немесе әке (25 жасқа дейін)
• болашаққа қатысты күйзеліс және үрей
• ата-ананың біреуінің пікірінше жоспарланбаған жүктілік
• шиеленіске толы қарым-қатынас және тіл табыса алмау
• ата-ананың біреуінің немесе екеуінің де білім деңгейінің төмендігі
• стигма (таңба тағу) немесе маргиналдану ықпалы
• зорлық-зомбылық көрсетілетін үйде немесе қоғамда өмір сүру
• ішімдікке салыну, есірткі қолдану
• денсаулық сақтау қызметтеріне және әлеуметтік қызметтерге нашар
қолжетімділік
• тойып тамақтанбау
• нашар физикалық және/немесе психикалық денсаулық және т.с.с.
Психикалық денсаулық мамандары: «Барлығы қарым-қатынасқа байланысты!» деп
үнемі айтады. Қолайсыз жағдайда өмірге төзімділікпен қарау мінез ерекшелігі емес.
Адам отбасында және қоғамда қолдау көрсететін қарым-қатынастардың арқасында
тағдыр тәлкегіне мойынсұнбайды.

Отбасы сізге үйінің есігін ашқанда, сіз жасай алатын бірінші кезектегі, әрі ең маңызды
әрекет – эмпатия, ықыластылық және отбасы мүшелерімен сенімге негізделген
қарым-қатынас өрбіту қабілетіңіз арқылы отбасымен (отбасындағы тек бір адаммен
ғана емес) қолдау көрсетілетін қарым-қатынас орнату.

Осы модульдың IV-тарауында айтқанымыздай, кейбір ата-ананың, әжелер мен
аталардың балалық шағында өз ата-аналарымен қарым-қатынастарында эмпатия және
ықыластылық сезімдерін бастан кешіру мүмкіндіктері болмаған. Бұл көбінесе
жоқшылықта немесе басқа да қолайсыз жағдайда тұрған отбасыларда тым жиі орын
алады. Осы модульдың Кіріспесінде айтылғандай, ата-ана мен бала арасында сенімді
қарым-қатынасты өрбітуге күш салу үйге барып қарау кезінде отбасы мүшелерінің
бойында сізге қажетті барлық дағдыларды біріктіруге көмектесетін «желім» іспеттес.

Сіз ата-аналармен сенімге негізделген жылы қарым-қатынас орната отырып, оларға
сізбен қарым-қатынаста эмпатияны және ықыластылықты сезінуге көмектесе
отырып, аналарға және әкелерге өз баласына «ғашық болуға» көмектесе аласыз.

Сіз баланың босану алдындағы даму кезеңінде үйіне баратын көптеген аналар мен
әкелер күйзеліске және үрейге көбінесе біршама орынды себептермен бой алдырады.
Кейбірі, әсіресе, балалы болуды жоспарлаған және қалаған болса, бақытты болады.
Басқалары сенімсіздікті сезінетін болады – баланы қалайтынын не қаламайтынын
білмейді. Кейбір аналар өз еркінен тыс, қаламаған жыныстық қатынас немесе зорлау
нәтижесінде жүкті болған. Ата-аналардың біреуінде немесе екеуінде де депрессия,
үрейлілік немесе өзге психикалық бұзылыстар болуы мүмкін. Аса қиын жағдайларда
ата-ананы психологқа жіберу қажет болады, сонда да сіз ана мен психолог арасында


Page 20

19

дәнекер боласыз және сізге оның қажетті қызметтерді алуын қамтамасыз ету қажет
болады.
Жергілікті психикалық денсаулық маманына жолдау қиын болса, жүктілік кезінде үйге
барып қарау жиілігін арттыра аласыз, ал өзіңіз психикалық денсаулық маманынан
ұсыныс-кеңес алып отырасыз. Сіздің міндеттеріңізге, бәлкім, психикалық денсаулыққа
қатысты мәселелер, маскүнемдік, нашақорлық немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық
болған жағдайда отағасын тиісті қызметтер алуға жіберу кірмейтін шығар. Мұндай
жағдайда бұл мәселені басшыңызға жеткізу керек: егер сіз ана мен балаға сапалы
қолдау көрсеткіңіз келсе, «қол қусырып отыру» шешім емес.
Эмпатия және ықыластылық арқылы (осы модульдың III және IV-тараулардағы осы
ұғымдардың талқылануын қараңыз) ата-анамен сенімді қарым-қатынас орнатқаннан
кейін, ата-ананың жүктілікке, босануға және балаға қатысты сезімдерін, сонымен қатар,
беталысын және не күтетінін зерделеу үшін «индикативтік сұхбат (әңгімелесу)»
элементтерін қолдана аласыз.
Индикативтік сұхбат өткізу аналардың және әкелердің мүмкіндіктерін кеңейте отырып
және олардың мықты қасиеттерін және қолдау көрсету тораптарын пайдалану арқылы
өздеріне лайықты шешімдер табуға ынталандыра отырып, сонымен қатар, сол
шешімдерді жүзеге асыру үшін ұсыныс-кеңестер беру және қолжетімді қызметтерді
үйлестіру арқылы көмек ұсына отырып, ата-аналарды құрметпен, ешбір сынап-мінеусіз
тыңдауды көздейді.
Есіңізде болсын, стресске ұшыраған және бұрын әлсіз бауыр басуды басынан кешірген
әкелердің және аналардың көпшілігі патронаж қызметкеріне бөтен, өздеріне жат, бірақ,
мәселелеріне араласып жатқан және нақты қиындықтарын түсіне алмайтын адам
ретінде қарайды. Жүктілік кезінде кездесулер саны шектеулі болғандықтан, үйге барып
қарау шарасына көбінесе ата-аналардың қажеттіліктіріне қатысты іс емес, бір
бюрократиялық рәсім сияқты қабылданатын болады («патронаж қызметкеріне жай ғана
өз жұмысын орындау керек – отбасыны тексеру»).
Сондықтан, «индикативтік сұхбат» элементтерін қолдану «патронаж қызметкері мен
отбасы арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға» және бүкіл отбасының патронаж
қызметкеріне, оның кеңестеріне және қолдауына сеніммен қарауына септесе алады.
Сенімді қарым-қатынастар түптен келгенде ата-аналарға және отбасына дұрыс мінез-
құлық үлгілерімен танысуға және оларды қабылдауға көмектеседі, дәл осылайша
«баланың берік бауыр басу» үдерісі баланың оқып-үйренуіне және дұрыс мінез-
құлықты ұстануына септігін тигізеді және баланы улы стресстен қорғайтын тосқауыл
қызметін атқарады.

Жүктілік кезінде жүргізілетін индикатвитік сұхбат қандай болатынымен
танысып шығу үшін 2-ші Ақпараттық картаны пайдаланыңыз.

Ата-аналармен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатқан соң және екеуімен
индикатвитік сұхбат өткізген соң, оларға баланың туылуына және ата-ана атануына
іштей дайындалуға және бастарына қиын уақыт туғанына қарамастан, сәбиіне
«ғашық» болуға көмектесетін ұсыныс-кеңестер бере аласыз:


Page 21

20

➢ Өсіп келе жатқан сәбимен қамқор дауыспен сөйлесіңіз және оған ән салып
беріңіз. Сәбилер дыбыстарды анасының құрсағында-ақ ести бастайды және
анасының да, әкесінің де дауысын тани алады.
➢ Бала құрсақта жатып тебінгенде, оған қолыңызды тигізіңіз, әрі
құрсағыңыздағы оның қимылдарынан ләззат алыңыз.
➢ Балаға есім таңдай бастаңыз. Таңдаған есіміңізді балаға ұсынып көріңіз және
құрсағыңызда жатып жаныңызды жадыратардай (немесе аздап ауыртардай)
тебініп жауап бере ме екен, тексеріп көріңіз!
➢ Ата-ананың екеуіне де босанудан кейін нәрестенің жетілуі және онымен
байланыс орнату үшін «терінің терімен» жанасу маңыздылығы туралы, емізу,
сипау және массаж жасау туралы айтып беріңіз.

Бала туылғаннан кейін үйге барып қарау (сәбилік кезең)

Сәбилік кезең – нәресте дүниеге келгеннен кейінгі уақыт –
қуанышқа толы болады деген үміт бар. Бірақ, бала дүниеге
келгеннен кейін белгісіздіктің алдындағы қорқыныш және үрей
де қоса келеді, әсіресе, бала ата-анасының тұңғышы болса, жағдай тіптен қиындайды.
Тіпті бірінші бала болмаса да, әр нәресте – ерекше.
Бала барлық сезімдері сүзгіден өтіп отыратын және бәсеңдетілетін ана құрсағындағы
қауіпсіз әлемнен кеткенде, барлығы таңсық болып көрінеді. Енді балаға сан-алуан
сезімдер дүрсе қоя береді – ашық жарық, қатты шу, жанасу, қимыл-қозғалыс, иістер
және ана сүтінің дәмі. Барлығы баланың қалағанын екі айтпай орындау үшін «өздерін
қадағалау» және тамақтанудың, ұйықтаудың және ояу жүрудің алдын-ала біліп
отыруға болатын кестесін жасау жолдарын табуға тырысып, шарқ ұқрады. Оған қоса,
кейбір аналарда жүктілікпен және босанумен байланысты медициналық қиындықтары
(мысалы, шамадан тыс қан кету, жұқпалы ауру, ауырсыну), ал кейбір балалардың
денсаулығында ақау (мысалы, шала туылу, сары ауру, жұқпалы аурулар, ауырсыну)
болуы мүмкін. Кейбір сәбилердің темпераменті жеңіл немесе баяу қызатын болуы
мүмкін, ал басқалары көп ашуланып, көп жылауы мықтимал.
Сізге, патронаж қызметкері ретінде, осындай шешуші маңызға ие кезеңде ананың
көңіл-күйін қоса, тексеруді қажет ететіннің барлығының тізімін жасау қажет (Ата-
аналардың аман-саулығы модулін қараңыз). Сіздің ең маңызды міндетіңіз – ана мен
әкеге сәбиіне «ғашық» болуға көмектесу және махаббатын әрі қарай сақтау, сонымен
бірге, осы қарқынды кезең ішінде олардың «эмоциялық тұрғыдан өздерін бірлесе
реттеуіне» қолдау көрсету. Бұл бірден орын ала салмауы мүмкін, бірақ, сіз осы үдеріске
қолғабыс ете аласыз. Бұған егер босануалды кезеңінде үйге барып қарау уақытында
анамен де, әкемен де қарым-қатынас орнатып, қолдауына ие бола алсаңыз, әлдеқайда
оңай қол жеткізуге болады!

Босанудан кейін үйге барып қарау қандай болатынымен танысып шығу үшін 3-ші
Ақпараттық картаны пайдаланыңыз. Анамен және әкемен осылайша диалог құру ата-


Page 22

21

ана және сіз, патронаж қызметкері арасында өзара жақындасуға, сенім
артуға және құрметтеуге жол ашылады.

Балалар психологы Стэнли Гриспан өзін-өзі реттеу ұғымын сәбиге көптеген сезімдер
жабыла кеткенде, оларға назар аударуға және бірте-бірте басқалармен қарым-
қатынас құра бастауға қабілетті болатындай сабырлы күйді сақтай білу деп
сипаттаған. Әрі ата-аналарға да жаңа өмірлік тәжірибе қарша борағанда, балаға көңіл
бөлуге және онымен қарым-қатынас құруға қабілетті болатындай сабырлы болып қала
беру жолдарын табу қажет. Мысалы, анасы баласына дұрыс емізе алғанда және қарны
ашып қалған баласы жылағанын немесе ашуланғанын тоқтатып, анасының сүтін еміп
жатып және анасына қарап жатып, көңілі орнына келе бастағанда, ана окситоцин
бөлінуінің физиологиялық әсерін сезінеді. Бұл гормон адамдар ғашық болғанда мида
бөлінетін химиялық зат болып табылады. Ол емізудің алғашқы апталарында аса күшті
сезімдер сыйлайды және анасы мен баласының байланысын нығайтады. Дәл
осылайша, әке баласын көтеріп тұрғанда, 15 минуттан кейін-ақ оны ағзасында
өзгерістер орын ала бастайды: окситоцин және пролактин («емшекпен емізу гормоны»
ретінде белгілі) бөліне бастайды. Ол тестостеронның орнын басады және ата-ананың
елгезектігін арттырады.

Сәбилер өзін-өзі реттеуге ересектердің жақсы «ыөыластылығының» көмегімен
үйренеді. Қажеттіліктері қанағаттандырылған сәби жағымды жауап қайтарғанда да,
аналар және әкелер қайтадан өзін-өзі реттеу қабілетін иеленеді. Жақсы
ықыластылыпен қосарланған мұндай «эмоциялық би» «бірлесіп реттеу» айналымына
айналады. Көбінесе ата-аналар сәбилік кезеңде қандай да бір қосымша стресс болса,
бұл қабілетті табиғи жолмен игере алмайды.

Қарқынды кезеңде сіздің ата-анаға «эмоциялық тұрғыдан бірлесіп реттеумен»
сипатталатын баламен қарым-қатынас тәжірибесін ұсына отырып, ата-ана мен бала
арасында бауыр басу дамуына септесу мүмкіндігіңіз бар. Сіз оларға баласына эмпатия
және ықыластылық көрсетуге (мысалы, бала жылағанда, оның аш, дымқыл немесе
шаршағанын қалай «тексеруді» көрсетіңіз) және бала жіберетін алғашқы эмоциялық
белгілерді «оқып» үйренуге көмектесе аласыз.

Бала өмірінің алғашқы жылы үйге барып қарау
Өмірдің алғашқы жылы баланың тез өсу және өзгеру кезеңі болып
табылады. Патронаж қызметкері ретінде сіз отбасына келген сайын
баланың қалай өсіп-жетіліп жатқанын көріп, қуану мүмкіндігі болатын шығар. Сізге
баланың даму барысын бақылап отыруға көмектесетін көптеген құралдар бар (Даму
мониторингі және скринингі туралы модульды қараңыз).

Күтілген кестеге сәйкес дамып келе жатқан сәбиге, әсіресе, жүктілік қалаулы болса, ал
ата-аналар өздері сәби болғанда берік бауыр басуды бастан кешіргенде, «ғашық болу»
оңай. Алайда, кейбір ата-аналар үшін бұл соншалық оңай емес. Осы модульде


Page 23

22

бұрынырақ талқыланғандай, сіз баратын кейбір отбасыларда көптеген «қауіп-қатер
факторлары» бар, олар отбасылық қарым-қатынастардағы оң серпінді бұзуы, бала мен
ата-ана арасында әлсіз бауыр басуды нығайтуы, әрі, ақырында баланың дамуына әсер
етуі мүмкін.
Ата-аналарға көмектесу үшін оларға келген сайын баламен қалай әрекеттесетінін
және ойнайтынын көрсетуін сұраңыз. Ата-аналардың табиғи әрекеттестігін және
ойынын бақылап отырып, баланың бастамасына немесе қызығушылығына қалай еру
керек екені туралы идеялар арқылы бағыт-бағдар сілтей аласыз; олардың тілдесу
шеңберлерін пайдалануына және дамытуына септесе аласыз, сонымен қатар, баланың
жасына сай жаңа іс-әрекет түрлерін енгізе аласыз. Ата-ананың баламен өзара
әрекеттестігіне және ойынына негізделген осындай әдістеме, бала қызығушылық
білдірмесе де, жасына сай жасауы «тиіс» қандай да бір істерді жасауға мәжбүрлеу
әрекеттеріне қарағанда, әлдеқайда тиімді. Бұл, әсіресе, дамуында қиындықтары
немесе мүгедектігі бар балаларға қатысты.

Әр бала – ерекше, сондықтан, барлық балаларға бірдей қолдануға болатын жалғыз әдіс
жоқ. Баланы (кейде балаға тым қиын болғандықтан) қызықтырмайтын істерді жасату
стресске және фрустрацияға (тілектердің мүмкіндіктерге сай болмауынан жабырқауға)
алып келуі мүмкін.

Психолог Стэнли Гринспан өзі жасаған әдістеме шеңберінде «флортайм» ұғымын
енгізді, бұл – барлық ата-аналар күнде балаларымен өзара әрекеттестікте және
ойыннан ЛӘЗЗАТ АЛА ОТЫРЫП өткізуі тиіс уақыт (20-30 минут). Осы уақытта ата-ана
алдымен баланың қызығушылығына (бастамасына) ереді, баламен бірге қуанады және
өзара әрекеттестік барысында бірге рахаттанады, ал артынан «тілдесу шеңберлерін»
қолдана отырып және бірте-бірте жаңа қиындықтар мен үйретуші мүмкіндіктер енгізе
отырып, баланың қызығушылық аясын кеңейтеді/ұлғайтады.


Сіз 4-ші және 5-ші Ақпараттық карталарды пайдаланып, бала өмірінің
алғашқы жылы ішінде қандай ықыласты өзара әрекеттестік және ойындар
бауыр басуға септесе алатыны туралы ақпарат бере аласыз (оларды жүктеп
ала аласыз немесе осы модуль соңында берілген үлгіні пайдалана аласыз):


Бала өмірінің екінші және үшінші жылдары үйге барып қарау
Бала өмірінің екінші және үшінші жылы ішінде үйге барып қарау
кезінде сізге:
➢ Эмпатия және эмоциялық ықыластылық арқылы сенім тудыра
отырып, барлық отбасы мүшелерімен сенімді қарым-қатынас
дамытуды жалғастыру керек.
➢ Ата-ана мен бала арасында «эмоциялық тұрғыдан өзін-өзі реттеуге», әсіресе,
күшті эмоциялар бой көрсете бастаған кезеңдерде (мысалы, сәбилік кезеңде,


Page 24

23

бірақ, қатты стресс немесе эмоциялар болса, кез-келген кезеңде) қолғабыс
көрсетуді жалғастыру керек.
➢ Ата-аналардың баласына «ғашық болуын» немесе Стэнли Гринспан «флортайм»
деп атаған әдісті (бала да, ата-ана да өзара әрекеттестік және ойын кезінде
ЛӘЗЗАТ пен ҚУАНЫШ алады, әрі өзара әрекеттестік пен ойын міндетті түрде
баланың қызығушалықтарына негізделеді) күнделікті қолдана отырып, баласын
жақсы көруді жалғастыруын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру керек.

Сонымен, бала өмірінің екінші және үшінші жылы ішінде үйге барып қараудың өзіндік
ерекшеліктері қандай және сізге қандай маңызды қадамдар туралы ойлану керек?
Әдетте бала өмірінің екінші және үшінші жылы ішінде үйге барып қарау сирей түседі, ал
баланың бойында даму және эмоциялар саласында ауқымды өзгерістер орын алады.
Осы кезең бойында балада «мен» сезімі дамиды, ол нені қалайтынын немесе
қаламайтынын жақсырақ ұғынады. Балалардың тіл және тілдесу дағдыларына қарай
олар тілектері және қажеттіліктері туралы сөзсіз құралдар немесе сөздер арқылы
жеткізеді. Кейде ата-ана мұны «қиындық тудыратын» оппозициялық қиқар мінез-құлық
(бала әдейі керісінше істегенде) деп санап, шектеу қоюға және тәртіпке салуға
тырысады. Кейбір ересектер бала бағынбаса немесе ашу шақырса не есірігі ұстаса, қатаң
шектеулер қойып, балаларды жазалап, өктемшілдікке бой
алдырады. Өзге ересектер балаға тым көп еркіндік береді. Олар
айқын талаптар мен шарттар белгілемей және отбасылық
ережелерге және мәдени нормаларға сай мінезін өз бетінше реттеуі
үшін балаға өзін-өзі реттеуге көмектеспей, қалағанын істеуге рұқсат
береді.
Дұрысырақ тәрбиелеу мәнерін «беделді» деп атайды. Ол нақты талаптар қоюмен және
баланы сол талаптарды қалай орындауға үйретумен қатар, жылы, қамқор қарым-
қатынас құруды көздейді. Осы тәрбиелеу мәнері үйдегі ересектер – ана, әке, ата, әже –
бірдей қолданса, аса тиімді. Бірақ, дұрыс тәрбиелеу шектеу қоюға келіп тірелмейді. Ол
«ата-ана мен бала арасында БАРЛЫҒЫ қанағаттанатын және ләззат алатын жылы,
жақын және тұрақты қарым-қатынас қалыптастыруды көздейді, осындай интерактивті
үдеріс барысында бала өседі, дамиды және үйренеді».

Сіз 6-шы және 7-ші Ақпараттық карталарды пайдаланып, әкелерге және
аналарға бала өмірінің екінші және үшінші жылы ішінде ықыласты өзара
әрекеттестік және ойындар арқылы берік бауыр басуды қалай дамытуға болатыны
туралы ақпарат бере аласыз.

Өз-өзіне көмектесу құралы ретінде қолдау көрсету тобында рефлексиялық кеңес алу
Үйге барып қарау арқылы ата-ана мен бала арасында берік бауыр басуды дамыту
міндетін орындау патронаж қызметкерлері үшін ауыр эмоциялық жүк болуы мүмкін.
Оған көп рет жағдайы ауыр сәбилерді және балаларды көруге тура келеді, бірақ,
өзара сенімге негізделген жақсыр және жылы қарым-қатынас орнату үшін ата-


Page 25

24

аналардың қыруар қажеттіліктеріне тілектестік пен ықыластылық жұмсауы қажет.
Патронаж қызметкері отбасы күнделікті өмірінде шалдығатын улы стресске қарсы
«эмоциялық буферге» айналады. Өз-өзіне көмек көрсету үшін басқа патронаж
қызметкерлерімен бірге қолдау көрсету топтарының жүйелі кездесулеріне барып
тұру өте қажет, оны рефлексиялық кеңес беру маманы жүргізеді, топта патронаж
қызметкерлері қиын, күрделі жайттар туралы айтып бере алады. Патронаж
қызметкерлері «күш-қуатын толықтырып» алуы үшін өз сезімдерін өз бетінше талдау
және мәселелерді бірлесіп шешу мүмкіндіктері болуы тиіс.

VI. НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРДЫ ЖАЛПЫЛАУ

Дұрыс, мықты және берік бауыр басу баланың және отбасының жалпы аман-
саулығы үшін аса маңызды. Бауыр басу адам өмірінің әрбір құрамдас бөлігіне терең әсер
етеді: ақыл-ой (біз қалай ойланамыз және әлемді қалай қабылдаймыз); тән (берік
бауыр басу тазалық сақтауға, сенсорлық интеграцияға және баланың аз ауыруына
септеседі); эмоциялар (берік бауыр басу эмоциялық күйлерді реттеуге көмектеседі);
өзара әрекеттестік (берік бауыр басу қазір және келешекте сау және жағымды қарым-
қатынастар қалыптастыруға септеседі); құндылықтар, өнеге, руханилық (берік бауыр
басу әлеуметтік құндылықтарды, сенімді, жанашырлықты, опынуды, өмір мәнін
қалыптастыруға ықпал етеді).

Балақайлар бәріне өздерінің өмірлік тәжірибесінен үйренеәді. Егер олар
кедейшілікте және/немесе жеткілікті көңіл бөлінбей өссе, жағымсыз, стресс тудыратын
тәжірибе жинақтайды, мұндай тәжірибе баланың «эмоциялық буфері» немесе оның
физикалық және эмоциялық денсаулығына улы стресстің зиянды әсерінен сақтандыра
алатын жағымды қарым-қатынастары болмағанда орын алады және/немесе қарқынды
болады. Сәбилер мен балалар қандай эмоциялық тәжірибе жинайтыны қалай өзін-өзі
реттеуге үйренетініне, қалай сенімді қарым-қатынас дамытатынына (эмоциялық
тұрғыдан қатысу) және өзара әрекеттестіктер арқылы қалай үйренетініне әсер етеді.

Әрбір сәбидің және кішкентай баланың ата-анасымен немесе өзге негізгі
тәрбиелеушілерімен барлығы бірдей көңілі толатын және ләззат алатын жылы, жақын
және тұрақты қарым-қатынасы болуы тиіс. Ата-ана және тәрбиелеушілер балаға көңіл
бөлгенде және оның қажеттіліктерін бар ықыласымен қанағаттандырғанда, балада
«басты сенім» - бала өзіне күтім көрсететіндерге сене алатынына негізделген қауіпсіздік
сезімі қалыптасады. Бұл балаға «сенімді тірек» (негізі, ең дұрысы, біреуден көп) береді,


Page 26

25

сол тіректен ол әлемді зерттеуге аттанып, артынша жайлы, әрі қауіпсіз панасына қайтып
орала алады. Дұрыс бауыр басу («берік бауыр басу») тәжірибесі бар бала анасымен,
әкесімен және өзге негізгі тәрбиелеушілерімен өзара әрекеттестікте жинаған осындай
бастапқы «эмоциялық тәжірибесі» негізінде өзге ересектермен және балалармен жаңа
қарым-қатынастар құрады.
Әлсіз бауыр басу қатері көбінесе темпераменті ауыр, мазасыз немесе қырсық,
созылмалы сырқаттары неесе дамуында бөгеліс немесе мүгедектігі бар ұрымтал
сәбилер мен балаларда жоғарырақ болады. Екінші жағынан, егер аналар мен әкелер
басынан бастап қажетті қолдау және нұсқау алса, онда барлық балалар, соның ішінде,
аутизм сияқты бұзылыстары бар балалар берік бауыр басуды қалыптастыра алады.

Балаға деген «ықыласы» жақсы әкелер мен аналар сәбидің көңіл-күйіне немесе
эмоцияларына әр сәт сайын назар аударады және онымен эмоциялық байланыс
орнатқан. Олар бет әлпетін (күлімсіреу, көзқарас), қамқор дауыспен сөйлеуді, сонымен
қатар, ым-ишараларды және әрекеттерді қолданады. Осында өзара тілдесу арқылы
«ықыласты» ата-ана баланың өзін қалай сезінететінін және нені қалайтынын білетінін
көрсетеді. «Ықыласты» ата-аналар баласына өз эмоцияларын және сезімдерін танып-
білуге және оларды басқаруға үйренуге көмектеседі.

Әрекеттестік – өзара әрекеттестікте. Балада немесе ата-анада берік бауыр
басуды қалыптастыру үдерісін қиындататын қасиеттер бар-жоғына қарамастан, ол,
күнделікті және, әсіресе, сәби не бала ренжулі болғанда немесе стресс сезінгенде
жүзеге асырылатын өзара әрекеттестік негізінде дамиды. Осындай әрекеттестіктерге
қос тараптың да қатысуы «беру және кері пас» және «тілдесу шеңберлері»
ұғымдарымен түсіндіріледі.

Зерттеулер көрсеткендей, баланың бауыр басу моделі мен ересектердің бауыр
басу моделі арасында жоғары дәрежеде сәйкестік (68-75%) бар. Бұл адамдардың
көпшілігі балалық шағында қалыптастырған (берік немесе әлсіз) бауыр басу моделін
ересек өмірінде де сақтайтынын білдіреді. Бауыр басу модельдері ұрпақтан ұрпаққа
төрт жағдайдың үшеуінде беріледі. Әлсіз бауыр басу моделі қалыптасқан балалардың
ата-аналары әдетте балаға уақыттың көп бөлігінде көңіл бөлмейді, оның қажеттіліктерін
көзге ілмейді, оған қамқорлық көрсетпейді немесе қатыгездік танытады.


Page 27

26

Эмпатия мен ықылас әлсіз бауыр басудың ұрпақтан ұрпаққа таралу айналымын
бұзуға көмектесе алатын негізгі элементтер болып табылады. Бірақ, эмпатия және
ықылас ерте балалық шағында оларды сезіп көрмеген ата-аналардың және ата-
әжелердің бойында табиғи жолмен пайда болмайды. Патронаж қызметкерлерінің
отбасында баламен өзара әрекеттесетін барлық ересектердің бойында эмпатия мен
ықыласты дамытуға септесудің бірегей мүмкіндігі бар.

Баланың қызығушылығына негізделген және балаға да, ата-анаға да ЛӘЗЗАТ
пен ҚУАНЫШ сыйлайтын күнделікті өзара әрекеттестік пен ойын ата-аналарға ата-
әжелерге баланы жақсы көруге және оны жақсы көруді жалғастыра беруге көмектесетін
мүмкіндіктер болып табылады.

Патронаж қызметкері ретінде сіз аналар, әкелер және олардың балалары
арасында махаббат пайда болуы барысында өте маңызды рөл атқара аласыз және
атқаруға тиіссіз. Ол үшін сізге балалармен, ата-анамен және баланың отбасының
басқа мүшелерімен өзара сенімге және құрметке негізделген қарым-қатынас құру
қажет. Әрдайым қолыңыздан келгеннің барлығы жасау маңыз ды! Кейде ол да
жеткіліксіз болып, сізге әріптестеріңізден, басшылардан немесе өзге мекемелердің
мамандарынан көмек пен қолдау сұрау қажет болады.


Page 28

27










ҚОСЫМШАЛАР




































Page 29

28

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ 1
ЭМОЦИЯЛАР ЖӘНЕ АТА -АНА МЕН БАЛАНЫҢ БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАСУЫ ТУРАЛЫ
НЕВРОЛОГИЯ (2-тарауға)
1. Сіздің ойыңызша баланың оқу-үйрену қабілетіне ең көп әсер ететін факторларды
жазыңыз ең маңыздысынан бастаңыз):
a) интеллект (ақыл-парасат) көрсеткіші - IQ коэффициенті (Intelligence Quotient)
b) тілдік және тілдесу қабілеттері
c) кітап оқу қабілеттері
d) өзін-өзі реттеу
e) математикалық қабілеттер
f) эмоциялық тұрғыдан қатысу
2. Ата-ана/тәрбиелеуші мен бала арасындағы берік бауыр басу баланы улы
стресстен қорғауға қалай көмектесе алады?

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ 2: АТА-АНА МЕН БАЛАНЫҢ БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАСУ МОДЕЛЬДЕРІ (3-
тарауға)

1. Бала берік немесе әлсіз бауыр басқанын қалай білуге болады?
2. Төменде келтірілгеннің әрқайсысының жанына «Дұрыс» (Д) немесе «Бұрыс» (Б)
белгісін қойыңыз:

• Ата-анасы баласына тиісінше «ықыласты» болса, аутизмге шалдыққан бала
берік бауыр баса алады. Д/Б
• Өмірлерінде берік бауыр басу орын алмаған барлық балалардың ата-
аналары не балаға қатыгез қарайды, не оған күтім көрсетпейді. Д/Б
• Ретсіз бауыр басу моделі байқалатын балалардың дамуында қиындықтар
болуы мүмкін. Д/Б
• Бауыр басу және ықыластылық – бір ұғым. Д/Б
• «Беру және кері пас» және «тілдесу шеңберлері» – ұқсас ұғымдар, берік
бауыр басу қалыптасатын өзара қарым-қатынасты («алу» және «беру»)
білдіреді. Д/Б

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ 3
БАУЫР БАСУ МОДЕЛЬДЕРІН ҰРПАҚТАН ҰРПАҚҚА БЕРУ (4-тарауға)
1. Балалар есейгенде, олардың қанша пайызы (%) өзінің бауыр басу моделін
балаларына дарытады?
a. 33%
b. 55%
c. 75%
d. 99%

2. «Эмпатия» және «ықыластылық» арасында қандай айырмашылық бар және сіз
оларды ата-аналардың және ата-әжелерлің бойында дамыту үшін қалай
көмектесе алар едіңіз?


Page 30

29


ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ 4
МАХАББАТ – ТІПТІ ҚИЫН УАҚЫТТА (5-тарауға)

1. Патронаждық кездесу тағайындалған үйге келгенде, бірініші және ең
маңызды ісіңіз қандай? Осы тарауға көшпес бұрын, қысқаша жауап (1-3
сөйлем) жазыңыз.
2. «Флортайм» деген не?
3. Рефлексиялық кеңес алудың үш негізгі құрамдас бөліктері қандай? Ол неге
соншалық маңызды?


ҚОСЫМША РЕСУРСТАР

БЕЙНЕФИЛЬМДЕР
ІІ-тарауға
• ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕ БАС МИЫНЫҢ СӘУЛЕТІН САЛАДЫ
https://www.youtube.com/watch?v=VNNsN9IJkws

• УЛЫ СТРЕСС ДҰРЫС ДАМУДЫ БҰЗАДЫ (“Toxicstressderailshealthydevelopment”)
(http://www.youtube.com/watch?v=rVwFkcOZHJw&list=SP0DB506DEF92B6347)

• ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. Ерте балалық шақ жөнінде ұсыныс-кеңестер және
мультимедиялық ресурс. Бейнефильм және фильм мәтіні жазылған материал
бар. «EducationScotland» ұйымының веб-сайтында басқа да керемет
материалдар ұсынылған:
http://www.educationscotland.gov.uk/video/p/video_tcm4637463.asp?strReferring
Channel=earlyyears&strReferringPageID=tcm:4-633599-64&class=l4+d140647

• БАЛАНЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ. Гарвард университеті. Вебсайтта керемет
бейнефильмдерге және улы стрессті егжей-тегжейлі түсіндіруге сілтемелер бар:
http://developingchild.harvard.edu/topics/science_of_early_childhood/

ІІІ-тарауға
• БАУЫР БАСУ НЕМЕСЕ ЫҚЫЛАСТЫЛЫҚ? (“Attachmentorattunement?”) (1:57 мин.)
http://www.youtube.com/watch?v=IGeS7o4FmRI

• БЕРІК ЖӘНЕ ӘЛСІЗ (ҚАШҚАҚТАУШЫ ЖӘНЕ КЕРЕҒАР) БАУЫР БАСУ
xv
: (3.38 мин.),
http://www.youtube.com/watch?v=DH1m_ZMO7GU.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
07.02.2021
509
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12