400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған, салт-дәстүрімізді жас ұрпақтың бойларына сіңіріп тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір – қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, салт - дәстүрлерімізді қадірлей білуге баулу. Оқушыларды салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат
алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: суреттер, мақал - мәтелдер,слайд т. б.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздер бүгін 6 «Ә» сыныбы дайындаған
«Ата – баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Амандасу салтымыз,
Есенбісіз жалпыңыз,
Бағалыны артына,
Қалдырған-ды халқымыз» - дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Туған жер, Қазақстан, Туған ана,
Атымыз сенен бөлек атала ма?
Күншуақ сенің ыстық мейіріңе
Тасың да тебіренбей жата ала ма?


Қазақстан – қазақ халқының қасиетті ата-мекені, кіндік қаны тамған жері. Тәңірі жер қайысар мал беріп, асты - үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы жоқ. Ендігі кезекті оқушыларға беремін.
Тақпақтар
1.
«Біз қазақ деген - мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз, дәм - тұзды ақтай білген елміз, дәстүрімізді сақтай білген елміз» деп Қазыбек бабам айтқандай, ен даланы жайлаған, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өзіне тән, өзге ұлттардан ерекшелейтін салт - дәстүрлері бар.
2.
Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған бай қазынасы, салт - дәстүрлері мен әдет ғұрыптары ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып өз жалғасын табуда.
3.
Армысыңдар, аңсаған дана халқым.
Сәлем беру - ежелгі ата салтым
Әр елдерде жүрсе де қалың қазақ
Бір мақсатқа арналған арман талап.

4.
Танымасаң танып ал, мен қазақпын
Жаным жайлау, көңілім кең қазақпын
Ұлысым бай, нұр жері кең қазақпын,
Ырысым бай, нұр жері кең қазақпын

5.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын
Ұранға «Алаш» деген атты аламын
Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

6.
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық
Арасын қоныс қылдым ірге жайып
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа байып

7.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылығанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

8.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.

9.
Мен қазақпын, ажалсыз анамын иен,
Құрсағыма сыйдырам даланы кең.
Пәк сәбимін бесікте гуілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен

10.
Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым

11.
Тілім бар да қазағым бар, халқым бар
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар,
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар

12.
Қазақпын мен, қазақтың тентегімін,
Жау шебінде сыналған семсерімсің.
Тайыз емес тереңмін, тамырлымын,
Иілмейді ешкімге еңсе бүгін.

13.
Көтердік сәл де болса еңсемізді,
Ел болайық қызығар көрсе бізді.
Жаңғыртып ата дәстүр, салт - санамыз,
Халқыма имандылық берсе ізгі.

14.
Ардақтап аталардың зиялы атын,
Күн келді дәстүр үшін ту алатын.
Қашанда ата жолын ұмытқандар
Ұлыстың ұлы күні ұялатын.

15.
Емес пе той халқымның қазынасы,
Бабамның демеу болсын ақ батасы.
Қастерлемей кім ата салтын тастар,
«Береке тілеп» ақ әже шашу шашар.

16.
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр ғұмыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

17.
Жақсы дәстүр сақтар елдің елдігін,
Ерлігін де ұғынарсың сен бүгін.
Танытады қалпымен - ақ қонақжай
Нағыз қазақ жүрегінің кеңдігін.

18.
Мінеки, сондай жомарт менің халқым,
Ешқандай ұмытпаған ата салтын.
Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан,
Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын!







Біздер бұрын көрмеген
Салт - дәстүрім өшпеген.
Үйренеміз дәріптеп
Заманында өрлеген.
Енді қазақы салт - дәстүрлерге тоқталайық.

1.
Асар (салт.) Бір жанұяның қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады7

2.
Асату (дәстүр). Ет желініп болғаннан кейін төрде отырған ақсақал табаққа қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатуға тиіс. Бұрынғы кезде жас балалар «ет асаймыз» деп қонақ келген үйдің маңайында жүретін болған.
3.
Айттық (дәстүр). Айт күні «аттық» деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық.
4.
Ақсарбас (діни ырым). Адамның қауіп - қатерге ұшырағанда, жаны қысылғанда Алла атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайда ұшыраған адам «Ақсарбас» үш рет айту керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел - жұрты шақырып құдайы береді.

5.
Ақ құйып шығару (ырым) Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады (мәтел). Қазақ халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды, тағы басқа сүт өнімдері «ақ» деп атайды да, оны қасиетті, киелі деп ұғады. Ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды.

6.
Сыралғы (дәстүр). Батырдан сауға, аңшыдан сыралғы мәтел. Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан сұралатын жол. Мәрт аңшылар мұндайда «сыралғы» сұрағанның сөзін жерге тастамайды.

7.
Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізетін адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «Қалағаныңды» ал дейді немесе оған ұнайтындай сыйлық ұсынады. 8. Қайрат
Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық той.

9.
Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.

10.
Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып табылады.

Жүргізуші: Қазақ халқында тыйым сөздер әдептілікті, жақсы мінез - құлықты сіңіруге, тазалық сақтауға арналған. Ырым - тыйым ұлағат көзі дейміз. Ал енді оқушылар қандай ырымдар біледі екенін тамашалайық.

1.
Ұнасын, ұнамасын,
Бұзба құстың ұясын.
2.
Ұқсама тентек балаға,
Пышақтың жүзін жалама.

3.
Шаршасаң сәл - пәл аялда,
Бірақ жерді таянба.

4.
Құр беталды ермекке
Бос бесікті тербетпе.

5.
Жақтыр, Мейлің жақтырма,
Нанды жерге лақтырма.
6.
Жоқ әдетті шығарма,
Түнде көлден су алма

7.
Адамдарды санама,
Түнде айға қарама.
8.
Ақыл - есің бүтінде,
Кісіге қарай түкірме.
9.
Ұлттық салттан бұлжыма:
Жұма күні кір жума.
10.
Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.
11.
Тірі жанды иықтама,
Бей уақытта ұйықтама.
12.
Айтқан сөзді бағамда:
Күлме кемтар адамға.
13.
Сүйсінсін жұрт ісіңе,
Сақта ата ғұрпыңды.
Ешқашан үлкен кісіге,
Отырма беріп сыртыңды.

Жүргізуші:

Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге
«Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің мерекеміз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік.

1. Көрініс: Екі достың кездесуі.
2. Көрініс: Ақсақал мен баланың сәлемдесуі.


Салт дәстүр, әдет ғұрып - атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Халық тәрбиені балаға
ана құрсағында жатқанынан бастайды. «Атадан қалған асыл сөз» шешен, билердің сөздері
тақияда жасырынған, авторын табу керек.

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өскеніңді өшіресің
Басына іс түскен пақырға,
Қастық қылма -
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жақсыға,
Жәрдемші бол асыға,
Қиын - қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа,
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба. /Қазыбек би/

Дау мұраты - ұту,
Сауда мұраты - ұту,
Қыз мұраты - кету,
Жол мұраты - жету. /Сырым шешен/

Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқ та мият жоқ.
Бәренен де қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ... /Әйтеке би/

Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы,
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы.../Төле би/



Мәнге толы қазағымның тірлігі,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдеті мен ғұрыпы - дей келе, оқушыларға сұрақтар қойылады.

/қоржындағы асықтардағы сұрақтарға жауап беру./

1 Қандай салт дәстүрлерді білесіңдер?
2 Қазақ елінде ертеден келе жатқан мейрамдарды атаңыз?
(ораза айт, рамазан айт, наурыз тойы, соғым басы, сабан той т. б.)
3 Ұлттық ойын түрлерін атап бер
(соқыр теке, шертпек, ақсүйек, орамал тастау, сақина салмақ т. б
4 Қазақ елінде ертеден келе жатқан мейрамдарды атаңыз?
(ораза айт, рамазан айт, наурыз тойы, соғым басы, сабан той т. б.)
5 Үш дананы атап бер /Абай, Шоқан, Ыбырай/
6 Үш байлықты атап бер /денсаулық, ақ жаулық, он саулық/
7 Жеті қазынаны атап бер / Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, қыран
бүркіт, берен мылтық /
8 Жеті атаны атап бер /бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата/


«Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.»- дей келе ендігі кезекті концерттік бағдарламаға береміз.
1. Би: қыздар тобы
2.Ән: «Қазақтың дастарханы»

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу - әрқайсысымыздың борышымыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Қош сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
910
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі