Ата-баба дәстүрі-асыл
мұра
«Баланы өз тәрбиеңмен
тәрбиелеме
Өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле»
(нақыл
сөз)
Егеменді еліміздің болашағын
қалыптастыруда халқымыздың тарихын, салт-дәстүрінің, жалғасып келе
жатқан асыл мұрасын, мәдениетін, әдет ғұрпын білу ұрпақ тәрбиесіне
қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Олай болса, жас ұрпаққа білім
беруде ұлттық салт дәстүрлерді жиі пайдалану олардың ұлттық санасын
қалыптастыруға мол үлесін қоспақ.
«Баланы жастан» демекші, жас
ұрпақтың санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл
қазынасы-салт-дәстүрлерін дұрыс тиімді жеткізе білсек, ертеңгі күні
олардан зор ұлтжанды, елін, жерін сүйетін қазақтың нағыз азаматы
шығатынына сеніміміз мол.
Жан-жақты жетілген, ақыл
парасаты мен мәдениеті мол, адамгершілік қасиеттерге бай, саналы
ұрпақ тәрбиелеуде қазақ халқының салт-дәстүрін өскелең ұрпақтың
бойына сіңіру арқылы жүзеге асырылады.
Халқымыз ғасырлар бойы өз
ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп
келді. Салт-дәстүр дегеніміз-халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына,
тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
отыратын қоғамдық құбылыс. Халық ауыз әдебиеті-талай ғасырлардан
келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық
шежіресі.
Бұдан біз халқымыздың өткенін
білеміз,сол арқылы ұлылығын танимыз, тарихын
көреміз.
Балабақшада бүлдіршіндерді
ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани байлығын
байыта түсу үшін жұмыстар жүргіземіз және баса назар аударып,
кеңінен пайдаланатын дүниелер деп білеміз.
Ендеше, халық педагогикасы
қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп,ғылыми
педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі,алтын
діңгегі болып келетін даусыз.
Осы бағытта 2016-2019 жылдарға
арналған Даму стратегиясы аясында «Ата-баба – салт-дәстүр-асыл
мұра» жобасы бойынша жұмыс жасалуда. Бұл бағдарламаның негізі
мақсаты-сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы
білімнің бәсекеге қабілеттілігінін арттыру болып
табылады.
Жобамыздың алға қойған
мақсаты- баланың бойына ұлттық тәрбие қалыптасқан, халқының
әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да
шыныққан, сымбатты да білімді, тілін, дінін білетін, рухани байлығы
мол, жан-жақты, ұлтжанды, Отансүйгіштік қасиеті мол азамат
тәрбиелеп өсіру.
Балабақшада балаларға арналған
іс-шаралар, яғни салт-дәстүрлердің түрлері: бесікке салу, ат қою,
қырқынан шығару,шілдехана, бесік той, тұсау кесу, сүндет той,
ашамайға мінгізу, тоқым қағу, т.б.
жүргіземіз.
Сондай-ақ, халықтық
педагогикада қазақтың ұлттық ойындары,мақал-мәтелдері, жұмбақтары,
ертегілері, ырымдары, тыйым сөздері ерте заманнан бастап жас
ұрпақтың ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде
жиі қолданамыз. Осылардың барлығы баланың қызығушылығын
арттыруды,әрі бала жылдам қабылдап, тез жаттап алады.
Ата-бабамыздың тәжірибесіне сүйене отырып, балаларды еңбекке,
адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулимыз.
Сондай-ақ, ата-аналармен, мамандармен бірлесіп тығыз жұмыс
өткізугеде ерекше мән береміз. Мәселен, спорттық ойындар, жарыстар,
қуыршақ театры «шебер қолдар» сурет көрмелері т.б. іс-әрекеттері
өткізіліп, өзінің жарасымды жалғасын тауып келеді. Оған дәлел,
....... «Қуаныш күші»...
Осы жүргізілген жұмыстар
бағытында:
-Біріншіден, балалардың жас
ерекшеліктеріне сай ұлттық тәрбиеге байланысты материалдар,
көрнекіліктер таңдап алынады;
-екіншіден, ұлттық тәрбие
жұмыстарының түрлі бағыттары мен балалардың іс-әрекет түрлерінің
жұмысы, яғни түрлері ойындар, қоршаған отамен таныстыру аясында,
әлеуметтендіру т.б.;
- үшіншіден, балалардың
белсенді қатысулары ескеріледі;
Тәжірибелі- эксперименттік
жұмыс негізделе отырып, нәтижесінде мынадай қорытындыға келуге
болады:
-
Мектепке дейінгі білім
педагогтары қызығушылық танытады;
-
ойын-сауықтарда, мерекелік
іс-шараларда, ұлттық мерекелерде, ертеңгіліктерде, серуенде
салт-дәстүрді қолдану арқылы жақсы нәтижеге
жетеді;
-
жүйелі жұмыстар ұйымдастырып,
жүргізіп отырса, олардың танымы мен санасына жетімді
болады;
-
балаларды ұлттық
салт-дәстүрмен таныстыру барысында әртүрлі жұмыс формалары тиімді
қолданылса, жақсы қорытынды шығаруға
болады;
-
адамгершілігі мол ұлтжанды
ұрпақ өсіп шығады;
Сөз соңында айтарым, ұлттық
тәрбие-адамның рухани арқауы. Өйткені, адам баласы қоғамда өзінің
жақсы адамгершілік қасиетімен, адалдығымен, қайырымдылығымен,
ардақталады. Қазіргі кезде өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде
қойылып отырған мақсаттардың бірі-баланың бойына адалдық,әділдік,
мейірімділік, адамгершілік, имандылық, ұлтжандылық,
отансүйгіштік,еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерді сіңіре отырып,
қоғамға пайдалы, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру әрбір
педагогтың бірден-бір парызы деп ойлаймын. Сондықтан, мектеп жасына
дейінгі балалардың өз халқының ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі
негізінде тәрбиелеуде аянбай еңбек етейік. Ұлы Абай атамыз : «Адам
ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, танып, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды, ұлттық құндылықтарды
бойына сіңірсе білімді болады», - деген әдемі сөзімен аяқтағым
келеді.