Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ата-әулеттің тірегі, Әже –ұрпақтың жүрегі" Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақ сүт берген аналардың анасы - әже. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы-қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді, жан-жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді. Ата жолын қууға, еңбекке, адамгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа баулиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Тәрбие сағаты

Күні :27.09.2025ж

Сыныбы: 1"Ә"

Мұғалімі: Мажитова А.К.

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Тәрбие сағаты: Ата-әулеттің тірегі, Әже –ұрпақтың жүрегі»

Сабақтың мақсаты

-Білім алушының бойына үлкенді сыйлап, ізет көрсете білуге үйрету.

Рәсімдеу

Әр білім алушы білу керек:

 -Оқушыларды ата-анасын қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет

көрсетуге тәрбиелеу.

-Оқушылар бойындағы адамгершілік

қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты,

кішіпейілділікті дамыту.

-Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы

сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.

Музыкалық және бейне көркемдеу

Қанатты сөздер, бейнематериалдар

Сабақтыңтехникалыққұрал-жабдықтары

Интерактивті тақта Бейнепроектор Компьютер

Үлестірмелі материалдар

Қария туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, мақал-мәтелдер және т.б.

Эпиграфтар

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен


Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Бейнекөрсетілім

Дайындыққа арналған әдебиет


http://bilimsite.kz/bastaush/2079-kogam-otbasy-otbasy-musheleri.html

«Тәрбие бастауы» кітабы

Сабақтың басы ширату

Айтары мол ғұлама, Атаңның баласы,

Көп жасаған бұл адам. Кей кезде таласып

Әкесі ол әкеңнің, қаласың әжеңе.

Білер оны сұраған. Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? (Атаң) Ол кім? (Әкең)


Аймалайды «Күнім» деп, Әлпештеп өзіңді өсірген,

Мейірімді жүзі күлімдеп. Нағашы әжеңнің баласы.

«Тәтті-ақ» дейді немере, Төрінде жалпиып көсілген

«Бал шырындай үнің» деп. Бұл күнде жиеннің анасы.

Ол кім? (Әжең) Ол кім? (Анаң)


Сабақтың ортасы

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса. Әр халықтың бойында оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді.

Ата-ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады. Әже-ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып, асыраушы, аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.

Ақ сүт берген аналардың анасы - әже. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы-қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді, жан-жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді. Ата жолын қууға, еңбекке, адамгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа баулиды.

Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында ауызы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі.


Сабақтың соңы

Қорытынды:

Өнбойың тұнған ақыл, ұлағат,

Ешкімге жасамайсың қиянат.

Жайлап қана ақылменен түзейсің,

Болып қалса ұғына алмай бір ағат.


Саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе?! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!












Бекітілді:

Тәрбие сағаты

Күні : 08.11.2025

Сыныбы: 1 «Ә»

Мұғалімі: Мажитова А.К.

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған мектеп гимназия

Тәрбие сағаты: Мен отбасыммен мақтанамын!

Сабақтың мақсаты

Отбасы” құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

Рәсімдеу

Әр білім алушы білу керек:

  •   *Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді біледі.

  • * Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлайды.

Музыкалық және бейне көркемдеу

Қанатты сөздер, бейнематериалдар

Сабақтыңтехникалыққұрал-жабдықтары

ИнтерактивтітақтаБейнепроектор Компьютер

Үлестірмелі материалдар

Абайдың нақыл сөздер, мақал-мәтелдер және т.б.

Эпиграфтар

Отбасым менің — бақытым
Отбасым менің — шаттығым
Отбасым барда ешқашан
Үзілмес менің үмітім.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Бейнекөрсетілім

Дайындыққа арналған әдебиет


https://multiurok.ru/files/abai-ku-nanbaevtyn-175-zhyldygyna-abai-dara-abai-d.html

Сабақтың басы ширату

Ой – қозғау сәті. (сұрақ – жауап бойынша)

Жұмбақ жасыру.
Ма
ған да, саған да,
Жа
қын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
О
ңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Б
әрі де өз жұратың,
Айтады,
қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні, аға./

Жұмбақ отбасы туралы
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Ұлдардың кішісі (іні)

Сабақтың ортасы

Ата, Әже, Әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен — жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, Үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі — отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған — туыстармен қарым — қатынаста болады. Ата — ананың ақылымен қарым — қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым — қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып – сырқаттанғанда көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы — адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған — туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.

« Мен ата — анаммен мақтанамын!» атты фотосуреттер көрсету, талқылау, ата-анасын мадақтау.
— Ал енді әркім өздері дайындаған отбасы жайлы материалдарымен таныстырып өз отбасы жайлы айтады.

«Папа» мен «мама» сөздері ешқандай да орыстың немесе басқа да славян халықтарының төл сөздері емес. «Папа» сөзі көнедегі гректің «papas» сөзі мен латынның «papa» сөздерінен шыққан. Католиктік шіркеуде дінқызметкерлерінің ең лауазымды, ең жоғары қызметкеріне «Папа» деген атау берген. Мысалы, Рим Папасы Бенедикт VIII деген сияқты. Сөйтіп орыстар арқылы қазақ еліне де жетті.
«Папа» сөзі — орыстардың сөзі» деуге болмайды. өйткені ол сөздің орыстар арқылы жеткені болмаса, түп тамыры латын тілінде жатыр. Орыстардан басқа әлемнің қаншама ұлты әкені «папа» деп атайды. Мама сөзі де солай: әлемнің көптеген ұлттары ананы «мама» деп атайды. Бірақ «мама» сөзінің мағынасы ертедегі шіркеулерге қатысты емес.
Мама — латынша «mamma (мағынасы: әйелдің емшегі)» сөзінен шыққан. Баласын емізетін әйелді, яғни ананы «мама» деп атау ертедегі латын тілінен шыққан деуге толық негіз бар.
Барлық тілде дерлік баламасы бар

«Менің отбасым».

Жоспар бойынша әңгімелеу:

1. Отбасында неше адам? (оларды ата).

2. Олардың әрқайсысы туралы айтыңдар (қайда жұмыс істейді, оқиды, бос уақытында немен айналысады).

3. Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді ұнатады?

4. Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы көресің?


Сабақтың соңы

Сабақ қорытындысыАдам баласы бақытты болуы үшін он екі мүшесі

сау болып,өмірдегі бар жақсылықты бойына жинап,білім алу керек.

Бұған аяулы ата-анасы,қоғам көмектеседі,осы жасалған жағдайды

пайдаланып өмірден өз орнын табуға міндеттіміз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12