400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне "Әдебиеттік оқу" пәнінен сабақ жоспары. Жаңа форматқа сай жасалған. Жас мамандарға қажет материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы

Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус

Сілтеме

Әдебиеттік оқыту Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, А.Құлжанова 2014 ж.

Күнтізбелік жоспар

Жалпы мақсаты

Оқушылардың ата-анаға құрмет, қамқорлық сезімін арттыру. Ішкі сезімдері мен тебіреніс толқындарын ояту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Әке – шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету. Мейірімділікке,парасаттылыққа,адалдыққа,имандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттер

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру ;

- Жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу ;

- Дұрыс оқуға, мазмұнын айта білуге үйрету

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

- Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы толықтырып, тақырыпты пысықтау ;

- Берілген тапсырмаларды , топта орындауға үйрету;

-Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру;

Сабақ түрі,әдіс-тәсілдері

Топпен жұмыс, көрсету, түсіндіру. диалогтық оқыту,сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау, рефлексия

Сабақтың көрнекілігі

Топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, бағалау парағы

Күтілетін нәтиже

Мәтіннің негізгі идеясын ашады. Қайқауыс туралы мәлімет алады. Кабуснама –ертеден келе жатқан үгіт-насихатқа толы кітап екендігін біледі.Ата-ананы құрметтеуге дағдыланады. Екі шығарманың мазмұнын салыстыра біледі. Өз пікірін ашық айтуға қалыптасады. Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Психологиялық ахуал

Ән айтамыз көңілді-көңілді,

Күй тартамыз күмбірлі-күмбірлі,

Би-билейміз ырғақты-ырғақты.

Біз бастаймыз сабақты-сабақты.

3 топқа бөлу

І топ-Ана

ІІ топ-Ата

ІІІ топ-Бала

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа назарын аудару.

Сабақтың барысы

Өтілген материалды пысықтау.12 минут
"Ұшқан ұя" мәтіні бойынша бірнеше оқушыдан түсінгенін сұрау.
Қайталау.Сұрақ-жауап жүргізу.

Миға шабуыл:

1.Киіз үйдің ішінде апалар отыр екен.

2.Ақсақалдар тұрып тұр.

3. Олар сорпа ішіп отыр екен.

4 Дастархан шетінде анам қымыз құйып отыр.

5.Мені айқайлап шақырды.

6. «Достарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?»- деді.

7. Мен көгеріп кеттім.

8. Сыртта біраз тұрып кетіп қалдым.

9. -Сәлеметсіздерме аталар!- деп, сөзді қадап-қадап айттым.

10. Әрқайсысы арқамнан қағып мақтайды .

11.Бетімнен сүйіп «Жарайсың, балам!деді..

12. Өнерлі бала үлкендерге сәлем береді деді.

13.Мен Құнанбайдың ұлымын.

14. Момыш Ыбырай Алтынсариннің баласы.

15. Осылайша он атаға дейін санадым.

Әр топтан бір оқушы жеті атасын айтады.

-Яғни әрбір адам қайдан тәрбие алады екен?

-Отбасынан тәрбие алса,

елтанудың басы жеті атасын білуден басталатынын ұмытпағайсыңдар.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

БІЛУ- 2 минут

Миға шабуыл

Осы суреттер арқылы ойларыңа не түйдіңдер?

Бүгінгі жаңа сабағымыз не туралы болмақ?

 

Тақтаға іліп тұрған суреттердің, не туралы екендігін айтады.

 

ТҮСІНУ - 5 минут

Мағынаны тану

1.«Кабуснама» әңгімесімен таныстыру.
2. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
3. Қайқауыс туралы мәлімет беру.
«Қабуснама» — парсы тілінде 1082 - 1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды. «Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру - тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021 - 1022 жылдарда) дүниеге келедi.
Қайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып - терген ең қымбат асыл заттарым — саған арнап жазған осы үгiт - насихат кiтабым», - дейдi. Бұл кітапта адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ғұмырының ақырына дейін не істеу керектігі, яғни дұрыс өмір сүру жолы жазылған.
Кабустың немересі Қайқаус та өз заманында көп жағдайдан хабары бар зилы еді. Табиғаттану мен музыкаға құштар болған.
Бұл кітап иран тілінен түрік, ұйғыр, неміс, өзбек, француз, орыс, ағылшын, қазақ, татар тілдеріне аударылды. Өзбек тілінен қазақ тіліне аударған Тұрсынәлі Айнабеков.

Жаңа сабақ тақырыбына сұраққа жауап беру.

 

 

 

 







Жаңа мәліметті мұқият тыңдайды.





ҚОЛДАНУ – 8 минут

Бөлімдер бойынша әр топтар бір оқушы оқиды.

Сөздік жұмыс

Перзент-бала

Парасат-сана,ақыл-ой

Қаяу-реніш

Топқа тапсырма

Ата-анаға құрмет көрсету түрлерін жаз

 

Мәтінді оқиды, әр бөлімнің мағынасын ашады. Сөздердің мағынасын ашып айтады.






Әр топ өз жұмыстарын орындап қорғайды

Сергіту сәті. 1 минут

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Оқушылар жатқа айтады.Бойын,ойын сергітеді.



ТАЛДАУ – 5 мин

ВЕЕН ДИАГРАММАСЫ


Сұрақтарға жауап айтады айтады.

Әр топ өз жұмыстарын орындап қорғайды

ЖИНАҚТАУ- 6 мин

Бейнеролик «Ата-анаға қамқорлық» көрсету.

Қарттар үйі!

«Рахмет»....әдісі

Бейнеролик көріп, ойларын қорытады.



Ата-аналарына қоңырау шалып рахмет айтады.

Бағалау 2 минут.

Бүгінгі сабағымыздан өзіңе не түйдің?

-Кабуснама деген не?

-Ол кітапты кім және кімге арнап жазған екен?

Жиынтық бағалау Топтарды формативті бағалау.Бағалау парақшасын толтыру.

Рефлексия 1 минут

«Бағдаршам» атты стендке бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жапсырту.

Өте жақсы- жасыл

Жақсы- сары

Түсініксіз-қызыл

 

Оқушылар алған білімдері бойынша жабыстырады.

 

 

Үй тапсырмасы: Әңгімеден үзінді жаттау. «Үлкенге құрмет»тақырыбына сурет салып келу

Үйге тапсырма алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі