Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ата-баба дәстүрі ұрпаққа өнеге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа
өнеге!
Мақсаты: Салт – дәстүр арқылы балалардың бойына мәдени, рухани және
адамгершілік құндылықтарды дарыту. Халқымыздың ғасырдан - ғасырға
жалғасып келе жатқан салт - дәстүрі – «Тұсау кесу» рәсімін
дәріптеу.
Барысы: Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Жүргізуші: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің тәрбиелік іс -
шарамызға қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен
амандасайық.
Балалар қолдарын көтеріп кеудесіне қояды.
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! №2 «Айгөлек»
балабақшасының «Ата - баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» атты тәрбиелік
іс - шарамызға қош келіпсіздер!
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.
- Балалар, біз қазақтың ұлдары мен қыздарымыз. Сондықтан, біз
ұлтымыздың ата - бабамыздан жалғасып келе жатқан салт -
дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Балалар, қазақ халқы сөз қадірін
біліп, қастерлеп өнеге тұтқан. Салт - дәстүрлеріміз, мақал – мәтел,
жұмбақ, айтыс өнері ұрпақтан - ұрпаққа күні бүгінге дейін жалғасып
келеді.
Балалар, бүгін біздің тәрбиелік іс – шарамыз ата - дәстүріміз бен
өнеріміз туралы өткізілмек. Балалар, сендер Отан, еңбек, өнер
туралы мақал – мәтелдер білесіңдер ме?
Әсел.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Нұрсаят.
Отан – оттан да ыстық.
Елнар.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Д. Нұрай.
Әлсіз ат сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.
Бекзат.
Еңбек - өнер өрісі,
Өнер - өмір жемісі.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, біз қазақ халқы әнге де, биге де өте
бай, өнерлі халықпыз. Сондықтан да, қазір біздің балалар сіздерге
ән айтып береді.
Хор. «Қазақ қызы»
Жүргізуші: Ал енді балалар, қазір сендермен бірге «Кім зейінді?»
деген ойынды ойнап жіберейік.
Ойынның шарты: Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап
бересіңдер.
Сұрақтар: 1. Қуанышты хабарды жеткізуші адам не алады?
(сүйінші)
2. Бала дүниеге келгенде қандай той болады?
(шілдехана)
3. Қай тойда беташар айтылады?
(үйлену тойында)
4. Үлкен адамдардың алдынан не істеуге болмайды?
(кесіп өтуге болмайды)
5. Тойда не шашылады?
(шашу)
6. Кішкентай бала енді жүріп келе жатқанда қандай рәсім
жасалады?
(тұсау кесу)
Жүргізуші:
Көйлектері тал бойына жарасқан,
Сымбаттары ай мен күнге таласқан.
Бүлдіршіндер ортада би билейді,
Қимылы мен әуені үйлес тапқан.
Би. «Үкілі қыз»
Орындайтындар:
Жүргізуші: Балалар, ерте кезден той - думанды қыздырып жүрген тіл
өнерінің бір түрі – айтыс. Айтыс арқылы ақындарымыз өздерінің
ойларын, халықтың мұң – мұқтажын, өздерінің әзілдерін әндетіп
жеткізген. Қазір сол айтыстың бір түрі «Қыз бен жігіт» айтысынан
үзінді тамашалайсыздар.
Ортада
Әлібек.
Балабақша тойында,
Кім айтысар менімен.
Айтыс, айтыс болады,
Айтысқанда теңімен.
Гүлсая.
Айтыс, айтыс болады,
Шықса ақын теңімен.
Шешен болсаң көрейін,
Айтысып көр менімен.
Әлібек.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Қоса алдың ба мән беріп,
Қанша болды санап көр.
Гүлсая.
Бесті беске қосқанда,
Он болады ей.
Сен дейсің бе саусағын,
Санай алмай жүретін.
Екеуі қосылып: Білім, ғылым өнерге,
Қанат қағар кезіміз.
Ата салтын ертеңге,
Жеткізетін өзіміз.
Жүргізуші: Балалар, біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ұлтымыз қазақ.
Біз қазақ болғанымыз үшін мақтануымыз керек. Себебі, біз өз
дінімізді, тілімізді, салт – дәстүрімізді жоғалтқан жоқпыз. Қазір
мен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырғым келіп тұр. Балалар, ана
тіліміз туралы өлең шумақтарын айтып береді.
Бірханым.
Ана тілім жүрегісің анамның,
Ана – жүрек бір өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің әрбір тынысыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.
Әлібек.
Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даламдай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
Д. Нұрай.
Жермен бірге тілімді,
Бабалар жаудан қорғаған.
Айтатын болсам шынымды,
Бәрінен қымбат ол маған.
Мемлекеттік тілім деп,
Көктегі жарық күнім деп.
Анамдай сені көремін,
Алдымнан шығар күлімдеп.
Жүргізуші:
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар.
Кейі сауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы оятар.
Жерлес сазгер Н. Алғашбаевтың «Егеменді Қазақстан» әні,
орындайтын
(Шашу шашып, немересін ерткен әже кіріп келеді).
Әже: Ақ сандықты ашайын,
Шашу, шашу шашайын.
Бұл мереке ұлы той,
Бастаңғыны бастайын.
Жүргізуші: Сәлембердік, әже! Біздің балабақшамызға қош келіпсіз.
Балалар, әжемізге сәлем берейік.
(Балалар әжемен амандасады)
Әже: Армысыңдар, балалар! бақытты болыңдар. Мен осы балабақшада
салт – дәстүр туралы іс - шара өтіп жатыр деген соң немеремді ертіп
келдім. Мен мына жаңадан тәй - тәй басып, жүріп келе жатқан
немеремнің тұсауын ұзақ жылдар бойы жас ұрпақты білім нәрімен
сусындатып, тәуелсіз елімізге өз үлесін қосып, ана тіліміздің
мәртебесін көтеріп жүрген Нұрбибі қызыма кестіргім келіп отыр. Осы
немерем тәтесі сияқты еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болса
екен деп тілеймін.
(Тұсау кесу рәсімі жасалады)
Қаз - қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз - қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз - қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай - құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар. Той болған соң ауылдың алты ауызынсыз
өтпейді. Қазір ортаға кішкене бүлдіршіндерімізден құралған
«Айгөлек» оркестрін ортаға шақырамын.
Оркестрдің орындауында халық әндерінен «Попури»
Жүргізуші: Нұрбибі апай мен аналарымыздың құрметіне «Айгөлек»
балабақшасының жұлдызы, облыстық «Ботақан» байқауының дипломанты
Алданазарова Нұрайдың орындауында «Жан анам» әні
Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!,- дей отырып, балаларымыздың
дайындаған «Жаса, Қазақстан!» композициясын тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Әдет – ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
Ата салтым, асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Құрметті қонақтар, апайлар, сіздер бүгін «Ата – баба дәстүрі –
ұрпаққа өнеге» атты іс - шарамызды тамашаладыңыздар. Қазақ халқының
әрбір тұжырымды ойы, мақал – мәтелі, тиым сөздері – тәрбиенің мол
мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік.
Халқымыздың әде т – ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны
қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің қайнар көзіне айналдыру
әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Осымен бүгінгі іс - шарамыз өз
мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет.
Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын. Сау
болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: Ата – баба дәстүрі –
ұрпаққа аманат
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына
халқымыздың асыл қадір – қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге,
салт - дәстүрлерімізді қадірлей білуге баулу. Оқушыларды салт -
дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жаман мен жақсыны ажырата
білуге, аталы сөзден
ғибрат
алуға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: суреттер, мақал - мәтелдер,
топтық тапсырмалар, т.
б.
Құрметті ұстаздар мен
оқушылар сіздер бүгін 5 а сыныбы
дайындаған
«Ата – баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» атты
ашық тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!
«Амандасу
салтымыз,
Есенбісіз
жалпыңыз,
Бағалыны
артына,
Қалдырған-ды халқымыз» - дей отырып, ашық
тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
Туған жер, Қазақстан, Туған
ана,
Атымыз сенен
бөлек атала ма?
Күншуақ сенің
ыстық мейіріңе
Тасың да
тебіренбей жата ала ма?
Топқа бөліну: Үйінің үлкен балалары бір
бөлек, кіші балалары бір
бөлек
болып
бөлінеді.
1 топ
«Шаңырақ»
2 топ
«Аманат»
/ топтастыру
әдісін сызу арқылы қорғап
шығады/
Қазақстан – қазақ халқының қасиетті
ата-мекені, кіндік қаны тамған жері. Тәңірі жер қайысар мал беріп,
асты - үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан
халқымның арманы жоқ. Ендігі кезекті оқушыларға
беремін.
Тақпақтар
1.
Рауан.
«Біз қазақ деген
- мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден
құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп
найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан
сөзді асырмаған елміз, дәм - тұзды ақтай білген елміз, дәстүрімізді
сақтай білген елміз» деп Қазыбек бабам айтқандай, ен даланы
жайлаған, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өзіне тән, өзге
ұлттардан ерекшелейтін салт - дәстүрлері
бар.
2.
Әсем
Халқымыздың
ғасырлар бойы жинаған бай қазынасы, салт - дәстүрлері мен әдет
ғұрыптары ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып өз жалғасын
табуда.
3.
Набира
Армысыңдар,
аңсаған дана халқым.
Сәлем беру -
ежелгі ата салтым
Әр елдерде жүрсе
де қалың қазақ
Бір мақсатқа
арналған арман талап.
4.
Жақыпбек
Танымасаң танып
ал, мен қазақпын
Жаным жайлау,
көңілім кең қазақпын
Ұлысым бай, нұр
жері кең қазақпын,
Ырысым бай, нұр
жері кең қазақпын
5.
Зейнеп
Мен қазақ,
қазақпын деп мақтанамын
Ұранға «Алаш»
деген атты аламын
Сүйгенім - қазақ
өмірі, өзім қазақ
Мен неге
қазақтықтан сақтанамын?!
6.
Ырысдәулет
Алтай, Ертіс,
Сырдария, Есіл, Жайық
Арасын қоныс
қылдым ірге жайып
Елім, жерім,
қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен
далада лықа байып
7.
Сандуғаш
Мен қазақпын,
мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде
таныстым мұң тіліммен
Жылығанда
жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда
күлкімнен түн түрілген
8.
Ерлан
Мен қазақпын,
биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым
өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір
тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім
келеді, айта бергім.
9.
Диляра
Мен қазақпын,
ажалсыз анамын иен,
Құрсағыма
сыйдырам даланы кең.
Пәк сәбимін
бесікте гуілдеген,
Дәуірлермен
құрдаспын, данамын мен
10.
Қайрат
Мен жігітпін,
айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар
кеудемде шын ғашықтың
Жанартаудай
жойқынмын жұлқынғанда
Шарықтасам қыран
боп шыңға шықтым
11.
Балауса
Тілім бар да
қазағым бар, халқым бар
Дәстүрім бар,
ата жолы салтым бар,
Кең даладай
жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық
мінезім бар аңқылдар
12.
Әбдіманап
Қазақпын мен,
қазақтың тентегімін,
Жау шебінде
сыналған семсерімсің.
Тайыз емес
тереңмін, тамырлымын,
Иілмейді ешкімге
еңсе бүгін.
13.
Меруерт
Көтердік сәл де
болса еңсемізді,
Ел болайық
қызығар көрсе бізді.
Жаңғыртып ата
дәстүр, салт - санамыз,
Халқыма
имандылық берсе ізгі.
14.
Қуаныш
Ардақтап
аталардың зиялы атын,
Күн келді дәстүр
үшін ту алатын.
Қашанда ата
жолын ұмытқандар
Ұлыстың ұлы күні
ұялатын.
15.
Ақниет
Емес пе той
халқымның қазынасы,
Бабамның демеу
болсын ақ батасы.
Қастерлемей кім
ата салтын тастар,
«Береке тілеп»
ақ әже шашу шашар.
16.
Нұрқанат
Мәңгі толы
қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың
ашылып тұр ғұмыры.
Кеше ғана
керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі
мен ғұрыбы.
17.
Тәңірберген
Жақсы дәстүр
сақтар елдің елдігін,
Ерлігін де
ұғынарсың сен бүгін.
Танытады
қалпымен - ақ қонақжай
Нағыз қазақ
жүрегінің кеңдігін.
18.
Жасмин
Мінеки, сондай
жомарт менің халқым,
Ешқандай
ұмытпаған ата салтын.
Жас ұрпақ, ойлан
өзің, біл тарихтан,
Қазақ боп қал,
қадірле қазақ халқын!
Жүргізуші:
Біздер бұрын
көрмеген
Салт - дәстүрім
өшпеген.
Үйренеміз
дәріптеп
Заманында
өрлеген.
Енді қазақы салт
- дәстүрлерге тоқталайық.
1.
Балауса.
Асар (салт.) Бір
жанұяның қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың
адамдары «асарға»
шақырылады7
2.
Ырысдәулет
Асату (дәстүр).
Ет желініп болғаннан кейін төрде отырған ақсақал табаққа қалған
етті жас балалар мен жігіттерге асатуға тиіс. Бұрынғы кезде жас
балалар «ет асаймыз» деп қонақ келген үйдің маңайында жүретін
болған.
3.
Меруерт
Айттық (дәстүр).
Айт күні «аттық» деп сұраған адамдарға берілетін
сыйлық.
4.
Сандуғаш
Ақсарбас (діни
ырым). Адамның қауіп - қатерге ұшырағанда, жаны қысылғанда Алла
атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайда ұшыраған адам «Ақсарбас» үш
рет айту керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел - жұрты шақырып
құдайы береді.
5.
Рауан
Ақ құйып шығару
(ырым) Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады (мәтел). Қазақ
халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды, тағы басқа сүт өнімдері
«ақ» деп атайды да, оны қасиетті, киелі деп ұғады. Ақты жерге
төкпейді, аяққа баспайды.
6.
Жасмин
Сыралғы
(дәстүр). Батырдан сауға, аңшыдан сыралғы мәтел. Олжалы, қанжығасы
қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан сұралатын жол. Мәрт
аңшылар мұндайда «сыралғы» сұрағанның сөзін жерге
тастамайды.
7.
Аида
Сүйінші.
Қуанышты хабар жеткізетін адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді.
Мұндайда қуанышты үй иесі «Қалағаныңды» ал дейді немесе оған
ұнайтындай сыйлық ұсынады. 8.
Қайрат
Шілдехана - жаңа
туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық
той.
9.
Зейнеп
Шашу - қуаныш
айғағы ретінде жасалатын салтанатты
дәстүр.
10.
Набира
Бесік -
қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып
табылады.
Жүргізуші: Қазақ халқында тыйым сөздер
әдептілікті, жақсы мінез - құлықты сіңіруге, тазалық сақтауға
арналған. Ырым - тыйым ұлағат көзі дейміз. Ал енді оқушылар қандай
ырымдар біледі екенін
тамашалайық.
1.
Зейнеп
Ұнасын,
ұнамасын,
Бұзба құстың
ұясын.
2.
Қуаныш
Ұқсама тентек
балаға,
Пышақтың жүзін
жалама.
3.
Әбдіманап
Шаршасаң сәл -
пәл аялда,
Бірақ жерді
таянба.
4.
Сандуғаш
Құр беталды
ермекке
Бос бесікті
тербетпе.
5.
Ырысдәулет
Жақтыр, Мейлің
жақтырма,
Нанды жерге
лақтырма.
6.
Жасмин
Жоқ әдетті
шығарма,
Түнде көлден су
алма
7.
Набира
Адамдарды
санама,
Түнде айға
қарама.
8.
Диляра
Ақыл - есің
бүтінде,
Кісіге қарай
түкірме.
9.
Рауан
Ұлттық салттан
бұлжыма:
Жұма күні кір
жума.
10.
Меруерт
Дастарханға
емінбе,
Көп алдында
керілме.
11.
Айда
Тірі жанды
иықтама,
Бей уақытта
ұйықтама.
12.
Балауса
Айтқан сөзді
бағамда:
Күлме кемтар
адамға.
13.
Ерлан
Сүйсінсін жұрт
ісіңе,
Сақта ата
ғұрпыңды.
Ешқашан үлкен
кісіге,
Отырма беріп
сыртыңды.
Жүргізуші:
Ата дәстүр абырой
көтергенге,
О, бұл сөздер
сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді
біз, ал халайық,
Қанатты сөз,
мақал мен мәтелдерге
«Сөздің көркі -
мақал» деген ұғым бар. Біздің мерекеміз қыза түскен тәрізді.
Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек
берейік.
1. Көрініс: Екі достың
кездесуі.
2. Көрініс:
Ақсақал мен баланың
сәлемдесуі.
Жүргізуші:
Салт дәстүр,
әдет ғұрып - атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Халық тәрбиені
балаға
ана құрсағында
жатқанынан бастайды. «Атадан қалған асыл сөз» шешен, билердің
сөздері
тақияда
жасырынған, авторын табу
керек.
Өркенім өссін
десең,
Кекшіл болма
–
Кесапаты тиер
еліңе.
Елім өссін
десең,
Өршіл болма
–
Өскеніңді
өшіресің
Басына іс түскен
пақырға,
Қастық қылма
-
Қайғысы көшер
басыңа.
Жанашыры жоқ
жақсыға,
Жәрдемші бол
асыға,
Қиын - қыстау
күндерде
Өзі келер
қасыңа,
Бүгін сағы сынды
деп,
Жақыныңды
басынба. /Қазыбек би/
Дау мұраты -
ұту,
Сауда мұраты -
ұту,
Қыз мұраты -
кету,
Жол мұраты -
жету. /Сырым шешен/
Суалмайтын суат
жоқ,
Тартылмайтын
бұлақ жоқ,
Құйрығы суда
тұрса да,
Уақытысы
жеткенде,
Қурамайтын құрақ
жоқ.
Дүние деген пәни
бұл,
Баласы жоқ та
мият жоқ.
Бәренен де қиын
сол екен,
Артында жанған
шырақ жоқ... /Әйтеке би/
Жаңбыр жаумаса жер
жетім,
Басшысы болмаса
ел жетім,
Ұқпасқа айтқан
сөз жетім...
Атың жақсы
болса,
Ер жігіттің
пырағы,
Балаң жақсы
болса,
Жан мен тәннің
шырағы,
Әйелің жақсы
болса,
Бірінші –
иманың,
Екінші –
жиғаның,
Үшінші -
ырысыңның тұрағы.../Төле
би/
Жүргізуші: «Сергіту сәті» Ал, енді балалар,
жұмбақ жасырып, бой сергітіп
алайық.
Екі топ бір -
біріне жұмбақтар жасырады.
Әр топ үш - үш
жұмбақтан жасырады.
Жүргізуші:
Мәнге толы
қазағымның тірлігі,
Сан асылдың
ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана
керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдеті
мен ғұрыпы - дей келе, екі топқа сұрақтар
қойылады.
/қоржындағы білезіктегі сұрақтарға жауап
беру./
1 топқа Қандай салт дәстүрлерді
білесіңдер?
2 топқа Қазақ
елінде ертеден келе жатқан мейрамдарды
атаңыз?
(ораза айт,
рамазан айт, наурыз тойы, соғым басы, сабан той т.
б.)
3 Ұлттық ойын
түрлерін атап бер
(соқыр теке,
шертпек, ақсүйек, орамал тастау, сақина салмақ т.
б
4 Қазақ елінде
ертеден келе жатқан мейрамдарды
атаңыз?
(ораза айт,
рамазан айт, наурыз тойы, соғым басы, сабан той т.
б.)
5 Үш дананы атап
бер /Абай, Шоқан, Ыбырай/
6 Үш байлықты
атап бер /денсаулық, ақ жаулық, он
саулық/
7 Жеті қазынаны
атап бер / Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат,
қыран
бүркіт, берен
мылтық /
8 Жеті атаны
атап бер /бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек
ата/
Жүргізуші:
«Тілім барда
қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар,
ата жолы салтым бар.
Туған тілде сыры
терең жаным бар,
Туған тілде әнім
менен сәнім бар.»- дей келе ендігі кезекті концерттік бағдарламаға
береміз.
1. Би: «Жұмыр
қылыш» қыздар тобы
2. Би: «Бәйге»
ұлдар тобы
Жүргізуші: Әр
ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз
ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау
алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте
көп. Халқымыздың әдет ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу
- әрқайсысымыздың борышымыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!
Қош сау
болыңыздар
Ата- баба дәстүрі – ұрпаққа аманат
Мақсаты: Ата- баба дәстүрі – ұрпаққа аманатұғымының қыр сырынна терең бойлай отырып ата-баба дәстүрін оқырман бойына сіңіру; Ұлттық салттарымызды насихаттай отырып ұрпақ жадында жаңғырту, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру;Қазақ халқының бойындағы қасиеттерді тілге шешендігі, сөз тапқырлығын, көркем сөйлеу дағдысын, ата-баба дәстүрін құрметтеу. Халқымыздың асыл мұрасы әдебиет жанрларын оқып үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер салт-дәстүрге байланысты суреттер мен кітаптарбұрышы.
Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар! Бүгінгі «Ата- баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Біздің ата-бабаларымыздан қалған орасан бай салт-дәстүріміз бүгінгі ұрпақ біздерге аманат. Осы дәстүріміз соңғы біршама жылдарда бір жола ұмыт болып кете жаздады.
Тек Егемендікке қолымыз жетіп, тәуелсіз ұлттық мемілекетіміз қайта бас көтергенен кейін ғана ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасқан дәстүрімізді қайта жанданыра бастадық.
Олай болса ата-бабадан қалған дәстүріміз бүгінгі жасұрпақ сіздерге аманат екен.
Жалпы дәстүріміз туралы сұрақ жауап ретінде бере кетейік.
Жалпы ата-баба дәстүрі дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәстүр латын тілінде жалғастыру деген ді білдіреді. Атадан балаға жалғасып отыратын өнегеліөнер болып табылады.
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді . Оқырмандарды екі топқа бөлеміз.
-
Таныстыру
-
Салт-дәстүрді білесізбе? Сұрақ- жауап.
-
Бабалардан қалған асыл сөз. Шешендік сөздер оқылады соның авторын табу
-
Сөздің көркі –мақал. Берілген сөзге мақал айту
-
Қорытынды.
Амандасу салтымыз,
Есенбісіз, жалпыңыз.
Бағалыны артына,
Қалдырғаны халқымыз. –деп сайысымызды бастай отырып әділ бағасын беретін әділқазы алқасын сайлайық.
-
Сайыста қатысушы топтар өздерін таныстырып өтеді.
«Мұрагер» тобы және «Жалғас» тобы
Кітапханашы:
-
Біздер бұрын көрмеген.
Салт- дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп,
заманымыз өрлеген.
Салт-дәстүрді білесізбе? Сұрақ- жауап.
-
Қазқта аталып өтетін тойдың түрлерін ата? (Наурыз тойы, Қымызмұрындық, Мизам (сабан тойы), Соғым басы.
-
«Қонақжайлық» деген сөзді қалай түсінесің? (келген қонақты дұрыс қабақпен қарсы алу, дұрыстап күтіу.)
-
«Көрімдік» қандай жағыдайда сұралады? (жаңа зат сатып алғанда беріледі)
-
Балаға байланысты салт-дәстүрлерді біесіз бе? (шілдехана, бесік той,тұсау кесу, сүндет той, тіл ашар)
-
«Шілдехена» қандай рәсім? (бала дүниеге келгенде жасалатын той)
-
«Аманат» деген не? (тапсырған нәрсені орындау)
-
Ерулік дегеніміз не? (жаңадан көшіп келген үйге көршілерінің әкелетін сыйы)
-
Діни рәсімдерді білесіз бе? (намаз оқу, ораза ұстау,зекет-садақа беру, қажлыққа бару)
-
Жеті ата дегенді білесіз бе?(бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ат
-
Қандай ұлттық ойындарды білесің? (бәйге, қыз қуу, асық, тенге алу, алтыбақан, ақ сүйек, аударыспақ)
-
Атадан қалған асыл сөз. Шешендік сөздер оқылады соның авторын табу.
Үш арыстың үлгілері.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің:
Жаңбыр жаумаса жер жетім.
Басшы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса
Жан мен тәннің шырағы.Төле би:
Аты жаманның арманы кетер,
Баласы жаманның дәрмені кетер. Қазбек би:
Дау мұраты – біту,
Сауда мұраты – ұту,
Қыз мұраты –кету,
Жол мұраты – жету. Сырым шешен.
Алтын ұяң –Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат. Қазбек би:
Бай болсаң
Халқыңа пайдаң тисін
Батыр болсаң
Жауыңа найзаң тисінӘйтеке би:
Кітапханашы:
-
Хақымыз «Сөздің көркі –мақал»деген. Келесі кезеңде берілген сөзге мақал айту
-
Үлгі өнеге туралы
-
Балапан ұяда нені көрсе,
Ұшқанда соны алады.
-
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
-
Қызды асырай алмаған күң етеді, Ұлды асырай алмаған құл етеді.
-
Жаман іске ақыл көп керек, Жас адамға үлгі көп керек.
-
Көп тыңда , аз сөйле.
-
Тәлім тәрбие тәрбие
-
Еңкейгенге еңкей, атаңның қара құлы емес.
-
Мал сақтама, ар сақта.
-
Ақыл ауыздан, мерей көзден.
-
Айтылғанның айыбы жоқ, Өзі біліп жапқан соң.
-
Жарылғанды жау алады, бөлінгенді бөрі алады.
-
Қорытынды. Сарапшыларымыздың бүгінгі екі топқа берген бағаларын тыңдайық.
Бүгінгі ұрпққа ата бабаларымыз ұлан байтақ жеріміз бен салт дәстүрімізді аманат етіп қалдырды, олай болса сіздерде келер ұрпаққа салт-дәстүрімізді үйретесісіздер.ұлтымыздың ұлы ерекшеліктері ғасырдан ғасырға ұрпақтан ұрпаққа жету керек.
Ақтілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Ең жақсысын халық «Ақ бата» деп қастерлейді.
Сайыс сабағымызды батаменен аяқтайық.
Бата
Түндерің тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын.
Еліңде бірлік болсын ,
Жарасты тірлік болсын! Әумин!
.
«Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат»
Сайыс сабақ