Материалдар / Ата-ананы сыйлау – басты парызың
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата-ананы сыйлау – басты парызың

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей отырып, ата-ананы құрметтеуге, отбасы құндылықтарының қасиеттерін білуге үйрету және олардың ата-анасына, отбасына деген сүйіспеншілігін, махаббатын күшейту, өз ойларын ашық айтуларына, пікір білдірулеріне мүмкіншілік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2018
1023
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ата-ананы сыйлаубасты парызың.Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей отырып, ата-ананы құрметтеуге, отбасы құндылықтарының қасиеттерін білуге үйрету және олардың ата-анасына, отбасына деген сүйіспеншілігін, махаббатын күшейту, өз ойларын ашық айтуларына, пікір білдірулеріне мүмкіншілік беру. «Әке-асқар тау, шеше-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» демекші, осы бір қарапайым мақалдың астарында терең ой жатыр. Әрине, мақал қысқа, алайда оның мағынасы шектеусіз. Біз шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап ең алғаш рет алдымызға ана бейнесі келеді. Ананың құшағына енгеннен бастап-ақ кіп кішкентай жүрегіміз ана жүрегімен бірге соға бастайды. Мейірлене құшақтап, «айналайын, балапаным» деген сөзімен өмірге әкелген сәбиін сол күннен бастап мейірім мен жылулыққа орай бастайды. Анадан соң сәбиін алғаш көрген әкенің сезімі қандай болатыны әкелерге ғана аян. Міне, қос жүректің лүпіліне тағы бір жүрек лүпілі қосылады. Енді өмірге келген сәбиін қалай тәрбиелеймін десе де өз еркі. Баланың жеке тұлға боп дамуына осы екі жанның, яғни әке мен ананың әсер ететіні даусыз. Қай ата-ана баласын жаман болсын дейді? Әрине, ешбір адам бұлай болғанын қаламайды да. Кішкентайынан тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай, бар тапқанын баласының аузына тосатын ата-ананың қадірін әр бала біле ме? Кішкентайында барын салып, тәрбиелеп келген отбасында кейін қатал, тасжүрек, мейірімсіз баланың өсіп шығатынына кімді кінәлаймыз. Иә, көбінде осындай баланың тәрбиесіне ата-анасы кінәлі деп жатамыз. Бірақ, шындығына келгенде олай деп тон пішуіміз мүлдем дұрыс емес. Ата-ана Алла-Тағаладан «Еллам, бала бер, бала берсең, сана бер» деп тілейді екен. Ал, мұның себебі неде? Ата-аналарының кішкентайынан «не кием, не ішем» демей, үнемі баршылықта өмір сүріп келе жатқан бозбалалардың ішінде қаншама бұзақы, қырсық,тілазарлар бар. Оның ең бірінші себебішамадан тыс еркелік деп толық айтуымызға болады. Соншама еркелетіп өсірген ата-анасына түк қайыры тиместен, ата-анасын далаға тастап, не болмаса қарттар үйіне өткізіп жатқандар ертеңгі күні екінші өмірде Алла-Тағала алдында өздерін қалай ақтап алар екен? Әттең, сондай қыз-бозбалаларды көріп ішің ашиды. Ата-анасына деген мейірімі жоқ неткен тасжүрек еді деп қиналасың. Баланың жаман болып өсуіне тағы бір әсер ететін жайтқоршаған ортасы, сол ортада үнемі байланыста жүретін достары. Қазіргі заманда жоғары дамыған ел қатарына қосылуды мақсат еткен елміз. Ата-анасы қарапайым болып келетін отбасындағы бала әлеуметтік жағдайы жоғары отбасының баласымен тең дәрежеде болмайды. Бірақ бір-бірінен қалысқысы келмейтін балалар бірінде бар нәрседен қымбат нәрсеге ие болғысы келеді. Ата-анасының жағдайына қарамастан «анау керек, мынау керек» деп бәлсінетінде
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!